Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница3/35
Дата конвертации12.12.2012
Размер6.23 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
11. Прокат және құбыр өндірісінің құрал-жабдықтарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


134. Прокат және құбыр өндірісі цехтарының машина залдары дыбыс өткізбейтін жеке үй-жайларда орналасуы тиіс.

135. Ыстық металл шоғырланған жерлерге және жылытқыш құрылғылармен жұмыс істеу аймақтарына (рольгангілер, клеттерге дайындамаларды жеткізетін, көп тармақты бағыттаушы үстелдер, таңбалау және ыстық металды жинау учаскелері, қыздыру пештерінің бақылау және жұмыс терезелері тағы басқалар) жақын орналасқан жұмыс орындары жылу сәулесіне шалдығудан қорғайтын құралдармен және себезгілейтін желдету құралдарымен жабдықталады.

136. Қыздырғыш құрылғылардың тығыз жабылатын қақпақтары және оның жұмыс ойықтарының жапқыштары, сондай-ақ пештерге тиеу және шығару орындары және қож ағын өзегі терезелерінің үстінде жергілікті сору желдеткіші болуы тиіс. Қыздырғыш пештердегі және құдықтардағы металдың температурасын өлшеу автоматты түрде қашықтықтан жүргізіледі.

137. Өндірісте мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) металлды тиеу, көмкеру, орнынан ауыстыру, түсіру, қожды және қабыршақтарды шығару;

2) стан астынан, шұңқырлардан, тұндырғыштардан қабыршақтарды жинау;

3) ілдіріктегі құбырларды үздіксіз прокаттау стандарында – ілдірікті майлау, оларды станға жіберу, құбырдан шығару;

4) пилигримді стандарда – құймаларды тасымалдау, дорн құлпын жабу, дорнды майлау, дорнды суыту үшін ваннаға түсіру, көтеру, суытқыш сөредегі дорндарды ауыстыру;

5) құбырды ыстықтай нығыздау кезінде – дайындамаларды нығыздауға беру, нығыздауға және қалыпқа майды жеткізу, араластырушы барабанға графит ұнтағын салу және тиеу, контейнерді, технологиялық құрал-саймандарды майлау үшін май жеткізу, нығыздалынған құбырларды, нығыздаудан қалған қалдықтарды жинау;

6) жазық оралатын екі жікті құбыр өндіру стандарында – таспа орамдарын моторға кигізу, таспаны дәнекерлеу алдында сүрту, дайын құбырды орағышқа орау және қысу;

7) құбырды балқыта отырып электр-дәнекерлеуші стандарда – балқытушы машиналарға және жиек жонғыш станоктарға жаймаларды беру, дәнекерлеуші агрегаттың астыңғы жастықшасын ауыстыру, ішкі және сыртқы су салқындатқышты шешу;

8) тігу стандарында – дайындамаларды тігер алдында ортаға тарту, ілдіріктерді айырбастау, дайын өнімді станға дайындау жұмысы;

9) автоматты стандарда – гильзаларға тұз себу, ілдіріктерді айырбастау, автоматты стан науасындағы құбырларды көмкеру;

10) дәнекерлеу ұшы жылжымайтын стандарда – құбырлардың ішкі және сыртқы тігістерінен флюсті алып тастау;

11) құбырларды бұрамалы жолмен дәнекерлеу стандарында – орамдарды тарқатушыға, созу белдікшелеріне, түзету машиналарына беру, флюсты дәнекерлеуші ұшқа қарай бағыттау, өңделген флюсты әкету, флюс қабыршағын алу және жинау;

12) дәнекерлі құбыр өндірісінде – таспа орамдарын тарқатушыға беру және оларды жинау, майсыздандыру бойынша барлық операциялар, шаю, күйдіру, таспаны мыстау, құбырды майлау;

13) суық түрде тарту стандарында – құбырларды тарту алдында майлау, оларды көмкеру және көрік сөрелеріне жылжыту (кіші диаметрлі құбырларынан басқа), сүйреу стандарында қармау, түсіру, ілдіргілі өзекті құбырға енгізу, құбырды қармау үшін жүкарбадан люнетке қарай арбаны кері қайтару;

14) дәнекерлеу ұшы жылжымалы стандарда флюсты себу, сондай-ақ қолданылған флюсты бункерге жинау. Флюсті жастықшаның ашық бөлігі тежегіш тілімдермен жабылуы тиіс;

15) баллондар өндіру кезінде – дайындау учаскесіне қоймадан құбырларды жеткізу, құбыр кесуші станоктарға жұмыс беру, дайын өнімдерді пешке тиеу, оларды балға мен өңдеуші машиналарына жеткізу, ыстық пешке баллондарды тиеу, оларды бояу учаскесіне жіберу, бояушы камера арқылы жылжыту механизміне ілу, қылтаны жонып тегістеу, ойманы кесу, жоңқадан және қалған қабыршақтардан тазалау, баллондарды гидро-пневмо сынаудан өткізу және кептіру;

16) құбыр құю өндірісінде – шихта материалдарын түсіру және оларды балқыту агрегаттарына тиеу. Шаңдайтын материалдарды жеткізу пневмо көлікті пайдалану арқылы жүргізіледі;

17) балдақтарды қаптау, қалыптарға шегендеу жасағанда, құбырларды қалыптан алғанда, күйген қалыптаушы топырақты шығару, қалыптаушы және өзекті қоспаларды, бастапқы материалдарды дайындаудың барлық үдерісі. Жүгірткілердің, диірмендердің, көріктердің және термобелсенді қоспаларды дайындауға арналған араластырғыштардың жаппасы және жергілікті сорғышы болуы тиіс;

18) жабу бөлімшесінде – жабу агрегаттарымен жұмыс істегенде атқарылатын барлық операция (шикізаттарды алып келу, тиеу, ванналарды толтыру, ерітінділерді ауыстыру, ванналардың түбін тазалау) түрлері;

19) шегендеу массасын дайындау және оларды құбырдың ішкі бетіне жағу операциялары.

138. Ыстық металды прокаттау кезінде оның параметрлерін қашықтықтан өлшеу және сынама алу, таңбалау, ақауларды алып тастау және дайын өнімдерді қаптау технологиялық операцияларын механикаландыру қамтамасыз етілуі тиіс.

139. Прокат стандарының клеттері шаң тұтқыш құралдармен жабдықталады.

140. Металдарды қол машиналармен тегістеу жұмысы олар шаң тұтқыш құралдармен жабдықталған кезде жүргізіледі, ал мұндай жұмыс жүргізілетін учаскелер жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

141. Металдарды отпен тегістеу бөлінетін зиянды заттарды жоюға және қоршаған ортаны ластанудан қорғауға арналған құрылғылармен жабдықталған механикаландырылған қондырғыларда жүзеге асырылады.

Отпен тегістеу жұмыстарын қолмен істеуге рұқсат етіледі. Мұндай жұмыстар қашықтықтан басқарылатын сору камераларында, камера сыртындағы оттықтарда немесе сору желдеткіштерімен жабдықталған арнайы қоршалған учаскелерде орындалады.

142. Металл ақауларын газ оттықтарымен кесу жұмысы жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталған арнайы алаңдарда орындалуы тиіс.

143. Дайындама өнімдер мен дайын прокатты пневмосаймандармен тегістеуге жол берілмейді.

144. Құюшы шөміштерді жөндеу және кептіру жұмыстары, жану кезінде пайда болатын өнімдерді тұту және сыртқа бұру құралдарымен жабдықталған арнайы стенділерде жүргізіледі.

145. Құбырлар жасытылғаннан кейін оларды салқындату арнайы учаскелерде немесе жылудан қорғайтын экрандар және сорушы желдеткіштермен жабдықталған салқындату камераларында жүргізіледі.

146. Плазмалық кесу үдерісі және олардың қоректену көздері қашықтықтан басқарылуы тиіс.

147. Прокатты және құбырларды маймен жібіту жұмысы сору желдеткішімен жабдықталған, кептіру камерасы бар механикаландырылған қондырғыларда жүргізіледі.

148. Химиялық заттармен өңдеу бөлімшелері ластанған ауаның аралас үй-жайларға енуіне жол бермейтін шаралар көзделген жеке үй-жайларда орналасады.

149. Химиялық заттармен өңдеу бөлімшелерінде:

1) металды берілген бағдарлама бойынша химиялық жолдармен өңдеуге арналған автоматтандырылған қондырғыларды және қашықтан басқаруды қолдану;

2) металды ваннаға батыруды, одан шығаруды, шаюды, бейтараптандыруды және тасымалдауды механикаландыру;

3) металды кептіру және жууға арналған желдеткіші жеткілікті қамтамасыз етілген үздіксіз жұмыс істейтін кептіру-жуу машиналары;

4) күйдіруді басқару постыларын ваннадан шығатын (су, қышқыл) бу әсерінен тыс орындарда орналастыру;

5) пайдаланылған ерітінділерді ағызу және залалсыздандыруды механикаландыру көзделуі тиіс.

150. Өте күшті әсер ететін қышқылдарды (балқығыш, азот қышқылдары және олардың қосындылары және басқаларын) пайдалану барынша шектеулі болуы тиіс.

151. Күйдіру бөлімшелері денеге және киімге түсетін қышқылдарды тез арада шаю үшін ауыз су бұрқақтарымен және раковиналармен жабдықталуы, сондай-ақ қышқыл күйігін алған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы болуы тиіс.

152. Электростатикалық өрісте бояу жұмыстары сору желдеткішімен жабдықталған камерада жүргізіледі.

153. Тас көмір шайырларын және лактарды прокат пен құбырды сылау үшін пайдалануға жол берілмейді.

154. Пештің құрылымы мыналарды:

1) металды пешке салу және оны пештен түсіруді механикаландыруды;

2) пештің механизмдерін қашықтықтан (пультпен) басқаруды;

3) отынды пешке салуды, пеш мойнының торларын тазалауды, пешті шлактан тазалауды және оны (шлакты) алып кетуді механикаландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

155. Пештердің оттық тесіктері жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталады.

156. Бақыланатын ауамен жұмыс істейтін пештер тұмшаланған болуы тиіс. Пештің үздіксіз жұмыс істейтін созылмалы, өтпелі, конвейерлі және басқа түрлері, ондағы қорғаушы газдарды жандыратын және тұтатын құралдармен жабдықталуы тиіс.

157. Өнімдерді шыңдау агрегаттарына жіберу механикаландырылған тәсілмен жүзеге асырылады.

158. Шыңдау пештерінің сору желдеткіші бар берік жапқышы болуы тиіс.

159. Мырышталған құбырларды тексеруге арналған сұрыптау бөлімдері мырыш жалату бөлімдерінен оқшаулатылады.

160. Дайын өнімдер қоймасы прокат пен құбырларды механикаландырылған жолмен пакеттеп жинау және буып орауға арналған учаскелермен жабдықталуы тиіс. Қалталар мен түсіру құралдарының құрылымы құбырларды, дайын өнімдерді шусыз лақтыруды қамтамасыз етуі тиіс.

161. Жаңадан салынып жатқан, қайта жаңартылатын прокат және құбыр цехтарында сынапты түзеткіштерді пайдалануға жол берілмейді.


 

12. Метиз өндірісінің жабдықтарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


162. Сым созу бөлімдерінде мынадай үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру көзделеді:

1) бунт созбасын және сымдарды, сондай-ақ сым оралған катушкаларды тасымалдау;

2) катушкалар мен сым орамдарын тарқатушы қондырғыларға орнату, оларды ораушы құралдардан түсіру, құрылымдардан орағыш қондырғыларды алғанда, сымдарды кесу;

3) сым орамдарын қаптау;

4) созу кезінде сымдардың жуандығын бақылау.

163. Таяқша металды (калибровка) созатын стандарда майлау, таяқша металды беру механикаландырылады.

164. Сым темір арқанын және металл өру өндірісінде сым талшығын өру, катушканы ауыстыру, созу, түптерін кесу, сым орамдарын катушкаға орау, сұрыптау, сым темір арқанына және олардың қабына қорғағыш зат жалату, сондай-ақ сым темір арқанын майлау үдерісі, майды жеткізу және онымен сым өткізгіш ванналарды толтыру операциялары механикаландырылуы тиіс.

165. Сым темір арқанына май жағуға арналған сым өткізгіш ванналар майдың жануын болдырмайтын бақылау және температураны автоматты түрде реттеу құралдарымен жабдықталады.

166. Бекіту бұйымдарын шығару өндірісіндегі шеге престері, шегелерді тазалайтын, жалтырататын және бекіту бұйымдарына тоттандырмайтын, сәнді жабындармен жабатын (гальваникалық, мырыштату, қалайылау, бояу т.б. орындар) құралдары оқшауланған үй-жайларда орналасуы тиіс.

167. Тор өндіретін цехтарда мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) металдарды дайындау қоймаларындағы тиеу, түсіру және тасымалдау жұмыстары;

2) металдарды стандарға, қайшыға және басқа да технологиялық агрегаттарға жеткізу;

3) дайын өнімдерді түсіру;

4) дайын торларды бақылау машиналарына тасымалдау;

5) дайын өнімдерді қаптау, тиеу.

168. Салмағы 20 килограммнан (бұдан әрі кг) аспайтын сым орамдарын қайта орайтын машиналардың бейіндеріне қондыру немесе ілу үдерісі механикаландырылуы тиіс.

169. Металл жалатылған (мырыш және басқалары) сым негіздерін ұршыққа ораған кезде ұршық машинасының кареткасы май сүрткішпен және жергілікті сорғышпен жабдықталады.

170. Қуысты торлар өндіру кезінде оттық дайындау автоматты желілерде жүргізіледі.

171. Торларды таспалы тасымалдауыштарда өндіру кезінде орамдағы таспаны майлау, майларды жинауға арналған астаушалармен жабдықталған сыйымдылықтарда батыру әдісімен жүргізіледі. Ондай астаушалар сыйымдылықтардан бастап тормен және май жинағыш құралдармен қамтамасыз етілген майланған торларды сақтайтын орынға дейін орналасады.

172. Суықтай тегістелген және майыстырылған (жаншылған) таспа өндірісінде ұзынынан кесу агрегаты металды беру, металды, кесілген сымдарды жинау, кесілген ораманың бунттарын буу және көмкеру жұмыстары механикаландырылып, қашықтықтан басқарылуы тиіс.

173. Сымдарды майыстыру (жаншу) стандары жергілікті сору желдеткішімен қамтамасыз етіледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Похожие:

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы