«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» icon

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»



Название«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Дата конвертации22.01.2013
Размер85.64 Kb.
ТипДокументы
источник


«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысының негізінде «Қостанай облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi» мемлекеттiк мекемесi «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталды (бұдан әрі - Басқарма).

2. Басқарма Қостанай облысының аумағындағы облыстық және аудандық маңызы бар мемлекеттік автомобиль жолдарын мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, қалааралық облысішілік, қала маңындағы автомобиль тасымалдауын, сондай-ақ, қала маңындағы теміржол, авиациялық жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік басқару органы, көлік кешенінің және байланыс, коммуникация кешенінің өзара байланыс жөніндегі құзыретті органы болып табылады.

3. Мемлекеттiк тiлдегi толық атауы: “Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы”.

4. Орыс тiлiндегi толық атауы: “Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Костанайской области”.

5. Басқарманың құрылтайшысы болып Қостанай облысының әкiмдігі тұлғасындағы мемлекет табылады. Құрылтайшылық құжаттар болып әкiмдіктің қаулысы және осы Ереже табылады.

6. Өз жұмысында Басқарма Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнiң актiлерiн, тағы басқа нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ, осы Ереженi басшылыққа алады.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже (бұдан әрі-Ереже), штаттық саны облыс әкiмдігімен бекiтіледi.

8. Осы Ережеге өзгерiстер және толықтырулар Қостанай облысы әкiмдігімен енгізіледі.

9. Басқарма заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банкте есеп айырысу шоты, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және мекеменiң мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланктерi болады.

Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға енедi.

10. Басқарманы ұстау жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру, атқарушы органдарды ұстауға арналған облыстық бюджетте қаралған қаржылар бөлу есебiнен жүзеге асырылады.

11. Филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

12. Басқарманың заңды мекен-жайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Мәриям Хакімжанова көшесi, 7.


^ 2. Басқарманың мәні, мақсаттары, қызметтері және құқықтары


13. Басқарма қызметінің мәні Қостанай облысының көлік және жол шаруашылығы саласында басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

14. Басқарманың мақсаты көлiк және жол шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.

15. Басқарма төмендегiдей функцияларды жүзеге асырады (мiндеттердi атқарады):

1) елдi мекендер мен аумақтардың көлiк инфрақұрылымы мен байланысын қалыптастыруды қамтамасыз етедi, меншiктiк әртүрлi нысанындағы жолдар мен көлiк инфрақұрылымының басқа объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру мен ұстауға көмек көрсетедi және қатысады;

2) облыстағы басшылық жасайтын кәсiпорындардың кызметiн талдайды;

3) өз құзырының мәселелерi бойынша мемлекеттiк және өңірлік бағдарламалардың, Президенттiң жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының, облыс әкiмiнiң шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң, Қостанай облысы әкiмдігінің қаулыларының және басқа нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді;

4) облыстың көлiк инфрақұрылымын, жол шаруашылығын дамытудың басымдық бағдарламаларының icкe асырылуына талдау жүргізедi, түзету енгiзедi және көмек көрсетедi;

5) автомобиль жолдарының қызмет көрсету және ұстау саласында бәсекелестiк нарықтың дамуына жағдай жасайды;

6) облыс аумағында мемлекеттiк жол шаруашылығын пайдалануды қамтамасыз етеді;

7) жол жүйесiн пайдалану кезінде заңдардың, нормалардың және ережелердiң сақталуына ықпал етеді;

8) облыстың стратегиялық даму жоспарына енгiзiлген басымдылық маңыздағы жолдардың құрылысын аяқтау үшiн iшкi және сыртқы инвестицияның тартылуына көмектеседi.

9) сапалы құрылысты, жөндеу жұмыстарын, жол төсемiн сапалы пайдалану мен ұстауды қамтамасыз етеді;

10) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желiсiн және олардағы құрылыстарды басқарады;

11) жол құрылыстарын және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу, және ұстау кезінде инженерлiк-техникалық нормаларын сақтауды қамтамасыз етедi;

12) автомобиль жолдары желісiн ұстау мен дамытуға байланысты өндiрiстiк үдерiстiң бiрыңғай басқарылуын қамтамасыз етедi, Басқарма қарауындағы объектiлер бойынша барлық жол құрылысының, бүкiл түрiне тапсырыс берушінің функциясын жүзеге асырады;

13) автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды дамытуда жаңа технологиялар мен конструкцияларды енгізуге көмектеседі, техникалық деңгейді арттырады;

14) жол саласына бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етедi, жөндеуге және жол құрылысына арналған инвестицияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

15) көлiктердiң жүруiне арнайы рұқсат беруiн, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды сервистiк жұмыстармен көркейтiлуiн және қамтамасыз етiлуiн, көлiк қауiпсiздiгiн арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейді және жүзеге асырады;

16) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыстарды орындауға арналған конкурстар (тендерлер) өткiзедi, олардың орындалуына шарттар жасайды;

17) қызметтік міндеттемелерді жүзеге асыру кезінде ерлер мен әйелдер теңдігіне жету үшін бағытталған гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін Басқарманың мақсаттары мен мiндеттерiне жауап беретiн басқа да функцияларды орындайды.

16. Басқарманың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) облыс аумағында көлiк кешенiн, байланыс пен коммуникацияны жедел баскару;

2) Қостанай облысының аумағындағы жол қызметiн басқару;

3) Қостанай облысының аумағында мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жол шаруашылығы мен көлiк - коммуналдық кешенiн стратегиялық дамытудың ағымдағы және болашақтағы мiндеттерiн шешуге бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру;

4) жол саласындағы мемлекеттiк саясатты, көлiк инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

5) pecypcтiк және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде көлiк инфрақұрылымын дамытуға көмектесу. Кәсiпорындарды реформалау жұмыстарын ұйымдастыру, осы салада шаруашылық жасайтын субъектiлердiң құрылымын өзгерту жөнiнде ұсыныстарды дайындау;

6) облыстың жол шаруашылығы мен көлiк - коммуникациялық кешенiнің тұрақты және тоқтаусыз қызмет етуі мақсатында барлық қатысушылардың өзара байланысын үйлестiру.

17. Басқарма өзіне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде мыналарға құқылы:

1) көлiк-коммуникациялық кешенін дамытудың және жолаушылар тасымалдауын, жол шаруашылығын ұйымдастырудың өңірлік бағдарламасын әзiрлеуге қатысуға;

2) өңірлік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуге;

3) қалааралық облысішілік, қала маңындағы жолаушылардың автомобиль тасымалдауын, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы теміржол жолаушылар тасымалдауын және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпында ұстау, жөндеу, қайта жаңғырту мен салу жөніндегі мердігерлік жұмыстарды жүргізу құқығына конкурстар (тендер) ұйымдастыруға және өткізуге;

4) шығындары нысаналы трансферттермен субсидиялауға жататын, әлеуметтік маңызды ішкі облыстық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауының субсидиялауын жүзеге асыруға;

5) шығындары бюджеттен субсидиялауға жататын, ішкі облыстық авиа қатынастардың субсидиялауын жүзеге асыруға;

6) жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыстарды (қаларалық облысішілік, қала маңындағы автомобильдік, қала маңындағы темiржол және авиациялық) ұйымдастыру, шарттар жасауға және нормативтiк құжаттар талабын тасымалдаушылармен орындауын қамтамасыз етуге;

7) жол қызметiн басқару жөнiндегi бағдарламаның әкiмшісі (тапсырма берушi) болуға. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi негiзiнде автомобиль жолдарының қызмет етуiн, оларды жөндеуін, салуы мен қайта жаңғыртуын қамсыздандыруға, қала маңайындағы темiр жол және авиациялық жолаушылар тасымалдауын жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру бойынша шарт (тапсырма берушi ретiнде) жасасуға;

8) тиісті мемлекеттік органдарға облыстың жол және көлiктiң стратегиялық дамыту бағдарламасын icкe асыруға кедергi жасайтын, олармен қабылданған актiлерiн өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар жасауға;

9) жол шаруашылығы мен көлiк мәселелерiн шешу бойынша ұсыныстарды облыс әкiмдігі мен облыстық мәслихаттың қарауына енгiзуге;

10) облыс кәсiпорындарының, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың мамандарын, олардың басшыларымен келiсу бойынша тексеру мен сараптама жүргiзу жұмыстарына және конкурстық комиссияға қатысу үшін тартуға;

11) өз құзыретінің мәселелері бойынша келiссөз жүргiзу және келiсiмдерге, басқа да заңды актiлерге қол қоюға;

12) басқа да мемлекеттiк органдармен бipгe жол жүйесi мен көлiк кешенi кәсiпорындарын жаңғырту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыруға қатысуға;

13) облыс аумағындағы жолдарды ұстау және оған қызмет етудi жүзеге асыратын барлық субъектiлерімен орындауға мiндеттi жол шаруашылығы саласындағы саясатты іске асыру мәселелерi бойынша өз құзыреті шегінде шешiм қабылдауға;

14) өз өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру кезiнде облыстың жол шаруашылығы және көлік кешенiнiң кез келген объектiлерiне баруға;

15) тиiсті мемлекеттік органдардың алдында белгіленген нормативтiк ережелердi бұзған тұлғаларды белгiленген тәртіппен әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселені көтеруге;

16) Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз құзыры шегiнде тиiсті мемлекеттiк өкiмет органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсiпорындардан ақпаратты талап етуге және алуға.

18. Осы Ережеде көрсетiлген құқықтармен қатар, Басқарманың қолданыстағы заңнамамен оған ұсынылған басқа да құкықтары бар.


^ 3. Басқарманың мүлкi


19. Басқарманың жедел басқару құқындағы оқшауланған мүлкi бар.

20. Басқарманың мүлкi оған Құрылтайшымен берілген мүлiк есебiнен құрастырылады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаржылардан, сондай-ақ, құны Басқарма балансында көрсетiлетiн басқа да мүлiктерден тұрады.

21. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

22. Басқарманың өзіне бекітiлген мүлiктi өз бетiмен иесiздендiруiне немесе басқаша пайдалануына құқылы емес.

Басқармаға заңмен бекітілген шеңберiңде және шегiнде мүлікке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

23. «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз мiндеттемелерi бойынша өзінің иелігіне жататын ақшасымен жауап бередi. Ақша жетпеген жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi мүлiк иеci өз мойынына алады.


^ 4. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру


24. Басқарманы облыс әкiмiмен лауазымға тағайындалатын және босатылатын бастық басқарады.

25. Басқарма бастығының орынбасары бар, ол заңнамамен бекітілген тәртіпте лауазымға тағайындалады және босатылады.

26. Бастық бюджеттен бөлiнген қаржылар, жұмысшылар саны және еңбекақы қоры, жеңiл автокөлiктi ұстау лимиттерi шегінде қаржыландыру жоспарын бекiтедi.

27. Басқарма бастығы:

Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

Басқармаға жүктелген қызметтерді орындау үшін жеке жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ, Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жағдайы үшін;

заңмен бекітілген тәртіпте Басқарма қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

өз орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкілеттiктерiн анықтайды;

қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес атқарушы органдарда және ұйымдарда Басқарманы ұсынады;

заңнамамен бекітілген тәртіпте Басқарма қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

гендерлік ерекшеліктерді есепке алумен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асырады, олардың орындалуына бақылау жасайды, сондай-ақ өз құзырына жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды;

өз құзыры шегiнде орындалу үшін мiндеттi нұсқаулар бередi және бұйрықтарға қол қояды.


5. Қайта құру және тарату


28. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен бекітілген тәртіпте облыс әкiмдігінің шешiмi бойынша жүргізіледі.

29. Басқарма таратылғаннан кейін қалған мүлік меншік иесіне беріледі.

_____________________





Похожие:

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconПриказ № «48» 14 сәуір 2011 г. «Конкурстық өтінімдерді қабылдауды тоқтату туралы»
«ТҰРҒын үй-коммуналдық шаруашылығЫ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, ұсынылған өзгерістер бекітілсін
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconСалыстырмалы кесте «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconСалыстырмалы кесте «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» icon«Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы»
Ызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан...
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconАтырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысына, Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 2...
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже жалпы ережелер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
«Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы