|
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы «30»желтоқсан №399 қаулысына 1-қосымша Облыс әкімдігінің 2011 жылғы «30»желтоқсан №399 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет регламентi 1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесi ұғымдар қолданылады: 1) уәкiлеттi орган – аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдері; 2) тұтынушы – жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдiктер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар. ^ 2. Осы Регламент «Әкiмшiлiк ресiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 – бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi. 3. Мемлекеттiк қызмет уәкілетті орган арқылы көрсетiледi. 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 6. Мемлекеттiк қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысына сәйкес көрсетiледi. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. ^ қойылатын талаптар 8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселесi бойынша, мемлекеттiк қызметтi көрсету барысы туралы ақпаратты уәкiлеттi органнан алуға болады, оның мекен-жайлары мен жұмыс кестесi осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі түтынушы осы регламенттің 14-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді; 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады; 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды. 10. Жұмыссыз ретiнде тiркеуден, есепке алудан бас тарту қажеттi құжаттар болмаған кезде, жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынған кезде, осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ. 11. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi алған сәттен бастап, мемлекеттiк қызмет нәтижесiн тапсырған сәтке дейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi: 1) тұтынушы уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы өтiнiш бередi; 2) уәкiлеттi орган өтiнiштi тiркейдi, тұтынушыдан алған құжаттарды қарастыруды жүзеге асырады, хабарлама ресiмдейдi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап әзiрлейдi және тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы нәтиже тапсырады. 12. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санының ең төмен саны бiр қызметкердi құрайды. ^ (қарым-қатынастар) тәртiбiнiң сипаттамасы 13. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті органда қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін уәкілетті органның жауапты орындаушысы тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік дерекқорға) енгізеді. Тұтынушыға тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттар: Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт); шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі; оралмандар – оралман куәлігі; 2) еңбек кітапшасы; 3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлік; 4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН); 5) соңғы жылы алған табысы туралы мәліметтер (мәлімдеме сипатында болады); Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет бланкілерді толтырмай көрсетіледі. 15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi – ҚФБ): 1) уәкiлеттi орган басшылығы; 2) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы. 16. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген. 17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген. ^ тұлғалардың жауапкершiлiгi 18. Уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға болып табылады. Уәкілетті орган басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiленген мерзімдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетуді жүзеге асыруға жауапты. «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша ^
«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша ___________________ (кімге арналған) Сізді__________________________________________________________ (бас тарту себебін көрсету) байланысты жұмыссыз ретінде тіркеуден және есепке алудан бас тартылатынын хабарлаймыз. ^ «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы ^
кестенiң жалғасы:
^
^
«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша ^
|