|
Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2012 жылдың І - жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат Елімізде сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысы барлық мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі қатайа түспек. Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыстық топтарға көмек көрсету үшін қызмет бабын пайдаланған, кәсіпкерлікпен айналысқан лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылуда. Бұл өлшемдер Парламент Сенатының жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында дәйектелді. Бөлімде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында бөлім бастығымен бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және еліміздің экономикасына келтіретін зияны туралы пікір – талас өткізілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді және осылайша уақыт өте келе кедейшіліктің таралуына мүмкіндік туғызатыны туралы мәлімдеді. Ғимаратта көрнекті жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік жемқорлыққа қарсы Форумында бекіткен «Ар – намыс» Кодексі және «8 этикалық норма» орналастырылып, мемлекеттік рәміздердің төлсипаттары сақталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мамандарға ай сайын «Ар - намыс» Кодексі түсіндіріледі. Бөлімге күнделікті арыз – талаппен келген азаматтарға сыпайы, нақтылы жауап беріліп, қанағаттанарлық жауап қайтарылады. |