Э Тапсырыс берушіден бекітеді icon

Э Тапсырыс берушіден бекітеді



НазваниеЭ Тапсырыс берушіден бекітеді
Дата конвертации22.12.2012
Размер102.95 Kb.
ТипДокументы
источник


э
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ
э
э



Тапсырыс берушіден

БЕКІТЕДІ

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

вице–министрі

_______________ С.С. Сарсенов

2012 ж. «___» ___________


Жеткізушіден

БЕКІТЕДІ

«Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы

_____________ Н.Т. Измайлов

2012 ж. «___» ___________





www.egov.kz порталында мемлекеттік баж салығын төлеуді қажет етпейтін электрондық қызметті алу




НҰСҚАУЛЫҒЫ

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7 - бабының 1 - тармағына сәйкес электрондық құжат қағаз тасығыштағы құжатқа тең мәнді.


«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) электрондық қызмет алу үшін тіркеу рәсімінен өту және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

кілтті бейнелеумен иконка қызмет ЭЦҚ болған кезде қолжетімді екендігін көрсетеді.

Осы нұсқаулықта мемлекеттік баж салығын талап етпейтін «Салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар» алу мысалы келтірілген. Мемлекеттік баж салығын талап етпейтін электрондық қызметтерді алу алгоритмі бірыңғай және төменде келтірілген қадамдардың орындалуын болжайды.
Порталда «Салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары жөніндегі берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар» алу үшін www.egov.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.


^ «ЭЛЕТКРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ

  1. Порталда тіркелуден өту үшін – басты беттің жоғарғы бөлігіндегі «Тіркелу» батырмасын басыңыз.



Нәтижесінде келісіммен парақ бейнеленеді. Мұқият оқып, қызметтің субъектісін – жеке немесе заңды тұлғаны белгілеңіз, «Мен....таныстым» мәтінінің алдына құс белгісін қойып, одан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз.





Жеке тұлға ретінде тіркелу үшін төменде көрсетілген алаңдарды дәйектілікпен толтырыңыз:


  • ^ Жеке сәйкестендіру нөмірі (*ЖСН), бұдан әрі «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында тегін және атын табу» іздеу иконкасына басыңыз және портал автоматты түрде осы ЖСН-ға сәйкес деректерді табады және «Тегі» және «Аты» алаңына қояды;

  • ^ Пароль ойлап табыңыз (8 символдардан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  1. Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық жәшікті көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).


Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз.


* ЖСН –12 цифрдан тұратын комбинациялар түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі, код жеке куәліктің беткі жағында көрсетілген.





Заңды тұлғалар Порталда тіркелуі үшін ЭЦҚ болуы тиіс. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін келесі алаңдарды дәйектілікпен толтырыңыз:





  • БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдардан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық жәшікті көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).

  • ^ Сертификат деректері. «Сертификатты таңдау» батырмасына басыңыз, ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатына апаратын =>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз көрсетілген папка => RSA… жолды көрсетіңіз.

Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз.


^ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ

  1. Авторизация. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторизациялау процесінен өту қажет, «Кіру» батырмасын басыңыз және өзіңіздің ЖСН (БСН) мен пароліңізді (Сізбен тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.




  1. Қызметтерді таңдау. «Салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары жөніндегі берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар» алу үшін «Электрондық қызметтер» қосымша бетіндегі қызметті (жеке тұлғалар үшін – «Азаматтар», заңды тұлғалар үшін – «Бизнес» салымында) таңдаңыз.




Қажетті сілтемені басып, Сіз осы қызметтің сипаттамасымен және оны көрсету тәртібімен бетке (қызметтердің паспорттары) қолжетімділікті аласыз.

Келесі бетке өту үшін беттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы «ОНЛАЙН қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.




3. Алаңдарды толтыру және сұранысты жолдау. Ашылған бетте барлық алаңдарды толтыру қажет.

өзіңіздің Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) енгізіңіз;

анықтама типін таңдаңыз;

оны ұсыну мақсатын таңдаңыз (мысалы, кредит алу немесе тендерге қатысу үшін);

оны ұсыну органын таңдаңыз (мысалы, банк немесе уәкілетті орган)





келесі алаңда Сіздің СТН тіркелген салық органын таңдаңыз. Салық органын таңдағаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.





Салық органын таңдағаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Сұранысты жөнелту» батырмасын басыңыз.





  • 4. Сұранысқа қол қою. Сұранысқа қол қою үшін «Сертификаттың таңдау» батырмасы бойынша өтіңіз. Ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатына апаратын =>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз көрсетілген папка => RSA… жолды көрсетіңіз.






Сертификатты таңдағаннан кейін сертификатқа парольді енгізіңіз.


Сертификат дұрыс таңдалған кезде (қол қою тәсіліне қарамай) келесі бетте Сіз туралы деректер – ТАӘ, ЖСН және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ қолданылу мерзімі бейнеленеді. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса, сұраныс мемлекеттік органға автоматты түрде беріледі. «Қол қою» батырмасын басыңыз. Сіздің сұранысыңыз жөнелтілді!




^ 5. Қызмет көрсету нәтижесін қарау. Сіз келесі бетте Сіздің тапсырысыңызды қараудың ағымдағы мәртебесімен таныса аласыз: тапсырыс мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен қабылданған сұраныстың нөмірі, оны көрсету мерзімдерімен және өңдеу мәртебесі.



«Салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары жөніндегі берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар» алу қызметін көрсету мерзімі 3-тен 5-ке дейін жұмыс күндерін құрайды. Осыдан кейін осы анықтама порталдағы Сіздің профайлыңыздың («Менің порталым») «Қызметтерді алудың тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталатын болады.






«Қызметті алу тарихы» бөлімінде пайдаланушы Портал арқылы сұрау салынған барлық қызметтер, олардың атауын, сұрау күні және сұранысты өңдеу мәртебесін көрсетумен барлық қызметтер көрсетіледі. Электрондық қызметтің нәтижесін қарау «Сұраныс өңделді» мәртебесі бар қызметтері үшін мүмкін. Ол үшін терезенің сол жақ бөлігіндегі сұраныстың нөмірі бойынша өту қажет.



Пайда болған терезеде электрондық құжат туралы қысқаша ақпарат, деректемелер және құжаттың өзі бейнеленеді. Оны қарау үшін «Нәтижені қарау» батырмасын басыңыз.



Алынған электрондық құжатты PDF форматында қарау үшін Adobe Reader (www.adobe.com) бағдарламасын орнату қажет.




«Электрондық үкімет» порталының «Көмек» бөлімінде Сіз электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша мультимедиялық оқыту бағдарламасымен және интерактивті роликтермен таныса аласыз.















Похожие:

Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconНҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңына электрондық...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconБекітеді қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице–министрі С. С. Сарсенов 2012 ж. Жеткізушіден бекітеді
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңының 7 бабының...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconТапсырыс берушінің атауы Тапсырыс берушінің бин-і

Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconҮкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс берушi
Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к, 8, жск 140440026154 бск kkmfkz2A, жск kz890705016210001001, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Көрсетілетін қызметті алушылар-дың тізімін бекітеді және су пайдала-нушылардың тізілімін жасауға жібереді утверждает и направляет...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconБұйрығымен бекітілген Техникалық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстыќ ЌЎжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconСымсыз желілік карта мемлекеттік сатып алудың № шарты Астана қ. 2014ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы атынан 2013 жылғы 26 желтоксан...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconБұйрығымен бекітілген Интернет желісіне кіру қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстыќ ЌЎжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconКонкурс жариялайды
Аудан әкімі аппараты бөлімдері қызметкерлерінің өзара міндет бөлісу тәртібін бекітеді, сондай-ақ аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан...
Э Тапсырыс берушіден бекітеді iconҚазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, №8...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы