Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты



НазваниеАтырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Дата конвертации03.11.2012
Размер60.08 Kb.
ТипДокументы
источник


Облыс әкімиятының

2009 жылғы «____»_________ №___ қаулысымен бекітілген


Атырау облысы Білім беру басқармасының

«Білім беру қызметін лицензиялау»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандарты

1. Негізгі ұғымдар


1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:

Білім беру қызметін лицензиялау – сәйкесінше лицензиардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат.

2. Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.

3. Білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамасы негізінде көрсетіледі:

1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы;

2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 «Лицензиялау туралы» Заңы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 «Білім беру қызметін лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулысы;

4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы №147 «Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы.

4. Осы мемлекеттік қызметті Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77 мекен- жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі ұсынады.

5. Осы мемлекеттік қызметтің нәтижесі Атырау облысы Білім беру басқармасының білім беру қызметіне лицензия беру болып табылады.

6. Осы мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) заңды тұлғалардың жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – отыз жұмыс күннен кеш емес;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 минуттан артық емес;

3) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде, құжаттарды алуда кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

8. Осы мемлекеттік қызмет ақылы. Қызметтің білім беру қызметімен айналысуға құқық үшін лицензиялық жинақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялар көшірмесі) берілген кезде алынады.

9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайындағы Атырау облысы Білім беру басқармасы, №206 кабинетте орналастырылады.

10. Атырау облысы Білім беру басқармасының жұмыс кестесі: сенбі және жексенбіден басқа, күн сайын 09.00-сағаттан 18.00-сағатқа дейін.

11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасы, №206 кабинет.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төлегенін растайтын құжаты;

5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

13. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, №206 кабинет, білім беру қызметіне лицензияны беру орны болып табылады.

14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөліміне, №206 кабинетке, барлық қажетті құжаттарды тапсырады.

15. Тұтынушы барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының осы мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон алады.

16. Білім беру қызметіне лицензия беру, тұтынушы Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, №206 кабинетте жеке болған кезде, жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттік қызмет ұсынуды тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіздер тізбесі:

1) субъектілерінің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарымен тиым салынған қызметтің білім беру түрімен айналысу;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылмаған;

3) қызметтің білім беру түріне лицензия беруге өтініш берген жағдайда, қызметтің білім беру түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбегенде;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмейді;

5) өтініш берушіге қызметтің білім беру түрімен айналысуға тиым салынған оған қатысты заңдылы күшіне енген сот үкімі бар;

6) әрекеттерді тоқтату, лицензияларды кері қайтару Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.



  1. ^ Жұмыс қағидаттары


18. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің мамандары осы мемлекеттік қызметті тұтынушыға қатысты мынадай жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:

1) сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

Егер заңды тұлға белгіленген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы құжаттарды алуға өтініш жасамаған жағдайда, Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі екі ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін акт бойынша құжаттар белгіленген тәртіпте жойылады.



  1. ^ Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес (“Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні” кестесі) сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.



  1. ^ Шағымдану тәртібі


21. Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары түсіндіреді, №214 кабинет, байланыс телефоны: 27-17-96.

Мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша Атырау облысы Білім беру басқарамсының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің шешімдеріне мүдделі жеке тұлғалар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.

22. Шағым Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының атына, №210 кабинет, байланыс телефоны: 35-49-65, сондай-ақ Атырау облысы аппарат әкіміне беріледі, байланыс телефоны: 27-09-12, 35-45-32.

23. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің тіркеу журналында тіркеліп, берілген шағымға жауаптың мерзімі мен алу күні көрсетілген талон болып табылады. 32-10-06 байланыс телефоны арқылы шағымның қаралу барысы туралы білуге болады.



  1. Байланыс ақпараты


24. Атырау облысы Білім беру басқармасының байланыс деректері: пошталық мекен-жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

Қабылдау бөлменің телефоны (факсы): 35-49-65, 35-49-67.

Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі бастығының телефоны: 32-10-06, №206 кабинет.

Электрондық поштаның мекен-жайы: uoatyrau@rambler.ru

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Заңды тұлғаларды қабылдау кестесі:

Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы - әр айдың бірінші сәрсенбісі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;

Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары - әр айдың үшінші бейсенбісі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері: Атырау облысы әкімінің аппараты: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, телефон: 35-45-32, факс: 35-45-32.

25. Қосымша ақпарат алу үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімі, №206 кабинет, 32-10-06 телефоны бойынша жолығу қажет.




Похожие:

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconАтырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Білім беру қызметін лицензиялау – сәйкесінше лицензиардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconБілім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconБілім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын
...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconБілім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын
...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconПавлодар облысы Качир ауданы әкімдігінің
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық...
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы