«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi



Название«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Дата конвертации03.11.2012
Размер192.35 Kb.
ТипРегламент
источник


Облыс әкімдігінің

2011 жылғы «30»желтоқсан №399 қаулысына 3-қосымша


Облыс әкімдігінің

2011 жылғы «30»желтоқсан №399 қаулысымен бекітілген


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

1. Осы «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» Регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесi ұғымдар қолданылады:

1) уәкiлеттi орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi;

2) тұтынушы – жеке адамдарға: Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектерi теңестiрiлген адамдар;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлер;

iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдар;

жалпы аурудан мүгедек болғандар;

бала жасынан мүгедектер;

мүгедек балалар;

жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер.


^ 2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 – бабының  4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

3. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді, орталықтардың мекенжайлары осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

6. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 22-бабы және «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысы негiзiнде ұсынылады.

7. Өтініш беруші алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

^ 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша қойылатын талаптар

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселесi бойынша, мемлекеттiк қызметтi көрсету барысы туралы ақпаратты орталықтан немесе уәкiлеттi органнан алуға болады олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесi осы Регламенттiң 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушының осы Регламенттiң 14-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәтiнен бастап:

уәкiлеттi органда – он жұмыс күнi iшiнде;

орталықта – он жұмыс күнi iшiнде (құжатты қабылдаған күн мен (нәтижесiн) берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) тұтынушы өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн (талон алғанға дейiн) күтудiң ең көп шектi уақыты 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең көп шектi уақыты уәкiлеттi органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:

1) тұтынушының протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмағанда, орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда;

4) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11.Тұтынушыдан мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн тапсырған сәтке дейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi:

1) тұтынушы уәкiлеттi органға немесе орталыққа өтiнiш бередi;

2) орталық өтiнiштi тiркейдi және уәкiлеттi органға тапсырады.

3) уәкiлеттi орган алынған құжаттарды тiркейдi, орталықтан немесе тұтынушыдан алған өтiнiштi қарастыруды жүзеге асырады, дәлелдi бас тарту әзiрлейдi немесе хабарлама ресiмдейдi, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн орталыққа немесе уәкiлеттi органға жүгiнген кезде тұтынушыға тапсырады;

4) орталық тұтынушыға хабарлама немесе дәлелдi жауап тапсырады.

12. Орталықта және уәкiлеттi органдағы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санының ең төмен саны бiр қызметкердi құрайды.

^ 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысындағы iс-әрекеттер
(қарым-қатынастар) тәртiбiнiң сипаттамасы

  13. Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Құжаттарды уәкiлеттi органда қабылдау уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.

Барлық қажет құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:

1) уәкiлеттi органда – мемлекеттiк қызмет алуға тұтынушы тiркелген және алатын күнi, қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi;

2) орталықта:

сұраудың нөмiрi және қабылдаған күнi;

сұралатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;

құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

14. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн:

1) осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн көрсете отырып, өтiнiш, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (жеке сәйкестендiру нөмiрi болғанда);

2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) мүгедектер, оның iшiнде мүгедек балалар үшiн – мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрменi;

  4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар үшiн – белгiленген үлгiдегi куәлiктiң көшiрмесiн;

5) Ұлы Отан соғысы қатысушылары үшiн – протездiк-ортопедиялық көмек көрсету қажеттiлiгi туралы тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйым қорытындысының көшiрмесiн;

6) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы актiнiң көшiрмесiн және жеке кәсiпкер – жұмыс берушi қызметiн тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат ұсынады.

Құжаттардың көшiрмелерi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

  Уәкілетті органда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

  Орталықта бланкілер күту залының арнайы тағанында, не орталықтың консультанттарында болады. 

15.Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi – ҚФБ):

1) орталықтың инспекторы;

2) орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы;

3) уәкiлеттi орган басшылығы;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.

16. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген.

^ 5. Мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн лауазымдық
тұлғалардың жауапкершiлiгi

18. Уәкiлеттi органның басшысы және орталықтың басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлғалар) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлғалары болып табылады.

      Лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтi көрсетiуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiленген мерзімдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетуді жүзеге асыруға жауапты.


«Мүгедектерге протездiк-
ортопедиялық көмек ұсыну
үшiн оларға құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет
регламентiне
1 - қосымша

^ Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша уәкілетті органдардың тізбесі


Р/с



Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі


Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1


Атырау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атырау қаласы,

Шәріпов к-сі 4

zanayt@mail.ru


8-7122

45-02-00

45-04-67

45-04-68


Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн

сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін

2

Жылыой ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жылыой ауд.

Құлсары қ.

Әбдірахманов к-сі 1

zhylyoizhumyskz@mail.ru

8-71237

4-86-95

4-84-07


3

Индер ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Индер ауд.

Индербор кенті,

Қонаев к-сі 16 inderzan@mail.ru

8-71234

2-14-60

2-04-76

4

Исатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Исатай ауд.

Аққыстау кенті,

Ынтымақ к-сі 23

isatai_raisobes@mail.kz

8-71231

2-06-42

2-05-65

5

Қызылқоға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қызылқоға ауд.

Миялы ауылы,

Мәмедов к-сі 1

gulfaruz@mail.ru

8-71238

2-15-43

2-19-81

2-12-29

6

Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Құрманғазы ауд. Ганюшкин ауылы, Болашақ к-сі 15

otdzisp@mail.ru

8-71233

2-51-45

2-53-87

7

Мақат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мақат ауд.

Мақат кенті,

Орталық ал. 2

tolkin_makat@mail.ru

8-71239

3-02-98

3-20-99

3-01-46

Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн

сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін

8

Махамбет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Махамбет ауд.

Махамбет ауылы, Жеңістің 50 жылдығы

к-сі 18

Mahambet_Zan@mail.ru

8-71236

2-12-98

2-19-93

2-18-25



«Мүгедектерге протездiк-
ортопедиялық көмек ұсыну
үшiн оларға құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет
регламентiне
2 - қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі

халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі



р/с


Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

^ Заңды мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

ХҚКО РМК филиалының облыстық бөлімі

Атырау қ. Сәтпаев даңғ. 23үй

8(7122) 213467

2

ХҚКО РМК филиалының №1 қалалық бөлімі

Атырау қ. Баймұханов к-сі. 16а үй

8(7122) 357505

3

ХҚКО РМК филиалының №2 қалалық бөлімі

Атырау қ. Балықшы кенті, Байжігітов к-сі. 80а үй

8(7122) 243490

4

ХҚКО РМК филиалының Индер аудандық бөлімі

Индер кенті, Мендіғалиев

к-сі 30үй

8(71234) 21296

5

ХҚКО РМК филиалының Махамбет аудандық бөлімі

Махамбет селосы, Абай

к-сі 10 үй

8(71236) 22496

6

ХҚКО РМК филиалының Қызылқоға аудандық бөлімі

Миялы селосы,

Абай к-сі 1 үй

8(71238) 22046

7

ХҚКО РМК филиалының Жылыой аудандық бөлімі

Құлсары қ. Бейбітшілік

к-сі 8үй

8(71237) 50354

8

ХҚКО РМК филиалының Құрманғазы аудандық бөлімі

Ганюшкин селосы, Есболаев к-сі 66а үй

8(71233) 20513

9

ХҚКО РМК филиалының Мақат аудандық бөлімі

Мақат кенті, Орталық

к-сі 2үй

8(71239) 32297

10


ХҚКО РМК филиалының Исатай аудандық бөлімі

Аққыстау селосы, Қазақстан к-сі 9 үй

8(71231) 21670

Қысқартулардың атауы:

ХҚКО РМК филиалы - Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы

«Мүгедектерге протездiк-
ортопедиялық көмек ұсыну
үшiн оларға құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет
регламентiне
3 - қосымша


Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

^ 1 Кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiн сиппатау

Негiзгi үрдiстiң (жұмыс барысының, ағымының) iс-әрекеттерi

Iс-әрекеттiң (жұмыс
барысының, ағымының)


1

2

3

ҚФБ атауы

Орталықтың
инспекторы

Орталықтың жинақтаушы
бөлiмiнiң
инспекторы

Орталықтың жинақтаушы
бөлiмiнiң
инспекторы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң, рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Құжаттарды
қабылдау

Журналға қол
қояды және
құжаттарды
жинайды

Тiзiлiм жасайды
және құжаттарды
жолдайды

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Журналға
тiркеу және
қолхат беру

Жинақтау
бөлiмiне
құжаттар
жинау

Құжаттарды
уәкiлеттi
органға жолдау

Орындау мерзiмдерi

30 минут

Күнiне 3 рет

Күнiне екi
реттен кем
емес

Келесi iс-әрекеттiң
нөмiрi

2

3

4



кестенiң жалғасы

Негiзгi үрдiстiң (жұмыс барысының,ағымының)iс-әрекеттерi

Iс-әрекеттiң
(жұмыс барысының,
ағымының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкiлеттiң
органның
жауапты
орындаушысы

Уәкiлеттi
органның
басшылығы

Уәкiлеттi
органның
жауапты
орындаушысы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң, рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Құжаттарды
қабылдау,
тiркеу

Хат-хабармен
танысу,
орындау үшiн
жауапты
орындаушыны
анықтау

Құжаттардың
толықтығын
тексерудi iске
асырады, бас
тарту туралы
дәлелдi жауап
әзiрлейдi
немесе
хабарлама
ресiмдейдi

Аяқтау түрi
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Бұрыштама қою
үшiн
құжаттарды
басшылыққа
жолдау

Бұрыштама
қою, жауапты
орындаушыға
жiберу

Құжаттарды
басшылыққа
тапсыру

Орындау
мерзiмдерi

1 сағат

1 сағат

Тоғыз жұмыс
күнi iшiнде

Келесi
iс-әрекеттiң
нөмiрi

5

6

7



кестенiң жалғасы

Iс-әрекеттiң №
(жұмыс барысының,
ағымының)

7

8

9

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi
органның
басшылығы

Уәкiлеттiң
органның
жауапты
орындаушысы

Орталықтың
инспекторы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң,
рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Хат-хабармен
танысу

Хабарламаны
Мүгедектерге
протездiк-
ортопедиялық көмек
ұсыну үшiн
оларға
құжаттарды
ресiмдеу
кiтабында
тiркеу, бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты немесе
хабарламаны
тұтынушыға
немесе
орталыққа
тапсыру

Бас тарту
туралы дәлелдi
жауап немесе
хабарлама
тапсыру

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Құжатқа қол
қою

Хабарламаны
немесе бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты
тұтынушыға
немесе
орталыққа
тапсыру туралы
қолхат

Тұтынушыға
хабарлама
немесе бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты
тапсыру туралы
қолхат

Орындау мерзiмдерi

30 минут

Жұмыс күнi
iшiнде

Жұмыс күнi
iшiнде

Келесi iс-әрекеттiң
нөмiрi

8

9




^ Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үрдiс.

Топ 1
ҚФБ
Орталықтың инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Уәкiлеттiң органның
жауапты орындаушысы

Топ 3
ҚФБ
Уәкiлеттi органның
басшылығы

№ 1 iс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтiнiштi тiркеу,
құжаттарды
уәкiлеттi органға
жолдау

№ 2 iс-әрекет
Өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдау,
тiркеу, өтiнiштi
уәкiлеттi органның
басшылығына жолдау

№ 3 iс-әрекет
Орындау үшiн жауапты
орындаушыны анықтау,
бұрыштама қою




№4 iс-әрекет
Өтiнiштi қарастыру,
хабарламаны дайындау

№ 5 iс-әрекет
Хабарламаға қол қою




№ 6 iс-әрекет
Хабарламаны
Мүгедектерге
протездiк-ортопедиялық
көмек ұсыну үшiн
оларға құжаттарды
ресiмдеу кiтабында
тiркеу







№ 7 iс-әрекет
Хабарламаны орталыққа
жiберу немесе
тұтынушыға тапсыру




№ 8 iс-әрекет
Хабарламаны
тұтынушыға
орталықта тапсыру









^ Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдiс.

Топ 1
ҚФБ
Орталықтың инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Уәкiлеттiң органның
жауапты орындаушысы

Топ 3
ҚФБ
Уәкiлеттi органның
басшылығы

№ 1 iс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтiнiштi тiркеу,
құжаттарды
уәкiлеттi органға
жолдау

№ 2 iс-әрекет
Өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдау, тiркеу,
өтiнiштi уәкiлеттi
органның басшылығына
жолдау

№ 3 iс-әрекет
Орындау үшiн жауапты
орындаушыны анықтау,
бұрыштама қою




№ 4 iс-әрекет
Өтiнiштi қарастыру,
бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
дайындау

№ 5 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапқа қол
қою




№ 6 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
орталыққа жiберу
немесе тұтынушыға
тапсыру




№ 7 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
тұтынушыға
орталықта тапсыру









«Мүгедектерге протездiк-
ортопедиялық көмек ұсыну
үшiн оларға құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет
регламентiне
4 - қосымша


^ Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба


Уәкілітті орган басшылығы құжаттарды қарау үшін орындаушыны анықтайды


Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды,

хабарлама немесе дәлелді бас тарту әзірлейді


Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдайды және тіркейді, орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды


Уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдайды, тiркейді,
өтiнiштi уәкiлеттi
органның басшылығына
жолдайды





Уәкілетті органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет қызметтің нәтижесін тұтынушыға береді немесе орталыққа жолдайды





Орталық инспекторы тұтынушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді





«Мүгедектерге протездiк-
ортопедиялық көмек ұсыну
үшiн оларға құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет
регламентiне
5 - қосымша


Аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

бастығына

Мен, -ші топтағы мүгедек

________________________

аты-жөні

__________________________

мекен-жайы


Өтініш


Сізге осы өтінішімді бере отырып, мені мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек құралдармен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.


Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:

1._______________________________________________

2._______________________________________________

3._______________________________________________

4._______________________________________________

5._______________________________________________


Өтініш беруші: ________________________

Мезгілі: ______________________________




Похожие:

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi №394 қаулысымен бекiтiлген «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға...
«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» Регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі...
«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектерді протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды үйрету бойынша...
«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектерді протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды үйрету бойынша...
«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon4 «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды рәсiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды рәсiмдеу» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы