Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница2/9
Дата конвертации12.12.2012
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 3. Үй-жайларды және жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар


67. Жұмыс істеп тұрған объектілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес тамақ өнімдері өндірісінің есептік нөмірін беруге жатады.

68. Өнім айналымын жүргізу үдерісінде пайдаланылатын үй-жайларды, жабдықты, мүкәммалды, ыдысты, көлік құралдарын санитариялық өңдеудің, дезинсекциялаудың және дератизациялаудың пайдаланылатын тәсілдері мен мерзімділігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және дайын өнімнің қайта ластануына мүмкіндік бермейді.

69. Өндірістік үй-жайларды жинау күнделікті ылғал тәсілімен жүргізіледі. Еден жұмыс үдерісінде және ауысым аяқталғаннан кейін сабын-сілті ерітіндісін пайдалана отырып, жуылады. Өндірістік үй-жайлардағы панельдердің, есіктердің беті кемінде аптасына бір рет жуылады.

70. Барлық үй-жай таза ұсталады. Тартпалар, траптар, қолжуғыштар, раковиналар, қоқыс салғыштар ауысым ішінде тазартылады, ауысым аяқталғаннан кейін жуылады және дезинфекцияланады.

71. Үй-жайларды, жабдықтарды және мүкәммалды күрделі жинау, дезинфекциялау арқылы кемінде айына бір рет санитариялық күн жүргізіледі.

72. Жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтау үшін лас суға арналған суағармен, суық және ыстық су келтірілген раковинамен, шүберектерді кептіруге арналған құрылғымен жабдықталған жеке үй-жай бөлінеді. Жинау мүкәммалы таңбаланады. Жинау мүкәммалын өндірістік үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ оны мақсаты бойынша пайдаланбауға жол берілмейді.

73. Дезинфекциялау кілемшелері өндірістік корпусқа, өндірістік үй-жайларға кіреберісте төселеді және әрбір ауысым сайын дезинфекциялау ерітіндісіне малынады.

74. Мүкәммалды, ыдыстарды және көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау су өткізбейтін едені, бу, ыстық және суық су келтірілген, сарқынды суды ағызуға арналған суағары, желдеткіші, оқытылған персоналы бар арнайы жуу үй-жайларында жүргізіледі. Қолмен жуу үшін жылжымалы 3 секциялы жуу ваннасы көзделеді.

75. Жабдықты, мүкәммалды, үй-жайларды жуу және дезинфекциялау үшін өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен жуу және дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

76. Жуу, дезинфекциялау құралдары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес құрғақ, желдетілетін, сөрелермен жабдықталған үй-жайда сақталады.


77. Мыналарға:

1) өнімді өндіру кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және дезинфекциялауға. Өндірістік цикл уақытында жабдықты қоршаған жағдайда оған жөндеу жүргізуге жол беріледі;

2) өндірістік үй-жайларда қосалқы бөлшектерді, ұсақ тетіктерді, шегелерді сақтауға;

3) өндірістік үй-жайларда тамақ өнімдерін ластау көзін шығаруды қиындататын аймақтарды ұйымдастыруға;

4) өндірістік үй-жайларда және тоңазытқыштарда тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылмайтын өндірістік қалдықтарды, басқа да заттар мен материалдарды, оның ішінде жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға;

5) жәндіктер мен кеміргіштердің болуына;

6) өндірістік үй-жайларда сынаптық бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға жол берілмейді. Шыны өлшеу аспаптарын пайдалануға қорғаныш жиегі болған жағдайда жол беріледі.

78. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар, оның ішінде тоңазыту камералары, көлік құралдарының жүк бөлімшесі және тасымалдауға арналған контейнерлер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік органның келісімі бойынша шаруашылық жүргізуші субъект белгілеген жиілікпен жүйелі санитариялық өңделеді, дезинсекцияланады және дератизацияланады.

79. Объектілерде шикізаттар мен дайын өнімдерді кеміргіштердің ластауынан және бүлдіруінен қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіледі, оларды жүргізу жиілігі кеміргіштердің, жәндіктердің қоныстануын есепке алу арқылы жүргізіледі.

80. Объект аумағында, шаруашылық аймағындағы арнайы бөлінген орында өндірістік аймаққа қатысты жел соғатын жағында қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді орнатуға арналған алаң көзделеді, ол үш жағынан биіктігі кемінде 1,5 м тұтас қабырғамен қоршалады.

Қалдықтарды шығару контейнерлердің толуына қарай шығарудың белгіленген қағидаларына сәйкес арнайы көлікпен жүзеге асырылады. Босатылған соң контейнерлер мен алаң жуылады және дезинфекцияланады.

81. Қалдықтарды сақтау және жою жағдайы өнімнің ластану мүмкіндігін, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруін, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп көзделеді.

82. Жабдық пен мүкәммал оларға қызмет көрсету, санитариялық өңдеу және жөндеу үшін еркін қол жеткізу мүмкіндігін ескере отырып орнатылады.

83. Тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын технологиялық жабдықтар, мүкәммал, ыдыс және қаптама, жабдық пен аппаратураның барлық бөліктері тамақ өнімдерімен жанасу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органда тіркелген материалдардан пайдаланылады.

84. Тамақ өнімдерін өндіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған қолданылатын жабдық, аппаратура және сыйымдылықтар тиісті техникалық регламентпен белгіленген машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, олар тамақ өнімдерінің ластану қаупін болдырмау үшін жеткілікті жиілікпен жуылады және дезинфекцияланады.

85. Тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын жабдық пен мүкәммалдың беті тегіс, су өткізбейтін, сіңірмейтін және уытты емес, тоттану әсеріне төзімді, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеңіл санитариялық өңделетін материалдардан көзделеді.

86. Тамақ өнімдерімен жанасатын металл конструкциялар тот баспайтын материалдардан дайындалуы тиіс.

87. Тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісінің параметрлерін бақылауды талап ететін барлық жабдық, аппараттар мен мүкәммал тиісті бақылау-өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Технологиялық жабдықтың жұмысын бақылауды «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер ұйымдастырады.


^ 4. Тамақ өнімдерін өндіруге, өлшеп-орауға, сақтауға, тасымалдауға

және байытуға қойылатын талаптар


88. Цехішілік ыдыстар технологиялық үдеріс кезеңдері бойынша таңбаланады, шикізаттың және дайын өнімнің жекелеген түрлеріне бекітіледі, қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылады.

89. Цехішілік көліктік (айналым) ыдыс және ыдыс жабдықтары таза, құрғақ, берік, бөтен иіссіз пайдаланылады. Айналым ыдысты пайдалану алдында объектіде міндетті түрде өңдейді.

Өндірістік цехқа алдын ала өңдеусіз көліктік (айналым) ыдысты енгізуге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес емес ыдыс пен көлікте өнімдерді жіберуге және тасымалдауға жол берілмейді.

90. Дайын өнімдерді қаптауға арналған ыдысты өндірістік үй-жайлар арқылы тасымалдауға жол берілмейді.

91. Объектілерде шығарылатын өнімдердің ассортиментін шаруашылық жүргізуші субъектілер объектінің қуаты, типі, үй-жайлар жиынтығы, тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуына сәйкес әзірлейді.

92. Өндірісте пайдаланылатын мұз ауыз су сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін ауыз судан жасалады. Мұзды ластанудан қорғайтын жағдайларда дайындайды, орналастырады және сақтайды, оның сапасының сақталуын қамтамасыз етеді.

93. Сусымалы барлық қосалқы материалдар пайдалану алдында магнит ұстағыштар арқылы өткізіледі.

94. Мыналарға:

1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында қолданылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен техникалық регламент талаптарына сәйкес келмесе;

2) өндірушінің техникалық құжаттарында көрсетілген тамақ өнімдерінің белгілерінен ерекшеленетін сапасыздықтың айқын белгілері болса;

3) тамақ өнімдерінің шығарылған орнын және қадағаланатындығын растайтын, олардың сапасын және қауіпсіздігін куәландыратын мәліметтерді қамтитын ілеспе құжаттары болмаса;

4) таңбасында көрсетілген, тұтынушыға өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес келмесе;

5) таңбасында жарамдылық және/немесе сақтау мерзімі немесе жарамдылық және/немесе сақтау мерзімі өтіп кеткендігі көрсетілмесе немесе сақтау жағдайлары таңбасында және/немесе ілеспе құжатында көрсетілген сақтау жағдайларына сәйкес келмесе;

6) таңбаланбаған болса немесе таңбасында мәліметтер болмаса немесе таңбасы тамақ өнімдерін таңбалау саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес болмаса;

7) ветеринариялық сәйкестендіру белгісі (таңбасы) болмаса (тұтас етке, тұтас еттің жартысына, төрттен бір бөлігіне, малды сойғаннан алынған өнімдерге, бұлар үшін заңнамамен осындай сәйкестендіру көзделеді);

8) заңнамаға сәйкес қайда шығарылғаны және қауіпсіздігі расталмаған құрамында тамақ ингредиенттері бар;

9) жалған өнім болып табылса, азық-түлік шикізатын қабылдауға, қолдануға, сақтауға, тасымалдауға және тамақ өнімдерін өндіруге жол берілмейді.

95. Тамақ ингредиенттері мен тамақ қоспалары өндіруші зауыт қаптамасында сақталады және пайдалануға бөлек үй-жайда дайындалады. Бояғыштарды, хош иістендіргіштерді, тамақ қышқылдарын және басқа қоспаларды басқа ыдысқа қайта салуға және қайта құюға жол берілмейді. Оларды сақтау бөлек жабық шкафтарда жүргізіледі, пайдалануға бөлек үй-жайда дайындалады.

96. Шикізаттың, дайын өнімнің және қосалқы материалдардың әрбір партиясына олардың сапасын, қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар және олардың қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар қоса ілеседі.

97. Өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатының партиясына ауыл шаруашылық өсірінділерін өңдеу кезінде пайдаланылған пестицидтер, азық-түлік қорларының зиянкестерімен күресу мақсатында сақтауға арналған үй-жай мен ыдыс фумигациясы туралы өндірушінің (өнім берушінің) ақпараты қоса ілеседі.

98. Жануардан алынған азық-түлік шикізатын заңнамаға сәйкес жүргізілген ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижесі бойынша өңделмеген және қайта өңделмеген түрде тағамдық мақсаттағы тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдалануға жол беріледі.

99. Жануардан тікелей немесе оларды сою кезінде алынған жануардан алынған азық-түлік шикізатына ветеринариялық ілеспе құжаттар қоса ілеседі.

100. Мамандандырылған тамақ өнімдерін өндіру үшін мұздатылғаннан басқа құс етін, механикалық жаншылған құс етін және құс етінен алынған құрамында коллаген болатын шикізатты пайдалануға жол берілмейді.

101. Тамақ өнімдері өндірісінде йодталмаған тұзды пайдалануға жол берілмейді.

Өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көзделген.

102. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесіне сәйкес жүргізіледі.

103. Тамақ өнімдерінің жарамдылық және сақтау мерзімдерін сақтау жағдайларын бұзбаған жағдайда барлық жарамдылық мерзімі ішінде тамақ өнімдерінің қасиеті мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін өнімдердің рецептуралық құрамы, қаптау материалының түрі, қаптау әдісі мен өнімдерді өңдеу түріне байланысты өндіруші (дайындаушы) белгілейді.

104. Тамақ өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және тұтынушыға өніммен бірге тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігін немесе өнімнің объектіде шыққан күні мен сағатын (технологиялық үдеріс аяқталған сәттен бастап), сақтау температурасы мен сақтау мерзімінің аяқталуын (күнін, сағатын) көрсете отырып, жүкқұжатты ұсынады.

105. Қойма үй-жайлары, шикізатты сақтауға және өндіріске дайындауға арналған үй-жайлар шикізатты, дайын өнімдерді бөлек сақтауға арналған тоңазыту жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, еденнен кемінде 15 см биіктікте, оларды санитариялық өңдеуді қамтамасыз ететін материалдардан жасалған сөрелермен, стеллаждармен, тұғырықтармен және контейнерлермен, салқындату камералары конденсатты жинау және бұру жүйелерімен жабдықталады.

106. Дайын өнімдерді тоңазыту камерасына және/немесе қоймалық үй-жайға орналастыру партияны шығару күнін, ауысымын және нөмірін көрсете отырып, партиялармен жүзеге асырылады.

107. Қойма үй-жайлары, тоңазыту камералары өнімнің салмағын, температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылады, олар жөніндегі мәліметтер шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақталады. Камералардың, үй-жайлардың температурасы мен ылғалдылығы сақталатын өнімнің нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес ұсталады.

108. Дайын өнімдерді сақтайтын тоңазыту камералары мен қоймалардың температурасы мен ылғалдылығын өндірістік бақылау шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілер ауысымына кемінде 2 рет бақылайды. Бақылау нәтижелері объектінің есепке алу құжаттамасына тіркеледі.

109. Тоңазыту жабдықтары, тоңазыту камералары ластану шамасына қарай жуылады және дезинфекцияланады. Тоңазыту жабдығының төбесінде, қабырғаларында, еденінде, есіктерінде, тамақ өнімдерінің қаптамаларында қар мен мұздың жиналуына жол берілмейді.

110. Шикізатты және дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайда өнімнің өндірісіне қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдерін және шикізатты бірге сақтауға жол берілмейді.

111. Өзіндік иісі бар тамақ өнімдері (дәмдеуіштер, балық, ірімшік және басқаларды) бөгде иісті өзіне тартатын өнімдерден (шикі ет, сары май, жұмыртқа, шай, тұз, қант және басқаларынан) бөлек сақталады.

Шикі өнімдерді (ет, құс еті, балық, көкөніс, жеміс, жұмыртқа және басқаларын) тұтынуға дайын тамақ өнімдерімен, дайын қапталмаған өнімдермен бірге сақтауға, қауіпті тамақ өнімдерін басқа тамақ өнімдерімен сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырына және кәріз құбырларына, жылыту құралдарына жақын жерде, қоймалық үй-жайлардан тыс сақтауға болмайды. Тамақ өнімдерін тікелей еденге жинауға жол берілмейді.

112. Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері үшін ерекше сақтау жағдайларын сақтау қамтамасыз етіледі:

1) салқындатылған және тоңазытылған етті (тұтас етті, тұтас еттің жартысын, төрттен бір бөлігін) сақтау ілгектерге асып қойған күйінде, тұтас еттің өзара, үй-жайдың қабырғасымен және еденімен жанасуына жол бермей жүргізіледі. Блоктардағы (немесе ыдысқа салынған) етті стеллаждарда, тұғырықтарда және контейнерлерде сақтауға жол беріледі. Еттің жартылай фабрикаттары, субөнімдер, тоңазытылған және салқындатылған құс еті өнім беруші ыдысында сақталады, қатарластырып жинап қойған уақытта ауа айналымы қамтамасыз етіледі;

2) салқындатылған балық өнім беруші ыдысында, сақтау температурасы 0-ден минус 20 С дейін кемінде екі тәуліктен асырмай сақталады;

3) сусымалы өнімдерді сақтау құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, қамба зиянкестерімен ластанбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% аспайтын үй-жайда, қатарлардың арасы кемінде 75 см, қабырғадан 50 см арақашықтықта стеллаждарда қаптарға салынып қатарластырып жүргізіледі;

4) иерсиноздың және жалған туберкулездің алдын алу мақсатында көкөністер сақтау үдерісінде кезең-кезеңімен тексеріледі және қайта өңделеді және тазаланады;

5) азық-түлік картобын қараңғы үй-жайларда және/немесе оны күннің тікелей немесе шашыранды жарығынан қорғайтын ыдысты, қаптау материалдарын пайдалана отырып сақтайды.

113. Өнімді анық таңбаланбаған, пломбасы бұзылған, ластанған, бүлінген қаптамада сақтауға және өткізуге жол берілмейді.

114. Сақтау температурасы және ылғалдылық параметрлері регламенттелген тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдары мен көлік жабдықтары қажетті тасымалдау температурасын ұстап тұратын жабдықтармен және температуралық режим мен ылғалдылық деңгейінің тиісті параметрлерін өлшейтін бақылау құралдарымен жабдықталады.

115. Тамақ өнімдерін, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы кәдеге жарату және жою тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


5. Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар


116. Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі аспаптың және (немесе) зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

117. Объектінің жанында өз күшімен немесе аккредиттелген (аттестатталған) сынақ зертханасын тарта отырып, шикізатты, қосымша материалдарды, сондай-ақ технологиялық үдерістің аралық сатысындағы өнімдерді және дайын өнімдерді, суды, ауаны, тамақ өнімдерімен жанасатын жабдықты және мүкаммалды қажетті кіріс бақылауды жүзеге асыратын өндірістік зертхана жабдықталады. Қуаты шағын объектілерде зерттеудің осы түрлерін орындауға құқығы бар өзге де аккредиттелген (аттестатталған) зертхананың өндірістік бақылау жүргізуіне жол беріледі.

118. Өндірістік бақылаудың тәртібі мен мерзімділігін өндіруші/дайындаушы санитариялық өңдеу, дератизация және дезинсекция мерзімділігі белгіленген, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісілген өндірістік бақылау бағдарламасында айқындайды. Өндірістік бақылаудың әзірленген бағдарламасы технологиялық үдеріске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізілген кезде кезең-кезеңмен қайта қаралады.

119. Тамақ өнімін өндіруші (дайындаушы) өндірістік бақылау жүргізу мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында құзыретіне сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер және/немесе өтініштер бойынша шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімдердің және судың сапасының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, технологиялық үдерістердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына және өндірістік үй-жайлар мен жабдықты дезинфекциялау сапасына (микробиологиялық шайындыларды санитариялық-көрсеткіштік микрофлораның – ішек таяқшалары тобы бактерияларының болуына, сондай-ақ патогенді микрофлораның болуына зерттеу), өндірістің технологиялық және санитариялық-гигиеналық режимдерінің (микроклимат, жұмыс аймағының ауасы құрамында зиянды заттардың болуына, шуыл, діріл, жарықтандыру, электромагниттік сәулелену) сақталуына зертханалық бақылау жүргізеді.

120. Өндіруші (дайындаушы) шығарылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштерінің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық қауіпсіздік нормативтеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді, оның ішінде нан және нан-тоқаш бұйымдарында:

1) өндіруші мен тұтынушы арасында дау-жанжал туған жағдайда, жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам өнімде зеңнің болуын;

2) ай сайын, жылдың жылы және ауыспалы кезеңінде жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам өнімде Bacillus mesentericus бактериясының болуын айқындайды.

121. Өндірістік үй-жайлардың микроклиматына, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, шу, діріл, аспаптар мен жабдықтың электромагниттік сәулелену деңгейлері, жұмыс аймағы ауасында зиянды қоспалардың болуы «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

122. Жаңа технологиялық жабдықта, сондай-ақ жөндеуден, қайта жаңартудан кейін жұмыс жасау санитариялық өңдеу, дезинфекциялау сапасына және шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігіне микробиологиялық бақылау жүргізген соң жүргізіледі.

123. Өнімдерді зертханалық зерттеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде үлгілердің екі еселенген мөлшері қайта зерттеледі, технологиялық үдеріс барысы бойынша өндіріске, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, қосалқы материалдарға, суға, барлық жұмыс үй-жайларының санитариялық-гигиеналық жағдайына қосымша бақылау жүргізіледі және тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

124. Тамақ өнімдерінің қауіпті қасиеттерге ие болуына әкеп соқтарған бұзушылыққа жол берілген болса, өндіруші (дайындаушы) тамақ өнімдері өндірісі (дайындау), айналымы және кәдеге жарату үдерістерін (сатыларын) шұғыл тоқтатады, оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, содан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы №140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесінде белгіленген тәртіппен оны кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастырады.

125. Объектілерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында және шығарылатын тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау және сақтау сатыларында қауіпсіздігін өндірістік бақылау кезінде технологиялық жабдықтың, мүкәммалдың, қосалқы материалдардың ағымдағы дезинфекциядан кейін 60 минуттан (бұдан әрі - мин) кешіктірмей алынған микробиологиялық шайындыларында кемінде 2% санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдердің (ішек таяқшалары тобының бактерияларының) болуына жол беріледі, бұл дезинфекциялау режимін қанағаттарлық бағалау туралы куәландырады. Микробиологиялық шайындылардағы патогенді микрофлораға зерттеу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау кезінде және көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. Сыртқы ортаның жоғарыда аталған объектілерінен алынған шайындылардағы патогенді микрофлораның болуына жол берілмейді.

126. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының сұрауы бойынша өндіруші (дайындаушы) өндірістік бақылау нәтижесі туралы ақпаратты береді.


^ 6. Персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық

тексеріп-қарауға және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар


127. Шаруашылық жүргізуші субъектілер персоналды арнайы киімнің кемінде 3 жиынтығымен қамтамасыз етеді. Өндірістің ерекшелігіне байланысты санитариялық киімнің жиынтығына қосымша резеңке етік, қолғап, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары кіруі мүмкін.

128. Арнайы киіммен өндірістік үй-жайлардың шегінен шығуға, оның үстінен сыртқы жеке киімді киюге жол берілмейді.

129. Арнайы киімді жуу және дезинфекциялау орталықтандырылып жүргізіледі, үйде жууға жол берілмейді.

130. Тамақ өндірісінде тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын қызметкерлер жұмысқа кірісер алдында, сондай-ақ арнайы оқу орындарының оқушылары өндірістік тәжірибеден өту алдында алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қараудан өтеді. Жұмысқа тұратын және зиянды еңбек жағдайларымен, қолайсыз өндірістік факторлардың әсерімен байланысты өндірістер мен кәсіптерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қараудан өтеді.

131. Шаруашылық жүргізуші субъекті объектіде персоналдың жеке медициналық кітапшаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

132. Төңірегіне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, инфекциялық аурулармен ауыратын адамдар немесе инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ осындай ауруларға күмән келтірген адамдар жұмысқа жіберілмейді. Өнім өндіру үдерісінде жұмыс істейтін кез келген адам өзінің ауыратыны туралы немесе ауру белгілері туралы тікелей басшысына шұғыл хабарлайды. Ауру адаммен немесе осындай ауру тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар медициналық зерттеп-қараудан өткен соң жұмысқа жіберіледі.

133. Тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын адамдар жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды. Жұмыс басталу алдында шаштарын қалпақ немесе үшкіл орамал астына жинайды, зергерлік әшекейлерін, сағаттарын және басқа да сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқартып қырқады және лакпен боямайды. Шикізатқа және дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттардың қалтасында жеке тұтыну заттарын сақтауға жол берілмейді.

134. Қосымша өңдеусіз тұтынуға арналған тамақ өнімдерін (сүт өнімдерін, тұтынуға дайын ет өнімдерін және басқаларын) өндіру кезінде күнделікті жұмыс ауысымының басында медицина қызметкері немесе басқа жауапты адамдар жұмыскерлер денесінің ашық бетін тері қабаттарының бүтіндігіне тексереді. Терінің іріңді аурулары бар адамдар, сондай-ақ инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді. Тексеріп-қарау нәтижелері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы журналға енгізіледі. Жұмысқа рұқсат беруді жүргізу тәртібі және құжаттамалық ресімдеуді өндіруші бекітеді.

135. Тұрмыстық үй-жайлар күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін жиналады. Тұрмыстық үй-жайларды басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

136. Санитариялық тораптар өздігінен жабылатын есіктермен, қол жууға арналған құралдармен және бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе электрсүлгілермен жарақталған, ыстық және салқын су келтірілген раковиналармен жабдықталады. Санитариялық торапқа дезинфекциялау ерітіндісіне малынған дезинфекциялау кілемшесі көзделеді.

137. Дәретханаларды жинауға және дезинфекциялауға арналған мүкәммал таңбаланады, әрбір жинаудан кейін дезинфекциялау ерітіндісінде өңделеді, басқа үй-жайлардың жинау мүкәммалынан бөлек арнайы бөлінген орында сақталады. Дәретханаларды жинау тамақ өнімімен жанаспайтын және ыдысты өңдемейтін техникалық персоналға бекітіледі.

138. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген жағдайларды қоспағанда, объектілерде темекі шегуге жол берілмейді.


^ 7. Сүтті, сүт өнімдерін, балалар сүт қоспаларын өндіруге қойылатын талаптар


139. Қабылданған салқындатылған сүтті объектіде сақталған салқындатылған сүтпен араластыруға жол берілмейді.

140. Объектінің өндірістік зертханасы инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтың сүтінің немесе кілегейлерінің әрбір партиясын пастерлеу тиімділігіне тексереді.

141. Кешенді технологиялық желі құрамына енбейтін сүтті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, өнімді қайта өңдеу, қаптау бойынша қондырғыларды ластануды болдырмау үшін бір-бірінен оқшауландырылған үй-жайларға, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек ғимараттарға орналастырады.

142. Сүт және сүт өнімдерін өндіруге және сақтауға арналған жабдықты өңдеу ол әрбір босағаннан кейін жүргізіледі.

143. Сүтті қабылдау алдында сүт шлангілері мен цистерналардың штуцерлерін дезинфекциялайды және ауыз сумен шаяды. Сүтті қабылдау аяқталғаннан кейін шлангілер жуылады, дезинфекцияланады, тығынмен немесе су өткізбейтін тыспен жабылады және кронштейндерге ілінеді.

144. Қабылданған сүт пен кілегей сүзгіден өткеннен кейін және + 4±20С температураға дейін салқындатылғаннан кейін пастерлеуге жіберіледі. + 40С температурада салқындатылған сүт кемінде 6 сағат (бұдан әрі – сағ), + 60С температурада салқындатылған сүт кемінде 4 сағ сақталады.

145. Шикі және пастерленген сүтті сақтау және өндіріске беру кезінде бөлек таңбаланған танкілер мен сүт құбырлары бөлінеді.

146. Сүт өнімдері (сүзбеден басқа) дайындалатын және сақталатын ыдыстар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады.

147. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін, өнеркәсіптік стерилділігін қамтамасыз ету және сақтау мерзімін ұзарту үшін оларды термиялық өңдеуден - термизациялаудан, пастерлеуден, стерилизациялаудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температурада өңдеуден өткізеді.

148. Сүт және сүт өнімдерін стерилизациялауды герметикалық жабылған тұтынушылар ыдысында +1000С жоғары температурада өнімнің өнеркәсіптік стерилдік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін ұстау арқылы жүзеге асырады.

149. Сүтті және сұйық сүт өнімін оны қайта өңдегенде ультрапастерлеуді:

1) кейіннен асептикалық қаптау кезінде - өнімнің өнеркәсіптік стерилдік талаптарына сәйкестігін;

2) кейіннен асептикалық емес қаптау кезінде – өнімнің қалдық микрофлорасын елеулі төмендетуді және сақтау мерзімін арттыруды қамтамасыз ететін, +1250С – +1380С температурада кемінде 5 сек ұстау арқылы жүзеге асырады.

Ультражоғары температурада өңдеуді қайнатпада жабық жүйеде +1350С – +1400С температурада қыздырылған беткі қабатпен жанастыру немесе стерильді буды өніммен тікелей кемінде 2 сек уақыт араластырып ұстау арқылы жүзеге асырады.

150. Сүтті тарту, сүтті және кілегейді қалыпқа келтіру және гомогендеу пастерлеу алдында жүргізіледі. Пастерленген сүтті тартқан жағдайда алынған кілегей, майсыз сүт және қалыпқа келтірілген қоспа қосымша пастерлеуге жатады.

151. Пастерлеу-салқындату қондырғыларын іске қосу алдында жабдықтардың дайындығын және пастерлеу температурасын автоматты түрде реттеу жүйесін тексереді.

152. Жабдықтар техникалық ақау салдарынан немесе су, бу, электр қуаты берілмегендіктен екі және одан да көп сағатқа үзіліске тоқтауға мәжбүр болған жағдайда, сыйымдылықтардағы пастерленген сүт немесе қалыпқа келтірілген қоспалар құйып алынады және қайта термиялық өңдеуге жіберіледі. Босатылған жабдықтар жуылуға және дезинфекциялауға жатады.

153. Сүт құйған танкіні қолмен жууды арнайы персонал жүргізеді. Танкілерді жуатын жұмыскерлер басқа үй-жайларды, санитариялық тораптарды жууға тартылмауы тиіс. Танкіні жуу үшін бөлек арнайы киім және аяқ киім пайдаланылады. Резеңке етіктерді дезинфекцияланғаннан кейін танкінің жанындағы резеңке, алдын ала дезинфекцияланған кілемше үстінде киеді. Жуатын жұмыскерлердің арнайы киімі және мүкәммал бөлек таңбаланған шкафтарда сақталады.

154. Сүзгілеу материалдары әрбір пайдаланғаннан кейін жуылады және дезинфекцияланады. Сүтті автоматты есептеуіштер арқылы үздіксіз қабылдау кезінде сүзгіні жуу және дезинфекциялау бір ауысымда бір реттен жиі емес жүргізіледі.

155. Сүзбені престеу үшін пайдаланылған көп рет пайдаланылатын материал технологиялық үдеріс аяқталғаннан кейін жедел тазартылады, жуылады және 10-15 мин бойы қайнатылады. Материалды бөлінген орында (кептіру камерасында, шкафында немесе ауада) кептіреді. Материалды өңдеу бөлек үй-жайда жүргізіледі, оларды ортақ кір жуатын орында жууға жол берілмейді.

156. Тамақ өнімдерімен жанасатын транспортерлер, конвейерлер ауысым аяқталғаннан кейін тазартылады, кальцийленген соданың немесе жуу құралының ыстық ерітінділерімен өңделеді, содан кейін ыстық сумен шайылады.

157. Сүт цистерналары сүттен әрбір босағаннан кейін жуылады, дезинфекцияланады және пломбаланады.

158. Жуылғаннан және дезинфекцияланғаннан кейін 6 сағ астам уақыт пайдаланылмайтын жабдықтар жұмыс басталар алдында кейіннен жуу және дезинфекциялау сапасын микробиологиялық бақылау арқылы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қайта дезинфекцияланады.

159. Жас балаларға арналған сүт өнімдерін өндіретін объектілерде және цехтарда жабдықтарды жуу және дезинфекциялау, пайдаланылатын жуу және дезинфекциялау құралдарының шоғырлануын бақылау автоматты режимде жүзеге асырылады.

160. Пастерлеудің әрбір циклінде термограммада:

1) пастерлеу жүргізетін қызметкердің тегі;

2) пастеризатордың типі және нөмірі;

3) пастерленіп жатқан сүттен дайындалатын өнімнің күні, атауы;

4) жұмыстың басталу және аяқталу уақыты белгіленеді.

Пастерлеу режимі өзгерген жағдайда, белгіленген режимнен ауытқу себебі тіркеледі. Термограммалар зертханада бір жыл бойы сақталады.

161. Автоматты бақылау-тіркеу аспаптары болмаған жағдайда, пастерлеу режимін бақылау журналға деректерді енгізе отырып, әрбір 15-20 мин сайын температураны өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік зертхананың мамандары ауысымда кемінде 3-4 рет пастерлеу температурасын және өнеркәсіптік стерильдікке зерттеу арқылы аптасына екі рет стерилизациялау желісінде жылумен өңдеу тиімділігін іріктеп бақылау жүргізеді.

162. Қайта өңдеуге немесе құюға сүт пастерлеудің қолданылған режиміне байланысты фосфатазаға немесе пероксидазаға теріс нәтиже алғаннан кейін жіберіледі.

163. Пастерлегеннен кейін сүт немесе кілегей +4±20 С температураға дейін салқындатылады және құюға жіберіледі. Пастерленген сүт ыдысқа құйылғанға дейін 6 сағ асырмай сақталады. Пастерленген сүтті танкіде сақтау уақыты ұзартылған жағдайда, ыдысқа құю алдында сүт қайта пастерленуге жатады.

164. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда, пастерленген сүтті немесе қоспаны ыдысқа құю алдында +20С-тан +40С-қа дейінгі температурада кемінде 6 сағ, ал +60С-тан +80С-қа дейінгі температурада кемінде 3 сағ сақтауға жол беріледі.

165. Сүт қышқылы өнімдерін өндіру кезінде сүт немесе кілегей пастерлеуден кейін ашу температурасына дейін салқындатылады және дереу ашытуға жіберіледі. Ашыту температурасы кезінде сүтті ұйытқы салынбаған күйінде ұстауға жол берілмейді.

166. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда пастерленген сүтті +40С-тан +60С-қа дейінгі температурада салқындатуға және пайдаланғанға дейін 6 сағ сақтауға жол беріледі. Ұзағырақ сақтаған кезде сүт ашыту алдында қайта пастерлеуге жатады.

167. Қымыз жылқы сүтінен таза болгар, ацидофиль таяқшаларының өсірінділерімен және ашытқымен ашытылады. Қымызды сақтау +60С аспайтын температурада жүргізіледі.

168. Қаймақ өндіруде жаңадан алынған кілегей пайдаланылады, қышқылдығы жоғары кілегейді ашытуға жол берілмейді. Қаймақтың толық жетілуі тоңазыту камераларында 0-ден +80С температурада жүргізіледі. Флягаларға және бидондарға құйылған қаймақтың жетілуі 12-48 сағ бойы, ұсақ тұтынушы ыдыстарына құйылған қаймақтың жетілуі 6-12 сағ бойы жүзеге асырылады.

169. Балаларға арналған сүт өнімдерін өндіру үшін жоғары немесе 1-сұрыпты пастерленген, +2 – +60С температураға дейін салқындатылған сүт пайдаланылады, содан кейін оларды ыдысқа құюға немесе кейіннен жоғары температурада өңдеуге жібереді.

170. Сүт қышқылы өнімдерін бір құйып-тығындайтын автоматпен ыдысқа құю кезінде құюдың мынадай:

1) лакто, бифидобактерияларымен дайындалған өнімдер;

2) сүт қышқылы бактерияларының таза өсірінділерімен;

3) пропинді қышқылды бактериялармен;

4) ацидофильді таяқшалармен және айранның өңезінде реттілігі сақталады.

171. Пастерленген немесе стерилизацияланған сүт немесе кілегейі бар сынған, толық құйылмаған бөтелкедегі және пакеттердегі өнім сүзгі материалының қабаты арқылы, сүт қышқылы сусындары екі қабатталған дәке арқылы құйылады. Сүт немесе кілегей қайта пастерлеуге немесе стерилизацияға, сүт қышқылы өнімдері өнеркәсіптік қайта өңдеуге жіберіледі.

172. Ұн және қант пайдалану алдында електен өткізіледі, мейіз тазаланады және жуылады, какао, кофе және ванилин механикалық қоспалардың болуына тексеріледі.

173. Қатты және жұмсақ ірімшік пастерленген сүттен жасалады. Жетілу мерзімінен өтпеген ірімшікті өткізуге шығаруға жол берілмейді.

174. Өткізуге сүт және сүт өнімдері +80С-тан аспайтын температураға дейін салқындатылған күйде жіберіледі.

175. Балмұздақ өндіру үшін осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үй-жай жиыны көзделеді.

176. Балмұздақ өндірісінде:

1) сірке қышқылын, инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынған үйректің, қаздың, сондай-ақ тауықтың жұмыртқаларын қолдануға;

2) сауда желісінен қайта өңдеу үшін сұйық қоспа түріндегі еріген және механикалық ластанған балмұздақты қабылдауға;

3) эмальданған ванналарды, мырышпен қапталған темірден және қалайыланбаған мыстан жасалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

177. Балмұздақ өндірісінің барлық сатысында мынадай талаптарды сақтау қамтамасыз етіледі:

1) шикізаттың қаптамасын шешу және қоспаны дайындау бөлек үй-жайда жүргізіледі;

2) қоспаны пастерлегеннен кейін сұйық жартылай фабрикаттарды беру жабық құбыр жүйесі бойынша жүргізіледі. Жартылай фабрикаттарды жабық алюминий немесе қалайыланған тот баспайтын болаттан жасалған сыйымдылықтарда тасымалдауға жол беріледі;

3) балмұздақ қоспасы, қант шәрбаты және басқа тамақ қоспалары ластануына қарай ауыстырылып отыратын арнайы сүзгілер немесе сүзгі дәке арқылы сүзіледі;

4) қоспаны пастерлеу +700С температурада 30 мин бойы; +750С температурада 20 мин бойы; +800С температурада 10 мин бойы; +850С температурада 5 мин бойы жүргізіледі;

5) пастерлеу сапасын бақылау бақылау-өлшеу аппаратурасы (манометриялық өздігінен жазатын термометрлер немесе металл оправалы термометрлер) көмегімен жүргізіледі. Температураның ауытқуымен толтырылған термограммалар үш ай бойы балмұздақ цехында немесе өндірістік зертханада сақталады;

6) пастерлегеннен кейін қоспа +60С температураға дейін салқындатылады және 24 сағ асырмай сақталады;

7) фризерлегеннен кейін балмұздақ температурасы -30С жоғары емес, мұздатқаннан және сақтағаннан кейін -120С жоғары емес, балмұздақтың жеміс-жидекті және хош иісті түрлері үшін -140С жоғары емес болуы тиіс;

8) мұздатылмаған өлшенетін балмұздақтың фризерленгеннен кейінгі температурасы -50С жоғары емес;

9) балмұздақты дайындау және сақтау үдерісінде құжаттау арқылы күнделікті өндірістік зертханалық бақылау жүзеге асырылады.

178. Балмұздақ мұздатылған балмұздақта -120С жоғары емес, мұздатылмаған күйде -50С жоғары емес температураны қамтамасыз ететін жағдайларда тасымалданады.

179. Ұйытқыны және пробиотикалық өсірінділерді дайындау басқа үй-жайлардан оқшауланған және сүт қышқылы өнімдерін өндіруге барынша жақын үй-жайларда жүргізіледі. Бөлімшеге кіреберісте арнайы киімді ауыстыруға арналған тамбур көзделеді.

180. Өндірістік микробиологиялық зертханада зертханалық ұйытқыны дайындау және таза өсірінділермен жұмыс жасауға арналған бокс көзделеді. Ұйыту бөлімшесінде айран және ацидофиль ұйытқыларын дайындауға, ыдыстар мен мүкәммалды жууға, дезинфекциялауға және сақтауға арналған аймақтар бөлінеді.

181. Ұйытқының шағын мөлшерін дайындау кезінде ұйытқыны бір үй-жайда дайындауға жол беріледі. Айран және ацидофиль ұйытқыларын дайындау және тасымалдау үшін бөлек таңбаланған резервуарлар мен құбырлар пайдаланылады.

182. Пайдалануға дайын ұйытқы құйылған құтыны ашқаннан кейін оны одан әрі сақтауға және пайдалануға жол берілмейді.

183. Ұйыту үй-жайлары мен тамбурдағы ауаны стерилизациялау үшін осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бактерицидті шамдар орнатылады. Бөлімшеге тек ұйытқы дайындаумен және үй-жайларды жинаумен айналысатын жұмыскерлерге кіру көзделеді.

184. Ұйытқыны дайындауға және сақтауға арналған термостаттар мен тоңазытқыштарды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

185. Қайта өндірілетін зертханалық ұйытқыны дайындау үшін сүтті стерилизациялау ұйыту бөлімшесінде немесе микробиологиялық зертханада жүргізіледі.

186. Пастерленген сүтпен ұйытқыны дайындау кезінде сүтті пастерлеу, ашыту температурасына дейін салқындату, ашыту және ұйытқыны салқындату бір сыйымдылықта жүргізіледі.

187. Ұйытқының әрбір партиясына оның сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар ресімделеді. Сақтау мерзімі өткен және/немесе қышқылдығы жоғары ұйытқыны (құрғақ зертханалық немесе өндірістік) пайдалануға жол берілмейді.

188. Зертханалық, қайта өндірілетін және өндірістік ұйытқыны дайындауды және оның сапасын бақылауды өндірістік зертхана жүзеге асырады.

189. Май мен ірімшікті сақтау камераларында ірімшікті тұздау, кептіру және қабыршаққа қаптау үй-жайларындағы ауаны стерильдеу үшін осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдар орнатылады.

190. Қуаты аз объектінің үй-жайларының құрамы мен ең аз ауданы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.

191. Сүт пен сүт өнімдерін өндіру үдерісінде келіп түскен шикізаттың, дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне объектіде осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өндірістік технохимиялық және микробиологиялық бақылау жүзеге асырылады.

192. БСАҮ үй-жайларының құрамы мен ең аз ауданы осы Санитариялық қағидаларға 9 және 10-қосымшаларда белгіленген.

193. БСАҮ-нің негізгі өндірістік үй-жайларында осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдар орнатылады. Бактерицидті шамдардың жұмыс режимі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы журналда белгіленеді.

194. 10 күнде бір реттен сиретпей барлық үй-жайларға, жабдыққа және мүкәммалға күрделі жинау және дезинфекция жүргізіледі.

195. Қуаттылығы үлкен БСАҮ-де (5 мың порциядан астам) бөтелкелерді жуу үшін бөтелке жуатын машиналар орнатылады.

196. Балалар тамағына арналған сүт және басқа қоспалардың ассортиментінің құрамына қаймағы айырылмаған сүт, кілегей, қайнатпалар бар сүт, сүт қышқылы қоспалары, сүзбе, ботқалар, кисель, витаминделген тұнба мен сусындар кіреді.

197. Балалар тамағына арналған сүт тікелей жеткізу бойынша фермерлік шаруашылықтардан (шаруа қожалықтарынан) табиғи, қалыптандырылмаған күйінде жеткізіледі және шаруашылықтың инфекциялық аурулар бойынша салауаттылығын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаты болған жағдайда қабылданады. Сүт өңдейтін объектілерден сүт пастерленген және қалыптандырылған, майлылығы кемінде 3,2% күйінде жеткізіледі.

198. Құрамында бейтараптандырушы (сода, аммиак) және консервілеуші заттар бар жалған сүтті (көксүт, сұйылтылған немесе майсыздандырылған сүтті), сондай-ақ химикаттар және мұнай өнімдерінің иісі және дәмі немесе бөгде дәмі мен иісі бар сүтті қабылдауға және өңдеуге жол берілмейді.

199. Сүтті бірден пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, ол + 40С жоғары емес температурада салқындату камерасында сақталады.

200. Балаларға арналған сүт өнімдері, нәрлі қоспалардың құрамдас бөліктері осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес өндіріледі.

201. Келіп түсетін сүт лавсан сүзгілер немесе дәкенің бірнеше қабаттары (3-4 қабат) арқылы сүзіледі. Сүзгінің жұмыс жасау ұзақтығы сүттің тазалығымен және температурасымен айқындалады. Сүттің температурасы төмен болған жағдайда, сүзгіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Сүзгілеуден соң сүзгілер жуылады, қайнатылады және кептіргіш шкафтарда кептіріледі.

202. Сүзгіден өткізілген сүт стерилизацияланады, қайнатылады және пастерленеді. Сүтті және қоспаларды өңдеудің температуралық режимдері өндірілетін өнім түріне байланысты.

203. Сүт пен сүт қопаларын салқындату «мұзды су» арнайы қондырғысы болған жағдайда стерилизаторларда, пастеризаторларда, тоңазыту камераларында (шкафтарда) жүргізіледі.

204. Сүт ұйытқысын дайындауға арналған үй-жай оқшауланады және автоклавпен (термостатпен), тоңазыту шкафымен немесе камерасымен жабдықталады. Айран өңезі, сүт ашықтысы, тұтынуға дайын өнім зертханалық бақылаудан өтеді.

205. Тығындау материалы стерилденеді. Мақта-дәке тығындарын пайдалануға жол берілмейді.

206. Балаларға арналған сүт өнімдеріне балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларға арналған нәрлі қоспалардың нақты түріне арналған нормативтік-техникалық құжаттамамен регламенттелетін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген витаминдерді, минералдық заттарды, қант пен басқа тамақ ингредиенттерін қосуға жол беріледі.

207. Барлық тамақ қоспалары мен басқа тамақ ингредиенттері өндіріске қапталған күйінде түседі және қолдану алдында стерилизацияланады. Қант қант шәрбаты, тұз – ерітінді түрінде қосылады.

208. Өнімнің әр порциясында ас үй атауы мен өнім түрі, оның құрамы, көлемі, дайындалған күні мен сағаты, өткізу мерзімі мен сақтау жағдайлары көрсетілген затбелгі (таңба) көзделеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы