Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/9
Дата конвертации12.12.2012
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9







«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы № 200 Қаулысы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 03 ақпандағы

№ 200 қаулысымен

бекітілген


«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


^ 1. Жалпы ережелер


  1. Осы «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының заңнамасында өндіруге және қайта өңдеуге қойылатын өзге де талаптар белгіленген тамақ өнімдерін қоспағанда, тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

  2. Осы Санитариялық қағидалар:

1) жобалау, салу, қайта жаңарту, қайта жабдықтау және пайдалануға беру;

2) үй-жайлар мен жабдықты күтіп-ұстау және пайдалану;

3) тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, сақтау, тасымалдау, байыту;

4) өндірістік бақылауды ұйымдастыру;

5) персоналға тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ медициналық тексеріп-қарау және гигиеналық оқыту кезінде объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіру кезінде одан әрі қайта өңдеуге арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын шикізат және ауыз су;

2) балалар сүт ас үйі – еметін және жас сәбилерге арналған сүт өнімдері мен емдік тамақтану өнімдерін дайындауға арналған объект;

3) балалар тамағының қоспасы – сапалық және сандық тұрғысынан емшек сүтінің құрамына барынша жақындатылған, баланың жасанды және аралас тамақтануы кезінде қалыпты дене бітімінің дамуын қамтамасыз ететін сүт қоспасы;

4) бастыру машинасы – дәндердің бетін шаңнан құрғақтай тазалауға, жеміс қабықтарын, шашақтарын және тұқымдарын ішінара бөліп алуға және дәнді алдын ала қабыршақтауға арналған қамшы түріндегі жұмыс органы бар дән тазалайтын машина;

5) бастундар – ұзын макарон өнімдері ілінетін және кептірілетін жабдықтың қосалқы бөлігі;

6) бункер, силос – ысырмамен және сорып алумен жабдықталған төменгі бөлігі арқылы тиелетін дәнді уақытша сақтауға арналған сыйымдылықтар;

7) бураттар – ұнды елеуге және металл магнитті қоспаларды аулауға арналған технологиялық жабдық;

8) бүріккіш пистолет (форсункалар) – сауу алдында сиырдың желініне өңдеу жүргізуге арналған құрылғы;

9) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы, малға ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

10) гомогенизация – май түйіршіктерін ұсақтау жолымен сүттің құрамын біркелкі қалыпқа келтіруге арналған технологиялық үдеріс;

11) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үдерісінің (сатысының) аяқталған күні;

12) дайындалатын сүт – дені сау малдан алынған және стандарттың және ветеринариялық-санитариялық қағидалардың талаптарына сай келетін сиырдың сүті;

13) дәнді ылғалды қабыршақтауға арналған машина – дәнді ылғалдандыруға және қабығын ішінара алу үшін қолданылатын машина;

14) дәннің зиянды қоспасы – адам мен жануарлардың денсаулығына қауіпті өсімдіктен алынған қоспа;

15) дезинфекциялау кедергісі – автокөлік дөңгелектерін дезинфекциялауға арналған дезинфекциялау ерітіндісімен толтырылған, ұйым аумағына кіреберіс жердегі шұңқыр;

16) дезинфекциялау-жуу пункті (бұдан әрі – дезжуу пункті) – малды тасымалдайтын көлік құралын жуу және дезинфекциялау жүргізілетін орын;

17) есептік нөмірі – өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код; 

18) етті дефростациялау – бұлшық еттің қалың жерінде +10С төмен емес температураға дейін етті жібіту;

19) малдан алынатын азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін дайындауға арналған және өнеркәсіптік немесе жылумен өңдеуге ұшырамаған өнімдер: малдың барлық түрінің тұтас еті (тұтас еттері), олардың бастапқы қайта өңдеу өнімдері (қан мен субөнімдерді қоса алғанда), судың биологиялық ресурстары және уылдырық, шикі сүт, шикі кілегей, ара шаруашылығы өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері; өнеркәсіпте дайындалмаған, ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге арналған малдан алынатын өнімдер;

20) жаншылған ет – сүйегінен ажыратылған тұтас еттің бұлшық еттерінен, майынан және дәнекер тіндерінен тұратын ет өнімі;

21) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы үдерістерінің (сатыларының) шарттарын сақтаған кезде тамақ өнімдерін мақсаты бойынша пайдалану қауіпсіз деп саналатын және аяқталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшін тамақ өнімдері жарамсыз болатын уақыт кезеңі;

22) жарма өнімдері – дәнді жармаға өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;

23) жетілдіру камерасы – дайын өнімнің тиісті органолептикалық көрсеткіштерін және сақтау кезінде төзімділігін қамтамасыз ету үшін етке созылмалы түр беру, ылғал ұстағыш қабілетін сақтау мақсатында етті ұстауға арналған үй-жай;

24) жоғары температурада пастерлеу – +770С бастап +1250С дейінгі температура диапазонында, сілтілі фосфатазаны және пероксидазаны инактивациялау қоса жүретін термиялық өңдеу үдерісі;

25) зеер камерасы – шнектің және дәндер ядросының ортасынан алынатын майдаланған жарманың пресс пластиналары арасындағы кеңістік;

26) крахмал-сірне өнімдері – құрамында крахмалы бар шикізаттан крахмал мен крахмал өнімдерін алу нәтижесінде алынған өнім. Крахмал-сірне өнімдеріне мыналар жатады: крахмал сірнесі, кристалды глюкоза, түрлі көмірсутекті құрамдағы сироптар, жасанды және түрлендірілген крахмалдар, декстриндер, крахмал сагосы және крахмал негізіндегі басқа да өнімдер;

27) қабық – күнбағыс дәнінің жеміс қабығы;

28) қайнатпа – әртүрлі жемістер мен жидектердің езбесін қоса отырып, пісірілген қант массасы;

29) қамырды ашытып қою – нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес ауаның температурасы мен ылғалдылығы жағдайында қамырды ұстау;

30) қарқынды ылғалдау шнегі – дәнді ылғалдауға арналған транспортер түріндегі жабдық;

31) қатты мұздатылған ет – бұлшық еттің қалың жерінде -18°С асырмайтын температураға дейін мұздатқаннан кейінгі ет;

32) қауіпті тамақ өнімдері – қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және/немесе тамақ өнімдеріне арналған гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін тамақ өнімдері, сондай-ақ жарамдылық мерзімдері өткен және сақтау режимдері бұзылған немесе санитариялық-эпидемиологиялық және/немесе ветеринариялық-санитариялық тұрғыда қауіпсіз емес азық-түлік (тамақ) шикізатынан өндірілген, пайдалану кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін тамақ өнімдері;

33) қуаттылығы аз объектілер (шағын өндіріс) – қайта өңделетін шикізаттың көлемі ауысымда үш тоннадан аспайтын, тәулігіне үш тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдерін; тәулігіне бір тоннаға дейін макарон және макарон өнімдерін; тәулігіне 10 тоннаға дейін ұн өндіретін объектілер;

34) құрғақ ашытқылар – құрамында 90% құрғақ заттары бар ашытқылар;

35) магнитті бөгеуіштер – металл магнитті қоспаларды бөлуге арналған құрылғы;

36) магнит ұстағыш – ұсақ металл заттарды ұстауға арналған қондырғы;

37) май экстракциялау өндірісі – өсімдік майын өндіретін, майларды гидрогенезациялау мен бөлшектеу жүргізетін объект;

38) меланж – жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының мұздатылған қоспасы;

39) меласса – қант қызылшасы өндірісінің қалдығы, ашытқы өндіруде пайдаланылады;

40) мисцелла – шроттың еріткішпен қоспасы;

41) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен жанасатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою шарттарына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер;

42) өндірістік бақылау – өндіруші тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату үдерісінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттаған іс-шаралар; зертханалық зерттеулер мен сынауларды жүргізуді қамтитын жұмыстардың орындалуы және қызметтердің көрсетілуі;

43) өнеркәсіпте дайындалмаған тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және/немесе жеке қосымша шаруашылықтарында немесе бау, бақша, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге арналған жануардан және өсімдіктен алынған өнімдер;

44) өндірушінің техникалық құжаттары – сәйкестендіру белгілерін көрсете отырып, тамақ өнімдерінің атауы, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі көрсеткіштері, таңбалауға және қаптауға қойылатын талаптары, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату шарттарын, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс үдерістерінің тізімі мен сипаттамасы бар тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жүзеге асырылатын өндіруші бекіткен құжаттар (ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, өзіндік ерекшеліктер);

45) өсімдік майы – сығып алу немесе айырып алу арқылы өсімдіктердің тұқымдарынан немесе жемістерінен алынатын өсімдік майлары;

46) пастерлеу – микроорганизмдердің патогенді және вегетативті жасушаларын өнімдегі бастапқы құрамының кем дегенде 99,0 пайызында (бұдан әрі – %) жоюды қамтамасыз ететін, +650С бастап +1000С дейінгі температурада термиялық өңдеу (бір рет қыздыру арқылы) үдерісі;

47) престелген ашытқылар – құрамында 25-30% құрғақ заттары бар ашытқылар;

48) рециркуляция – бастапқы параметрлеріне дейін келтірілген ауаны қайта пайдалану;

49) рұқсат етілген шекті шоғырлану (бұдан әрі – РЕШШ) – барлық еңбек өтілі ішіндегі күнделікті жұмыс кезінде ауру немесе денсаулық жағдайында ауытқу тудырмайтын зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері;

50) сақтау мерзімі – тамақ өнімі белгіленген сақтау шарттарын сақтаған кезде таңбалау және өнімге техникалық құжаттамасында көрсетілген тұтынушылық қасиеттерін сақтайтын уақыт кезеңі;

51) салқындатылған ет – жануарды немесе құсты сойғаннан кейін тікелей және бұлшық еттің қалың жерінде 00С бастап + 40С дейінгі температурада салқындатқаннан кейін алынатын жас ет;

52) санитариялық өңдеу – жабдықты, мүкәммалды, ыдысты жуу және дезинфекциялау сапасын қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдердің жиынтығы;

53) санитариялық ақау – технологиялық операциялар барысында, тасымалдау және жинау қағидаларын бұзу салдарынан туындаған өнімдегі өзгеріс, тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеп соқтыратын, органолептикалық және тұтынушылық қасиеттерінің өзгеруі арқылы өнімнің бүлінуі;

54) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа ластанулармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;

55) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды жууға, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған бөлінген уақыт (кемінде айына бір рет);

56) санитариялық сою орны – ауру малды союға арналған үй-жай;

57) сепаратор – дәндерді ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан тазалауға арналған дән тазалайтын машина;

58) стерилизациялау – +1000С жоғары температурада микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін сүтті герметикалық жабылған ыдыстарда термиялық өңдеу үдерісі;

59) сүт блогы – сүтті бастапқы өңдеуге және уақытша сақтауға, сауу жабдығын санитариялық өңдеуге, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға және дайындауға арналған сиыр қорадағы оқшауландырылған үй-жай немесе жеке ғимарат;

60) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі – тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының әрбір партиясына қоса берілетін және оның сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуін куәландыратын; оларды қадағалауды қамтамасыз ететін, партияның нөмірі мен көлемін, сәйкес келуін бағалау туралы құжаттары, жарамдылық мерзімдері мен оларды сақтау шарттары туралы мәліметтерді қамтитын өндірушінің/дайындаушының құжаты;

61) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші – адамның және малдың денсаулығына қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;

62) тамақ өнімдері – бұл адамның тағамға тұтынуына (оның ішінде балалар тамағына, диеталық емдік тамақтануға, диеталық профилактикалық тамақтануға, спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер, сергітетін сусындар, өсімдіктен, малдан және микробтан алынатын гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгенді) организмдерден алынған шикізаттардан өндірілетін тамақ өнімдері, органикалық өнімдер) арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, ауыз су және ыдыстарға құйылған минералды ауыз су, алкогольді (оның ішінде сыра) және алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық активті қоспалар, сағыздар, ұйытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштер, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаттары мен тамақ ингредиенттері;

63) тамақ өнімдерінің партиясы – қауіпсіздікті куәландыратын бір құжат қоса берілетін, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және/немесе қапталған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;

64) тартылған ұн өнімдері – дәнді ұнға өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;

65) тез бұзылатын тамақ өнімдері – қатаң регламенттелген мерзімдерде тасымалдаудың, сақтаудың және өткізудің арнайы талаптарын қажет ететін тамақ өнімдері;

66) тез мұздатылған өнімдер – бүтін, туралған немесе ұсақталған жемістерден табиғи тағам компоненттерін қоса отырып немесе оларды қоспай дайындалған, қапталған және сақтау кезінде және тұтынушыға дейін барлық салқындату тізбегінде сақтау қажет, өнім ішіндегі температураны -180С дейін жеткізгенге дейін жылдам тәсілмен мұздатылған өнімдер;

67) тез мұздататын камера – минус (бұдан әрі – -) 28 градус Цельсийден (бұдан әрі – 0С) және одан төмен температуралық режимдегі үй-жай;

68) тегістеуші машина – дәннің (тұқымның) бетінен қауызы аршылғаннан кейін қалған қабыршақтарды (және жартылай ұрықты) біржола алып тастауға арналған, сондай-ақ жармаларды белгіленген қалыпқа және қажет етілетін түрге дейін өңдеуге арналған машина;

69) технологиялық ақау – тағамдық мақсатқа пайдалануға жатпайтын өнімдер;

70) термиялық өңдеу – сүтті немесе сүт өнімдерін термиялық өңдеу үдерісі (суыту, термиялық өңдеу, пастерлеу, стерилизациялау, ультрапастерлеу, ультражоғары температурада өңдеу);

71) термизация – сүтті немесе сүт өнімдерін плюс (бұдан әрі – +) 60⁰С бастап + 680С дейінгі температурада 30 секундқа (бұдан әрі – сек) дейін ұстау арқылы термиялық өңдеу үдерісі;

72) термограмма – шикізаттарды (өнімдерді) жылумен өңдеу режимінің графикалық бейнесі;

73) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;

74) тоңазытылған жұмыртқалар – тоңазытқышта 30 тәуліктен астам уақыт бойы сақталған жұмыртқалар;

75) тоңазытылған ет – жануарды сойғаннан кейін тікелей және еттің қалың жерінде -20С бастап - 30С дейінгі температураға дейін тоңазытқан соң алынған жас ет;

76) тостер – дәндерді кептіруге арналған электрлі қыздыру аппараты;

77) төменгі температурада пастерлеу – + 760С жоғары емес температурада сілтілі фосфатазаны инактивациялаумен сүйемелденетін термиялық өңдеу үдерісі;

78) ультражоғары температурада өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) – сүтті және оның өңдеу өнімдерін + 1250С бастап + 1400С дейінгі температурада кемінде 2-5 сек ұстау арқылы микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін термиялық өңдеу;

79) ультракүлгін сәуле – үй-жайдың ауасын, суды зарарсыздандыру үшін қолданылатын 0,4 - 0,2 микрометр ауқымындағы электромагнитті толқындар;

80) үгу машинасы – жеміс қабықтарын (кебегін) дән эндоспермасынан бөлуді жүзеге асыратын ортадан сыртқа тебетін машина;

81) үлестіру пункті – балалар сүт ас үйі құрамына енетін немесе балалар сүт ас үйінен 40 километрден (бұдан әрі – км) аспайтын арақашықтықта бөлек орналасқан балалар сүт ас үйінде дайындалған балалар тамағын таратуға арналған объект;

82) ұйытқы – сүт қышқылы өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын сүт қышқылды бактериялар;

83) ұнтағыш – қатты материалды дисперстіліктің белгілі бір дәрежесіне дейін ұсақтауға арналған құрылғы;

84) ұнтақ – жанышқышта ұнтақталған шикізат;

85) фризерлеу – сүт қоспасын бір уақытта араластыра отырып, балмұздақ үшін салқындатудың технологиялық үдерісі;

86) фризер – балмұздақ дайындауға арналған жабдық;

87) циклон – ауаны тазалауға арналған құрылғы;

88) шартты жарамды ет – зарарсыздандырғаннан кейін тамаққа пайдалануға жол берілген ауру жануардың тұтас еті (уылжытып пісіру, шұжық өнімдерін әзірлеу, мұздату немесе тұздау арқылы финнозды етті залалсыздандыру);

89) шелдеу – терінің астындағы майлы және бұлшық ет тіндерінің қалдықтарын алып тастайтын технологиялық операция;

90) шрот – май өсірінділерінің тұқымдарын престеу және экстракциялаудан кейін алынатын өсімдік майларын өндіру кезіндегі жанама өнім;

91) щеткалы машина – дәннің бетін қабықтан және шаңнан құрғақтай тазалауға арналған щетка түріндегі жұмыс органы бар дән тазалайтын машина.

4. Осы Санитариялық қағидаларда осы бөлімде арнайы анықтама берілмеген терминдер Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық қауымдастығының санитариялық шаралар жөніндегі заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген мәндерінде пайдаланылады.


^ 2. Жобалау, салу, қайта жаңарту, қайта жабдықтау және пайдалануға

беру кезінде объектілерге қойылатын талаптар


5. Мыналарға:

1) бұрын олар мал қорымдары, уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған, органикалық және химиялық қалдықтармен ластанған;

2) радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған;

3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналасқан;

4) санитариялық-қорғаныш аймағын, санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде және су басуы ықтимал аймақтарда;

5) сумен жабдықтау көздері бірінші санитариялық қорғаныш аймағында орналасқан;

6) қауіпті аймақтарда көмір және басқа шахталардың жыныстарының үйінділері болған кезде жер учаскелерінде объектілерді жобалауға және салуға жол берілмейді.

6. Ғимараттарды, құрылыстарды, объектілердің өндірістік үй-жайлары мен қондырғыларын (объектінің қуаты мен бейініне қарамастан) жобалау, кайта жаңарту, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу:

1) технологиялық үдерістердің ағымдылығын, шикізат пен дайын өнімді тасымалдау жолдарының қиылысын болдырмауды;

2) шу мен дірілден қорғауды: үй-жайларды дыбысты өткізбейтін құрылыс материалдарымен әрлеу; электр қозғалтқыштарды амортизаторларға дыбыс сіңіретін жұтқыш қаптаманы қолдану арқылы орнату; жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға орнатуды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

7. Мыналарға:

1) объектіні тұрғын үй ғимараттарына, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған, жапсарлас салынған және ішіне салынған-жапсарластырылған үй-жайларға және азаматтық мақсаттағы ғимараттарға;

2) балалар сүт ас үйін (бұдан әрі – БСАҮ) ғимараттардың жартылай жертөле және жертөле қабаттарына;

3) объектінің өндірістік үй-жайларын ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарына;

4) ғимараттардың, құрылыстардың аумағында және объектінің үй-жайларында объект персоналының тұруына арналған тұрғын ғимараттарды немесе тұрғын үй-жайларды, объектімен байланысы жоқ жұмыс пен қызметті көрсетуге арналған үй-жайларды, үй жануарлары мен құстарын жемдейтін пункттерді;

5) өндірістік үй-жайларда персоналға арналған киім ауыстыру орнын орналастыруға жол берілмейді.

8. Мыналарға:

1) БСАҮ жеке тұрған және жапсарлас ғимараттарға, кіру есігі бөлек балаларға арналған амбулаторлық-емханалық және стационарлық медицина ұйымдарына;

2) әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатына өндірістік қуаты тәулігіне 5 мың порцияға дейін болатын БСАҮ. БСАҮ құрамында үлестіру пункті болған жағдайда, олар екі бөлек есікпен жабдықталады;

3) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда, тамақ өнімдерін өндіру объектілерін көп бейінді өндірістік ғимараттармен бір аумақта;

4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша қуаты аз объектілерді жеке тұрған ғимараттарға, адам тұрмайтын ғимараттарға жапсарлас, ішіне салынған-жапсарлас үй-жайларға, негізгі ғимараттың персоналға зиянды әсерін болдырмайтын, технологиялық үдерістерді оқшаулау қағидатын сақтаған жағдайда объектілердің көпбейінді өндірістік ғимараттарына (әкімшілік, өндірістік, сауда) орналастыруға жол беріледі.

9. Қуаты аз объектілерді қоспағанда, объектілердің аумағында көліктің кіруіне және шығуына арналған екі бөлек жол көзделеді. Жүк түсіру-тиеу алаңдарын, теміржол және автомобиль платформаларынан өтпелерді, құрылыс материалдарын, отынды, ыдыстарды сақтауға арналған алаңдарды, автокөлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын су өткізбейтін тегіс жабынмен жабады.

10. Сүт дайындаумен, құстарды, етті, балықтарды қайта өңдеумен айналысатын объектілердің аумағына кіргенде және одан шыққанда қақпа алдында эпизоотиялық ахуалға байланысты дезинфекциялау ерітіндісі бар дезинфекциялау кедергілері орналастырылады. Дезинфекциялау кедергілерінің кюветтері жылдың қыс мезгілінде дезинфекциялау ерітінділерін қыздыруға арналған құрылғымен жабдықталады.

11. Тамақ өнімдерін қабылдау (жөнелту) үшін шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға арналған бөлек жүк көтергіштермен жарақталған жүкті тиеу-түсіру механизмдері көзделеді. Тамақ өнімдерін тиеу-түсіру орындарына қалқалар орнатылады.

12. Объект аумағында:

1) әкімшілік үй-жайлар ғимараты, бақылау-өткізу пункті және жеңіл көліктің тұрағына арналған алаң орналасқан әкімшілік;

2) негізгі өндіріс ғимараттары, сондай-ақ өндірістік зертхана, медициналық пункт немесе медициналық пункт, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, асхана, қалқасы бар мамандандырылған көлікке арналған автотұрақ орналасқан өндіріс;

3) қосалқы мақсаттағы ғимараттары, қойма үй-жайлары, жөндеу-механикалық шеберханалары, резервтегі құрылыс материалдарын, ыдыстар мен отынды сақтауға арналған құрылыстары, қоқыс жинауға арналған контейнерлер орналасқан алаңдар мен аулалық дәретханалары бар шаруашылық аймақтар бөлінеді.

13. Үй-жайлардың жиыны мен аудандары типіне, қуатына, шығарылатын өнімдердің ассортиментіне, бейінді объектілерді технологиялық жобалау нормаларына сәйкес белгіленеді.

14. Тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша ұйымдастырылады, олардың құрамына сыртқы, жеке және арнайы киімдерге және аяқ киімдерге арналған бөлек киім ілетін орын, таза киімдерді сақтауға арналған киім-кешек қоятын орын, кір арнайы киімді қабылдауға арналған үй-жай, себезгі бөлмесі және қол жууға арналған раковиналар, киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін орын, кір жуатын бөлме (кір жуу орталықтандырылған болмаса) кіреді.

15. Ет (оның ішінде құс еті), балық және сүт өнімдерін өндіру объектілерінде жұмыс істейтін әйелдер саны 15 және одан көп болған жағдайда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме және гигиеналық себезгісі бар арнайы кабина көзделеді.

16. Тұрмыстық үй-жайлар жеке ғимаратта орналасқан жағдайда, өндірістік үй-жайларға ғимарат ішімен өту жолы көзделеді.

17. Өндірістік үй-жайлар мен ғимараттарда:

1) тамақ өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мүкәммал мен айналым ыдыстарын сақтауға, жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар және жинау мүкәммалдары мен жабдықтарын сақтауға, оларды жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар;

2) жұмыс істеп тұрған санитариялық-тұрмыстық суларға арналған су бұрумен қосылған жуғышпен жабдықталған, есіктері өндірістік үй-жайға тікелей шықпайтын, тамақ өнімдерінің барлық өндірістік цехтарынан бөлек үй-жайда орналасқан санитариялық торап;

3) цехтарда 500 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) шаққанда бір краннан, бірақ бір үй-жайға кемінде біреу есебінен жинауға арналған жуғыш крандар. Шлангілерді сақтау үшін ұштық клапандармен жабдықталған кронштейндер көзделеді;

4) ыстық және суық ағын су келтірілген, кіреберісте және жұмыс орнынан 15 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын арақашықтықта орналастырылған, араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен және бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен (кемінде біреу) жарақталған, әрбір өндірістік үй-жайда, санитариялық торапта, тұрмыстық үй-жайда қол жууға арналған қолжуғыштар көзделеді.

18. Объект персоналы үшін асхана (бір ауысымда 30 адамнан астам жұмысшы болғанда, жұмыскерлер саны ең көп ауысымды есепке ала отырып, отыру орындарын қамтамасыз ету арқылы) немесе буфет көзделеді. Асхана (буфет) болмаған жағдайда тамақ ішуге арналған үй-жай бөлінеді (бір ауысымда 30 адамға дейін жұмыскер болғанда).

19. Объект аумағы қоршалады, көркейтіледі, қатты жабынмен қамтамасыз етіледі, атмосфералық, еріген суды және аумақты шайған су ағындарын жинауға арналған жауын-шашын кәрізімен жабдықталады, тазалықта ұсталады.

20. Объектілер орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтаумен, су бұру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Объектіге сумен жабдықтау жүйесін енгізген жағдайда су сынамасын алуға арналған құрылғы және сарқынды суға арналған трап көзделеді. Объекілердің өндірістік үй-жайлары ағынды суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

21. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, объектіде су құбырының ішкі жүйесін орната отырып, жергілікті су көздерінің суын пайдалануға жол беріледі. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және бу жүйесі болмаған жағдайда, жылудың жеке меншік көздері, су ысытқыштар орнатылады. Тамақ өнімдерімен немесе тамақ өнімдерімен жанасатын беттермен тікелей жанасатын бу зиянды заттарды қоспастан ауыз судан өндіріледі.

22. Су беру тоқтатылған кезеңде объектілерде талдауға су сынамасын алу үшін құрылғымен жабдықталған суды өндірістік және ауыз су мақсатына сақтауға арналған жинау резервуарлары көзделеді.

23. Су қорына арналған резервуардың конструкциясы су қауіпсіздігін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі тиіс.

24. Объектілерде ауыз су емес суды техникалық мақсат үшін пайдаланған жағдайда, ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтаудың бөлек жүйелері көзделеді. Ауыз су мен ауыз су емес судың айналым жүйесіне айыратын таңба қойылады.

25. Техникалық суды компрессорларды суыту, аумақты суару, санитариялық тораптағы жуғыш бөшкелерге және писсуарларға келтіру, автомашиналардың сыртын жуу үшін пайдалануға жол беріледі.

26. Мыналарға:

1) әкелінетін суды пайдаланатын объектілердің жұмысына;

2) технологиялық үдерістер, жабдықтарды және үй-жайларды санитариялық өңдеу үшін сумен жылыту жүйесінің ыстық суын пайдалануға;

3) жұмыс орындарының және технологиялық жабдықтың үстінен технологиялық және тұрмыстық су ағатын аспалы кәріз құбырларын орнатуға;

4) өндірістік үй-жайлар арқылы тұрмыстық ағындарды бұруға арналған бағандар өткізуге;

5) объектілердің қойма үй-жайларының, өндірістік цехтарының және салқындататын камераларының үстінен санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, кір жуу бөлмесін және қолжуғышты орналастыруға;

6) тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларында, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы су құбыры мен кәрізді орнатуға;

7) сарқынды суды еденге ағызуға, сондай-ақ ашық науаны орнатуға;

8) өндірістік және тұрмыстық суды ашық су қоймаларына тиісінше тазартпай ағызуға, сондай-ақ сіңіретін құдықты орнатуға;

9) ашық технологиялық үдерістер жүретін технологиялық жабдық үстіне шамшырақтарды орнатуға;

10) сору-сыртқа тарату желдеткіші жүйесі сөніп тұрған уақытта жұмыс жүргізуге және ашық технологиялық сыйымдылықтары мен үдерістері бар өндірістік үй-жайларда ауа рециркуляциясына;

11) кәдеге жаратылуы тиіс, істен шыққан газразрядты шамдар мен сынап толтырылған өлшеу аспаптарын сақтауға;

12) технологиялық операцияларға кәсіптік дайындығы (біліктілігі, мамандығы) жоқ, гигиеналық оқытылмаған персоналды тартуға жол берілмейді.

27. Су құбырындағы және кәріздегі апаттар мен жөндеу жұмыстары, судың, будың және суықтың болмауы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су құбырындағы және кәріздегі апатты және жөндеу жұмыстарын анықтауды және жоюды есепке алу журналына тіркеледі.

28. Апаттық жағдайларды жойғаннан, жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін су құбыры мен резервуар суды кейіннен зертханалық зерттеу арқылы жуылады және дезинфекцияланады.

29. Объектінің шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік кәрізі жалпы қалалық (ауылдық) су бұруға қосылған бөлек болуы тиіс, ол болмаған жағдайда дербес кәріз жүйесі жабдықталады.

30. Объектіні кәріз жүргізілмеген және жартылай кәріз жүргізілген елді мекендерге орналастырған жағдайда, жергілікті кәріз жүйесі және шығаратын тазарту жүйесі көзделеді. Сарқынды суды қабылдауға арналған су өтпейтін сыйымдылық (шұңқыр) қақпақпен жабылады, шаруашылық аймағына орналастырылады және оның көлемі 2/3 мөлшеріне дейін толған жағдайда тазартылады.

31. Сарқынды су кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына шығарылар алдында механикалық жолмен тазаланады, құрамында майы бар су май ұстағыштар арқылы өткізіледі. Объектінің карантиндік бөлімшесінен шыққан сарқынды су зарарсыздандырылады.

32. Өндірістік үй-жайлар шайынды суды жинауға арналған диаметрі кемінде 10 сантиметр (бұдан әрі – см) траптармен және торлармен жабдықталады. Технологиялық жабдықтың және машиналардың өңделген суын ағызуға арналған құбырлар гидравликалық қақпақ (сифон) құрылғысы бар су бұруға қосылады.

Жабдықтан аққан сарқынды суды кәрізге ағызу жабық әдіспен жүргізіледі.

33. Санитариялық тораптардағы, себезгі бөлмелері мен кәріз және су құбыры бағаналары өтетін орындардағы еден объекті үй-жайларының үстіндегі гидрооқшаулау төсемі бар жабындар арқылы орнатылады.

34. Өндірістік және қойма үй-жайларындағы кәріз бағандарын сыланған қораптарда тексерусіз, объектінің тек тұрмыстық үй-жайлары арқылы өткізеді.

35. Объектінің үй-жайларында өндірістің технологиялық талаптарына сәйкес табиғи және/немесе жасанды жарық көзделеді.

36. Адамдар үнемі болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарық көзделеді. Жұмыс күні бойы жұмысшылар 50%-дан көп емес уақыт болатын үй-жайларға табиғи жарықсыз немесе жеткіліксіз табиғи жарықсыз жол беріледі.

37. Орналастыруға өндірісті жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес жол берілгенде, арнайы жабдық болған жағдайда, табиғи жарықсыз немесе биологиялық әсері бойынша жеткіліксіз табиғи жарықсыз (табиғи жарық коэффициенті кемінде 0,5 %) өндірістік үй-жайлар (жұмыскерлер үнемі болатын):

1) жасанды жарықпен;

2) эритемді сәулеленуге арналған құрылғымен;

3) жұмыс орындарынан кемінде 100 м арақашықтықта жұмыскерлердің қысқа мерзімді демалуына арналған табиғи жарығы бар үй-жайлармен;

4) үнемі жұмыс істейтін ықтиярсыз желдеткішпен жабдықталады.

38. Жарықтандыру көздері арнайы жарық беретін арматурамен, шаң, ылғал бөлумен байланысты өндірістерде ылғал-шаңнан қорғайтын арматурамен жабдықталады. Жұмыс орындарында шағылысуды болдырмайтын қосымша жарықтандыру көздерін орнатады.

39. Аппараттар мен сыйымдылықтардың ішкі бетін тексеру үшін қорғаныш торларының ішіне салынған, тасымалды кернеулілігі 12 Вольттан жоғары емес шамдарды қолдануға жол беріледі.

40. Ашылатын барлық ойықтар (терезелер, фрамугалар, есіктер) жәндіктер кірмес үшін алмалы-салмалы қорғаныш торлармен жабдықталады.

41. Жарықтандыру аспаптары, арматура, терезе мен ойықтардың шыныланған беті таза ұсталады және ластануына қарай тазартылады.

42. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар табиғи және жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесімен жабдықталады.

43. Желдеткіш жүйелерінің конструкциясы мен орындалуын үй-жайға ластанған ауаның түсу мүмкіндігін болдырмау және тазалауды немесе ауыстыруды қажет ететін сүзгілерге және басқа бөліктерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы жасайды.

44. Егер технологиялық үдеріспен жол берілген болса, өндірістік үй-жайларда жасанды желдету көзделеді.

45. Жылу, ылғал және зиянды заттарды қарқынды бөлетін көз болып табылатын жабдық барынша герметикаланады және жергілікті сорғы құрылғысы бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен, ұн шаңын бөлу көздері (үйінді шұңқырлар, қап қағушы машиналар, ұн елеуіштері, қысқа кесілген өнімдерді төгуге арналған іріктеу үстелдері) аспирациялық қондырғылармен жабдықталады.

46. Өндірістік үй-жайларға арналған сырттан келетін ауаны жинау жердің деңгейінен 2 м төмен емес аймақтан жүзеге асырылады. Ашық технологиялық үдерістері бар цехтарда жеңіл тазарту сүзгілерінде сырттан берілетін ауаны тазалау көзделеді.

47. Машина және аппараттық бөлімшелердегі аммиакты компрессорлық құрылғылардың сору желдеткішінің ауа жинау құрылғыларын үй-жайдың жоғарғы және төменгі аймақтарында орнатуға жол беріледі.

48. Уытты және тітіркендіретін заттарды қолдануға байланысты технологиялық үдерістерді сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлек үй-жайларда немесе оқшауланған арнайы учаскелерде жүргізеді.

49. Жұмыс орындарында шығатын ыстық будан және газдан қорғау үшін тыныс алу аймағы деңгейінде ауа себезгісі ұйымдастырылады. Қысқы уақытта ауа қозғалысының жылдамдығы сек 0,5-1,0 метр (бұдан әрі - м/с) болған жағдайда, душтау ауасының температурасы +180С шегінде, ал жазғы кезеңде ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 1-2 м/с болған жағдайда, +220С қамтамасыз етіледі. Ауа рециркуляциясына жол берілмейді.

50. Бөтелкені үрлеу бойынша қондырғыны негізгі өндірістен оқшаулайды және жергілікті желдеткіш қондырғымен жабдықтайды.

51. Тұрмыстық үй-жайларда, санитариялық тораптарда, себезгі бөлмелерінде және зертханаларда жалпы алмасу және жергілікті желдеткіштің автономды (тәуелсіз) жүйелері, тұрмыстық үй-жайларда көбіне табиғи іске қосылатын желдеткіш орнатылады.

52. Жергілікті сору жүйесінің шығарындыларын ғимараттың ең жоғары бөлігінің жабынынан кемінде 2 м биіктікте шығарады, бұндай жағдайда оның дөңесіне дейінгі арақашықтық кемінде 10 м болуы тиіс.

53. Желдету жүйесімен шығарылатын, құрамында уытты заттар бар ауа атмосфераға шығару алдында тазартылады.

54. Технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру немесе алмастыру кезінде желдеткіш жүйелері қайта жаңартылады.

55. Өндіріс технологиясын есепке ала отырып, қолданылатын технологиялық ауа баптау құрылғысы көзделеді.

56. Жұмыс орындарында жылулық сәулеленумен, ұнды, қант ұнтағын және басқа да сусымалы өнімдерді елеумен байланысты барлық жұмыстар сору-сыртқа тарату желдеткіші немесе жергілікті сыртқа тарату желдеткіші қосылған күйде жүргізіледі.

57. Өндірістік үй-жай ауасындағы зиянды заттардың РЕШШ, өндірістік үй-жайлардағы шу, діріл және жарықтандыру деңгейлері «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, тұрғын және қоғамдық үй-жайлардағы атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын ұстауға, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің жарықтандырылуына, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.

58. Өндірістік және қойма үй-жайларына кіреберісінде тамбурлар болмаған жағдайда, ауаны жылытатын «ауа» шымылдығы құрылғысы көзделеді.

59. Желдету жүйесін профилактикалық тексеру жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Айына кемінде бір рет сүзгілерді тексеру, оларды тазарту және ауыстыру жүргізіледі.

60. Ауа өткізгіштер, торлар, желдету камералары және басқа да құрылғылар таза ұсталады, оларда механикалық бұзылу, тоттану ізі, герметикалығының бұзылуы болмауы тиіс.

61. Объектіні орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықтайды, ол болмаған жағдайда, жергілікті жүйеге жол беріледі. Жинау, тексеру және жөндеу үшін жылытудың барлық түрлері жағдайында жылытқыш аспаптардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

62. Температуралық–ылғалдылық режимдері бойынша ерекшеленетін және өзара қатынасатын үй-жайлар осы параметрлердің шұғыл өзгеруіне жол бермейтін жабдықпен және/немесе құралмен бөлінеді.

63. Үй-жайдың ішкі өңделуі пайдаланылып отырған өндіріс технологиясына конструктивті сәйкес келетін, қолдануға рұқсат етілген уытты емес өңдеу материалдарын пайдалану арқылы өндіріс технологиясын ескере отырып, орындалады. БСАҮ-ның өндірістік цехтарының, сүт өңдейтін, ет өңдейтін, тез мұздатылған жартылай фабрикаттарды, тұзды, тамақ концентраттарын, тамақ қышқылдарын өндіру объектілерінің, себезгі бөлмелерінің қабырғалары барлық биіктігі бойына қапталады; басқа өндірістердің өндірістік цехтарының, зертханалардың, тұрмыстық үй-жайлардың қабырғаларын жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен кемінде 2 м биіктікке дейін қапталады, одан жоғары боялады.

64. Төбенің (немесе төбе болмаған жағдайда, шатырдың ішкі беті), өндірістік үй-жайлардағы технологиялық жабдықтардың үстінде орналасқан жерүсті конструкцияларының беті тамақ өнімдеріне бөгде бөлшектердің түсуіне, конденсаттың, зеңнің пайда болуы мен түсуіне жол бермейтіндей жасалуы тиіс.

65. Төбелердің, қабырғалар мен жабдықтардың беті конденсат пен зеңнің пайда болуын болдырмауы тиіс. Зең пайда болған жағдайда, қабырғалар, төбелер, бұрыштар ақтау алдында тамақ өнеркәсібі объектілерінде қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы орган рұқсат берген арнайы препараттармен өңделеді. Төбелердің, қабырғалар мен еденнің беті тегіс, ақаусыз болуы, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеңіл санитариялық өңделуі тиіс.

66. Өндірістік үй-жайлардың, себезгі бөлмелерінің едені су өтпейтін, сіңірмейтін және уытты емес, тайғанамайтын, оларды санитариялық өңдеуге мүмкіндік беретін, беті тегіс, шұңқырсыз, жарықшақсыз материалдардан, жұмыс орындары мен жолдардан алыс орналасқан траптарға ылди, сорғытуды қамтамасыз ете отырып, жасалады. Агрессивті ағыны бар үй-жайларда едендерді өңдеу үшін қышқылға, сілтіге және майға төзімді жабындарды пайдаланады. Цехішілік көлікке арналған жолдағы еден учаскелері соққыға төзімді плиталармен әрленеді. Сулы үдерістермен, маймен молынан ластанумен байланысты өндірістік үй-жайлардың едені учаскелері тормен жабдықталады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы