Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары



НазваниеАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации26.10.2012
Размер470.07 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4





Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы

«24» желтоқсандағы №338 қаулысымен

«БЕКІТІЛДІ»


Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Атырау қ.


Мазмұны:

Беті

  1. Миссия және пайымдау...............................................................................................................................................3

  2. Ағымдағы жағдайға талдау....................................................................................................................................3 - 6

  3. Басқарма қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері........................................................7 - 10

  4. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлері.........................................................11 - 13

  5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл.......................................................................................................................13 - 16

  6. Бағдарламалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі.........................................................16 - 17

  7. Бюджеттік бағдарламалар....................................................................................................................................17 - 24



^ I. Миссия және пайымдау


Миссия. Атырау облысында табиғи ортаның экологиялық тепе-теңдігін ұстау және сапасын тұрақтандыру. Облыс халқы мүдделерін қоршаған ортаға антропогендік әсер ету қаупінен қорғау.

Пайымдау. Атырау облысы халқының өмір сүруі және жануарлар дүниесінің тіршілік етуі үшін қолайлы табиғи орта. Облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру.


^ II. Ағымдағы жағдайға талдау

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Қазақстан Республикасында көмірсутектердің негізгі қорлары Атырау облысында орналасқан және облыстың экономикалық әлеуеті индустриалды бағытта. Мұнда барланған өнеркәсіптік санаттағы қоры 1 млрд.тонна мұнайды құрайтын 75 кен орны бар, қор көлемі 846 млн.тоннаны құрайтын 39 кен орны өңделу үстінде. 7 кен орнында дайындық жұмыстары жүргізілуде. 24 кен орны (күтілетін қоры - 50 млн.тонна мұнай) барлауға дейінгі жұмыстар сатысында.


^ 2000-2008 жылдар аралығында Атырау облысында мұнай мен газдың өндірілуі


Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Мұнай өндіру, мың.тонн

13297,6

15586,9

16405,5

16186,7

17189,3

17246,5

17210,8

17876,5

26489,8

Газ өндіру, млн. куб.м

5079,2

6155,4

6492,2

6936,1

6753,6

6906,0

7027,3

7369,9

11517,1


Атырау облысында атмосфералық ауаның жай-күйі мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен және энергия-коммуналдық шаруашылықтар, сондай-ақ жылжымалы көздер шығаратын шығарындылар көлемдерімен және ластауыш заттардың ингредиенттік құрамымен алдын ала айқындалды.

Облыстың ауа бассейнін ластаудың негізгі үлесі (80-85%) мұнай өндіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының үлесіне тиеді.


^ Ластауыш заттардың атмосфераға шығарындылары

мың.тонна

Атауы

2007 ж.

2008 ж.

+өсуі

- азаюы

Атмосфераға жалпы шығарындылар,

оның ішінде

135,6

136,0

+ 0,4

стационарлық көздерден

109,6

99,0

- 10,6

жылжымалы көздерден

26,0

37

+ 11


Облыс халқы үшін негізгі сумен жабдықтау көздері ретінде жер үсті сулары қызмет етеді.

Ауыз сумен қамтуды жақсарту үшін Атырау облысы бойынша 2003–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның іс-шараларымен 193 мың шамасында адам тұратын 60 селолық елді мекен қамтылған.

Атырау облысында кәріздік жүйе Атырау қаласында, Құлсары қаласында, ішінара Мақат, Индер және Аққыстау кенттерінде бар.

Жайық өзеніне нормативтік-таза су жіберуді екі кәсіпорын жүзеге асырады: «АтырауСуАрнасы» және «Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауыты».

Каналдардың сулылығын арттыру және экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін 2007 жылы жалпы құны 544,12 млн. теңгені құрайтын Құрманғазы және Исатай аудандарында су жіберу жұмыстары аяқталды, сонымен қатар Атырау қаласында түп шөгінділерін құрғату станциясы құрылысының үшінші кезеңі аяқталды.

Аталған имараттың іске қосылуы тұтынылатын судың 6%-ына дейін қайтаруға мүмкіндік беріп, Жайық өзенінен қаланы сумен жабдықтау қажеттілігіне алынатын су көлемін қысқартады.

Флорасы мен фаунасы бірегей және бай болып келетін су айдыны – Каспий теңізінің ластануы аса өткір тұрған мәселе. Мұнай ұңғымаларының (1,5 мың дана) су астында қалуы жағдайды одан әрі шиеленістіре түседі.

2006 жылы Атырау қаласында «Вест Дала» ЖШС Қазақстандағы бірінші өндірістік қалдықтарды басқару кешені ашылды. Берілген серіктестік Қазақстандағы мұнайгаз саласы ұйымдарына, қонақүйлік индустрияға және жұмыс жасайтын әр түрлі компанияларға сұйық және қатты өндірістік қалдықтар түрлерін жинақтау, өңдеу, сақтау, залалсыздандыру, көму, қауіпті және өте қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру, құрамында мұнай қамтылған қалдықтарды, химиялық және медициналық қалдықтарды және және т.б. орналастыру және залалсыздандыру қызметтерін ұсынады.

Қаладағы қоқыс үйіндісінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қоймаландыру мен көму жөніндегі қазіргі заманғы полигондарға арналған заманауи экологиялық және технологиялық талаптар орындалмауда. Осыған байланысты, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалды жақсарту үшін және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мен көмуге байланысты мәселелерді шешу үшін Атырау облысы әкімдігі облыстық бюджеттен Атырау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны құрылысына арналған ТЭН мен ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлінді. Құрылыс 2008 жылы басталды.

Азғыр аймағының- бұрынғы «Азғыр» ядролық полигонның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, 12894 мың теңге мөлшеріндегі облыстық бюджет қаржысы есебінен полигон аумағын оңалту жөніндегі табиғат қорғау шаралары жүргізілді.

2008 жылы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырмасы бойынша «Азғыр полигоны бойынша ақпараттық деректер базасын құру» іс-шарасы орындалды.

Басқарма жыл сайын бюджет қаражаты есебінен экологиялық тәрбие, білім беру және насихаттау іс-шараларын: Атырау облысының мектептерінде экологиялық ағарту, эконасихаттау және экотәрбие жұмысының үздік қойылуына арналған, мектеп оқушылары арасында табиғат қорғау тақырыбына арналған үздік баяндама немесе мақала, 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы ең үздік сурет конкурстарын жүргізеді. «Жайық - өмір өзені», «Жайық-Каспийдің бекіре тұқымдас балықтары» кітаптары дайындалды. Экологиялық тақырыптарға роликтер дайындалып, облыстық теледидар арқылы көрсетілді, буклеттер, халықаралық экологиялық даталардың қабырға күнтізбелері мен экология тақырыбындағы бетшелер, үстел күнтізбелері дайындалды.

Проблемалар:

^ 1. Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың және облыстың ірі елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтар көму полигондарының болмауы

2008 жылы облыстық бюджет есебінен Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонының құрылысы басталды. Объектінің сметалық құны 1667,9 млн. теңге. Қазіргі уақытта полигон құрылысы аяқталуда.

^ 2. Облыс орталығында ағын суларды тазартудың болмауы және үлкен көлемде тазартылмаған ағындардың жиналуы

2008 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 300,0 млн. теңгеге сомасына Атырау қаласының сол жағалауы бөлігінде кәріздік тазарту имараттарының құрылысына арналған ЖСҚ әзірленді.

Құрылыс ҚР ҚОҚМ 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттік тапсырысына енгізіліп, Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен 2010 жылға – 500 млн.теңге бекітілді.

3. Көлік саны өсуінің және экологиялық таза отынды жеткіліксіз пайдалану салдарынан қаладағы жылжымалы ластау көздерінен атмосфераға ластаушы заттар эмиссияларының өсуі


^ 2007 ж. ( мың тонна)

2008 ж. (мың тонна)

+ өсуі

- азаюы

(мың. тонна)

26,0

37,0

+11
  1   2   3   4



Похожие:

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану...
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Түстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны...
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы басшының (А. Ж. Т.)
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconТабиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Атырау облысындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету схемасы

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconАтырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Басқарма қызметінің стратегиялық бағыты, стратегиялық даму мақсаттары және нысаналы индикаторлары
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (одан әрi- басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамамен...
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы