Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының
страница3/5
Дата конвертации12.12.2012
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5
5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.

Тақырыптық тексеру - тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың

25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.

6. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде бекіткен жоспар тексерілетін субъектілерге жоспарлы тексеру тағайындау үшін негіз болады.

7. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

1) тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттарынан адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілгені туралы не зиян келтіру қатері туралы ақпарат пен өтініштер алу;

3) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғағаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;

4) тексерілетін субъектінің өз қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;

5) егер тексерілетін субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жүргізу белгіленбеген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;

6) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайталама тексеру;

7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер;

8) салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында айқындалған мәліметтер мен мәселелер негіз болып табылады.

8. Жоспардан тыс тексерулер иесі көрсетілмеген өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.

10. Эпидемия, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда объектілерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.

Тексеруді тағайындау туралы акті тіркелетін жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі.

12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін санамаланған негіздер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

13. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

 

^ 17-бап. Тексерулерді тағайындау туралы акт

1. Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

2. Тексеруді тағайындау туралы актіде:

1) актінің нөмірі мен күні;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;

4) тексерулер жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет;

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін

5) тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.

Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы және орналасқан жері көрсетіледі.

6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

7) тексеру жүргізудің мерзімі;

8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

9) тексерілетін кезең;

10) осы Заңның 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.

 

^ 18-бап. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу

1. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органында міндетті түрде тіркеледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу есептік сипатта болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.

Тексеруді тағайындау туралы актінің тіркелуі осындай тексерудің заңдылығына дәлел болып табылмайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық қызметі органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеледі.

Тексерудің тағайындалғаны туралы актілерді тіркеу, тоқтата тұру, қайта жаңарту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаны және тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпараттық есептік құжаттарды ұсыну тәртібін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

3. Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

^ 19-бап. Тексеруді жүргізу тәртібі

1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) тармақшаларында, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге хабарлауға міндетті.

2. Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін;

3) қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті органның рұқсатын;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;

5) жоспарлы тексеру кезінде тексеру парағын көрсетуге міндетті.

Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі.

3. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.

Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.

4. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады. Бұл ретте тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы тексерілетін субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін, ауыстыру себебі көрсетіле отырып, хабардар етіледі.

 

^ 20-бап. Тексеру жүргізу мерзімі

1. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, олар үшін салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер - он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

2) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.

Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.

Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі мәні бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.

Тексерілетін субъектіні тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.

Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерілетін субъектіні тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.

Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.

 

^ 21-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу тәртібі

1. Бақылау және қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу, оның ішінде іріктеп алынатын үлгілердің саны нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының өнімге және өнімдерді сынақтан өткізу әдістеріне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

2. Өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерілетін субъект басшысының немесе өкілінің және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізеді және өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталады.

Өнімдердің іріктеп алынған үлгілері жинақталған, буып-түйілген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиіс.

3. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық даналарына өнімдердің үлгілерін іріктеп алған лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не өкілі қол қояды.

Іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнімнің үлгілерімен бірге сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы тексерілетін субъектіде қалады.

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.

4. Іріктеп алынған өнімдердің үлгілерін сақтау және тасымалдау осы үлгілерді сараптау (талдау, сынақтан өткізу) жүргізілетін өлшемдерді өзгертуге тиіс емес.

Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

5. Өнімдердің үлгілерін іріктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

6. Сараптама нәтижелерімен тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарды бұзу фактісі расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізу жөніндегі шығыстарды өтеуге міндетті.

7. Тексерілетін субъекті өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргізуге уәкілетті ұйымда өзінде қалған үлгіге сараптама (талдау, сынақ) жүргізе алады.

Бақылау және қадағалау органы және тексерілетін субъект жүргізген сараптамалар нәтижелерінің алшақтықтары туралы дау сот тәртібімен шешіледі.

 

^ 22-бап. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде:

1) жасалу орны және күні;

2) соның негізінде өнімдердің үлгілерін іріктеу жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешімінің нөмірі және күні;

3) өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

4) өнімдердің үлгілерін іріктеу жүргізілетін тексерілетін субъектінің атауы және орналасқан жері;

5) тексерілетін субъект уәкілетті адамының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты;

6) өндірушіні, өндіру күнін, партияның сериясын (нөмірін), үлгілердің жалпы құнын көрсете отырып, іріктеп алынған өнімдер үлгілерінің тізбесі және саны;

7) буып-түю түрі және мөрдің (пломбының) нөмірі көрсетіледі.

 

1   2   3   4   5



Похожие:

Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 12. 07. 2012 14: 21: 06 Қазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау...
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 21. 05. 2012 19: 31: 56 Қазақстан Республикасының
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 15. 03. 2012 17: 02: 00 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 13. 04. 2012 15: 41: 15 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы