НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді icon

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді



НазваниеНҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді
Дата конвертации22.12.2012
Размер138.96 Kb.
ТипДокументы
источник



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ


www.egov.kz порталында мемлекеттік баж салығын төлеуді қажет ететін электрондық қызметті алу

НҰСҚАУЛЫҒЫ


Тапсырыс берушіден

БЕКІТЕДІ

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

вице–министрі

_______________ С.С. Сарсенов

2012 ж. «___» ___________


Жеткізушіден

БЕКІТЕДІ

«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ

Басқармасының төрағасы

_____________ Н.Т. Измайлов

2012 ж. «___» ___________




«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңына электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өз қолтабасына тең және бірдей заңдық салдарға әкеледі.


«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) электрондық қызметті алу үшін тіркеу рәсімінен өту және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

кілт- монеталар-тиындар бейнеленген иконка, қызмет ЭЦҚ бар болған кезде қолжетімді екендігін және оны көрсету үшін мемлекеттік баж өндіріп алынатындығын көрсетеді.

Осы нұсқаулықта мемлекеттік баж салығын төлеуді талап ететін Неке қию туралы анықтаманы беру жөніндегі («Электрондық қызметтер» тарауын қараңыз) электрондық қызметін алу мысалы келтірілген. Мемлекеттік баж салығы төлемін талап ететін электрондық қызметтерді алу алгоритмі бірыңғай және төменде келтірілген қадамдардың орындалуын болжайды.


Порталдан Неке қию туралы анықтаманы алу үшін www.egov.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.


^ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ


1. Порталда тіркелуден өту үшін – басты беттің жоғарғы бөлігіндегі «Тіркелу» батырмасын басыңыз.




2. Нәтижесінде келісіммен парақ бейнеленеді. Мұқият оқып, қызметтің субъектісін – жеке немесе заңды тұлғаны белгілеңіз, «Мен....таныстым» мәтінінің алдына құс белгісін қойып, одан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз.





Жеке тұлға ретінде тіркелу үшін төменде көрсетілген алаңдарды дәйектілікпен толтырыңыз:


  • ^ Жеке сәйкестендіру нөмірі (*ЖСН), бұдан әрі «Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында тегін және атын табу» іздеу иконкасына басыңыз және портал автоматты түрде осы ЖСН-ға сәйкес деректерді табады және «Тегі» және «Аты» алаңына қояды;

  • ^ Пароль ойлап табыңыз (8 символдардан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  1. Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық қорапты көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).


Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз.


* ЖСН –12 цифрдан тұратын комбинациялар түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі, код жеке куәліктің беткі жағында көрсетілген.





Заңды тұлғалар Порталда тіркелуі үшін ЭЦҚ болуы тиіс. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін келесі алаңдарды дәйектілікпен толтырыңыз:





  • БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдардан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық қорапты көрсетіңіз (мысалы: egovkz@mail.ru).




  • ^ Сертификат деректері. «Сертификатты таңдау» батырмасын басыңыз, ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатына апаратын =>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыныз көрсетілген папка => RSA… жолды көрсетіңіз.

Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» батырмасына басыңыз.


^ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ

  1. Авторизация. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторизациялау процесінен өту қажет, «Кіру» батырмасын басыңыз және өзіңіздің ЖСН (БСН) мен пароліңізді (Сізбен тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.






2. Қызметтерді таңдау. Неке қию туралы анықтама Порталдағы өзге де қызметтер секілді «Электрондық қызметтер» салымында қолжетімді.







«Неке қию туралы анықтаманы беру» сілтемесіне басқанда, Сіз осы қызметтің сипаттамасымен және оны көрсету тәртібімен бетке (қызметтердің паспорттары) қолжетімдлікті аласыз.

Келесі бетке өту үшін беттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы «ОНЛАЙН қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.






  1. ^ Алаңдарды толтыру және сұранысты жолдау. Ашылған бетте барлық алаңдарды толтырыңыз. Олардың саны қызметтердің түріне қарай өзгереді. Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Сұранысты жөнелту» батырмасын басыңыз.




  1. ^ Сұранысқа қол қою. Сұранысқа қол қою үшін «Сертификаттың таңдау» батырмасы бойынша өтіңіз. Ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатына апаратын =>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыныз көрсетілген папка => RSA… жолды көрсетіңіз.






Сертификатты таңдағаннан кейін сертификатқа паролді енгізіңіз.




Сертификат дұрыс таңдалған кезде (қол қою тәсіліне қарамай) келесі бетте Сіз туралы деректер – ТАӘ, ЖСН және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ әрекет ету мерзімі бейнеленеді. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса, сұраныс мемлекеттік органға автоматты түрде беріледі. «Қол қою» батырмасына басыңыз. Сіздің сұранысыңыз жөнелтілді!





  1. Қызметті көрсетуге мемлекеттік баж салығын төлеу. Мысал ретінде таңдалған қызметке мемлекеттік баж салығы өндіріп алынатындықтан, оны төлеу ұсынылады. Ол үшін «Төлеу» батырмасын басыңыз.






Тұрғылықты мекенжай бойынша, салық органын таңдаңыз, өз СТН көрсетіңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз.





Ұсынылған тізімнен төлемнің тәсілін таңдаңыз. Мысалы, «Төлем картасының көмегімен төлеу» және «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.




Төлемнің деректемелерін тексеріңіз және «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.




Төлемнің деректемелерін тексергеннен кейін төлем карточкасы туралы ақпаратты енгізіңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз.





Карточка туралы ақпаратты енгізгеннен кейін төлемді растаңыз.

Интернет-транзакцияларды жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында кейбір қазақстандық банктер (Halyk bank, АТФ банк, БТА және т.б) төлем карточкаларында шектелімдер (шектеулер) немесе қосымша кодтар орнатады. Егер онлайн-төлемді жүзеге асырумен проблемалар туындаса, Сізге қызмет көрсететін Банкпен хабарласу қажет.





Төлемді жүзеге асырғаннан кейін портал қызметтің төлемін растайтын электрондық чекті береді. Аталған чек «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында автоматты түрде сақталады.











  1. Қызмет көрсету нәтижелерін қарау. Портал беттерінің оң жақ бөлігіндегі «Қызмет алу тарихы» салымына бетіне өтіңіз. Электрондық анықтаманы қарау үшін



Сізді қызықтыратын қызметке басыңыз. Бұдан кейін нәтижені қарау батырмасын басыңыз.




Қажет болған жағдайда анықтаманы басып шығаруға болады.




Барлық алынған анықтамалар Сіздің профайлыңыздың «Қызметтерді алудың тарихы» тарауында автоматты түрде сақталады.




«Қызметті алу тарихы» тарауында пайдаланушы Портал арқылы сұрау салынған барлық қызметтер, олардың атауын, сұрау күні және сұрансты өңдеу мәртебесін көрсетумен барлық қызметер көрсетіледі. Электрондық қызметтің нәтижесін қарау «Сұраныс өңделді» мәртебесі бар қызметтері үшін мүмкін. Ол үшін терезенің сол жақ бөлігіндегі сұранысты нөмірі бойынша өту қажет. Пайда болған терезеде электрондық құжат туралы қысқаша анықтама, деректемелер және қыұжаттың өзі бейнеленеді. Оны қарау үшін «Нәтижені қарау» батырмасын басыңыз.

«Электрондық порталдың» «Көмек» тарауында Сіз электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша мультимедиялық бағдарламамен және интерактивті роликтермен таныса аласыз.







Похожие:

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconЭ Тапсырыс берушіден бекітеді
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңының 7 бабының...
НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconБекітеді қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице–министрі С. С. Сарсенов 2012 ж. Жеткізушіден бекітеді
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңының 7 бабының...
НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconПайдаланушының нұсқаулығы
Осы құжат электрондық үкімет веб-порталында
НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconПайдаланушының нұсқаулығы
Осы құжат электрондық үкімет веб-порталында
НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» автоматтандырылған мемлекеттік қызметті пайдалану жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді icon«Тұрғын үйге есепке алуға тұрғызу» автоматтандырылған мемлекеттік көмекті пайдалану жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді icon«Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу» ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызметті пайдалану ұшін пайдаланушы нұсқаулығы

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconҚазақстан республикасы
Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмыс жасау жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін
НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconТапсырыс берушінің атауы Тапсырыс берушінің бин-і

НҰСҚаулығы тапсырыс берушіден бекітеді iconҮкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс берушi
Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор к, 8, жск 140440026154 бск kkmfkz2A, жск kz890705016210001001, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы