|
Ережеге 8-қосымша Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бар конверттердi aшу хаттамасы «2011 жылға Зайсан ауданындағы Омск – Майқапшағай – Жамбыл – Дайыр – Көкжыра автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу» Зайсан қаласы 30 наурыз 2011 жыл сағат 14:00 1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: Е. Жақыпбеков – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, орынбасары Т.Өкісханов - аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Мүшелері: Қ.Рақымжанов – аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, В. Завалко «Зайсан ауданының қаржы бөлімінің» бастығы, А. Өтебаев – «Зайсан ауданының құрлыс бөлімінің» бастығы 30 наурыз сағат 14:00-де Зайсан қаласы, Жангельді көшесі, 54 үйде конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiн жүргiздi. 2. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесi мынадай әлеуеттi өнiм берушiлерге берiлдi: 1. КМГП «Зайсан тазалық» Зайсан қаласы, Бөгенбай көшесі 98-ші үй. 3. Мынадай әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi негiзiнде ашылмай қайтарылғаны болған жоқ. 4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оларды белгiленген мерзiмде ұсынған мынадай әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi: ^ (29 наурыз 2011 жыл 17 сағат 00 минутта тіркелген) ашылды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды: ^ 1. Конкурсқа қатысуға өтінім (1-2-ші бет) 2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі нотариалды куәландырылған көшірмесі тіркеу №89-1917-04 МК, бизнес сәйкестендіру нөмері 090140004255 (3-ші бет) 3. Мемлекеттік лицензия (4- ші бет) 4. Мемлекеттік лицензияға қосымша (5-6-шы бет) 5. Заңды тұлғаның Салық төлеушісінің куәлігі нотариалды куәландырылған көшірмесі (7-ші бет) 6.Заңды тұлғаның Статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (8-ші бет) 7. КМГП «Зайсан тазалық» Жарғысы орысша-қазақша (9-24-ші бет) нотариалды куәландырылған көшірмесі 8. Заңды тұлғаның Банк Центр Кредитте қарызы жоқ туралы анықтамасы түпнұсқа (25-27-ші бет) 9. Бухгалтерлік теңгерім 2010 жыл түпнұсқа (28-29-ші бет) 10. ҚР бойынша салық төлеушінің берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама түпнұсқа (30-32-шы бет) 11. Өкім №1-174ө 26.01.2009 ж. КМГП «Зайсан тазалық» кәсіпорын директорының міндетін уақытша атқаруды жүктеу туралы. (33-ші бет) 12. Біліктілік туралы мәліметтер (34-37-ші бет) 13. Техникалық паспорттарының көшірмелері (38-47 -ші бет) 14. Қызметкерлер дипломының және куәліктердің, жүргізуші механизаторлардың жүргізу куәлігі көшірмелері (48-79-ші бет) 5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты: 1.КМГП «Зайсан тазалық» Зайсан қаласы, Бөгенбай көшесі 98-ші үй. Жапаркулова Ляззат Жалынқызы Конкурстық комиссия төрағасы: Е. Жақыпбеков Орынбасары: Т. Өкісханов Мүшелері: Қ.Рахымжанов В. Завалко А.Өтебаев Комиссия хатшысы: А. Маукенова |