Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

НазваниеМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
страница1/3
Дата конвертации08.04.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік

қызметтердің регламенттерін

бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің

міндетін атқарушы Е. Байжүнісов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

міндетін атқарушының

2012 жылғы « »

№ бұйрығына

1-қосымша

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы, Көліктегі департаменттері және олардың аумақтық (аудандық, қалалық) бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

3.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт);

3) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта;

анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныстарды көрсете отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта не бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты қағаз түрінде беру болып табылады.

6. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның лауазымды адамдары;

2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі алушы);

4) сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін сандық белгілер кезектілігі түрінде айқындалған жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі БСН).

^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге

қойылатын талаптар

7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына интернет-ресурсынан алуға болады: www.mz.gov.kz.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналасады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, оның ішінде құжаттарды қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Уәкілетті орган құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі – өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) алушы немесе өкіл Стандарттың 14-тармағында көзделген құжаттарды объектінің орналасқан не қызметін жүзеге асыратын орны бойынша уәкілетті органға береді;

2) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам:

өтінішерді тіркеу журналында өтініштерді тіркейді;

уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - басшы) құжаттарды қарауға береді;

3) басшы қарар қоя отырып, басшының орынбасарына (бұдан әрі - орынбасар) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

4) орынбасар қарар қоя отырып, құрылымдық бөлімшенің бастығына (бұдан әрі - бастық) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

5) бастық қарар қою отырып, өтінішті қарауға жауапты адамға құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

6) өтінішті қарауға жауапты адам құжаттар келіп түскен кезде:

обектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін, оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісіне тиістілігін, объектінің аумақтық тиістілігін тексереді;

объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді (бұдан әрі - тексеру) жүзеге асырады;

тексеру нәтижелері бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін (бұдан әрі – акт) ресімдейді және оған қол қояды;

қол қою үшін басшыға енгізетін сәйкестік (сәйкес еместік) туралы санитариялық-эпидемиолгиялық қорытындыны ресімдейді;

7) өтінішті қарау нәтижелері бойынша қол қойылған:

сәйкестік туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды;

сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытынды беріледі.

12. Жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің

(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының немесе өкілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінішінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін беруі арқылы және күнін көрсете отырып жүргізіледі;

2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылған:

1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның лауазымды адамы;

2) басшы;

3) орынбасар;

4) бастық;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адам.

15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

17. Берілетін сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ілеспе хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап уәкілетті органның ресми бланкісінде еркін түрдегі мазмұнда жазбаша беріледі.

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық

қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге

және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыстардың барысы, ағымы) әрекеті

1

іс-әрекет (жұмыстардың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам

Басшы

Орынбасар

Бастық

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адам

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштерді тіркеу журналында тіркейді

Құжаттармен танысу, оны орынбасарына беру туралы нұсқау береді

Құжаттармен танысу, оны бастыққа беру туралы нұсқау береді

Құжаттармен танысу, оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамға беру туралы нұсқау береді

Обектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін,

оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне тиістілігін, аумақтық тиістілігін тексереді, тексеруді ресімдейді,

объектіні тексереді,

актіні ресімдейді және оған қол қояды, санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны ресімдейді, оны құжаттармен бірге басшыға қол қою үшін енгізеді.

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Басшыға құжаттарды қарауға береді

Қарар қояды

Қарар қояды

Қарар қояды

Алушыға немесе өкілге саннитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

1-2 жұмыс күні

1-2 жұмыс күні

1-2 жұмыс күні

9-12 жұмыс күні

^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыстардың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

ҚФБ 1.

Өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам

ҚФБ 2.

Басшы

ҚФБ 3.

Орынбасар

ҚФБ 4.

Бастық

ҚФБ 5.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адам

1 әрекет

Құжаттардың толықтығын тексеру, өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және құжаттарды басшыға беру

2 әрекет

Құжаттармен танысу, оны орынбасарына беру туралы нұсқау бере отырып қарар қою

3 әрекет

Құжаттармен танысу, оны бастыққа беру туралы нұсқау бере отырып қарар қою

4 әрекет

Құжаттармен танысу, мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адамға құжаттарды беру туралы нұсқау бере отырып

қарар қою

5 әрекет

Құжаттармен танысу,

объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін,

оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне тиістілігін, аумақтық тиістілігін тексеру; тексеруді ресімдеу,

объектіні тексеру,

актіні ресімдеу және оған қол қою, сәйкестік туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны ресімдеу, оны басшының құжаттарымен бірге қол қою үшін енгізу

6 әрекет

Алушыға немесе өкілге сәйкестік туралы қол қойылған санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны

береді

^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыстардың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

ҚФБ 1.

Өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам

ҚФБ 2.

Басшы

ҚФБ 3.

Орынбасар

ҚФБ 4.

Бастық

ҚФБ 5.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адам

1 әрекет

Құжаттардың толықтығын тексеру, өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және құжаттарды басшыға беру

2 әрекет

Құжаттармен танысу, оны орынбасарына беру туралы нұсқау бере отырып қарар қою

3 әрекет

Құжаттармен танысу, оны басқарма (бөлім) бастығына беру туралы нұсқау бере отырып қарар қою

4 әрекет

Құжаттармен танысу, мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адамға құжаттарды беру туралы нұсқау бере отырып

қарар қою

5 әрекет

Құжаттармен танысу,

обектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін,

оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне тиістілігін, аумақтық тиістілігін тексеру; тексеруді ресімдеу,

объектіні тексеру,

актіні ресімдеу және оған қол қою, сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны ресімдеу, оны басшының құжаттарымен бірге қол қою үшін енгізу, алушыға немесе өкілге

сәйкес еместік туралы

ресімделген

санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны береді.

6 әрекет

Алушыға немесе өкілге сәйкес еместік туралы

ресімделген

санитариялық-эпидемио­логиялық қорытындыны береді.

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық

қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге

және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

  1   2   3

Похожие:

Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconЖелезин ауданы білім бөлімінің мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы...
Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңының 9-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін...
Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы