Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница2/35
Дата конвертации12.12.2012
Размер6.23 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
7^ . Агломерат және теміркенді шекемтастар өндіретін жабдықтарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

57. Агломерациялық машиналарды, тас елеуіштерді, шихта ұсатқыштарды, қуаттандырғыштарды, төсегіштерді даярлаушы зауыт қоса жабдықталған жергілікті сорғыларымен жеткізуі тиіс.

58. Агломерациялық машина учаскесінің көрік орналасқан аумағында жұмыскерлерді инфрақызыл радиацияның әсерінен қорғауға арналған шаралар көзделеді.

59. Агломерациялық машина коллекторының бункерлеріндегі және технологиялық газбен тазалау аппараттарындағы тозаңды, сондай-ақ агломерациялық таспаның бос жүрісі кезінде оның астына жиналған шашындыларды тасымалдау, шаңның пайда болуын болдырмайтын, ылғалды немесе басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

60. Технологиялық үдерісте салқындатылған агломераттың берілуі көзделуі тиіс. Салқындату мақсатында агломерат қатпарлары арқылы ауаны үрлеу қолданылған кезде салқындатқыш аппараттың бүкіл ұзындығы бойымен қоршаған ортаға шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін арнайы шаралар көзделеді.

61. Барлық шихта материалдары ылғалдандырылады немесе оның шаң-тозаң жасау сипатын төмендететін басқа да құралдар қолданылады.

62. Шихтаны алғашқы араластыратын барабанды кері қайтара отырып, жылытуды қолданған кезде, кері қайтару затын бөлетін таселеуіштерге жақын болуы тиіс, ал ыстық кері қайтару заты берілетін трактың өн бойында тасымалдауышқа артық күш түспеуі тиіс.

63. Жылжымалы түсіргіш арбалар, түсіретін және тиейтін бөлшектерін қамти отырып, жаппа және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.

64. Құрамында темір бар шихтаның, коксиктің және басқа да ұсақталған материалдардың бөліктерін, сондай-ақ агломераттар мен шекемтастарды іріктеуге арналған таселеуіштер, тиейтін, түсіретін тораптарды қоса алғанда сорғыш аспаптармен жабдықталған жаппа астында орналасуы тиіс.

65. Машиналардан агломераттар мен шекемтастарды беруге арналған науалар, сору жүйесіне немесе агломерациялық (күйдіру) машиналардың жабық орындарына қосылған жабық құрылымда жасалуы тиіс. Агломераттарды (шекемтастарды) вагонға тиеу тораптары, қоршаған ортаға шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін сорғыш жүйелермен жабдықталуы тиіс.




^ 8. Домна өндірісі құрал-жабдықтарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


66. Жаңадан салынып жатқан және қайта жаңартылатын домна пештеріндегі шихта материалдары қоймадан және осы объектінің өнеркәсіптік алаңдарында орналасқан басқа да өндірістерден шихта берілетін бөлімге тасымалдауыш таспалар немесе үздіксіз жұмыс істейтін көліктердің басқа түрлері арқылы жеткізілуі тиіс.

67. Шихта материалдарын көліктердің үздіксіз жұмыс істейтін түрімен жеткізу кезінде бункер үстіндегі үй-жайлар жабулы және жылу көзімен қамтамасыз етілуі тиіс. Бункерлерге тиеуді басқару қашықтықтан бақылау арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Бункерлердің тиегіш ойықтары тиеу үдерісі кезінде шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін, шихта материалдарын жабық түрде енгізетін сорғыш жаппалармен жабдықталады.

68. Бункерлер бункерді босатқыш құрылғыларымен бірге жасалған автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Пайдалану барысына бункердегі шихта материалдарының жоғарғы шекарасы тиелген материалдардың 3,5 м аспайтын еркін құлауы биіктігін қамтамасыз ететін деңгейде тұрақты түрде сүйемелденіп отырады. Бункерлердің толық босатылуына тек домна пештеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтату кезінде ғана жол беріледі.

69. Жекелеген домна пештерінің бункерасты үй-жайлары жел өтінің және шаң-тозаңды ауаның таралуына жол бермеу үшін бір бірінен оқшаулануы тиіс.

70. Бункерасты үй-жайларда шихта конвейерлік жолмен берілген кезде бункерлердің түсіруші бөліктері, дірілді таселеуіштер, қоректендіргіштер, таразылау құйғыштары, шихта материалдарының конвейерлері және еленген ұсақ заттарды сыртқа шығарушы тасымалдауыштар, сондай-ақ олардың арасындағы жеңілдеткіш тораптар сорғыш жаппалармен жабдықталады, соңғылары орталықтандырылған сорушы желдеткіш жүйесіне қосылады.

71. Шихта таразы-вагон арқылы берілген кезде (бункерлерді толтырғанда немесе оны шихтадан босатқанда) шығарылатын ауаны сыртқы атмосфераға жіберу алдында шаңнан тазарту, қалдықтар жинаушы шұңқыр үстінде шаңның бөлінуін болдырмау шаралары арқылы көзделеді.

72. Таразы-вагонның кабинасы саңылаусыз, жылу сақтайтын болуы тиіс, бақылау жүргізетін ойықтар тұнық, жылу өткізбейтін материалдармен жабылуы, және машинистің тыныс алу аумағына бапталған ауа беру құралымен жабдықталуы тиіс.

73. Бункерүсті және бункерасты үй-жайларында оң температураны тұрақты сақтауды қамтамасыз ететін және жергілікті сорғыш желдеткіштер жұмысының орнын толтыратын сыртқы ауаны мәжбүрлеп беру жүзеге асырылуы тиіс.

74. Қалдықтар жинаушы шұңқыр шихта беретін барлық үй-жайлардан оқшауланады. Қалдықтар жинау және тиеу құрылғыларының құрылысы шихта материалдарының төгіліп-шашылуына жол бермеуі тиіс. Қалдықтар жинаушы қойылатын орындар және тиеуші астаушалар сорғышты жаппалармен жабдықталады.

75. Шихта беру бөлімшесінен еленген ұсақ материалдар сол өнеркәсіптік алаңда орналасқан басқа өндірістерге шығару галереялар бойымен тасымалдауыштар жүйесі арқылы жіберіледі, артық жүк көлемі мейлінше аз болуы тиіс.

76. Шойын ағын өзектерінің құтысын ажырату немесе толтыру, сынықтарын жинау, құю ауласын және теміржол тораптарын тазалау, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, арықтар мен науаларды күтіп-ұстау, жөндеу бойынша барлық операциялар механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

77. Шойын-шлак ағын өзектің, басты арықтың, шөміш және тостағандар қойылатын орындардың үстін жергілікті сору желдеткішімен жабдықтау көзделеді.

78. Шойын және арықтары және басқа да ыстық беттер үстіндегі шағын өтпелі көпірлер жылудан қорғалуы және бүйір жақтарынан биіктігі 1 м кем емес жылу өткізбейтін материалдармен қоршалуы тиіс.

79. Құю ауласының шет жақтарында орналасқан шойын науалардың ағызу тұмсықтарымен жұмыс істеу үшін жылудан қорғағыш экрандары бар алаңшалар көзделеді.

80. Құю ауласы ғимараттарының қабырғасы жанынан адамдардың өтуі үшін науалар деңгейінен жоғары алаңшалар көзделеді. Науалар мен шөміштердің жанындағы өткелдер жылудан қорғаушы экрандармен қоршалады.

81. Құю ауласындағы көтергіш крандарды басқару қашықтықтан жүргізіледі.

82. Радиоактивті заттармен ластанған шегендерді алып тастау кесу арқылы жүргізіледі. Шегендерді бөлшектеу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Алынып тасталған шегендерді радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлерге салып, оларды көмуге арнайы бөлінген орындарға жіберіледі.

83. Қақты және ауа үрлеушінің тұмшалануын бақылау, үшін автоматты үздіксіз бақылау жүйесі көзделеді.

84. Шаң тұтқыштарда жиналған шаңдарды түсіру және оны тасымалдау жұмыстары қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

85. «Снорт» салқын ауа үрлегіш құбырының ауа жеңілдеткіш клапанын басқару пульті домна пеші басқарылатын үй-жайда және пеш жанындағы жұмыс алаңында орналасады.

86. Үйінділерінде немесе қож өнімдерін өндіретін қондырғыларда домналық және балқытылған болат шлактарын ағызу кезінде шөміштерін қозғау, шлакты түйіршіктейтін қондырғылардағы жинайтын крандармен жұмыс істеу және түйіршіктейтін аппаратқа су беру қашықтықтан басқару тәсілімен арнайы постылардан жүзеге асырылады.

87. Шлакты шөмішсіз жинаған кезде науаның жылу өткізбейтін жаппасы болуы тиіс.





^ 9. Ферроқорытпалар өндіретін жабдықтарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


88. Көп тонналық ферроқорытпаларды қорыту ферроқорытпалардың тек бір түрін қорыту үшін арнайы мамандандырылған балқыту корпустарында жүзеге асырылуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған цехтарда әртүрлі ферроқорытпаларды бір корпуста қорыту кезінде олардан бөлінетін өндірістік аэрозольдар ұқсастығына қарай топтастырылады.

89. Жұқа дисперсиялы шихта материалдарын қолдану шектеулі болуы тиіс. Ұсақ түйіршікті хром және басқа да кен түрлері кесек түрінде пайдаланылады.

90. Өндірісте мынадай үдерістерді автоматтандыру көзделеді:

1) бункердегі сусымалы материалдардың деңгейін бақылау, пешке түсетін шихта материалдарын тиеу және мөлшерлеу жұмыстары;

2) ферроқорыту пештерінің жұмыс режимін басқару;

3) мөлшерлі феррохромды оттегімен үрлеу конвертерінің жұмысын бақылау.

91. Пеш қалталарына шихта жеткізетін өзі тиелетін арбалар сорғышты жаппалармен жабдықталады.

92. Пеш қалталары шихта толтыру кезінде пештен шығатын газдар мен шаңдарды тұтуды қамтамасыз ететін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

93. Қорыту технологиясын жабық режимде жүргізу көрсетілген қорытпалар тек жабық пештерде ғана қорытылуы тиіс.

Жабық пештің корпусы мен күмбезі тұмшаланған болуы тиіс. Пеш күмбезінің астында тұрақты қысым және сұйылту автоматты түрде сүйемелденеді.

94. Өндірісте мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) газ жүретін жолдарды тазалау. Пештерге қосымша шихта қосуды қолмен тиеуге жол берілмейді;

2) жұмыс істеп тұрған ашық пештердің мойнымен жұмыс істеу кезінде атқарылатын барлық жұмыс түрлері (шихтаны тегістеу, пеш қабырғаларын қайта үру), сондай-ақ пештердің ағын өзектерін тесу, жабу жұмыстары;

3) графиттелген электродтарды ұзарту;

4) пеш ванналарынан ферровольфрамды қалқып алу;

5) шөмішті өндірістік үй-жайларда немесе арнайы учаскелерде тазалау;

6) дайын өнімдерді текшелеп жинау және тиеу;

7) бункерүсті торларынан металл қосындыларын жинау;

8) металл қалдықтарын ұсақтау және електен өткізу. Бұл кезде қалдықтар қорыту бөліміне ерітуге дайын күйінде түсуі тиіс;

9) шихтаны жабық үздіксіз үдерісте дайындау жұмыстарын (шихта салынған барабандарды немесе қаптарды ашу, шихта компоненттерін араластыру, өлшеу, араластыру, шихта материалдарын қорыту ыдыстарына тасымалдау, төгу) қашықтықтан басқару.

95. Электродтарды қайта іске қосу автоматты түрде немесе қашықтықтан басқарылады.

96. Барлық пештер қорыту және пештен шығару кезінде пештегі газдарды сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

97. Тазалағыш пештерде сору зонттары пеш қабырғасының жанына тікелей орналастырылуы тиіс. Пеш мойнын күтіп-ұстау үшін зонт қабырғасында автоматты ашу жүйесімен жарақталған жылжымалы есікшелері бар жұмыс ойықтары көзделеді.

98. Кенді қалпына келтіруші ашық пештің барлық периметрі бойынша зонттың төменгі жиегінен бастап пеш шахтасының ернеуіне дейінгі аралық жылуды өзіне тартатын экрандармен немесе перделермен жабдықталады.

99. Түсіру машинасының құрылысында машинисті жылу сәулесіне шалдығудан қорғау шаралары көзделуі тиіс. Электродтар мен жұмыс алаңдарының төбе жаппасы аралығындағы қуыстар берік жабылады.

100. Өзі пісетін электродтардың қабына электродтық массаны жеткізу және тиеу механикаландырылуы және автоматтандырылуы тиіс.

101. Өзі пісетін электродтар қабының жоғарғы тұсы тұмшаланған жапқыштармен және мерзімді түрде жұмыс істейтін сорушы жүйелермен жабдықталуы тиіс. Өзі пісетін электродтардың қабын жуандату (ұзарту), электродтық массаны тиеу жергілікті сору желдеткіштері жұмыс істеп тұрған кезде ғана жүргізіледі.

102. Электрод массасын таспалы науаларды шегендеу үшін пайдалануға жол берілмейді.

103. Көрікшінің жұмыс орны жылу қайтаратын экрандармен және ауа арқылы себезгілейтін қондырғылармен жабдықталады.

104. Шөміштерден салқындалған шлак гарниссажын шығару жұмыстары, жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталған тұрақты орындарда жүргізіледі.

105. Ағызар алдында шөміштердегі ыстық металдың үстін шлакпен немесе құммен жабу механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

106. Ферроқорытпаларды түйіршіктеу шөмішті айналдыруға қажетті механизммен, сондай-ақ бу мен зиянды заттарды жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған қашықтықтан басқарылатын қондырғыларда жүргізіледі.

107. Құюшы машиналардың қорытылған металл құйылған шөміштерінің үсті сорушы жаппалармен жабдықталуы тиіс.

108. Әк сүтін дайындау және оны цехқа жіберу механикаландырылған тәсілмен, ал құю машинасының құймақалыбына су себу автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.

109. Өздігінен бытырайтын шлактар қорыту корпустарынан шөмішке немесе жинағыштарға салынып сұйық күйінде шығарылады. Ашық шлак орнындарында шлактардың суып қалуына жол берілмейді. Өздігінен бытырайтын шлактар толтырылған шөміштер мен жинағыштардың салқындауы үшін жабық эсткадалар көзделеді.

110. Қорытпаны араластыру жұмыстары қашықтықтан басқарылатын, жергілікті сору желдеткіші бар жабық түрдегі агрегаттарда жүргізіледі.

111. Қорытпаларды қолмен сұрыптау және тазалау жұмыстары, жергілікті сорғышпен жабдықталған, отырып жұмыс істеуді қамтамасыз ететін үстел үстінде жүргізіледі.

112. Шлактарды суыту, тарту және тиеу жұмыстары арнайы бөлімшелерде (шлакты ажырататын цехта) жүргізілуі тиіс. Өздігінен бытырайтын шлактар қорыту корпусынан шлакты тартатын цехқа дейін кәсіпорын аумағындағы ауаның ластануына жол бермейтін тәсілдермен тасымалданады.

113. Қождарды цех ішінде тасымалдау көліктердің жабық түрлері арқылы жүзеге асырылады, ал оны тұтынушыларға жіберу үшін тиеу, тасымалдау, түсіру кезінде шаң-тозаңды болдырмайтын арнайы жабық вагондар, автокөліктер пайдаланылады.

114. Қождарды қаптау жұмысы толық түрде механикаландыру, автоматтандыру тәсілдерімен жүргізіледі.

115. Қождарды вагондарға тиеу, тиелетін қождың деңгейін қашықтықтан бақылау жүйесі бар механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

116. Табиғи радиоактивті элементтері бар шихтаны дайындау, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылады.

117. Қорытпаларды тазалау алдында оларды суыту жұмыстары жылудан қорғағыш экрандармен жабдықталған және жергілікті желдету жүйесі бар тұрақты орындарда жүргізіледі.

118. Балқытушылардың, көрікшілердің, күйдіретін және кептіретін пештерді толтырушылардың, алюминий балқытатын пештердің, құю машиналары машинистерінің жұмыс орнындарында ауа себезгісі көзделуі тиіс.

119. Пеш мойнына шихта толтыратын тұрақты орны жоқ кенді қайта қалпына келтіруші ашық пештердің жанында ауамен себезгілеу пештің бүкіл периметрі бойынша көзделеді.




10. Болат балқыту өндірісінің құрал-жабдықтарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


120. Өндірісте мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) сусымалы материалдар мен ферроқорытпаларды тиеу, түсіру операциялары;

2) вакуумдық камераларды тазалау;

3) дайындамаларды үздіксіз құятын машиналармен (бұдан әрі – ДҮҚМ) кристаллизаторларға арналған жағар май материалдарын беру;

4) шөміштерді жұмысқа дайындау операциялары.

121. Құрамында қауіптілігі I және II сыныпты зиянды заттар бар немесе газ күйіндегі зиянды заттар бөлетін қоспаланған материалдар шихта бөлімшесіне өлшеп оралған түрде немесе саңылаусыз жабық ыдыста жеткізіледі.

122. Бункерлерден сусымалы материалдарды конвертерлерге жеткізу жұмыстары дозалауды қашықтықтан басқара отырып, жабық әдіспен жүзеге асырылады.

123. Болат қорытатын агрегаттар, шаң мен газдың жұмыс терезелері немесе технологиялық тесіктер (және электродоғалы пештер күмбезіндегі электрод кіретін және үрлейтін тесіктерді қоса алғанда) арқылы өндірістік үй-жайларға, оның ішінде конвертерді оттегімен үрлеу және оның үю орындарына енуіне жол бермеуді көздейтін құралдармен жабдықталады.

124. Болат балқыту агрегаттарын толтыру кезінде шаң мен тозаңды ұстау және шығару шаралары көзделеді.

125. Үюші машиналар машинистерінің жұмыс орындары жылу сәулесіне шалдығудан қорғалуы тиіс. Болат шығаратын науа және құюшы шөміш қойылатын орын жаппалармен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.

126. Болат шығаратын науа алмалы-салмалы болуы тиіс, оны жөндеу жұмыстары суытылғаннан кейін арнайы жабдықталған учаскеде жүзеге асырылады.

127. Болатты вакуумдеуге арналған қондырғыларды басқару қашықтықтан жүргізіледі.

128. Балқыған болатты құю әдісі ДҮҚМ -мен жүзеге асырылады.

129. ДҮҚМ-ның ыстық камерасының және болат балқытушы агрегаттардың барлық жұмысшы алаңдарындағы басқару постыларының бақылау терезелері жылудан қорғау құралдарымен жабдықталады.

130. ДЗҮҚМ-мен металдарды слябтарға құю кезінде газбен кесуді басқару пульті газбен кесушіге слябтың енсіз жағы қарайтындай етіп орналасатырылады. Газбен кесушінің жұмыс орны газбен кесу аймағының рұқсат етілген технологиясы бойынша тұнықтығы неғұрлым аз экранмен жабдықталуы тиіс.

131. Құймақалыпты тазалау және майлау операциялары механикаландыру тәсілімен жүзеге асырылады және жергілікті сору құралдарымен жабдықталады. Құймақалыпты және оның астындағы орынды үрлеу арқылы тазалауға жол берілмейді.

132. Қожға арналған шұңқырға төгу немесе платформаға тиеу кезінде барлық жұмыс фронты бойына қожға су себу қолданылады.

133. Негізгі өндірістік үй-жайлардағы шаң-тозаң орталықтандырылған вакуум жүйесінің көмегімен немесе сумен шаю арқылы жүргізіледі. Шаңды сығылған ауамен үрлеуді қолдануға жол берілмейді.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Похожие:

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы