Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/25
Дата конвертации12.12.2012
Размер5.01 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 201 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 3 ақпандағы

№ 201 қаулысымен

бекітілген


«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

гигиеналық нормативтері



  1. Жалпы ережелер


1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты, заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Жеке және заңды тұлғалар «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.

3. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 адам-Зиверт (бұдан әрі 1 ад-Зв) ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің шамамен 1 адам – Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 адам - Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың кемінде 1 жылдық бір адамға шаққандағы көлемінде белгіленеді.

4. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі тиісінше былай анықталады:



мұнда r, R – тиісінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел;

Е – жеке тиімді доза;

рi(Е)dЕ – i жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейiн алу ықтималдығы;

rE – бiр стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктiң салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:



өндірістік сәулелену үшін:

жылына Е<200 милиЗиверт (бұдан әрі - мЗв/жыл) болғанда rE = 5,6 x 10-2 1/адам-Зв;

Е3200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,1 x 10-2 1/адам-Зв;

халықтың сәулеленуі үшін:

Е<200 мЗв/жыл болғанда rE = 7,3 x 10-2 1/адам-Зв;

Е3200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,5 x 10-1 1/адам-Зв.


5. Жыл бойы сәулелену кезінде радиациялық қауiпсiздiк мақсаттары үшін детерминақияланған әсерлерден ауыр салдарлардың пайда болуы нәтижесінде толыққанды өмір кезеңі ұзақтығының жеке қысқару тәуекелі консервативті түрде мынаған тең:


ri,Д = Pi[D>Д],


мұнда Pi [D>Д] – i жеке адам үшін көзбен бір жыл бойы жұмыс істеген кезде Д-дан асатын дозамен сәулелену ықтималдығы;

Д - детерминделген әсер үшін ең төменгі шекті доза.

6. Азғантай дозаларда сәулелену нәтижесінде денсаулыққа тиетін зиянды толық бағалау үшін иондаушы сәулеленуге радио сезімталдықпен ерекшеленетін жекелеген ағзалар мен дене тіндерінің, сондай-ақ барлық организмнің толығымен сәулелену әсерлерін мөлшермен ескеретін радиациялық шығын түсінігі пайдаланылады. Әлемде жалпы қабылданған стохастикалық әсер тәуекелінің дозаға тәуелділігінің сызықтық ең төменгі шегі жоқ теориясына сәйкес тәуекел шамасы сәулелену дозасына пропорционал және 1-кестеде келтірілген дозамен радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері арқылы байланысады.

1-кесте


Радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері


Халықтың сәулеленетін тобы

Қатерлі ісіктер тәуекелі коэффициенті,

×10-2 Зв-1

Тұқым қуалаушылық әсерлер тәуекелі коэффициенті, ×10-2 Зв-1

Жиынтығы,

×10-2 Зв-1

Барлық тұрғындар

5,5

0,2

5,7

Ересектер

4,1

0,1

4,2


Персонал мен халық дозаларының шекті мөлшерін анықтау үшін қолданылатын орташаланған тәуекел коэффициенті шамасы 0,05 Зв-1- ке тең қабылданған.

Ядролық радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды қалыпты пайдалану жағдайларында техногенді сәулелену дозаларының шектері жыл бойы жеке өмірлік тәуекелдің мынадай мәніне қарай персонал үшін 1,0×10-3; халық үшін 5,0×10-5 белгіленеді. Елеусіз аз тәуекел деңгейі 10-6 құрайды.

Әлеуетті сәулелену көздерінен қорғануды негіздеу үшін жыл бойы мынадай жинақталған тәуекел мәндері қабылданады (сәулеленуге әкелетін оқиға ықтималдығының сәулеленумен байланысты өлім ықтималдығына көбейту): персонал 2,0×10-4 , жыл-1; халық 1,0×10-5, жыл-1.


^ 2. Бақыланатын жағдайларда техногендік сәулеленуді шектеуге қойылатын нормативтер


7. Сәулеленуге шалдығатын адамдар санаты үшін (халық, А және Б топтары персоналы) нормативтердің үш сыныбы белгіленеді:

1) дозалардың негізгі шегі (бұдан әрі – ДШ);

2) дозалардың негiзгi шегінен туындайтын монофакторлық әсердің рұқсат етiлетiн деңгейлері (бір радионуклид үшін, түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі): жылдық түсім шегі (бұдан әрі – ЖТШ), рұқсат етілген орташа жылдық көлемді активтілік (бұдан әрі – РЕКА), орташа жылдық меншiктi активтілік (бұдан әрі - РЕМА), эквивалентті доза қуаты (бұдан әрі – ЭДҚ);

3) бақыланатын деңгейлер (дозалар, деңгейлері, активтілігі, ағындар тығыздығы). Олардың мәндері ұйымдардағы қол жеткен радиациялық қауiпсiздiк деңгейін ескереді және радиациялық әсер рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайларды қамтамасыз етеді.

Персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын адамдар;


2-кесте


Дозалардың негiзгi шектері


Нормаланатын шамалар 1)

Дозалар шектері

А2) тобы персоналы

халық

Тиімді доза

кез келген соңғы 5 жыл iшiндегі орташа жылына 20 мЗв, бiрақ жылына 50 мЗв-тан артық емес

кез келген соңғы 5 жыл ішінде орташа жылына 1 мЗв, бiрақ жылына 5 мЗв артық емес

Көзбұршақтағы 3)

терідегі 4)

буындар мен табандағы жыл бойғы эквивалентті доза

150 мЗв

500 мЗв

500 мЗв


15 мЗв

50 мЗв

50 мЗв



1) барлық нормаланған шамалар бойынша көрсетiлген шектерге дейін бiр уақытта сәулелеуге жол беріледі;

2) дозалардың негiзгi шектері Б тобы персоналы сәулеленуінің қалған рұқсат етілген деңгейлері сияқты А тобы персоналы үшін 1/4 мәнге тең. Бұдан әрі мәтінде «персонал» санаты үшiн нормативтi мәндер тек А тобы үшін ғана келтіріледі;

3) шаршы сантиметрге 300 миллиграм (бұдан әрі – мг/см3) тереңдіктегі дозаға жатады;

4) қалыңдығы 5 мг/см2 тері қабаты астындағы қалыңдығы 5мг/см2 терінің базальды қабатындағы 1 см2 алаң бойынша орташа мәнге жатады. Алақанда тері қабатының қалыңдығы - 40 мг/см2. Егер терінің кез келген 1см3 алаңының орташа сәулелену шегінде бұл шек жоғарыламайтын болса, көрсетілген шекпен адам денесінің барлық терісін сәулелеуге жол беріледі. Бет терiсi сәулеленген кездегі дозаның шегі бета–бөлшектерден доза шегінің көзбұршаққа жоғарыламауын қамтамасыз етеді.

8 Дозалардың негiзгi сәулелену шектеріне табиғи және медициналық сәулелену дозалары, сондай-ақ радиациялық апат салдарларының дозалары кірмейді. Сәулеленудің бұл түрлеріне арнайы шектеулер белгіленеді.

9. Персонал үшін тиімді доза еңбек қызметі кезеңі ішінде (50 жыл) 1000 мЗв-тен, халық үшін өмір бойы (70 жыл) 70 мЗв-тен аспауы тиіс.

10. Иондаушы сәулеленудің техногенді көздерін қалыпты пайдалану есебінен персоналдың жылдық тиімді сәулелену дозасы 2-кестеде белгіленген дозалар шектерінен аспауы тиіс.

Жылдық тиімді доза дегеніміз күнтізбелік жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің тиімді дозасының және осы жыл ішінде радионуклидтердің организмге түсуі себепші болған ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді дозасының жиынтығы.

11. Радионуклидтердің тыныс алу ағзалары арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауадағы олардың орташа жылдық көлемді активтілігі осы нормативтерге 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген ЖТШ және РЕКА-ның сандық мәндерінен аспауы тиіс, мұнда доза шектері жылына персонал үшін 20 мЗв, және тұрғындар үшін жылына 1 мЗв тең деп алынған. Стандарттық емес жағдайларда РЕМА рұқсат етілген деңгейлері, орташа жылдық персонал РЕКА және радон ЭТКА-сы персоналдың радиациялық қауіпті аймақта болу уақытын есепке ала отырып есептеу жолымен айқындалады. 1 және 2-қосымшаларда келтірілген дозалық коэффициенттер мәндері, сондай ауа үшін ЖТШперс, ЖТШхал, РЕКАперс және РЕКАхал активтілігі бойынша аэродинамикалық медиандық диаметр 1 мкм және 2,5 тең стандартты геометриялық ауытқу болғанда бөлшектер логарифмді қалыпты таралған аэрозолдар үшін есептелген.

12. А тобы персоналы үшін радон изотоптарының (222Pn - 220Rn)- 218Po(RaA); 214Pb(RaB), 214Bi(RaC), 212Pb (ThB), 212Bi(ThC) еншілес өнімдерінің ЖТШ және РЕКА мәндері эквивалентті тепе-тең активтілік (ЖТШ үшін) және эквивалентті тепе-тең көлемді активтілік (РЕКА үшін) бірліктерде мынаны құрайды:

ЖТШ: 0,10 ПRaA + 0,52 ПRaB + 0,38 ПRaC = 3,0 МБк

0,91ПThB + 0,09ПThC = 0,68 МБк

^ РЕКА: 0,10АRaA + 0,52АRaB + 0,38АRaC = 1200 Бк/м3

0,91АThB + 0,09АThC = 270 Бкм/м3

мұнда:

Пi мен Аi – тиісті радон изотоптарының еншілес өнімдерінің тыныс алу аймағындағы жылдық түсуі және орташа жылдық көлемді активтілік.

13. Сәулелену көздерін пайдалана отырып кәсіптік оқытудан өтетін студенттер мен 16 жастан асқан оқушылар үшін жылдық доза Б тобы персоналы үшін белгіленген мәндерден аспауы тиіс.

14. Жылына 100 мЗв-ге дейін тиімді дозада және осы гигиеналық нормативтерге 2-кестеде келтірілген екі еселік мәндерден аспайтын эквивалентті дозаларда жоспарланатын жоғары сәулеленуге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен (облыстық деңгейден төмен емес) келісілгеннен кейін жол беріледі; жылына 200 мЗв-ке дейін тиімді дозада және эквивалентті дозаның төрт еселік мәндеріне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiнiң рұқсатымен жол беріледі.

15. Мыналар үшін:

1) апат нәтижесінде жыл бойы бұрын сәулеленген немесе 200 мЗв тиімді дозасымен немесе дозаның тиісті шектерінен төрт есе асатын эквивалентті дозамен жоспарланған жоғары сәулеленген жұмыскерлер үшін;

2) сәулелену көздерімен жұмыс істеуге медициналық қарсы айғақтары бар адамдар үшін жоғары сәулеленуге жол берілмейді.

16. Жыл бойы 100 мЗв -тен асатын тиімді дозадағы сәулеленуге ұшыраған адамдар одан арғы жұмысында жыл бойы 20 мЗв-тен асатын дозада сәулеленуге ұшырамауы тиіс.

Жыл бойы 200 мЗв-тен жоғары тиімді дозамен сәулелену әлеуетті қауiптi ретінде қаралуы тиіс. Осындай сәулеленуге ұшыраған адамдар дереу сәулелену аймағынан шығарылады және медициналық тексерілуге жіберіледі. Бұл адамдарға кейіннен сәулелену көздерімен жұмыс істеуге бiлiктi медициналық комиссияның шешiмi бойынша олардың келісімін ескере отырып, жеке тәртіпте рұқсат етіледі.

17. Радиоактивтік ластанған аумақтарда жүзеге асырылатын апаттық, құтқару және басқа жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын персоналға жатпайтын адамдар А тобы персоналы ретінде ресімделеді және жұмысқа жiберiледі.


^ 3. Өндiрiстік жағдайларда табиғи сәулеленуден қорғауға қойылатын нормативтер


18. Персоналды қоса алғанда барлық жұмыскерлердің табиғи сәулелену көздерімен тиімді сәулелену дозасы өндiрiстік жағдайларда жылына 5 мЗв-тен аспауы тиіс (кез келген кәсіптер мен өндірістер).

19. Жұмыс ұзақтығы жылына 2000 сағат (бұдан әрі – сағ/жыл), тыныс алудың орташа жылдамдығы сағатына 1,2 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) және өндірістік шаңдағы уран және торий қатары радионуклидтерінің радиоактивтік тепе-теңдігі болғанда, монофакторлық әсер кезінде жыл бойы 5 мЗв сәйкес келетін жыл бойғы радиациялық факторлардың орташа мәндері мынаны құрайды:

1) жұмыс орнындағы гамма-сәуленің тиімді дозасы қуаты 2,5 мкЗв/сағ;

2) тыныс алу аймағы ауасындағы эквивалентті тепе-тең көлемді активтілік (бұдан әрі – ЭТКА Rn) текше метрге 310 Беккерель (бұдан әрі –Бк/м3);

3) тыныс алу аймағы ауасындағы ЭТКА Th - 68 Бк/м3;

4) килограммға 40/f килоБеккерель (бұдан әрі – кБк/кг) өз қатарының мүшелерімен бірге радиоактивті тепе-теңдікте болатын уран-238-дiң өндiрiстiк шаңдағы меншiктi активтілігі, мұнда f – тыныс алу аймағы ауасының орташа жылдық жалпы шаңдануы, мг/м3;

5) өз қатарының мүшелерімен бірге радиоактивті тепе-теңдікте болатын торий-238-дiң өндiрiстiк шаңдағы меншiктi активтілігі, 27/f, кБк/кг.

Монофакторлық әсер ету кезінде көрсетілген мәндерге әсер ету факторлары қатынасының жиынтығы 1-ден аспауы тиіс.

20. Ғарыштық сәулеленудің ұшақ экипаждарына әсерлері өндірістік жағдайлардағы табиғи сәулелену ретінде нормаланады және 5 мЗв-тен аспауы тиіс.


4. Қалыпты жағдайларда халықтың техногендік және табиғи сәулеленуін шектеуге қойылатын нормативтер


21. Тамақ өнімдеріндегі, ауыз судағы және атмосфералық ауадағы халықтың 1 мЗв тең техногендік сәулелену дозасының шегіне және осы шек квоталарына сәйкес келетін радионуклидтердің рұқсат етілген мәндері тамақтану рационы мен ауыз су компоненттері бойынша олардың таралуын есепке ала отырып, сондай-ақ радионуклидтердің тыныс алу ағзалары арқылы түсуін және адамдардың сыртқы сәулеленуін есепке ала отырып радионуклидтердің ас қорыту ағзалары арқылы түсуі кезінде дозалық коэффициенттер мәндері негізінде есептеледі. Халықтың критикалық тобы үшін дозалық коэффициенттер мәндері, тыныс алу ағзалары арқылы РЕКА және ЖТШ және тамақ қорыту ағзалары арқылы ЖТШ осы нормативтерге 3-қосымшада келтірілген.

22. Жаңа тұрғын және қоғамдық мақсаттағы ғимараттарды жобалағанда үй-жайлар ауасындағы радон мен торонның еншілес өнiмдерiнің орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемді активтілігі ЭТКАrn + 4,6ЭТКАtn 100 Бк /м3 аспайтындай, ал гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жердегі доза қуатынан 0,2 мк Зв/c аспайтындай болып көзделеді.

23. Пайдаланылып жүрген ғимараттарда тұрғын үй-жайлар ауасындағы радон мен торонның еншілес өнiмдерiнің орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемді активтілігі 200 Бк/м3 аспауы тиіс. Көлемді активтіліктің барынша жоғары мәндері болғанда радонның үй-жай ауасына түсуін төмендетуге және үй-жайды желдетуді жақсартуға бағытталған қорғаныш іс-шаралары жүргізіледі. Егер үй-жайлардағы гамма-сәуленің тиімді дозасы қуаты ашық жердегі дозаның қуатынан 0,2 мЗв/с жоғары болса қорғаныш іс-шаралары жүргізіледі.

24. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар құрылысына аумақтардың учаскелерiн таңдау кезiнде гамма-фоны 0,3 мкГр/сағ аспайтын және топырақ бетінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2´с) артық емес учаскелер бөлiнедi.

25. Кен орындарында өндiрілетiн немесе өнеркәсіптің жанама өнімдері болып табылатын құрылыс материалдарындағы (шағыл тас, қиыршық тас, құм, бут және араланған тас, цемент және кiрпiш шикізаттары және басқалары) табиғи радионуклидтердің, сондай-ақ құрылыс материалдарын дайындауға пайдаланылатын өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары (күл, шлак және басқалары) және дайын өнімнің тиімді меншiктi активтілігі (Атиім) мынадан аспауы тиіс:

1) салынып және қайта жаңартылып жатқан тұрғын және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылатын материалдар үшін (І сынып):


Атиім= АRa+1,3АTh+0,09АK370Бк/кг


мұнда:

А Ra және А Th – уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиоактивтік тепе-теңдіктегі 226Rа және 232Th меншiктi активтілігі, АK - К-40 меншiктi активтілігі (Бк/кг);

2) елдi мекендер аумақтары мен перспективалы құрылыс аймақтарында жол құрылысында пайдаланылатын материалдар үшін. Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың сыртын өңдеу үшін, оларды пайдаланудың жоспарланған түрі кезінде күтілетін жеке жылдық тиімді сәулелену дозасы 10 мкЗв-тен аспауы тиіс, ал жылдық ұжымдық доза бір адам-Зв-тен аспауы тиіс болатын жағдайларда бұрқақтар, мәдени және басқа да құрылыстар үшін. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, балалар, жасөспірімдер, медицина ұйымдарын салу және ішін әрлеу үшін пайдалануға жол берілмейді (ІІ сынып):

Атиім 740 Бк/кг,

3) елдi мекендерден тыс жердегі жол құрылысында қолданылатын материалдар үшін (ІІІ сынып):

Атиім 1,5 кБк/кг.

4) 1,5 кБк/кг<Атиім4кБк/кг болғанда (IV сынып) материалдарды пайдалану туралы мәселе әрбір жеке жағдайда бөлек аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша шешіледі.

Атиім > 4,0 кБк болғанда материалдарды құрылысқа қолдануға жол берілмейді.

26. Радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ауыз су мақсаты үшін суды пайдалануға жарамдылығын алдын ала бағалау меншікті жиынтық альфа (Аα) және бета-активтілік (Аβ) бойынша беріледі. 0,2 және 1,0 Бк/кг төмен Аα және Аβ мәндері кезінде тиісінше суды одан әрі зерттеу міндетті болып табылмайды. Көрсетілген деңгейлерден асқан жағдайда судағы радионуклидтер құрамына талдау жүргізіледі. Егер суда бірнеше табиғи және техногенді радионуклидтер болса, мына шарттар орындалады:

I /АДI)1

мұнда АI - судағы I радионуклидтің меншiктi активтілігі, БК/кг;

АДі – осы нормативтерге 4-қосымша бойынша тиiсiнше араласу деңгейлері, БК/кг, ауыз судың радиоактивтілігін төмендету бойынша іс-шаралар міндетті болып табылмайды.

27. Ауыз судағы 222Ru есебінен адамдардың қиын жолмен сәулеленуі радонның үй-жай ауасына өтуі және радонның еншілес өнімдерінің организмге кейіннен ингаляциялық түсуі болып табылады. Ауыз судағы 222Ru үшін араласу деңгейі 60 Бк/кг құрайды. Жер асты көздерінің ауыз суындағы 222Ru меншікті активтілігін анықтау орталықтандырылмаған сумен жабдықтауда міндетті болып табылады.

Суда 3H, 14C, 131I, 210Pb, 228Ra, 232Th (әлеуетті қауіптілік бойынша І және ІІ радиациялық объектілердің байқау аймақтарында) болуы мүмкін болған жағдайда бұл радионуклидтердің судағы меншікті активтілігін анықтау мiндеттi болып табылады.

28. Тамақ өнімін санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу және халықтың сәулеленуін шектеу осы гигиеналық нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес радионуклидтердің болуын регламенттеу жолымен жүзеге асырылады.

29. Шайдағы (қара, көк, тақта шай) радионуклидтер цезий бойынша 137-400 Бк/кг, стронций бойынша 90-200 Бк/кг аспауы тиіс.

30. Кофедегі (дәнді, ұнтақ, еритін) радионуклидтер цезий бойынша 137-300 Бк/кг, стронций бойынша 90-100 Бк/кг аспауы тиіс.

31. Өсімдік негізіндегі, гүл тозаңы (құрғақ шай), сұйық (эликсирлер, бальзамдар, тұнбалар мен басқалары) БАҚ-тағы радионуклидтер цезий бойынша 137-200 Бк/кг, стронций бойынша 90-100 Бк/кг аспауы тиіс.

32. Дәрілік өсімдіктердегі (шөптер, қабық, тамыр сабақ, жемістері) радионуклидтер цезий бойынша 137-400 Бк/кг, стронций бойынша 90-200 Бк/кг аспауы тиіс.

33. Қолдануға дайын жеміс-жидектерден, көкөністерден, жидектерден жасалған тамақ өнімдері (консервіленген көкөністер, саңырауқұлақтар, қайнатпа, джем, сироп, концентраттар, сусындар, шырындар) радиациялық қауіпсіздікке зерттеуден өтуі тиіс.

34. Темекідегі және темекі бұйымдарындағы радионуклидтер цезий бойынша 137-120 Бк/кг, стронций бойынша 90-50 Бк/кг аспауы тиіс.

35. Қатты отынның (көмір) радиоактивтілігін бағалауға мыналар жатады:

1) гамма-сәуле қуатының көрсеткіштері және учаскенің біртектілігін анықтау. Кен орындары (жер қабаты) учаскелері гамма-сәуленің эквивалентті дозасы қуатының мәні барлық бетте 30 % аспайтын айырмашылықта болғанда біртекті болып саналады;

2) көмір мен күлдің табиғи радионуклидтерінің меншікті активтілігі.

Қатты отынның радиоактивтілігін алдын ала бағалау кен орнын барлау немесе ашық карьер немесе ұңғыма забойындағы жер қабаты үшін аумақтың беткі қабатын түсіру сатысында жүргізіледі.

Жылдық жеке тиімді доза 10 мкЗв-тен, ал ұжымдық жылдық тиімді доза 1 адам – Зв-тен аспауы тиіс.

Шектеу жүйесін және отынды қауіпсіз пайдалану түрін орнату табиғи радионуклидтердің меншікті активтілігін талдау негізінде жүргізіледі. Уран (радий) және торий радионуклидтерінің меншікті активтілігінің ең төменгі мәнді меншікті активтілікке (Скөмір) қатынасының қосындысы мына формула бойынша анықталады:

Скөмір=(Аu(Ra)/1000) + А(Th)/1000


мұнда Аu(Ra) А(Th) - уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиоактивті тепе-теңдікте болатын меншікті активтілік U (226Rа), 232Тһ, тиісінше БК/кг.

1000 - табиғи уран мен торийдің ең төменгі мәнді меншікті активтілігі (МММА), Бк/кг, осы гигиеналық нормативтерге 5-қосымша.

Скөмір мәніне байланысты көмірдің радиациялық қауіптілік сыныбы белгіленеді:


3-кесте

Көмірдің радиациялық қауіптілік сыныптары


Көмірдің радиациялық қауіптілік сыныбы

Радионуклидтердің

меншікті активтілігінің МММА-ға қатынасы қосындысы, Скөмір

Көмірді пайдалану шарттары

I

≤ 1

Шаруашылық қызметте көмірді пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды

II

> 1

Шаруашылық мақсатта көмірді пайдалануға тыйым салынады


36. Қатты отынды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланатын объектіге жер учаскесін бөлу кезінде және халық қатты отынды пайдаланған кезде өткізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптау негізінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы беріледі.

37. Күлдің радиациялық қауіптілік сыныбын және оны құрылыс материалы ретінде қауіпсіз пайдалану түрін анықтау меншікті тиімді активтілік көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

Отынды жағу барысында пайда болатын күлдің меншікті тиімді активтілігін бағалау және болжау көмірді радиациялық сынау нәтижелері бойынша жүргізілуі мүмкін және мына формула бойынша анықталады:


Акүлтиімд болж. = Акөміртиімд. х Кккөмір


мұнда Акүлтиімд - көмір сынамасындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді активтілігі;

Кк - күлдегі радионуклидтер шоғырлануы коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:

Кк=100% Аd

мұнда Аd - көмірден күл алу, %;

Δкөмір – анықтаудың абсолютті қателігі Акүлтиімд..

Меншікті активтіліктің мәніне байланысты радиациялық қауіптілік сыныбы және пайдалану түрі белгіленеді:

4-кесте

Күлдің радиациялық қауіптілік сыныптары


Күлдің радиациялық қауіптілік сыныбы

Радионуклидтердің меншікті тиімді активтілігі,

күл тиімді. болж

А күл тиімді ) Бк/кг

Күлді қауіпсіз пайдалану шарттары

I

370 дейін

Күл салынып жатқан және қайта жаңартылатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылуы мүмкін

II

370-тен 740-қа дейін

Күл елді мекендердің аумақтары және перспективалы құрылыс аймақтары шектерінде жол салғанда, сондай-ақ өндірістік құрылыстар салғанда пайдаланылады

II

740-тан 1500-ге дейін

Күл елді мекендерден тыс жол құрылыстарында пайдаланылуы мүмкін

IV

1500 артық 4000 дейін

Күлді пайдалану мәселесі әр жағдайда аумақтық мемсанэпидқызмет органдарымен келісім бойынша жеке шешіледі


38. Мұнай және мұнай-су суспензияларын барлау, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу технологиясы технологиялық жабдықтардың және қоршаған орта объектілерінің табиғи радионуклидтармен осы нормативтерде көзделген деңгейлерден жоғары ластану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

Мұнайда табиғи радионуклидтер су үшін 10 араласу деңгейінен (АД) артық емес көлемде болған кезде (4-қосымша) ол шектеусіз пайдаланылуы мүмкін. Су үшін 10 араласу деңгейінен артық радионуклидтер болған кезде мұнай қайта өңдеуге тек оны көрсетілген шамаға дейін (10 АД) тазартқаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.

39. Мұнай өнімдерін өндіру үдерісінде мұнайлы-газды жиекке айдалатын жер қабаты суындағы табиғи радионуклидтердің құрамы нормаланбайды. Оларды су ағатын жиекке айдағанда немесе жергілікті жердің бедеріне төккенде олардағы ЕРН шоғырлануы су үшін 10 АД аспауы тиіс.

40. Минералды тыңайтқыштардағы және агрохимикаттардағы табиғи радионуклидтердің меншікті активтілігі мынадан аспауы тиіс:


Аu+1,5 Th ≤ 1,0 кБк/кг


мұнда Аu және АTh - уран және торий қатарындағы басқа мүшелермен радиоактивті тепе-теңдіктегі тиісінше уран-238 (радий-226) және торий 232 (торий-228) меншікті активтілігі.

Минералды тыңайтқыштардағы және агрохимикаттардағы 40К рұқсат етілген құрамы белгіленбейді. Құрамында 40К бар материалдармен жұмыс істегенде халықты 24 және 25-тармақтарда белгіленген табиғи иондаушы көздер есебінен сәулеленуден шектеу талаптары сақталуы тиіс.

41. Фосфор тыңайтқыштардағы және мелиоранттардағы табиғи радионуклидтердің меншікті активтілігі мынадан аспауы тиіс:


Аu+1,5 * АTh ≤ 4,0 кБк/кг


мұнда Аu және АTh – тиісінше уран және торий қатарының басқа мүшелерімен радиоактивті тепе-теңдіктегі уран-238 (радий-226) және торий -232 (торий-228) меншікті активтілігі.

42. Халықтың және ұйымдар жұмыскерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құрамында табиғи радионуклидтер көп материалдармен жұмыс жасағанда радиациялық бақылау түрлерін және көлемін жоспарлау үшін мынадай сыныптама енгізіледі:

1) I сынып: Атиім  740 Бк/кг

2) II сынып: 0,74 < Атиім.  1,5 кБк/кг

3) III сынып: 1, 5 < А тиім.  4,0 кБк/кг

4) IV сынып: А тиім. ≥ 4, 0 кБк/кг

43. Өндірістік жағдайларда І сынып материалдарымен жұмыс істеу қандай да бір шектеусіз жүзеге асырылады.

ІІ, ІІІ, ІV сынып материалдарымен жұмыс кезінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізіледі, оның негізінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

44. Кәсіпорын құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетикалық шикізатының кен орындарын өңдеу басталғанға дейін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан оның радиациялық қауіптілік дәрежесі мен материалдарды пайдалану жағдайлары туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы