Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница4/35
Дата конвертации12.12.2012
Размер6.23 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
13. Темір ұнтақтары өндірісіндегі жабдықтарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


174. Темір ұнтақтарын қайта қалпына келтіру әдісімен өндіргенде темір кенінің қанықпасы, күйесі, сода және басқа да сусымалы материалдары жабық тәсілмен (крафцеллюлозалы қапшықтарда, өзі тиейтін құралдармен жабдықталған жабық вагондарда, цистерналарда) тасымалданады.

175. Шихта материалдарын сақтау жабық қоймаларда жүзге асырылады.

176. От қабыршақтарын түсіру тасымалдаушы құралдардың түсіру ойықтарымен жалғасқан қабылдаушы жабық бункерде жүргізіледі.

177. Темір ұнтақтарын өндіруде мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) от қабыршақтарын кептіру барабандарына тиеу, сондай-ақ оны үгіту- араластыру құралдарына тасымалдау;

2) темір кеуектері брикетін ұнтақтау бөліміне жіберу және ұнтақтағыштарға тиеу;

3) таза темір ұнтағын хлоридтеу әдісімен алу кезінде бастапқы сусымалы материалдарды реакторға тиеу және жуылған кристалдарды түсіру операциялары, ал аппаратура жергілікті сорғышпен жабдықталады.

178. Дайын шихта салынған бункерлер автоматты мөлшерленгіштермен жабдықталады.

179. Тазалау, қағып түсіру, майлау, тұғырықтарға шихта толтыру операциялары автоматтандырылған және механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі.

180. Темір кеуектерін үгу-ұнтақтау жабдықтарына тасымалдау герметикалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

181. Темір ұнтақтарын фракцияларға бөлетін құрал-жабдықтар барынша тығыздалуы және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

182. Туннельді пештің капсельдер толтырылған вагонеткаларға тиеу және түсіру жұмыстары жүргізілетін учаскелері механикалық итергіштермен және жылу жібермейтін тежегіштермен, сондай-ақ жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

183. Тұз қышқылын тиеу, негізгі ерітіндіні құю, кристалдарды кептіру учаскелері хлорлы темірді қатты қызумен қайта қалпына келтіру кезінде пеш ойықтары тұз қышқылы буының әсеріне және тотығуға төзімді материалдардан жасалған жергілікті сору құралдарымен жабдықталады.

184. Ұнтақты ыдысқа тиейтін орын жаппамен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.

185. Ұнтақтарды қорытылған металдарды тозаңдандыру арқылы өндіру кезінде мыналар жеке үй-жайларға бөлінуі тиіс:

1) индукциялық пештің генераторын орналастыруға арналған бөлім;

2) металдарды тозаңдандыруға, дайын ұнтақты жинауға және металл қабылдауға арналған құралдары бар индукциялық пеш бөлімі;

3) ұнтақты кептіру учаскесі;

4) ұнтақты қайта қалпына келтіру учаскесі;

5) ұнтақтау учаскесі;

6) ұнтақтарды домалақтау және оларды фракцияларға жүйелеу бөлімі;

7) дайын өнімдер қоймасы;

8) бастапқы материалдар (ұнтақтар, сынықтар) қоймасы.

186. Индукциялық пештер жылу сақтауы тиіс және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

187. Шөміштерді суыту және тазалау учаскелері жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.


14. Қайталама қара металдарды қайта өңдеу өндірісінде жабдықтарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


188. Қыздыру пештері жанындағы тиеу және беру терезелері цехқа жану өнімдерінің түсуіне жол бермейтін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

Жану өнімдерін тікелей өндірістік үй-жайларға жіберетін пештерді орнатуға жол берілмейді. Пеш терезелері жақтауларына нық іргеленген қақпақтармен жабылуы тиіс.

189. Эстакадалық копрларда шойын сынықтарын жаймалау кезінде, уату орны жылдың жылы мезгілінде ылғалдандырылады.

190. Металл сынықтарын газбен кесу алаңдарының беті қатайтылуы және жылдың жылы мезгілінде ылғалдандырылатын торкөз астында сорғыштары болуы тиіс.

191. Көпірлі кран машинистері мен жабдықтарды басқарушы операторлардың жұмыс орындары жылумен, желдеткішпен және ауа баптағышпен жабдықталған кабиналарда орналасуы тиіс.

192. Цех үй-жайларының металл сынықтарын қолмен газ арқылы кесу алаңшалары, сондай-ақ үй-жайлардан тыс жерде плазмалық кесу жұмыстарын жүргізу орындары жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

193. Пресс арқылы пакеттейтін және кесектейтін машина залдарында шойынды ұнтақтауға арналған гидравликалық қондырғылар, гидравликалық қайшылар орналасқан орындарда ауаны жалпы алмастыру желдеткіші көзделеді.

194. Жабық сыйымдылықтар ішінде жергілікті немесе жалпы желдету жүйесі болмаған жағдайда, сондай-ақ құрамында қорғасын бар сырлармен боялған кеме сынықтарын газбен және плазмалық жолмен кесу кезінде температурасының оңтайлы шамасы жыл мезгіліне сәйкес келетін таза ауа бетперде астындағы кеңістікке мәжбүрлеп берілетін жартылай бетперделер пайдаланылуы тиіс.


^ 15. Отқа төзімді заттар өндірісінде жабдықтарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


195. Туннельді пештерді екі қатардан асырмай аралас орналастыруға жол беріледі. Пештердің тыс жағында сырт қабырғалар немесе салқын орындар болуы тиіс. Салқын орындар пештерден үй-жай биіктігінің жартысына дейін төмен түсіп тұратын қалқалармен бөлінеді.

196. Отқа төзімді бұйымдарды өндіру кезінде шикізаттарды ыдыстан босату және сусымалы материалдарды орау, сорғышы бар қашықтықтан басқарылатын камераларда жүргізіледі.

197. Ұнтақ тәріздес өнімдерді механикаландырылмаған ашық қоймаларда үйінді түрінде сақтауға жол берілмейді. Ортафосфор қышқылын түсіру және сақтау арнайы қоймаларда жүргізіледі, ал оны тұтыну қажеттілігі аз болған жағдайда оны аралықтарда қайта құюды қажет етпейтін сыйымдылығы аз ыдыстармен жеткізу ұйымдастырылуы тиіс.

198. Таспалы конвейерлердің сусымалы материалдарды қайта тиейтін орындарында сорғыш жаппасы болуы тиіс.

Көлемі 0,5 мм кем материалдарды орнынан ауыстыру үшін көліктің жабық түрлері бүкіл аралық бойы тұмшаланып жабылған конвейерлер ғана қолданылуы тиіс.

199. Ұнтақтаудың, тартудың, тасымалдаудың барлық кезеңдерінде қайта өңделетін шикізаттық материалдар технологиялық шарт бойынша рұқсат етілетін ең жоғарғы деңгейге дейін ылғалдандырылуы немесе шаңды бәсеңдетудің басқа да әдістері қолданылуы тиіс.

200. Отқа төзімді заттарды өндіруде мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) араластырушы жүгірткі тостағандарының ішкі беттерін тазалау;

2) пресс- қалыптар мен аршылмаған шикізатты керосинмен майлау;

3) қоймадағы дайын өнімдерді тиеу және түсіру.

201. Кептіргіш барабандары мен қыздыру пештеріне қашықтықтан бақылауға және күйдіру тәртібін басқаруға арналған аппаратуралармен жабдықталады.

202. Қалыпталатын масса араластырғыш-жүгіргіткіден пресс-қалыптарға жабық тәсілмен тікелей беріледі. Престердің құрылысы шашындыларды қабылдағышқа жапсарлас салынған сорғыштардың болуын көздеуі тиіс.

203. Престеу және аршылмаған шикізатты учаскелерге, прес-садтау орындарына, садкаларды туннельді пештердің платформасына жеткізу және оларды түсіру автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.

204. Күйдірілген, отқа берік бұйымдар тиелген пеш вагондары, вагон футеровкасы мен отқа берік бұйымдар тізбесі 450С аспайтын температураға дейін суытылғаннан кейін ғана түсірілуге жіберіледі.

205. Адъюстаждық шеберханаларда отқа берік бұйымдарды тегістеп өңдеуге және кесуге арналған барлық технологиялық жабдықтар жаппалармен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.

206. Технологиялық үдеріс тас көмір шайырын, пекті, бакелитті (шайырды доломиттеу өндірісі, карбидкремний жылытқыш өндірісі, отқа төзімді бұйымдардың шайыр және пек сіңіру бөлімі) қолдану арқылы жүргізілетін бөлімдерде газ бөлуші жабдықтар жаппасынан таса жердегі жергілікті сору желдеткішінен басқа жалпы ауаны алмастыратын ішке сору-сыртқа тарту желдеткіші көзделеді.


^ 16. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірісіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


207. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияның негізгі шешімдерін қамтитын жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.

208. Отқа төзімді материалдарды жөндеуге беру астауша және пакетке салынған күйінде машиналар мен механизмдердің (транспортерлердің, тиегіштердің, материал өткізгіштердің) көмегімен жүргізіледі.

209. Босаңдатылған (жару арқылы, машиналармен) отқа төзімді материалдарға, шлактарға, шихта қалдықтарына шығару алдында су құйылады.

210. Өндірісте мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) көп қол еңбегін қажет ететін операциялар, бұрын салынған пештің сынуы, кірпіш сынықтары мен қоқысты шығару;

2) саптамаларды бөлшектеу және боровтарды шаңнан тазарту;

3) саптама асты кеңістігіндегі шаңды жинау;

4) шайыр доломит-магнизит блоктарын конвертерге беру және төсеу.

211. Жаңа шегенді қалау блоктық тәсілмен жүзеге асырылады, ірілетілген блоктарды жинау арнайы алаңдарда жүргізіледі.

212. Пеш регенераторларын суыту үшін қалдықтарды пайдаға асырушы қазандықтардың эксгаустері пеш тоқтатылғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде жұмыс істеуі тиіс.

213. Регенераторларға мәжбүрлі түрде ауа жіберу жөндеу жұмысының барлық кезеңінде үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс, ал пеш саптамаларының сынуы кезінде, ол арнайы форсункалар арқылы ұсақ дисперсиялы суды тозаңдандырумен жалғастырылуы тиіс.

214. Регенераторларды жөндеу кезінде алдыңғы және бүйірдегі терезелерді бөлшектеу саптама сынбай тұрғанда жүргізілуі тиіс.

215. Қож ұстағыштарды, шығарып тасталған, отқа төзімді зат сынықтары мен шлакты салқындату 3 атмосферадан кем емес қысыммен берілетін сумен қамтамасыз етіледі.

216. Домна пештерінің жұмысы тоқтатылғаннан кейін шаң тұтқыштар мен газ құбырлары буландырылуы және желдетілуі тиіс.

217. Пеш жөндеу кезінде шахтаға сырттан кіретін ауаны, пештің жоғарғы тұсына дейін жететін ауа жүретін жол тармақтарының бойымен мәжбүрлі түрде беру жүзеге асырылады. Ауа жүретін жол тармақтары қыртыс арқылы пеш ішіне түрлі белгіленген орындарда енгізіледі және кезекпен қосылады.

218. Пештен ауаны шығару пеш тартпасын төңкеруге жеткілікті мөлшерде желдеткіш жүйесінің үрлеуіш саңылаулары арқылы жүргізіледі.

219. Шаңды басу пештің түбіне көбік жіберу арқылы жүзеге асырылады.

220. Сегменттерді бөлшектеу кезінде сору желдеткіші мен шаңды басу жүйесі іске қосылуы тиіс.

221. Қаланған қабырға сынған кезде жұмыс алаңшасының үстінен қосымша алаң орнатылады. Сырттан келетін ауа осы екі алаңның ортасындағы кеңістікке жіберіледі. Бұл ретте сору желдеткіші мен шаңды басу жүйесі іске қосылуы тиіс.

222. Көрік ішінде жұмыс істеу кезінде сору және шаңды басу жүйелері жұмыс істеп тұруы тиіс. Сырттан келетін ауа маратор деңгейінде орналасқан алаңдағы арнайы ойықтар арқылы беріледі. Пеш қыртысының ойықтары брезент перделермен жабылып, үрлеуші ойықтар бітеледі.

223. Пеш қабырғасын қалау кезінде желдеткіштің үрлеу-сору жүйелері іске қосылуы тиіс.

224. Миксерді жөндеу кезінде қабырға қалауы «өткел» түріндегі суытқыш желдеткішпен және шеткі люк соқпақтарына берілетін сумен және ағызу шүмектері арқылы суытылуы тиіс. Подина қабырғасын тұрғызу жұмысы ішінара жүргізілген кезде суыту тек желдеткіш ауасы арқылы жүргізіледі.

225. Конвертерді үрлеу және сумен тозаңдандыру арқылы суыту кезінде жұмыскерлер бу пайда болатын аумақтан тыс жерде болуы тиіс.

226. Шегенді қалау конвертердің тік тұрған күйінде жүргізіледі.

227. Отқа төзімді ұнтақты себу конвертер қылтасынан жоғары орналасқан резервуарлардың жеңдері арқылы жүзеге асырылады. Шаңды шығару үшін тасымалданатын шаң-газ тұтқыштар қолданылады.

228. Шөміштерді жөндеу жұмысы шеген сындыратын машиналарды қолдану арқылы арнайы стендіде жүргізіледі.

229. Қатып қалған металдар мен шегендерді алып тастау шөміш беті 450С аспайтын температураға дейін суытылған соң ғана жүргізіледі.

230. Үйінді түрінде түсетін материалдарды (құм, күкірт қышқылды магний) сақтау жабық қоймаларда, ал ұнтақты материалдар (боксит ұнтағы, цемент) арнайы орында жүзеге асырылады.

231. Отқа төзімді заттар қоймадан тұтынушыларға контейнерлер немесе астаушалармен жіберілуі тиіс.

232. Отқа төзімді кірпіштерді кесуге және тегістеп өңдеуге арналған станоктар жергілікті сорғышпен жабдықталады.

233. Ерітінді тораптарының барлық сыйымдылықтары тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталуы тиіс. Ерітінді араластыратын орынға сусымалы материалдардың бункерден және силостан келіп түсуі жабық материал тасушы құбырлар арқылы жүзеге асырылады.

234. Шегенді бұзу үшін қолданылатын пневматикалық балғалар, босаңсытқыштар, сондай-ақ отқа төзімді заттар арасындағы қуыстарды бітеуге арналған пневмоұйытушылар жергілікті сорғыштармен жабдықталуы тиіс.

235. Шайырларды қайнату, пасталарды қыздыру жаппасы және жергілікті сору желдеткіші бар оттығы жабық пештерде жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

17. Қара металлургия объектілері аумақтарындағы атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


236. Қара металлургияның жаңа кеңейтілетін және қайта жаңартылатын объектілерінің құрылыс жобаларында әрбір көз үшін атмосфералық ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шығарындылар (бұдан әрі – РШШ) шамаларын негіздеу жөніндегі материалдар болуы тиіс.

Жұмыс істеп тұрған объектілердің бекітілген РШШ-ы болуы тиіс. РШШ шамасы және оларды негіздеу жөніндегі материалдар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісіледі және бекітіледі.

237. Жобаланушы объектілердің шығарындыларында зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (бұдан әрі – РЕШШ) жоқ болған кезде есептеулерде әсер етудің болжамды қауіпсіз деңгейі қолданылады.

238. Кәсіпорындардың жаңа кеңейтілетін және қайта жаңартылатын объектілерінің құрылыс жобаларында елді мекендердің фондық ластануын (сол уақыттағы) ескере отырып, атмосфералық ауаның ластануының болжамды есептелген деңгейі көрсетілуі тиіс.

239. Елді мекендердің атмосфералық ауасының күтілетін ластануының болжамы қара металлургия кәсіпорындары шығарындысындағы жетекші зиянды заттардың (көміртегі тотығы, азот тотығы, күкіртті ангидрид, шаң), сондай-ақ жекелеген өндірістерге тән шығарындылардың ерекше ингредиенттерінің, сондай-ақ өнеркәсіптік шығарындыларда кездесетін басқа да зиянды заттардың құрамы бойынша есептеп шығарылады.

240. Жобада бүгінгі күнде қара металлургия объектілеріндегі тиімді тазалау әдістері жоқ көміртегі тотығының, азот тотығының, күкіртті газдың және басқа да ауаға шығарылатын зиянды заттарға қатысты табиғатты қорғау шаралары ерекше көрсетілуі тиіс.

241. Жобада атмосфералық ауаның ластануының кенеттен уақытша артуы орын алуы мүмкін болған кезде сейілтуге қолайсыз өнеркәсіптік шығарындылардың (желсіз, инверсия, тұман пайда болу), метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендердің атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың РЕШШ-ын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер ұсынылуы тиіс.

242. Бөлінетін зиянды заттардың сипатын ескере отырып орналастыруды және ғимараттар арасында жеткілікті ажыраулардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кеңейтілетін, сонымен қатар көрші өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтық ластануын есепке ала отырып іргелес қоныстану аумақтарының атмосфералық ауасындағы зиянды заттарды РЕШШ деңгейінде ұстау қамтамасыз етілген кезде жұмыс істеп тұрған объектілердің өндірістік алаңдарында жаңа цехтар мен өндіріс құрылыстарын салуға жол беріледі.

243. Құрылысы салынып біткен, қайта жаңартылған өндіріске арналған объектілерді пайдалануға беру оларды пайдалануға қабылдағаннан кейін құрылысы біткен кәсіпорындар мен ғимараттардағы газ және шаң тұтқыш қондырғылар іске қосылған және оларды кешенді сынақтан өткізу аяқталған кезде жүргізіледі.

244. Іске қосу кешеніне атмосфералық ауаны аталған кәсіпорын шығарындыларымен ластаудан қорғауға арналған барлық қажетті шаралар енуі тиіс.

245. Металлургиялық агрегаттарды күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде атмосфераға шығатын көздеріне газ бен шаңды ұстау қондырғылары жоқ көздерге салу бойынша, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған газ бен шаңды ұстау жабдығын жаңғырту және жетілдіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

246. Газ тазалау жүйелерінің өнімділігі агрегат жұмысының толық циклі бойына ең жоғарғы температураны, шаңдануды және шығарылатын газдың көлемін ескере отырып жобалық тиімділігін қамтамасыз ету шарты бойынша қабылданады.

247. Газ және шаң тұтқыш ғимараттарын профилактикалық және күрделі жөндеу негізгі өндірістік агрегаттарды тоқтату кестесімен келісілген жылдық кесте бойынша жүргізіледі. Газ және шаң тұтқыш ғимараттардың жұмысы тоқтатылғанда негізгі агрегаттардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

248. Газ және шаң тұтқыш ғимараттар апатты тоқтатылған жағдайда технологиялық цикл аяқталған сәттен бастап негізгі жабдықтардың жұмыстары тез арада тоқтатылуы тиіс. Технологиялық цикл үздіксіз болған жағдайда апатты жағдайдың салдарын жою кестесі жасалады.

249. Металлургиялық зауыттарда атмосфераны қорғау қызметі көзделуі тиіс. Олар: шаңнан және газдан тазарту қондырғыларын паспорттауды, олардың қолданылуын, жұмысының тиімділігін бақылауды, атмосфераны қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

250. Ұйым орналасқан аудандардағы атмосфералық ауаның ластану деңгейіне зертханалық бақылау жүргізілуі тиіс.

251. Стандартты постыларды орналастыру және шырағдан асты бақылауын ұйымдастыру кезінде кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңына іргелес қоныстану аумағының ауасындағы жоғарғы деңгейдегі ластануды тудыратын ұйымдастырылмаған үлкен көлемді шығарындылардың болуы, сондай-ақ құбырлардың 10-40 биіктігінің қашықтығында ең жоғары ластану деңгейлерін тудыратын ұйымдастырылған шығарындылардың болуы ескерілуі тиіс.

252. Атмосфералық ауаның құрамындағы көміртек тотығы, күкіртті газ, азот тотықтары және шаңның болуы міндетті түрде бақылануға жатады. Оған қосымша өндірістің құрамына байланысты ерекше ластаушы заттар да осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес анықталады.

253. Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың құрамын бақылау осы Санитариялық қағидаларға 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.

254. Басқару пульттері бақылау нысанының көрінуін қамтамасыз ете отырып, жылу көзінен қашық орналасуы керек. Тұрақты жұмыс орны болып табылатын басқару пульттері бапталған ауамен және дыбыс өткізбейтін оқшау жабдықталған жеке үй-жайларда немесе кабиналарда орналасуы тиіс.

255. Крандар кабиналарының және басқару постыларының жылу қорғанысы жұмыскерлердің жылу сәулесінің қалдығына шалдығуының қабырғадан санағанда бір шаршы метрге 35 Ваттан (бұдан әрі – Вт/м2) және терезеден санағанда 140 Вт/м2 артық болмауын қамтамасыз етуі тиіс.

256. Конвейерлік галереялар технологиялық үдеріске және жабдықтарды пайдалануға байланысты жылытумен:

1) тұрақты жұмыс орны болған жағдайда;

2) шаңнан ылғалды тазарту қажет болған жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс.

Конвейерлердің тиеу тораптары сорғыш құралдармен, ал жоғарғы деңгейде тозаң тудыратын материалдарды тасымалдағанда конвейерлердің бүкіл бойына сорғыш құралдармен жабдықталады.

257. Конвейерлік галереяларда шаңнан тазарту тасымалдайтын материалдарға байланысты:

1) құрғақ тазалау шаң тудыру көзі болып табылмайтын майдаланбаған материалдарды тасымалдау кезінде;

2) ылғалды тазалау жоғары деңгейде шаң тудырушы сипаттағы қыздырылып майдаланған, сондай-ақ суықтай ұсақ майдаланған материалдарды тасымалдау кезінде көзделеді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Похожие:

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы