Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп icon

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп



НазваниеЖарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп
Дата конвертации13.12.2012
Размер53.15 Kb.
ТипДокументы
источник

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы

ақпарат


Өнеркәсіп

2011 жылдың 9 айына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4 364,7 млн. теңге немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артты. «Тасқара» мен «АС Горняк» ЖШС-ның катодты алтынның өндіріс көлемі жалпы аудан бойынша физикалық индекс көлемінің есебіне алынып, өнеркәсіп өнімінің нақтылы көлем индексі 100,2 пайызды құрады.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы бойынша, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау – кен өнеркәсібінде 8 пайызға ; өңдеу саласында – 16,7 пайызға; машина жасау – 28,7 пайызға; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 25,4 пайызға өсім байқалады.

«Георгиевка насоспен жабдықтау зауыты» серіктестігінің өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 34 пайызға, «Қамқор локомотив» ЖШС-інің өнеркәсіптік өнімі 27,4 пайызға артты. «Тасқара» ЖШС-нің өндірістік көлемі былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 3 есеге, №110 «Еңбек - Өскемен» РМК филиалының өнеркәсіптік өнім көлемі - 5 есеге артты.


Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2011 жылдың қаңтар – қырқүйек айларына былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артып, 5 440,1 млн.теңгені құрады.

Жалпы инвестицияның құрамында республикалық бюджеттен түскен инвестициялар үлесі 80,6 пайызды құрап, бұл инвестициялар былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 5 есеге өсті.

Меншік қаражат есебінен түскен инвестициялар үлесі 11,1 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,2 пайызға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар құрамында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі 4,1 пайызды құрап, 5,1 есеге артып отыр.

Шетелдік инвестициялар қаражатының үлесі 4,0 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0 есеге артты.

Несиелік қаражаттың үлесі 0,2 пайызды құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,1 пайызға төмендеді.

Ағымдағы жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың басталуы қаржыландыру мәселесі шешілмегендіктен іске аспады («БГП», «Казахцемент», «Теньши» - серіктестері).


Ауыл шаруашылығы

Ағымдағы жылдың 9 айына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі барлығы - 6 530,7 млн. теңге, соның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 4 741,8 млн теңге, өсімдік шаруашылығы өнімі - 1 788,9 млн.теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының нақтылы көлемінің индексі 103,7 пайызды құрады.

Ірі қара мал басы 69 141 басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 пайыз, одан аналықтар - 26 357 бас немесе 94 пайыз, қой мен ешкі - 282 959 басты немесе былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 103,2 пайыз, жылқы - 17 781 басты немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110 пайызды құрап отыр. Шошқа 1,5 есеге өсіп, 739 басты құрады.

6 230,8 тонна ет өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109 пайызды құрады. Сүт өнімі 41 409,1 тоннаны немесе 100 пайызды құрады, 2 698,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103 пайызды құрады.

Егін шаруашылығы бойынша барлық күздік және дәнді дақылдардың егілген егістік көлемі 13531 гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстыранда 429 гектар немесе 3,3 пайызға артты. Оның ішінде бидайдың егістік көлемі - 9429 га құрап, 2010 жылмен салыстыранда 538 гектарға немесе 6,1 пайызға артты. Арпаның егістік көлемі – 657 гектар немесе 21,2 пайызға артып, 3752 гектарды құрады. Көкнайза егістігі - 250 гектарды құрап, 60 гектарға немесе 32 пайыза өсті. Сұлы егістігі бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 155 гектарға төмендеу байқалады.

Картоп, көкөніс пен бақша егістігі бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Бидай бойынша алынған өнімінің көлемі 6 720 тоннаны құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 615 тоннаға немесе 10 пайызға артты. Арпа өнімінің көлемі 750 тонна немесе 37 пайызға артып, 2 795 тоннаны құрады. Күнбағыс өнімінің көлемі 2 760 тоннаны құрады, 2010 жылмен салыстырғанда өнім 126 тоннаға немесе 5 пайызға артты. 5 658 тонна картоп жиналып, былтырғы жылдың деңгейінен 123 тоннаға немесе 2 пайызға артты. Көкөніс пен бақша өнімі 1 402 тоннаны құрап, 122 тоннаға немесе 10 пайызға артты. 135 000 тонна қатаң мал азығы дайындалды, 2010 жылдың деңгейінен 101 пайызды құрады.

Шағын бизнес

2011 жылдың 1 қазанына ауданда 85 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың саны – 49 немесе 57,6 пайыз, жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындардың саны – 36 немесе 42,4 пайыз, белсенді кәсіпорындар саны – 48 кәсіпорынды құрады. 2011 жылдың 9 айымен салыстырғанда белсенді кәсіпорындар саны 10 бірлікке өсті. Облыстық жоспар-тапсырма 100 пайызға орындалды (48 бірлік).


Бөлшек сауда тауар айналымы

2011 жылдың 1 қазанына бөлшек сауда тауар айналымы 2 912,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың деңгейінен 21,4 пайызға артты. Нақтылы көлем индексі 112,4 пайызды құрады.


Бюджет

2011 жылдың 9 айына жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 3 121,5 млн.теңгені, оның ішінде меншік кірістер 729,6 млн.теңгені құрады. Болжамның орындалуы 115,6 пайызды құрап, түсімдер 98,4 млн. теңгеге артты.

2011 жылдың 9 айына жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 3 028,2 млн теңгені құрап, 99,6 пайызға орындалды. Игерілмеген соманың көлемі 13,4 млн. теңгені құрады.


Тұрғын үйді енгізу

Тұрғын үй еңгізу жұмыстары 2505 шаршы метрді құрап, облыстық жоспар–тапсырма 100,2 пайызға орындалды.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2011 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының уәкілетті органдар арқылы 1206 азамат жұмыспен қамтылды. Өткен жылдың сәйкес кезенінің деңгейімен салыстырғанда 22,4 пайызға артты.

2011 жылдың 9 айында 662 жаңа жұмыс орындары құрылып, өткен жылдың 9 айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға артты.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 166 адамды құрап, 2010 жылдың 9 айымен салыстырғанда 6,2 пайызға төмендеді.

Ең аз күнкөрістік шамадан төмен тұратын азаматтар саны өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеп 2484 адамды құрады.

Орташа айлық жалақы 64 915 теңгені құрап, 15 пайызға немесе 8 500 теңгеге артты.


Іс-шаралар жүргізу бойынша жалақы қорын ұлғайту экономиканың нақты секторында және жер мен мүлік салығына қосымша резервтерді іздестіру Алгоритмі.

2011 жылдың 1 қазанына 183 жеке кәсіпкерлер және 287 шаруа қожалықтары бойынша тексеру жүргізу кезінде тіркеуде жоқ 111 жұмысшы анықталып, олардың орташа айлық жалақысы 20,0 мың теңге құрап, төлем көзінен үсталынатын жеке табыс салығы түсімінің сомасы 254,6 мың теңге болды.

Жалақы қорын ұлғайту бойынша ЖШС жетекшілерімен өткізген әңгімелердің нәтижесінде бюджетке қосымша жеке табыс салығына «Семей жолдары» ЗНСМ ЖШС-ң филиалынан 2 060,8 мың.теңге, «ДРСУ-9» ЖШС – 1109,6 мың теңге, «Кальцит СБ» ЖШС – 0,8 мың.теңге, «Жарма Тас жолы» ЖШС – 450,0 мың.теңге, сондай – ақ бюджетке қосымша әлеуметтік салыққа «Семей жолдары» ЗНСМ ЖШС-ң филиалынан - 2 166,0 мың.теңге, «ДРСУ-9» ЖШС – 945,7 мың теңге, «Кальцит СБ» ЖШС – 21,0 мың.теңге, «Жарма Тас жолы» ЖШС – 429,5 мың.теңге түсті.

Мүлікке салынатын салық бойынша бағаланған нысандардан жергілікті бюджетке түскен салық түсімі 1 385,3 мың теңге құрады.

Жер салығы бойынша Жеке тұлғалардан жер салығы бойынша түскен түсім – 14,6 мың.теңгені құрады.Заңды тұлғалардың жер салығы бойынша 88,1 мың теңге («Разий» ЖШС) түсті. Тіркеуде жоқ 1 жеке кәсіпкер анықталып, одан түскен жер салығының түсімі – 4,2 мың теңгені құрады.

Бір жолғы талон бойынша іс шаралар өткізу барысында, хронометраждық зерттеулер жүргізіліп, кейбір жеке тұлғалардың бір жолғы талонды қолданбайтыны анықталып, жергілікті бюджетке 11,6 мың теңге түсті.

Резервтерді іздестіру бойынша іс-шаралар Алгоритмінен барлық түскен салықтардан нақты түсімі – 8 941,8 мың теңге.


«Жол картасы» бағдарламасы

Ағымдағы жылы аудан бойынша барлығы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 140 млн 572 мың теңгені құрайтын 16 жоба іске асты. 155 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 89 адам қамтылды. Барлық жоба бойынша жоспарланған сомасы игеріліп, жұмыстар аяқталды.



Похожие:

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconЖарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 6 айының қорытындысы
«Тасқара» жшс өнеркәсіптік өнім көлемінің төмендеуіне байланысты өңдеу саласында – 18,7 пайызға төмендеу; машина жасауда – 8,7 пайызға...
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconАягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Аягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жалпы алғанда экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconӨнеркәсіп 2009 жылғы І жартыжылдықта Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 487,4 млн теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 70,5% болды.
Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы I жартыжылдықтағы қорытындысы туралы
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconБородулиха ауданының 2009 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ақпарат

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconШығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Пенрвороссийск селолық округі әкімінің есебі
Жылғы округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және оның 2011 жылға дамуының болашағы туралы
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconАягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Аягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жалпы алғанда экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconАягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Аягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп iconҰлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы мен бюджет қаражатының игерілуі
Ауданның 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын сипаттайтын индикаторларға талдау жүргізу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы