«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi



Название«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Дата конвертации03.11.2012
Размер193.83 Kb.
ТипРегламент
источник


Облыс әкімдігінің

2011 жылғы «30»желтоқсан №399 қаулысына 5-қосымша


Облыс әкімдігінің

2011 жылғы «30» желтоқсан №399 қаулысымен бекітілген


«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн
мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк
мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге
арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

1. Осы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесi ұғымдар қолданылады:

1) уәкiлеттi орган – аудандар, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi;

2) тұтынушы – жеке тұлғалар: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтiмiне және әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

жасы он сегiзден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер;

психоневрологиялық патологиясы бар немесе тiрек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балалар;

жалғыз тұратын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер мен қарттар.

^ 2. Жалпы ережелер

2. Осы Регламент «Әкiмшiлiк ресiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 – бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

3. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органмен немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрi - орталық) көрсетiледi.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

6. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 24-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағы, «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 6714 тiркелген), «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысы негiзiнде ұсынылады.

7. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі-хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша қойылатын талаптар


8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселесi бойынша, мемлекеттiк қызметтi көрсету барысы туралы ақпаратты орталықтан немесе уәкiлеттi органнан алуға болады олардың мекенжайлары мен жұмыс кесте Регламенттiң  1 және  2-қосымшаларында көрсетiлген.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы Регламенттің 14-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға – он жеті жұмыс күні ішінде;

орталыққа – он жеті жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге (ұйымдарға) мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

1) әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;

3) көрінеу жалған құжаттама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша жауаппен дәлелдейді және құжаттар пакетін алғаннан кейін он алтыншы жұмыс күні құжаттарды қайтарады және кейін тұтынушыға беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, орталыққа хабарлама жібереді.   

11. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн тапсырған сәтке дейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi:

1) тұтынушы уәкiлеттi органға немесе орталыққа өтiнiш бередi;

2) орталық өтiнiштi тiркейдi және уәкiлеттi органға тапсырады;

3) уәкiлеттi орган алынған өтiнiштi тiркейдi, орталықтан немесе тұтынушыдан ұсынылған құжаттарды қарастыруды жүзеге асырады, хабарламаны ресiмдейдi немесе дәлелді бас тартуды әзiрлейдi, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн орталыққа немесе уәкiлеттi органға жүгiнген кезде тұтынушыға тапсырады;

4) орталық тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелдi бас тартуды тапсырады.

12. Орталықта және уәкiлеттi органдағы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санының ең төмен саны бiр қызметкердi құрайды.

^ 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысындағы iс-әрекеттер
(қарым-қатынастар) тәртiбiнiң сипаттамасы

13. Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Құжаттарды уәкiлеттi органда қабылдау уәкiлеттi органның жауапты тұлғасы арқылы жүзеге асырылады.

Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:

1) уәкілетті органда – өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

  сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

  қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

  құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) тұтынушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелеттiк жасқа толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдарға – заңды өкiлiнiң (баланың ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтiнiшi немесе белгiленген нысандағы медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) баланың туу туралы куәлiгi немесе тұтынушының жеке сәйкестендiру нөмiрi бар (ЖСН) жеке куәлiгi;

3) ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру және тұтынушының әлеуметтiк жеке коды туралы куәлiгi қосымша ұсынылады;

4) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

5) белгiленген нысан бойынша медициналық карта;

6) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндiнiң көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);

7) жасы он сегізден асқан адамдарға – еңбекке қабiлетсiздiгiн тану туралы сот шешiмi (болған жағдайда);

8) зейнеткер жастағы адамдар үшiн – зейнеткер куәлiгi;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшiн Ұлы Отан соғысының мүгедегi, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн растайтын куәлiк.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

Уәкiлеттi органда өтiнiш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта өтiнiш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi – ҚФБ):

1) орталықтың инспекторы;

2) орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы;

3) уәкiлеттi орган басшылығы;

4) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.

16. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген.

^ 5. Мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

18. Уәкiлеттi органның басшысы және орталықтың басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлғалар) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлғалары болып табылады.

      Лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтi көрсетiуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiленген мерзімдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетуді жүзеге асыруға жауапты.


«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және

мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


^ Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша уәкілетті органдардың тізбесі


Р/с



Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі


Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5



1

Атырау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атырау қаласы,

Шәріпов к-сі 4

zanayt@mail.ru


8-7122

45-02-00

45-04-67

45-04-68


Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн

сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін



2

Жылыой ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жылыой ауд.

Құлсары қ.

Әбдірахманов к-сі 1

zhylyoizhumyskz@mail.ru

8-71237

4-86-95

4-84-07




3

Индер ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Индер ауд.

Индербор кенті,

Қонаев к-сі 16 inderzan@mail.ru

8-71234

2-14-60

2-04-76


4

Исатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Исатай ауд.

Аққыстау кенті,

Ынтымақ к-сі 23

isatai_raisobes@mail.kz

8-71231

2-06-42

2-05-65


5

Қызылқоға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қызылқоға ауд.

Миялы ауылы,

Мәмедов к-сі 1

gulfaruz@mail.ru

8-71238

2-15-43

2-19-81

2-12-29



6

Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Құрманғазы ауд. Ганюшкин ауылы, Болашақ к-сі 15

otdzisp@mail.ru

8-71233

2-51-45

2-53-87



7

Мақат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мақат ауд.

Мақат кенті,

Орталық ал. 2

tolkin_makat@mail.ru

8-71239

3-02-98

3-20-99

3-01-46

Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн

сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін



8

Махамбет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Махамбет ауд.

Махамбет ауылы, Жеңістің 50 жылдығы

к-сі 18

Mahambet_Zan@mail.ru

8-71236

2-12-98

2-19-93

2-18-25



«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және

мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі

халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі



р/с


Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

^ Заңды мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

ХҚКО РМК филиалының облыстық бөлімі

Атырау қ. Сәтпаев даңғ. 23үй

8(7122) 213467

2

ХҚКО РМК филиалының №1 қалалық бөлімі

Атырау қ. Баймұханов к-сі. 16а үй

8(7122) 357505

3

ХҚКО РМК филиалының №2 қалалық бөлімі

Атырау қ. Балықшы кенті, Байжігітов к-сі. 80а үй

8(7122) 243490

4

ХҚКО РМК филиалының Индер аудандық бөлімі

Индер кенті, Мендіғалиев

к-сі 30үй

8(71234) 21296

5

ХҚКО РМК филиалының Махамбет аудандық бөлімі

Махамбет селосы, Абай

к-сі 10 үй

8(71236) 22496

6

ХҚКО РМК филиалының Қызылқоға аудандық бөлімі

Миялы селосы,

Абай к-сі 1 үй

8(71238) 22046

7

ХҚКО РМК филиалының Жылыой аудандық бөлімі

Құлсары қ. Бейбітшілік

к-сі 8үй

8(71237) 50354

8

ХҚКО РМК филиалының Құрманғазы аудандық бөлімі

Ганюшкин селосы, Есболаев к-сі 66а үй

8(71233) 20513

9

ХҚКО РМК филиалының Мақат аудандық бөлімі

Мақат кенті, Орталық

к-сі 2үй

8(71239) 32297

10


ХҚКО РМК филиалының Исатай аудандық бөлімі

Аққыстау селосы, Қазақстан к-сі 9 үй

8(71231) 21670

Қысқартулардың атауы:

ХҚКО РМК филиалы - Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және

мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша

Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

^ 1. Кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үрдiстiң (жұмыс барысының, ағымының) iс-әрекеттерi

Iс-әрекеттiң (жұмыс
барысының, ағымының)


1

2

3

ҚФБ атауы

Орталықтың
инспекторы

Орталықтың жинақтаушы
бөлiмiнiң
инспекторы

Орталықтың жинақтаушы
бөлiмiнiң
инспекторы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң, рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Құжаттарды
қабылдау

Журналға қол
қояды және
құжаттарды
жинайды

Тiзiлiм
жасайды және
құжаттарды
жолдайды

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Журналға
тiркеу және
қолхат беру

Жинақтау
бөлiмiне
құжаттар
жинау

Құжаттарды
уәкiлеттi
органға
жолдау

Орындау мерзiмдерi

30 минут

Күнiне 3 рет

Күнiне екi
реттен кем
емес

Келесi iс-әрекеттiң
нөмiрi

2

3

4



кестенiң жалғасы:

Негiзгi үрдiстiң (жұмыс барысының,ағымының)iс-әрекеттерi

Iс-әрекеттiң
(жұмыс барысының,
ағымының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкiлеттiң
органның
жауапты
орындаушысы

Уәкiлеттi
органның
басшылығы

Уәкiлеттi
органның
жауапты
орындаушысы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң,
рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Құжаттарды
қабылдау,
тiркеу

Хат-хабармен
танысу,
орындау үшiн
жауапты
орындаушыны
анықтау

Құжаттардың
толықтығын
тексерудi
iске асырады,
бас тарту
туралы
дәлелдi жауап
әзiрлейдi
немесе
хабарлама
ресiмдейдi

Аяқтау түрi
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Бұрыштама қою
үшiн
құжаттарды
басшылыққа
жолдау

Бұрыштама
қою, жауапты
орындаушыға
жiберу

Құжаттарды
басшылыққа
тапсыру

Орындау мерзiмдерi

1 сағат

1 сағат

Он алты жұмыс
күнi iшiнде

Келесi
iс-әрекеттiң
нөмiрi

5

6

7



кестенiң жалғасы:

Iс-әрекеттiң №
(жұмыс барысының,
ағымының)

7

8

9

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi
органның
басшылығы

Уәкiлеттiң
органның
жауапты
орындаушысы

Орталықтың
инспекторы

Iс-әрекеттiң
(үрдiстiң,
рәсiмнiң,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Хат-хабармен
танысу

Хабарламаны
Мемлекеттiк
бюджет
қаражаты
есебiнен
қызмет
көрсететiн
мемлекеттiк
және
мемлекеттiк
емес
медициналық-
әлеуметтiк
мекемелерде
(ұйымдарда)
әлеуметтiк
қызмет
көрсетуге
арналған
құжаттарды
ресiмдеу
кiтабында
тiркеу, бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты немесе
хабарламаны
тұтынушыға
немесе
орталыққа
тапсыру


Бас тарту
туралы
дәлелдi
жауап немесе
хабарлама
тапсыру

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдық-
өкiмдiк шешiм)

Құжатқа қол
қою

Хабарламаны
немесе бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты
тұтынушыға
немесе
орталыққа
тапсыру туралы
қолхат

Тұтынушыға
хабарлама
немесе бас
тарту туралы
дәлелдi
жауапты
тапсыру
туралы
қолхат

Орындау мерзiмдерi

30 минут

Жұмыс күнi
iшiнде

Жұмыс күнi
iшiнде

Келесi
iс-әрекеттiң
нөмiрi

8

9






^ Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үрдiс.

Топ 1
ҚФБ
Орталықтың инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Уәкiлеттiң органның
жауапты орындаушысы

Топ 3
ҚФБ
Уәкiлеттi органның
басшылығы

№ 1 iс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтiнiштi тiркеу,
құжаттарды
уәкiлеттi органға
жолдау

№ 2 iс-әрекет
Өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдау,
тiркеу, өтiнiштi
уәкiлеттi органның
басшылығына жолдау

№ 3 iс-әрекет
Орындау үшiн
жауапты
орындаушыны
анықтау, бұрыштама
қою




№4 iс-әрекет
Өтiнiштi қарастыру,
хабарламаны дайындау

№ 5 iс-әрекет
Хабарламаға қол
қою




№ 6 iс-әрекет
Хабарламаны
Мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен
қызмет көрсететiн
мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес
медициналық-әлеуметтiк
мекемелерде
(ұйымдарда) әлеуметтiк
қызмет көрсетуге
арналған құжаттарды
ресiмдеу кiтабында
тiркеу







№ 7 iс-әрекет
Хабарламаны орталыққа
жiберу немесе
тұтынушыға тапсыру




№ 8 iс-әрекет
Хабарламаны
тұтынушыға
орталықта тапсыру









^ Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдiс.

Топ 1
ҚФБ
Орталықтың инспекторы

Топ 2
ҚФБ
Уәкiлеттiң органның
жауапты орындаушысы

Топ 3
ҚФБ
Уәкiлеттi органның
басшылығы

№ 1 iс-әрекет
Құжаттар қабылдау,
қолхат беру,
өтiнiштi тiркеу,
құжаттарды
уәкiлеттi органға
жолдау

№ 2 iс-әрекет
Өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдау, тiркеу,
өтiнiштi уәкiлеттi
органның басшылығына
жолдау

№ 3 iс-әрекет
Орындау үшiн
жауапты
орындаушыны
анықтау, бұрыштама
қою




№ 4 iс-әрекет
Өтiнiштi қарастыру,
бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
дайындау

№ 5 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапқа
қол қою




№ 6 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
орталыққа жiберу
немесе тұтынушыға
тапсыру




№ 7 iс-әрекет
Бас тарту туралы
дәлелдi жауапты
тұтынушыға
орталықта тапсыру









«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және

мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша


^ Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба


Уәкілітті орган басшылығы құжаттарды қарау үшін орындаушыны анықтайды


Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды,

хабарлама немесе дәлелді бас тарту әзірлейді


Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдайды және тіркейді, орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды


Уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтiнiштi орталықтан
немесе тұтынушыдан
қабылдайды, тiркейді,
өтiнiштi уәкiлеттi
органның басшылығына
жолдайды





Уәкілетті органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет қызметтің нәтижесін тұтынушыға береді немесе орталыққа жолдайды





Орталық инспекторы тұтынушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді








Похожие:

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi iconҚұжаттарды ресiмдеу мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi iconҚызметтің атауы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті
К және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу»...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi iconШахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi iconӨскен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon"Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн бекiту туралы
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Б мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделес органдардың құрылымдық-қызметтік бірлігі, ақпараттық жүйелер немесе олардың...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Фб мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары құрылымдық-функцияналдық бірліктері, ақпараттық...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде...
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Сқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы