Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат icon

Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат



НазваниеЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Дата конвертации13.12.2012
Размер34.38 Kb.
ТипДокументы
источник

Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат


Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде.

Өнеркәсіп

2011 жылдың 12 айына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 018,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға артты.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымы бойынша, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау – кен өнеркәсібінде 15,9 пайызға; өңдеу саласында – 13,7 пайызға; машина жасау – 31,9 пайызға; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 17,4 пайызға өсім байқалады.

«Георгиевка насоспен жабдықтау зауыты» серіктестігінің өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға, «Қамқор локомотив» ЖШС-інің өнеркәсіптік өнімі 20,6 пайызға, «Тасқара» ЖШС-нің өндірістік көлемі былтырғы жылдың 12 айымен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. №110 «Еңбек - Өскемен» РМК филиалының өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.

«Бақыршық тау-кен кәсіпорны» алтын құрамды кенді натуралдық өндіру көлемінің азаюына байланысты өндірістік өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі 99,2 пайызды құрады.


Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2011 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып, 7 796,7 млн.теңгені құрады.

Жалпы инвестицияның құрамында республикалық бюджеттен түскен инвестициялар үлесі 76,8 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артты.

Меншік қаражат есебінен түскен инвестициялар үлесі 15,9 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 28,3 пайызға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар құрамында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі 3,4 пайызды құрап, 3,5 есеге артып отыр.

Шетелдік инвестициялар қаражатының үлесі 3,5 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 51,4 пайызға артты.

Несиелік қаражаттың үлесі 0,4 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 96 пайызға төмендеді.


Ауыл шаруашылығы

Ағымдағы жылдың 12 айына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі барлығы – 9 908,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Нақтылы көлемінің индексі 101,7 пайызды құрады.

Ірі қара мал – 56 520 басты құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 101,8 пайызды, одан аналықтар – 26 020 бас немесе 94,0 пайызды, қой мен ешкі – 227 500 басты немесе былтырғы жылдың 12 айымен салыстырғанда 102,4 пайызды, жылқы – 15 574 басты немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрап отыр.

Шошқа 420 басты құрап, 100 пайызды құрады.

13 017,8 тонна ет өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады. Сүт өнімі 48219,3 тоннаны немесе 100,8 пайызды құрады, 3 134,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда 101,3 пайызды құрады.


Шағын бизнес

2012 жылдың 1 қантарына ауданда 83 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың саны – 47 немесе 56,6 пайыз, жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындардың саны – 36 немесе 43,4 пайыз. 2010 жылмен салыстырғанда жұмыс жасайтын кәсіпорындар саны 3 бірлікке азайды. Белсенді кәсіпорындар саны 2010 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке өсіп, 46 кәсіпорынды құрады.


Бөлшек сауда тауар айналымы

2012 жылдың 1 қантарына бөлшек сауда тауар айналымы 4 263,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың деңгейінен 24,4 пайызға артты. Нақтылы көлем индексі 115,0 пайызды құрады.


Бюджет

2011 жылдың 12 айына жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 3 951,4 млн.теңгені, оның ішінде меншік кірістер 985,3 млн.теңгені құрады. Болжамның орындалуы 108,7 пайызды құрап, түсімдер 78,8 млн. теңгеге артты.

2011 жылдың 12 айына жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 3 952,1 млн теңгені құрап, 99,7 пайызға орындалды. Игерілмеген соманың көлемі 11,9 млн. теңгені құрады.


Тұрғын үйді енгізу

Тұрғын үй еңгізу жұмыстары 3 427 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызға орындалды.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының уәкілетті органдар арқылы 1 470 адам жұмыспен қамтылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,1 пайызға артты.

760 жаңа жұмыс орындары ашылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайызды құрады.

Ең аз күнкөрістік шамадан төмен тұратын азаматтар саны өткен жылдың 12 айымен салыстырғанда 3,1 пайызға төмендеп 2 463 адамды құрады.

Орташа айлық жалақы 66 595 теңгені құрап, 15,9 пайызға немесе 9 152,0 теңгеге артты.


1000 туылғандар арасындағы бала өлімі

2011 жылдың қорытындысы бойынша бала өлімі 20,1 промилді құрап (1 жасқа дейін 17 сәбидің өлімі орын алды), былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,7 промильге азайды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш облысаралық 18-ші промиль деңгейін асырып тұр.


Қылмыстар және олардың ашылу деңгейі

2011 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстық жағдайлар былтырғы жылмен салыстырғанда 33,8 пайызға өсті. Тіркелген қылмысты ашу деңгейі 19,3 пайызға төмендеп, 51,3 пайызды құрады. Қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 150 қылмысқа өсті.



Похожие:

Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconКүршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Күршім ауданының 2008 жылдың бірінші жарты жылдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconАуданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconАуданның 4 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconЖарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айының қорытындысы туралы ақпарат Өнеркәсіп
«Тасқара» мен «ас горняк» жшс-ның катодты алтынның өндіріс көлемі жалпы аудан бойынша физикалық индекс көлемінің есебіне алынып,...
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2011 жылғы қорытындылары туралы АҚпарат
Онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және аудандағы әлеуметтік-экономикалық...
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconАуданның 2011 жылдың 5 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның әлеуметтік және экономикалық даму динамикасы жақсы
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат iconАуданның әлеуметтік экономикалық дамуының 2011 жылдың 8 айдың көрсеткіштері туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы бет алу динамикасы жақсы
Жарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы