Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница5/9
Дата конвертации12.12.2012
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 17. Тағамдық концентраттар және тағамдық қышқылдар

өндірісіне қойылатын талаптар




  1. Тамақ концентраттарын шығаруға арналған негізгі өндірістік үй-жайларды жертөледе орналастыруға жол берілмейді.

  2. Шикізаттар мен қосымша материалдар өндіріске тек зертханалық зерттеуден кейін жіберіледі.

  3. Шикізатты өндіріске дайындау жеке үй-жайда жүзеге асырылады.

  4. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен қосымша материалдарды ыдысқа салу тек мұқият тексерілгеннен кейін және ыдыстың бетін ластанудан тазартқаннан кейін ашылады.

  5. Майлардан босаған бөшкелер мен бидондар жедел тазартылады, жуылады және буландырылады.

  6. Қызанақ пастасы, ақуыз пастасы және басқа да пасталар салынған ыдыстар ашылу алдында жуылады. Ыдысты ашқаннан кейін ішіндегінің беткі қабаты тазартыла отырып, мұқият тексеріледі.

  7. Қайта өңдеуге түсетін барлық шикізаттар бөгде, механикалық қоспаларды алып тастау арқылы мұқият тексеріледі, тазартылады, ұнтақ тәрізді шикізаттар (ұн, құрғақ сүт, құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, тамақ қышқылдары, көкөніс ұнтақтары, дәмдеуіштер, қоспалар және басқалары) – еленеді, магнит аулағыштардан өткізіледі, дән шикізаты ферроқоспалардан тазарту үшін магнитті қоршаулар арқылы өткізіледі, қос аспирациялы сепараторда тазартылады. Әсіресе бөгде заттардан мұқият тазартылады және жууға жарамайтын ет фаршы және жармалар, ет фаршы магнит аулағыштар арқылы өткізіледі.

  8. Қайта өңдеуге түсетін майлар температуралық режимді қатаң сақтай отырып, +55ºС аспайтын температурада ерітіледі. Майды қатты қыздыруға жол берілмейді.

  9. Әрбір технологиялық желі шикізатты елеуге арналған жабдықтармен және металл қоспаларды аулауға арналған магнит аулағыштармен қамтамасыз етіледі.

  10. Технологиялық желілер бойынша елек жүйесі толығымен тиісті нөмірлердегі жарамды електермен жабдықталады. Әрбір ауысым жұмысының алдында електердің жағдайы тексеріледі.

  11. Магниттерді тазарту бір ауысымда 1 реттен сирек емес жүргізіледі. Магниттен түскен жиынтықтар зертханаға тапсырылады. Магнит аулағыштардың жүк көтергіштігі кемінде 12 кг және есептік құжаттамада тіркей отырып, кемінде 10 күнде 1 рет тексеріледі.

  12. Технологиялық жабдықтан алынатын өнім қалдықтары «қайтару» деген жазбасы бар арнайы бакқа жиналады және мұқият тазартылған соң және технологиялық нұсқауларда белгіленген мөлшерде еленгеннен кейін өндірісте пайдалануға болады.

  13. Еденге құлаған өнім, жабдықтардың сыпырындысы «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және өндірістік үй-жайлардан шығарылады. Санитариялық ақауды тағамдық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

  14. Объектіде айына 2 реттен сирек емес технологиялық үдерісті толығымен тоқтата отырып, аппаратура мен жабдықтарға санитариялық өңдеу жүргізу арқылы санитариялық күндер белгіленеді.

  15. Жұмыс барысында беті май қабатымен жабылатын жабдықты, аппаратура мен мүкәммалды тез арада ыстық сумен жуады, дезинфекциялайды.

  16. Мүкәммал мен жабдықтарда пайда болған қақтар және күюден қалған дақтар, сондай-ақ жуғаннан кейін қалған май және ақуыз бөлшектері +50ºС температурада 0,5% кальцийленген сода ертіндісімен суланады.

  17. Экстрактыларды тот баспайтын болаттан жасалған арнайы пломбаланған цистерналарда, таза ағаш бөшкелерде, зауыт қаптамасындағы қаңылтыр және шыны ыдыста тасымалдауға жол беріледі.

  18. Меласса мен сірнені тек таза металл резервуарларда, цистерналарда сақтауға, тасымалдауға жол беріледі.

  19. Меласса мен сірнені төгу үшін су өткізбейтін қатты жабыны бар, шаруашылық ауласының аумағында, топырақ пен ауаны ластайтын жерлерден алыста және жел жағында орналасқан алаңдар жабдықталады.

  20. Меласса мен сірнені ағызатын науалар металдан жасалған, жабық пайдаланылады, таза күйінде ұсталады. Қабылдағыштардағы люктерді тығыз қақпақтармен жабдықтайды, ал қабылдағыштардың өздерін металлдан жасайды. Меласса мен сірне беретін құбырлар механикалық қоспаларды аулауға арналған торлармен жарақталады, кезең-кезеңмен ыстық сумен жуылады және кейіннен сумен мұқият шаю арқылы дезинфекцияланады.

  21. Тамақ қышқылдарын өндірген кезде спора бөлімшесінің үй-жайлары құрғақ және жақсы желдетілетін үй-жайын пайдаланады. Үй-жайға күнделікті ылғалды жинау жүргізіледі. Тұқымдалу жүргізілетін үй-жайлардың едені мен қабырғалары кейіннен осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдармен сәулелендіру арқылы дезинфекцияланады.

  22. Ашыту бөлімшесіндегі дәліздер мен қосалқы үй-жайлардың едені мен қабырғалары күнделікті рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады. Аптасына 1 реттен сиретпей аппаратура мен құбырлар антисептик ерітіндісімен жуылады. Камераға кіру үшін стерильденген халаттар мен үшкіл орамалдар қоры көзделеді.

  23. Ашыту камерасына кіру алдында қолға және кіргізілетін заттарға спиртпен, арнайы аяқ киімге дезинфекциялық ерітіндімен дезинфекциялау жүргізіледі, ауаны камераға кіру алдында форсунканың суымен тазалайды.

  24. Терең ашыту камерасы учаскесіндегі еденге, қабырғаларға, аппаратураның беттеріне, сыйымдылықтарға, құбырларға күнделікті дезинфекциялау жүргізіледі.

  25. Сүт қышқылын өндіру кезінде ашыту кеспектері әрбір ашыту алдында өңделеді.

  26. Шыны және полиэтилен ыдысты зауытқа қабылдау алдында және жуу бөлімінен қышқылды құю учаскесіне берген кезде бракераж жүргізіледі. Сүт қышқылын құюға арналған ыдыс пайдалану алдында жуылады.

  27. Сүт қышқылы бар шыны ыдыс бөтен қоспалардың жоқтығына тексеріледі.

  28. Шарап қышқылын өндіру кезінде аппаратураны айына 2 реттен сирек емес шөгінділерден щеткамен тазалайды және сумен жуады. Көгеру белгілері пайда болған жағдайда, жабдық 2-3 сағ бойы қайнаған сумен өңделеді. Жабдықтың сыртқы беті ауысымына 1 реттен сиретпей 4% кальцийленген сода ерітіндісімен сүртіледі және сумен жуылады.

  29. Лимон және шарап қышқылдарының дайын кристаллдары өлшеп-орағанға дейін таза, қақпақтары бар жарамды бункерлерде сақталады. Сүт қышқылы қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған сыйымдылықтарда сақталады.

  30. Лимон және шарап қышқылдарын тасымалдаған кезде оларды ылғалдан сақтау үшін шаралар қолданылады.




^ 18. Ашытқылар, желатин өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар


575. Ашытқы өсіретін аппараттар ашытқылардың көбею үдерісінің негізгі параметрлерін автоматты өлшеуге арналған құралдармен, оған су және дезинфекциялық ерітінділер беретін жуу қалпақшаларымен жабдықталады.

576. Дезинфекциялау ерітіндісін дайындау станциясы жұмысшы ерітіндінің бактарынан, ерітіндіні қайтару багынан, су және жуу қалпақшаларына ерітінді беруге арналған және қолданылған ерітіндіні қайтаруға арналған сорғылардан тұрады.

577. Өнім өткізгіштерді жуу және булау үшін су мен бу жүргізіледі.

578. Ашытқының таза өсірінділерін өсіруге арналған цех басқа цехтардан оқшауланады, тазалықта ұсталады.

579. Ашытқылардың таза өсірінділерін әрбір рет дайындау алдында өсіруге арналған жабдықты, шыны ыдысты, сүзгіні және басқа да пайдаланатын мүкәммалды стерилдеу жүргізіледі.

580. Кептіргіштер мен басқа да жабдықтар вакуумдық қондырғылармен тазартылады.

581. Жабдықтар мен аппараттарды жөндеуден және реконструкциялаудан кейін пайдалануға қосуға жуғаннан, дезинфекциялағаннан кейін және зертханалық бақылаудан кейін жол беріледі.

582. Желатин өндіру кезінде сүйек шикізатын бастапқы өңдеуге арналған жабдық (майдың сулы экстракциясына арналған аппараттар, жуу барабандары мен калибрлеу машиналары) одан шикізаттың әрбір партиясын түсірген соң +60-+70ºС температурадағы ыстық сумен жуылады.

583. Қайнату қазандары оған тиелген шикізат партиясын қайнату үдерісі аяқталғаннан кейін өңделеді. Пісірілген қалдықтар тазартылған соң қазандар щеткаларды пайдалана отырып, ыстық жуу ерітіндісімен өңделеді, ыстық сумен шайылады.

584. Сүзгілерді қалыптауға арналған жабдық пен мүкәммал (гидравликалық престер, науалар) әрбір ауысымнан кейін щеткамен сүзгі массалардың қалдықтарынан тазартылады және 10-15 мин бойы ыстық сумен жуылады. Жабдық апта сайын ыстық жуу ерітіндісімен, содан кейін сумен жуылады және дезинфекцияланады. Дезинфекциядан соң 30-40 мин кейін жабдық сумен жуылады.

585. Істен шыққан сүзгілердің брикеттерін жұмсартуға қолданылатын машиналар әрбір ауысымның соңында кейіннен сумен шаю және дезинфекциялау арқылы, щетканың көмегімен ыстық жуу ерітінділерімен жуылады. Дезинфекция аяқталған соң 30-40 мин кейін сумен шайылады.

586. Желінің желатинді барабандары әрбір ауысым аяқталғаннан кейін ыстық сумен жуылады және айналатын барабанның үстіңгі қабатына 3% сутегі тотығы ерітіндісін екі немесе үш рет жаға отырып (шашырату) дезинфекциялайды.

587. Нығыздағыштың киіз төсемелерін қолданар алдында еріген парафинге 5 мин батыру жолымен ас парафинімен дымқылдайды.

588. Сілікпені салуға арналған жаңа торлар, сондай-ақ жөндеуден кейін торлар щетка қолдана отырып 0,5% жуу құралының ерітіндісімен жуылады, содан кейін ыстық сумен шайылады және арнайы камерада 10-15 мин бойы дезинфекцияланады немесе 15-20 мин бойы (+90 – +95ºС температурада) ыстық сумен өңделеді.

589. Айналымдағы торлар желатин плиткаларынан босағаннан кейін ыстық сумен жуылады.

590. Ас желатинін өндіру кезінде вакуум-аппараттарын өңдеу апта сайын, технологиялық желатинді өндіру кезінде булау үдерісі аяқталған соң жүзеге асырылады.

591. Шнектер мен жинауыштар галертадан босағаннан кейін алдымен салқын, содан соң ыстық сумен 10-15 мин бойы жуылады және 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен шашырату жолымен дезинфекцияланады.

592. Кептіргіш барабандар ас желатинін үнемі кептіру кезінде 10 күн сайын өңделуге жатады. Ас және техникалық желатинін бір жабдықта кептірген кезде өңдеуді ас желатинін әрбір кептіру алдында жүргізеді. Өнімді түсірген соң барабандар желатин қалдықтарынан толығымен тазартылғанға дейін жылы сумен жуылады, содан соң 25-30 мин бойы ыстық сумен өңделеді.

593. Кептіргіш каналдар сілікпені кептіру кезінде ауысымына кемінде 2 рет 15 мин бойы күкіртті ангидридпен өңделеді.

594. Желатинді ұсақтауға арналған балға тәрізді ұнтағыштар әрбір ауысым соңында желатин шаңының қалдықтарынан щеткалармен механикалық тазаланады. Ай сайын ұнтағыштар мен құбырлар механикалық тазалау, жуу және 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен дезинфекциялау жүргізе отырып, өңделеді.

595. Сілікпенің лентасын кесуге арналған мусаттар, пышақтар стерилизаторларда әрбір 2 сағ сайын дезинфекцияланады.

596. Технологиялық жабдықты механикалық тазалауға арналған щеткалар жуу ерітіндісімен жуылады және рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады.

597. Сүзгі материалы сорпаның әрбір партиясын құйған соң ауыстырылады. Бұрын қолданыста болған дәке сүзгілер ыстық сумен жуылады және дезинфекцияланады.

598. Меласса таза, пломбаланған сыйымдылықтарда тасымалданады. Меласса мен басқа да сұйықтықтарды жер асты сыйымдылықтарына құю жабылатын қақпағы бар қабылдау ұралары арқылы жүргізіледі.

599. Мелассадағы механикалық қоспаларды аулау үшін оның қоймаға және қоймадан өндіріске түсуі алдында металл торлар орнатылады.

600. Биіктігі 3 метр меласса қоймасында үстіңгі люктерінен басқа (бак қақпағында) қойманы тазалау, жуу және жөндеу үшін төменгі люктер жабдықталады.

601. Мелассаны және басқа да сұйық материалдарды +25ºС температураға дейін цистерналарда жылытуға жол берілмейді.

602. Меласса қоймасында және аммиакты суды, күкірт қышқылы мен басқа да сұйық материалдарды сақтауға арналған сыйымдылықтарда атмосфераға газдарды бөлу құрылғылары, жоғарғы деңгейді автоматты блоктау немесе құю қондырғылары көзделеді.

603. Қышқылдарды, сілтілер мен басқа да улы сұйықтықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтарда ескертпе жазулар жазылады.

604. Шоғырландырылған күкірт қышқылы болаттан жасалған сыйымдылықтарда сақталады. Күкірт қышқылының сұйылтылған ерітінділерін (70% төмен) қышқылға төзімді сыйымдылықтарда сақтауға жол беріледі.

605. Қышқылдар мен сілтілерге арналған барлық сыйымдылықтар мен өлшеуіштерде қолданыстағы автоматты апаттық қақпағы немесе қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да аспаптар, сондай-ақ бастапқы сыйымдылыққа бөлу арқылы құю құбырлары бар деңгей көрсеткілері болады.

606. Кептірілген ашытқылар +15ºС жоғары емес температурада, қапталған желатин 25ºС жоғары емес температурада және ауаның салыстырмалығы ылғалдылығы 85 % аспайтын оқшауланған жеке үй-жайларда сақталады. Ашытқы сүті 0-ден +10ºС температурада сақталады және тасымалданады.


^ 19. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнеркәсібі объектілерін (оның ішінде элеваторлар мен нан қабылдау пункттерін) күтіп-ұстауға қойылатын талаптар


607. Өндірістік үй-жайлар қабырғаларының, төбелерінің, салмақ түсетін конструкцияларының, есіктерінің, өндірістік үй-жайлар едендерінің беттері, сондай-ақ силостар мен бункерлердің қабырғалары шошақсыз, ойықсыз, кедір-бұдырсыз, оларды жеңіл тазалауға мүмкіндік беретін болады.

608. Өндірістік үй-жайлардың құрамында технологиялық үдерістің ағымдылығын ескере отырып, қаптарды және пакеттерді дайын өніммен толтыруға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар бөлінеді. Дәндерді, жармаларды және ұнды салуға пайдаланылған қаптар тазаланады, кептіріледі және жеке жылытылатын, сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған үй-жайларда дезинфекцияланады.

609. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімін қаптарға түюге және пакеттерге қаптауға арналған үй-жай басқа өндірістік және қойма үй-жайларынан оқшауландырылады.

610. Суспензия, тұқымдарды дәрілеуге арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшауланады. Тұқымдарды дәрілеуге арналған құралдар жеке оқшауланған үй-жайда сақталады.

611. Қаптарға салынған тұқымдарды сақтауға арналған қоймалардың жүктің орын ауыстыруы үшін еңістер мен көлік құралдарымен көп қабатты болуына жол беріледі.

612. Едендері тегіс механикаландырылған, оның ішінде аэронауалармен жабдықталған астық қоймаларында конвейерге шығару тесіктерінің үстінде олардың ортасында жұмыс істеушілерді шұңқырға тартудан қорғайтын тік бағаналар орнатылады.

613. Механикаландырылған астық қоймаларын тік бағанасыз немесе пирамидалы торсыз пайдалануға жол берілмейді.

614. Азық-түліктер үймесін шығару қондырғысына ауыстыру үдерісі механикаландырылады. Жұмысшылардың үймеге баруына жол берілмейді. Едені тегіс қоймалардың өтетін галереялары сору желдеткішімен жабдықталады.

615. Едені еңіс астық қоймаларында жоғарғы конвейер барлық биіктігіне төбеге дейін қоршаумен жабдықталады. Есіктерді ашқан кезде төменгі конвейер жетегінің электр қозғалтқышын автоматты түрде ажырату көзделеді.

616. Силостар мен бункерлердің орналасқан жеріне қарамастан, тиеу және өрмелеу люктері құрылғылары бар, еденмен бір деңгейде тығыз жабылатын және құлыпқа жабылатын ұяшықтары бар сақтандыратын торлармен жабдықталған тұтас жамылғы көзделеді.

617. Барлық силостар мен бункерлер аспирациялық құрылғылармен, жеке қондырғының шаңын жинауға және сақтауға арналған бункермен жабдықталады.

618. Астық сақтауға арналған силостар мен бункерлер толығымен төгуді қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады.

619. Ғимараттардың жертөле қабаттары мен жерасты туннельдері құрылғысы оларға жерасты суының кіруін болдырмайтын болып көзделеді.

620. Жұмыс істеу барысында шаң пайда болатын барлық машиналар мен механизмдер, сондай-ақ силостар мен бункерлер жергілікті аспираторлармен жабдықталады.

621. Циклондардың шығаратын құбырлары ғимарат шатырынан 2 м жоғарыға шығарылады. Элеватор ғимаратының сепаратор үй-жайларында сыртқы ауаның кіруі көзделеді.

622. Жылдың суық және ауыспалы мезгілдерінде жылытылатын өндірістік үй-жайлардағы тұрақты емес жұмыс орындарында ауаның температурасы +10ºС төмендеген кезде және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,7 м/сек артқанда жұмыс істеуге жол беріледі.

623. Объектілер металл магнитті қоспаларды шығаруға арналған арнайы қондырғылармен қамтамасыз етіледі. Магнитті қоршаулар металл магнитті қоспаларды толық ұстау есебінен орнатылады.

624. Сепараторлардың, құрғақ қауыздау, щеткалы, жуу машиналарының, триерлердің, қарқынды ылғалдандыру шнектерінің және дән қауызын ылғалды аршуға арналған машиналардың, көлемдік дозаторлардың, білікті станоктардың, ұнтағыштың, соққылау, үгу, ажарлау, қауызынан аршу машиналарының, энтолейторлардың және соққылау әсерін беретін басқа да машиналардың алдында, сондай-ақ дайын өнім мен жемдік дән өнімдерін бақылайтын орындарда магнитті қоршаулар орнатылады.

625. Жабдықтардың аспираторлары герметикалық, машиналардың аспирациялық камералары шаң өткізбейтін, клапандары сорулардың еркін шығарылуын, шаңның пайда болмауын және ауаны соруды болдырмауды қамтамасыз етеді.

626. Барлық аспирациялық қондырғылар технологиялық және көлік жабдығымен блокталады, жұмысқа технологиялық және көлік жабдығы қосылғанға дейін 20 сек бұрын қосылады және ол тоқтаған соң 20-30 сек кейін сөнеді. Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде аспирациялық қондырғыларды сөндіруге жол берілмейді.

627. Аспирациялық желілер айына үш реттен жиі емес қаралады, паспорт деректерін салыстыру арқылы жылына бір реттен жиі емес бақылау сынақтарынан өтеді.

628. Пневматикалық көлікке арналған жоғары қысымды ауа үрлейтін машиналар мен желдеткіштер ауа үрлейтін машиналар мен желдеткіштерден кейін, ал жекелеген жағдайларда машиналарға дейін сөндіргіштерді орната отырып жеке дыбыстан оқшауланған үй-жайларда, дірілден оқшаулайтын ұлтандарда орнатылады.

629. Ыдыс жүктеріне арналған жылжымалы конвейерлерде бүйірлеріндегі ленталар 0,2 м биіктікте ернеудің ұзына бойына бекітіледі, траспортерден қаптарды қабылдау үшін арнайы қабылдау үстелі орнатылады.

630. Жуу машиналары жылытылатын үй-жайларда биіктігі 50-75 мм ернеуі бар, металл немесе бетон легендерде орнатылады. Сығу бағанасы бар жуу машинасының қабы мықты, саңылаусыз, жуу машинасының айналасындағы еден құрғақ болады.

631. Қаптарды қағуға арналған машиналар мен аппараттар қапты шаңнан және қамырдың қабығынан тазалау үдерісінде оны қолмен ұстау қажеттілігін болдырмайды. Қапты қолмен ұстайтын машиналарды пайдалануға жол берілмейді. Нан қорларының зиянкестерін жұқтырған қаптарды астық қоймасы аумағының ашық ауасында тазалауға және қағуға жол берілмейді.

632. Астықты тазалау жеке үй-жайларда шаң ұстағыштарды пайдалана отырып, жүргізіледі. Осы жұмыстарды астық сақтау қоймаларында жүргізуге жол берілмейді.

633. Силостар мен бункерлерде сақталатын астықтың температурасын тексеру стационарлық немесе жылжымалы қондырғылармен жүзеге асырылады. Жұмыскерлерді астық сақтауға арналған силостар мен бункерлерге түсіру негізделген қажеттілік болғанда және арнайы жүкарбаның көмегімен жүргізіледі. Түсіру алдында силос немесе бункер желдетіледі.

634. Дайын өнімдерді сақтауға арналған қойма үй-жайлары мен сыйымдылықтар атмосфералық және жер асты суынан оқшауландырылады.

635. Қойманы немесе оның бір бөлігін әрбір босағаннан кейін механикалық тазарту, нан қорларының зиянкестерін жұқтырған жағдайда ылғалды немесе газды әдіспен дезинсекциялау жүргізіледі.

636. Зиянкестер жұқтырған қоқыс, шаң мен астық жұқтырмаған астық сақтауға арналған қоймадан 40-50 м қашықтықта орналасқан оқшауланған үй-жайда сақталады. Сыпырындыны, қоқысты және шаңды қойма үй-жайының ішінде сақтауға жол берілмейді.

637. Бір қоймада зиянкестер (жәндіктер және кеміргіштер) жұқтырған өнім мен таза өнімді сақтауға болмайды.

638. Қоймаға дайын өнімді орналастыруды және сақтауды өнімнің әрбір түріне, сортына және дайындалған күніне қарай жүзеге асырады.

639. Көлік құралдары күн сайын жұмыстан соң тазаланады және жуылады, ал жұқтырылған астықпен жұмыс кезінде дезинфекцияланады.

640. Өндірістік үй-жайларды жинау пневматикалық немесе механикалық әдіспен жүргізіледі. Үй-жайларды жинау кезінде жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді. Жинау кезінде астық таза брезентпен жабылады.

641. Өнімдерді сақтау тамақ өнімінің нақты түріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, белгіленген температуралық режимдерде, жағдайларда жүзеге асырылады.

642. Сусымалы өнімдерді құрғақ, жақсы желдетілетін, зиянкестер (жәндіктер, кеміргіштер) жұқтырмаған қоймаларда нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, сақтайды.

643. Қоюландырылған крахмал өнімдері (сірне, сироптар, жасыл сірне), сондай-ақ қоюландырылған жүгері экстракты ерекше сақтау шарттарын қажет етпейді.




^ 20. Тағамға биологиялық активті қоспаларды өндіруге

қойылатын талаптар


  1. Тағамға биологиялық активті қоспаларды даярлау кезінде биологиялық активті қоспалардың тиімділігін қамтамасыз ететін және адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін биологиялық активті заттар, тамақ компоненттері және олардың көзі болып табылатын өнімдер пайдаланылады.

  2. Тағамға биологиялық активті қоспаларды өндіру кезінде қазіргі заманғы ғылыми зерттеу деректері бойынша адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және қолдануға тыйым салынған, мемлекеттік тіркеуден өтпеген биологиялық активті заттарды, тамақ компоненттерін және өнімдерді пайдалануға жол берілмейді.

  3. Тағамға биологиялық активті қоспалар, тамақ компоненттері мен өнімдер құрамына қатты әсер ететін, есірткі немесе улы заттардан тұратын өсімдіктерді, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспалар құрамына пайдалануға заңнамамен тыйым салынған басқа да биологиялық активті заттарды, тамақ компоненттері мен өнімдерді қосуға жол берілмейді.

  4. Тағамға биологиялық активті қоспалар өндірісін тамақ өнімінің гигиеналық қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етеді.


________________________

«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі

объектілерге қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

1-қосымша

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы