Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» icon

Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп»



НазваниеКелісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп»
Дата конвертации09.11.2012
Размер102.6 Kb.
ТипДокументы
источник

Келісім шарт № 1


«Мукарама атындағы орта мектеп» ММ ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы


Дайыр ауылы, Бітімбаев көшесі


Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын Мукарама атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі атынан 1999 жылғы 29 шілде № 97-1917-04 ММ куәлік, БИН 990740002421, 25 қаңтар 2010 жылы бекітілген Жарғы негізінде мектеп директоры Дутбаев Анарбек Жакупбекович бір тараптан және бұдан әрі өнім беруші деп аталатын, __________________________________________________________________________________________________________________________екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) және 2010 жылғы ------------------------------------- өткен Мемлекеттік сатып алудың -------------------------- тәсілімен қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі- Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:


  1. Бюджеттік программалардың атауы

464- Аудандық білім беру бөлімі.

003- Жалпы білім беру.

000

431- Ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу.


  1. Шарттың мәні.

    1. Ескі орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу сметалық жобалық құжаттамалары 61237240,00 (алпыс бір миллион екі жүз отыз жеті мың екі жүз қырық) теңге тұратынын жариялады және өнім беруші __________________________________теңгеге осы жұмыстарды орындауға шарт жасасты.

    2. ММ Мукарама атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу. Дайыр ауылы, Бітімбаев көшесі тел: 24-3-88

Бас жобалаушы: Зайсан аудандық құрылыс және архитектура бөлімі, Зайсан қаласы.


  1. Тараптардың міндеттер




    1. Өнім беруші Шартты жасасқан күннен бастап он күн ішінде Шарттың атқарылуын қамтамасыз ету үшін банктік кепілдік түрін таңдайды.

    2. Мердігер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

    3. Тапсырыс беруші мен Мердігерлер арасындағы Объект құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресіми қатынас жаздаша түрде ғана күшке ие болады.

    4. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын , сызба, сараптамалық тұжырым 2008 жылы берді.

    5. Мердігер негізінде қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметтерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамалаған қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе жоғары болуы тиіс.

    6. Егер тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің адамдарын, себептерін көрсете отырып, Объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті., одан кейін бұл адамның осы шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.



4. Тараптардың жауапкершілігі


4.1. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты жэне Шартты орындау салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты.

4.2. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

4.3. Тапсырыс беруші Шарт бойынша жұмыстардың орндалуын қадағалайды.

4.4. Егер Мердігер Шарттық құжаттардың бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау- смета қүжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтатуға өкім бере алады.

4.5. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау- сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға кұқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс берушінің өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады.

4.6. Мердігер 10 жұмыс күн мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстардың орындау тәртібі мен мерзімінің кестесін бекітеді.

4.7. Тапсырыс беруші конкурстық өтініміне сәйкес, төлемдерді жүргізу кестесін бекітіп, мердігерге ұсынады.

4.8. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетгі. Мердігер құралдар, техниканың және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.

4.9. Мердігер өз қызыметкерлерінің іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші

алдында жауапты болады.

4.10. Тапсырыс беруші істелген жұмыстарды тексеру үшін сынақ жүргізе алады.

Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың

ақауын түзетуге міндеттенеді.

4.11. Тапсырыс беуші табылған кез келген ақаулар туралы ақауларды түзету мерзімін көрсете

отырырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

4.12. Мердігер ақаулар туралы хабарламаны алып, ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт

кезеңі ішінде жоюға міндеетті.

4.13. Мердігер: Жұмыспен қамту бөлімдерінің жолдамасы бойынша жұмысшы алуға;

Медициналқ тексеруді жұмыс беруші есебінен жүргізуге;

Жұмыс беруші есебінен жұмысшларды тасымалдауды ұйымдастыру, қажетгі жағдайда арнайы киіммен қамтамасыз етуге;

Қызметі, жалақысы, бос орындар көрсетілген штаттыық кестені міндетті түрде ұсынуға; Жұмысшьшардың орташа жалақы көлемі 32000 (отыз екі мың) теңге болуына міндетгенеді.


^ 5. Есеп айырысу тәртібі

5.1. Ақы төлеу нысаны : аудару,

5.2. Тапсырыс беруші Мердігерге барлық соммадан (------------) - 30% (----------------) аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізеді. Жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша 61237240 тенге. Жалпы құрылыс жұмыстарына бөлініп тұрған қаражат соммасы 45000000 тенге.Қалған қаражат көзі құрылыс аяқталғанға дейін бөлінеді.Мердігер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдаланады.

5.3. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: шот-фактура және жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі әр апта сайын.

5.4. Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың көлеміне байланысты жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі негізінде төлемдер жүргізеді. Төлем мерзімі әр айдың 25 - жұлдызы.

5.5. Ұсталған сома Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және шалалықтар мен ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.

5.6. Мердігер Тапсырыс беушіге Шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.


^ 6. Тараптардың құқығы

6.1. Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті 3(үш) жыл мерзімге береді.

6.2. Егер басқа тарап Шартта көрсетілген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады:

1) Егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса

2) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізгі уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды жоймаса;

3) Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

4) Мердігер жобалау құжаттамасында көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.

6.3. Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді тандауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді.

6.4. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша орындалған құрьілыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартгы бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

6.5. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстаға байланысты барлық материалдарды , жабдықтарды , ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетгі. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

6.6. Медігер өнім беруді ұйымдастыру, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау , тиеу және сақтау үшін жауапты.

6.7. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелерді ғана пайдаланады.

6.8. Материалдар мен жабдықтарды тапсырыс беруші мен Медігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін, жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуы тиіс.

6.9. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.

6.10.Егер Мердігер учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмыстарды оындауы мүмкін.

6.11. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстадың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жүмыс комиссиясы) тағайындайды.

6.12. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.

6.13. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқгалған күн болып саналады.

6.14. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні блып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (мемлекеттік комисия актісімен) анықталады.

6.15. Егер Мердігер Шартта айтылған мерзімде жүмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.

6.16. Жұмыстардың басталатын мерзімі 20 маусым болып саналады.

6.17.Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.

6.18. Әлеуетгі өнім беруші (мердігер) Қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.

6.19.Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.

6.20.Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.


^ 7. Дауларды шешу

7.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үрдісінде шешеді.

7.2. Егер Шарт бойынша дауды 10(он күн) ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.


8.Форс- мажор

8.1.Егер де бұл орындамаушылық форс-мажорлық жағдайларға (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери жағдайлар) байланысты болса жауапкершіліктен босатылады. Осы шарт бойынша міндеттемелерді тиісті атқару мүмкін болмаса толық және жартылай орындамау міндетінен босатылады.

8.2. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үрдісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматгық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

8.3. Осы Шартқа Қазақстан Республикасының сот, заң шығарушы және орындаушы биліктер органдарының шешімінен, осы келісімдегі бір немесе екі жақта міндеттемені орындауға мүмкіндік бермесе жауапкершілік алмайды.


^ 9. Енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

9.1. Шарт қазынашылық басқармасында тіркеліп, екі жақтың қолы қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекетте болады.

9.2.Осы Шартта жасалған өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша жазбаша түрде жасалады және шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

9.3. Осы Шарт бірдей заңдылық күші бар, Тараптардың әрқайсысына 1 данадан жасалған.


10. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:


Тапсырыс беруші: Өнім беруші:

Мукарама атындағы орта мектеп ММ ЖШС «-------------------»

Дайыр ауылы, Бітімбаев көшесі

Тел:24-3-88

СТН 180400001548

ИИК 000130067

БИК 195301070

БИН 990740002421

ҚР. ҚМ Қазынашылық комитеті MM

Астана қаласы

Директор __________. Дутбаев А. Ж

«___ »_______ _____ ж

М.О М.О.




Аудандық қазынашылық мекемесінде тіркелген күні «____»_________ _____ж



Похожие:

Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconКонкурсқА Қатысуға жіберу туралы хаттама мукарама атындағы орта мектебі мм «ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге»
Мукарама атындағы орта мектебі мм «ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге» мемлекеттік сатып...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconКонкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Зайсан ауданы әкімдігінің «Мукарама атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге» мемлекеттік сатып алу жөнінде
Зайсан ауданы әкімдігінің «Мукарама атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы мектеп...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
«Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 105 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер,...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconЗайсан ауданы әкімінің атына ұсыныс-пікір жинайтын ілінген жәшіктектердің орналасқан жерлері туралы ақпарат Зайсан қаласы бойынша, орналасқан жері
Боқажанов көшесі 64 үй, М. Дәуленов атындағы орта мектеп – Ноғайбай көшесі 1 үй, пошта үйі – Жанкелдин көшесі 37 үй, Зайсан қала...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconАудан және қала ауылдық округтерінің әкімдерінің атына түскен ұсыныс-пікір жинайтын жәшіктектердің орналасқан жерлері туралы ақпарат Зайсан қаласы бойынша, орналасқан жері
Боқажанов көшесі 64 үй, М. Дәуленов атындағы орта мектеп – Ноғайбай көшесі 1 үй, пошта үйі – Жанкелдин көшесі 37 үй, Зайсан қала...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Мм мукарама атындағы орта мектеп «Зайсан ауданы Дайыр ауылындағы мектеп ғимараты құрлысын күрделі жөндеу, ауласын абаттандыру, электрқазандығын...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
«Зайсан ауданы әкімдігінің «Мукарама атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы мектеп...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconКонкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттама «Амангелды атындағы орта мектебі мм»
«Амангелды атындағы орта мектебі мм» «Мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын» жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу ашық...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconКонкурс интернат үйінде тәрбиеленушілерге сапалы,тапсырысқа сай берілетін уақтылы, күнделікті мерзімді жаңа тағам түрлерін жеткізіп беріп отыратын әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі
А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын...
Келісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп» iconНазар аударыңыз, конкурс!
Конкурс ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, Зайсан аудандық білім бөліміне қарасты Зайсан ауданының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы