Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының
страница1/7
Дата конвертации08.04.2013
Размер0.95 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.01.2013 11:08:32


Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Лицензиялау туралы

(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі

(5 - 11 баптар)

3-тарау. Қызмет түрлері

(12 - 37 баптар)

4-тарау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау

(38 - 41 баптар)

5-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі

(42 - 46 баптар)

6-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның төлнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

(47 - 49-1-баптар)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(50 - 52 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред. қара)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

^ 1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар

1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.

2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.

 

^ 2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;

2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi - өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) құзыреттi (салалық) орган - мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) лицензиардың электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;

5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;

7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;

9) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір;

10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) лицензиялық бақылау - лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) лицензияның электрондық нысаны - қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;

12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) электрондық лицензия - қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.

 

^ 4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері

1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.

3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.

6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.

Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі

 

^ 5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы

Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;

2) уәкілетті органнан;

3) лицензиарлардан тұрады.

 

^ 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) лицензиарларды айқындау;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)  

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекiту;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысанын бекіту;

6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР
  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының
Р 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-v заңын (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi)
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 12. 07. 2012 14: 21: 06 Қазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау...
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Источник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 21. 08. 2013 11: 22: 46 Қазақстан Республикасының
Р заңымен (бұр ред. қара); 2013. 15. 04. №89-v қр заңымен (бұр ред. қара) кіріспе өзгертілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы