Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының
страница4/7
Дата конвертации08.04.2013
Размер0.95 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7
Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;

5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;

6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;

7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.

 

^ 21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау

Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

2008.21.11. № 89-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қалааралық телефон байланысы;

халықаралық телефон байланысы;

спутниктік жылжымалы байланыс;

ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).

2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:

1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;

2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;

3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.

Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2007.09.08. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;

техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

діни білім беру бағдарламалары.

 

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау

Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау

 Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

геодезиялық жұмыстар жүргiзу;

картографиялық жұмыстар жүргiзу.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау

Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

1) медициналық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;

диагностика;

патологиялық анатомия;

клиникалық зертханалық диагностика;

қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:

акушерлiк және гинекология;

педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;

хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия; анестезиология және реаниматология;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

онкология;

стоматология;

дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;

медициналық реабилитология;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;

еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;

санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу;

2) фармацевтикалық қызмет.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

дәрiлiк заттар өндiрісі;

медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрісі;

медициналық техника өндiрісі;

дәрiлiк препараттарды дайындау;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;

дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.

 

 

2008.10.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) адвокаттық қызмет;

2) нотариаттық қызмет;

3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);

4) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;

5) аудиторлық қызмет;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит;

7) лотерея ұйымдастыру және өткізу;

8) заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;

9) туроператорлық қызмет;

10) жеке сот орындаушыларының қызметі.

 

^ 28-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) казино қызметі;

2) ойын автоматтары залының қызметі;

3) букмекерлік кеңсе қызметі;

4) тотализатор қызметі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру;

жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;

 

^ 30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметті лицензиялау

Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

^ 31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау

Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

^ 32-бап. Қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) банк операциялары:

заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі;

кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының
Р 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-v заңын (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi)
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 12. 07. 2012 14: 21: 06 Қазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 21. 08. 2013 11: 22: 46 Қазақстан Республикасының
Р заңымен (бұр ред. қара); 2013. 15. 04. №89-v қр заңымен (бұр ред. қара) кіріспе өзгертілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы