Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының
страница5/6
Дата конвертации08.04.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6
13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;

осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;

тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;

3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;

6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

2. Мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау жүргізген кезде тексерілетін субъектілер:

1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;

4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;

5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

 

^ 28-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің жарамсыздығы

1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді осы Заңда белгіленген тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.

Жарамсыз деп танылған тексеру актісі осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің бұзуының дәлелі болып табылмайды.

Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.

Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы тексерілетін субъектінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім тексерілетін субъектінің пайдасына шешіледі.

2. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзушылыққа:

1) тексеру жүргізуге негіздің болмауы;

2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;

3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімінің сақталмауы;

4) осы Заңның 23-бабының талаптарын бұзу;

5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;

6) тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні табыс етпеу;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу міндетті болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарда тіркеместен, тексеру жүргізу жатады.

 

29-бап. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртібі

1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерілетін субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағымдануға құқылы.

2. Тексерілетін субъектiнiң мемлекеттік органдардың қылмыстық iстi қозғаумен және тексеру жүргiзумен байланысты iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

 

^ 3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

30-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

^ 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін.

 

 

 Қазақстан Республикасының

Президенті

 

^ Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.

377-IV ҚРЗ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік

бақылау және қадағалау туралы»

2011 жылғы Қазақстан Республикасының

Заңына қосымша

 

^ Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік

субъектілері қызметінің салалары

 

1. Мемлекеттік бақылау:

1) электр энергетикасы саласында;

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;

2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар талаптарының сақталуына;

3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) газ және газбен жабдықтау саласында;

5) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;

6) мұнай операцияларын жүргізу саласында;

7) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне және айналымына;

8) атом энергиясы саласында;

9) автомобиль көлігі саласында;

10) темір жол көлігі саласында;

11) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;

12) көлік саласында;

13) өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

14) техникалық реттеу саласында;

15) сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;

16) метрология саласында;

17) тұрғын үй қатынастары саласында;

18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;

19) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;

20) тұқым шаруашылығы саласында;

21) астық нарығын реттеу саласында;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

22) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында;

23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында;

24) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында;

25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

26) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласында;

27) жерді пайдалану мен қорғауға;

28) геодезиялық және картографиялық қызметке;

29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;

30) шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне;

31) қалдықтармен жұмысқа;

32) міндетті экологиялық сақтандыруға;

33) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында;

34) азаматтық қорғаныс саласында;

35) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

36) өрт қауіпсіздігі саласында;

37) қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру каупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;

 39) көрсетілетін медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына;

40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне;

41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне;

42) білім беру жүйесіне;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;

44) еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;

45) қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласында;

46) халықты жұмыспен қамту саласында;

47) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;

48) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында;

49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)

49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;

50) байланыс саласында;

51) ақпараттандыру саласында;

52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

53) салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;

54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің түсуіне;

55) трансферттік бағаларды қолдану кезінде;

56) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді каржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

57) сырттай байқау рәсімдерінің, оңалту рәсімдерінің, конкурстық іс жүргізудің өткізілуіне;

58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға;

59) құзыреті шегінде қаржылық ұйымдардың қызметіне;

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды

59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;

60) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;

61) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

62) экономикалық шоғырлануға;

63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;

64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы объектілерін пайдалануға;

65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтінін кейіннен жариялау саласында;

66) бағалау қызметі саласында;

67) табиғи монополиялар салаларында;

68) реттелетін нарық субъектілерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауына;

69) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

70) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне;

71) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

72) 2012.10.07. № 36-V ҚР
1   2   3   4   5   6



Похожие:

Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 30. 01. 2013 11: 08: 32 Қазақстан Республикасының
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның төлнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 12. 07. 2012 14: 21: 06 Қазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау...
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Источник: ис параграф, 26. 03. 2013 11: 57: 01 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 21. 08. 2013 11: 22: 46 Қазақстан Республикасының
Р заңымен (бұр ред. қара); 2013. 15. 04. №89-v қр заңымен (бұр ред. қара) кіріспе өзгертілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы