Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница5/35
Дата конвертации12.12.2012
Размер6.23 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
1^ 8. Су қоймаларын ағынды сулармен ластанудан санитариялық қорғауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


258. Объектілердің сумен қамтамасыз ету жүйелері:

1) ағынды суларды ондағы ластағыш заттардың сипатына сәйкес ажыратуды;

2) қаныққан суды сұйылтуды болдырмауды;

3) жауын-шашын сулары ағатын кәрізге жалпы ағынды судың қосылуын мейлінше азайтуды;

4) артық судың салдарынан су жүретін жолдардағы сулардың ернеуден асып кетуін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.

259. «Лас» айналым циклдарының үрлеп тазартатын суын суды қайтарымсыз қолданатын тұтынушылар барынша пайдалануы тиіс. Қажет болған жағдайда үрлеп тазаланған су қайта тазалаудан өткізіледі және оның тазалық деңгейі қайта қолданатын айналма сулардың нақты санатының техникалық нормативтеріне сай болуы керек. Үрлеп тазаланған ағын суды су қоймаларына жіберу санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

260. Теңгерімдік есептер мен қайта қолданылатын судың тұздық құрамының болжамына қарай тұрмысқа керекті судың, сондай-ақ жер үсті ағын суының айналымдағы жүйені толықтыруға қажетті мөлшері анықталуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын ағынды суды тазалау және толық тазалау тереңдігі, оның бастапқы құрамына және оны кейін пайдаланудың сипатына байланысты анықталады. Қарастырылып отырған ағынды суларды шаруашылық-тұрмыстық ағынды сумен қоса тазалау кезінде микробтық ластану орын алған жағдайда, соңғысы міндетті түрде залалсыздандыруға жатады.

261. Айналым суын тазалау және өңдеу кезінде әсіресе тоттануға қарсы уытты ингибиторларды пайдаланғанда қоршаған ортаны санитариялық (атмосфералық ауаны градирден және су қоймаларынан шығатын гидроаэрозольдардан) қорғауға алу жөніндегі шаралар көзделуі тиіс.

262. Ағынды сулардың ластану деңгейін төмендету үшін объектілерде ағынды сулардан ластағыш қатты заттарды (құрамында темір бар шламды, шлакты, күлді) шайырды, майды және басқаларды бөліп шығару жөніндегі технологиялық шаралар қолданылуы тиіс.

263. Қара металлургия өндірісінің ағынды сулары құрамындағы негізгі химиялық заттардан (цианидтерден, роданидтерден, фенолдан, темірден, сульфидтерден, хлоридтерден, аммиактан, нитриттер мен нитраттардан) тазалануы тиіс.

264. Объектілердегі ағынды суларды пайдалану жағдайына және суды тазалаушы, залалсыздандырушы қондырғылар жұмысының тиімділігіне және ағынды суларды бұру талаптарына өндірістік бақылау жүргізілуі тиіс.


______________________________


«Қара металлургия объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

1-қосымша


^ Ең ыстық айда сағат 13-те ауаның орташа температурасы 250С-қа дейін болатын аудандардағы өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағындағы ауа температурасының, салыстырмалы ылғалдығының және қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген мәндері


1-кесте

Р/с

Жұмыс

санаты

Ауа температурасы, 0С 1)

Салыстырмалы ылғалдылық % 2)

Үй-жайдағы ауа қозғалысының жылдамдығы м/с

анық жылуы

болмашы

анық жылуы біршама

1

2

3

4

5

6

1

жеңіл I

28-ден жоғары емес

280С-та 55 жоғары емес

0,2-0,5

0,2-0,5

2

орташа ауыр Па

 

 

0,3-0,7

3

орташа ауыр Пб

 

0,3-0,7

0,5-1,0

4

ауыр жұмыс III

26-дан жоғары емес

260С 65 жоғары емес

 

 


1) ең ыстық айда 13 сағаттағы орташа температурадан анық жылуы болмашы үй-жайлардағы жұмыс орнындағы және тұрақты жұмыс орнынан тыс жердегі ауаның температурасы 30С аспауы, ал анық жылуы біршама үй-жайдағы температура 50С аспауы керек. Бұл жағдайда температура тұрақты жұмыс орындарында осы кестеде көрсетілген мәннен аспауы керек;

2) ауа температурасы төмендегенде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 5 %-ға шаққанда 10 С дейін өсіруге болады, бірақ оның мөлшері 75%-дан дан аспауы керек.


^ Ең ыстық айда сағат 13-те ауаның орташа температурасы 280С-тан жоғары болатын аудандардағы өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағындағы ауа температурасының, салыстырмалы

ылғалдылығының және қозғалыс жылдамдығының рұқсат етілген мәндері


2-кесте

р/с



Жұмыс

санаты

Үй-жайдағы ауа температурасы, 0С1)

Салыстырмалы ылғалдық %2)

Үй-жайдағы 3) ауа қозғалысының жылдамдығы м/с

Анық жылылықтың аздап жоғары болуы

Анық жылылықтың тым жоғары болуы

1

2

3

4

5

6

1

жеңіл I

31-ден жоғары емес

 

 

30- дан жоғары емес

33-тен жоғары емес

 

 

32-ден жоғары емес

29-330С -да 50 жоғары емес

0,2-0,5

2

орташа ауыр Па

 

280С-да 0,5

3

орташа ауыр Пб

 

280С-да 0,9

4

ауыр жұмыс III

29- дан жоғары емес

31-ден жоғары емес

 

260С-да 1,3


1) ең ыстық айда 13 сағаттағы орташа температурадан анық жылуы болмашы үй-жайлардағы жұмыс орнындағы және тұрақты жұмыс орнынан тыс жердегі ауаның температурасы 30С аспауы, ал анық жылуы біршама үй-жайдағы температура 50С аспауы керек. Бұл жағдайда температура тұрақты жұмыс орындарында осы кестеде көрсетілген мәннен аспауы керек;

2) ауа температурасы 290С төмендегенде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 5 %-ке шаққанда 10 С дейін өсіруге болады, бірақ оның мөлшері 75%-дан аспауы керек.

3) орташа ауыр және ауыр жұмыстар үшін ауаның температурасы 280С төмен немесе жоғары болған бірақ рұқсат етілген деңгейден аспаған жағдайда, жұмыс санатын ескере отырып, ауа қозғалысының жылдамдығын әр 10С-ға 0,2 м/с есебімен тиісінше азайту немесе көбейту қажет, бұл кезде оның жылдамдығы 0,3 м/с –ден кем болмауы тиіс.


________________________________


«Қара металлургия объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

2-қосымша


^ Ауамен себезгілеу кезінде ауа температурасының және қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілетін мәндері


1-кесте

Р/с

Жұмыстың

ауырлығы

Жұмыс аумағындағы ауа температурасы, 0С

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

Жылу сәулеленуінің қарқындылығы кезінде, Вт/м2 ауа себезгісі ағынындағы ауаның температурасы, 0С

350

700

1400

2100

2800

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

жеңіл

28 дейін

1

2

3

3,5

28

-

-

-

24

28

-

-

21

26

28

-

16

24

26

27

-

20

24

25

2

орташа ауыр

28 дейін

1

2

3

3,5

27

28

-

-

22

24

27

28

-

21

24

25

-

16

21

22

-

-

18

19

3

ауыр

26 дейін

2

3

3,5

25

26

-

19

22

23

16

20

22

-

18

20

-

17

19


Ескертпе:

1) жылу сәулеленуінің қарқындылығын, әрбір жұмыс операциясының 350 Вт/м2-дан 2800 Вт/м2 дейінгі сәлелену кезеңіндегі ең жоғарғы деңгейінен алғанда 1 сағат ішіндегі сәулеленудің орташа мәні деп қабылдау керек;

2) кестеде көрсетілген ауаның температурасы мен ауа қозғалысы жылдамдығының нормаланған мәндері жұмыскер ең қарқынды жылу сәулесіне шалдығатын учаскедегі ауаның ең төмен температурасына, ауа қозғалысының ең жоғарғы жылдамдығына сай келеді. Бұл кезде жылу сәулесіне шалдықпайтын жұмыскерлерге себезгілеу ағыны әсер етпеуі тиіс;

3) бір сағат бойына жұмыс істегенде жылу сәулесіне шалдығудың жиынтық ұзақтығы 15-30 минөт болғанда, себезгілейтін ауа ағыны температурасын көрсетілген мәннен арттыруға жол берілмейді. Оны кестеде көрсетілген жұмыс аумағы ауасының температуралық мәнінің 10С артуына 0,40С есебімен төмендету қажет, бірақ ол мән 160С төмен болмауы керек.

Жылу сәулесіне шалдығу мерзімі бір сағат жұмыс уақыт ішінде 15 минөттен кем немесе 30 минөттен көп болғанда, себезгілеу ағыны ауасы температурасының мәндерін тиісінше 1-кесте бойынша сәйкес келетін мәндерден 20С жоғары немесе төмен алуға рұқсат етіледі.

4) жылу сәулесіне шалдығу қарқындылығының аралық мәнін анықтау үшін себезгілеуші ауа ағынының температурасын интерполяция арқылы анықтайды.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Похожие:

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы