Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының icon

Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының



НазваниеЗайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының
Дата конвертации08.04.2013
Размер65.53 Kb.
ТипДокументы
источник



Зайсан ауданының 2012 жылы

әлеуметтік-экономикалық дамуының

көрсеткіштері


Ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрақты экономикалық даму қарқыны сақталған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 млрд 737,3 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 117,2 % құрады. Табиғи көлем индексі 103,3% болды.

12947,1 тонна ет (өсім 6,2%), 44570,7 тонна сүт (өсім 5,9%), 4 млн 549,6 мың дана жұмыртқа (өсім 31,8%) өндірілді.

Ірі қара саны 61263 басқа (өсім 0,2%), қой-ешкі 132347 басқа (99,7 %), жылқы 13130 басқа (өсім 4,2%), құстар 51800 басқа (өсім 28,2%) жетті.

Мал шаруашылығын дамытуда жиыны 209,7 млн тенгенің несиесі беріліп, 71,6 млн. теңге субсидия төленді.

Ауданымызда асыл тұқымды малдар ірі-қарада – 0,6 %-ын, қой-ешкіде – 2,0 %-ын, жылқыда – 3,8 %-ын құрап отыр.

Эпизоотиялық ахуалды жақсартуға Республикалық бюджеттен 53,0 млн. теңге бөлініп игерілді. Ауданда ауыл шаруашылығы малдары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Аудандағы бруцеллез ауруына байланысты аудандық бюджеттен 4,5 млн теңгеге ДУК автокөлігі сатып алынды. Залалсыздандыру жұмыстары 33463 кв/м жерге, немесе 420 мал қорасына жүргізілді.

Егістік ауданы 15670 гектарға жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты. 5497 гектарға дәнді астық, 3270 гектар жерге күнбағыс, 2270 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. 6223 тонна астық жиналды. 126 мың тонна шөп, 600 тонна пішендеме дайындалды. Өсімдік шаруашылығымен шұғылданатын шаруа қожалықтарына 17,6 млн.тенгенің субсидиясы берілді. 11,0 млн. теңгеге жаңа ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Республикалық бюджет есебінен 3100 га алқапқа шегірткеге, 1,5 мың гектарға кекіреге, 200 га картоп егістігіне колорадо қоңызына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Егін шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде өткен жылы құны 1 млрд тенгелік Р-1,Р-2 магистралды каналдарының құрылысы жүргізілуде, 2013 жылы аяқталады. Бұл төрт жарым мың гектар жерді тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала, ауылдық округі әкімдері картоп, көкөніс өсірген ауыл шаруашылық құрылымдарымен 2 жақты меморандум жасасып, сақталған өнімдерді қыс, көктем айларында бекітілген кестелер бойынша базар бағасынан 15-20 пайызға арзанға жәрменкелерде саудалауды ұйымдастыруда.

Өнеркәсіп орындары 2180,9 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді. Табиғи көлем индексі 98,4% болды.

Өңдеу өнеркәсібінде 623,3 млн теңгенің өнімі өндіріліп, индексі 93,9% болды. Себебі - «Балық Продукт Восток» ЖШС-нің жұмысының тоқтауынан биыл балық өнімдері шығарылған жоқ, былтыр 396,9 млн теңгенің 315 тонна балық өнімдері өндірілген.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2587,7 млн. теңгені құрап, 24,6%-ға жоғарылады.

Үстеме бағаны 10%-дан асырмау туралы 230 меморандумдар жасалып, орындалуы қадағалануда. Нан бағасын 48 теңгеден асырмай дүкендерге босату туралы наубайхана иелерімен меморандумдар жасалды.

Ет бағасы 28,5%-ға өсті, өсімдік майы 16,7%-ға, қант 9,5%-ға арзандады.

Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны – 66, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 37 (өсім 2,8%), белсенді кәсіпорындар саны - 34 (2011 жылы – 32 болған, өсім 6,3%).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 16 млрд 640,7 млн теңге болды. Нақтылы секторға салынған инвестициялардың индексі 109,6%.

2012 жылы 4 млрд 898,8 млн теңгенің құрылыс монтаж, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылғыдан 14,5% артық.

Өткен жылы 4204 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл былтырғы сәйкес мерзімдегіден 40,8% артық. Зайсан қаласында 143,1 млн теңгеге пәтер типтес жатақхана жөнделіп, 27 отбасы пәтер алды. Сметалық құны 339 млн теңгелік 60-пәтерлі үйдің құрылысы басталды, биыл пайдалануға беріледі. Құны 286 млн тенгелік балалардың демалыс спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Зайсан қаласының ауыз су жүйелерін реконструкциялауға 332,3 млн теңгенің, Айнабұлақ ауылының су жүйелерін реконструкциялауға 112,5 млн теңгенің құрылыс монтаждау жұмыстары атқарылды, биыл 161,7 млн тенге, Дайыр ауылының су жүйесі құрылысына 324,7 млн тенге қаражат бөлінді. Зайсан қаласының кәріз жүйесін, тазалау қондырғысымен салуға 555 млн 556 мың теңге қаражат бөлінді.

Зайсан қалаішілік автобустарын жүргізуге аудандық бюджеттен 10 млн тенге, биылғы жылы осы мақсатқа 12 млн тенге қаржы бөлініп отыр. Зайсан қаласын табиғи газ жүйесіне қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Дайыр, Сартерек, Қаратал ауылдарына тірек ауылдары статусы беріліп, құрылыс, жөндеу жұмыстары қарқын алды.

Сартерек ауылында балалар бақшасы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрал жабдықтарымен пайдалануға берілді. Хоккей корты, балалар саябағы салынып, бір көшесі асфальтталып, бір көшесі жарықтандырылды. 1374 метр қоршаулар жаңаланды. Шағын монша іске қосылды.

Дайыр ауылында хоккей корты, балалар ойнайтын алаң салынды, бір көше жарықтандырылды.

Қаратал ауылында жастар саябағы, хоккей корты, балалар ойнайтын алаң салынды, бір көше жөнделіп, бір көше жарықтандырылды.

Тірек ауылдарда 67 жұмыс орындары ашылды, орташа айлық еңбекақы 40 мың теңге болды.

Тірек ауылдарынан басқа 4 миллион тенгеге Қарабұлақ ауылының мәдениет үйінің төбесі жөнделіп, қоршауы жаңаланып, бір көшесі және Мұқашы ауылы жарықтандырылды. Кеңсай ауылына сметалық құны 6 млн 470 мың тенгелік стадион салынды.

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 551,6 млн. теңге, орындалғаны 568,6 млн теңге немесе 103,1%. Өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 79,5 млн теңге артық жиналды.

Ағымдағы жылы бекітілген Алгоритмге байланысты бюджетке салықтар мен төлемдер резервтерін анықтау жұмыстарының нәтижесінде бюджетке қосымша 11 млн 392,1 мың теңге түсірілді, бұл 2011 жылғыдан 9 млн 282,2 мың теңгеге артық.

Ауданның 16 білім беру нысандарында 162,4 млн тенгенің күрделі және ағымдағы құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Мустафина, Қаратал мектептеріне, Мүкарама атындағы мектептің интернатына ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары, Сартерек, Көгедай, Орманбетов атындағы мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай мектебінің су және канализациясы жүйелері жөнделді. Амангелді, Кеңсай, Қазақстан, Көгедай, Жарсу мектептерінің жылу қазандықтары, Қайнар мектебінің шатыры, есіктері ауыстырылды. Қаладағы №3 бала бақшаның қоршауы жаңадан салынды.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың тікелей көмегімен Зайсан қаласында көптен күткен 300 орындық интернатымен 600 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды.

Орта мектепті 555 түлек бітірді. Соның 516 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, орташа балл 73 болды, немесе облыстық деңгейден 2,9 баллға артық.

2012 жылы 2 химия, 1 медициналық, 1 мультимедия кабинеттері алынды.

Ауданда 3 км қашықтықтан артық орналасқан, мектебі жоқ елді мекендерден (Жанабаз, Шалқар, Октябрь №2) екі мектепке күнделікті тасымал ұйымдастырылған.

Ауданда мектеп жасына дейінгі балалардың 97,7 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Зайсан қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша жекеменшік 50 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Бастауыш сынып оқушылар 100 пайызы ыстық тамақпен қамтылған. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республика бюджетінен өткен жылы 16 жас маманға 113 мың 260 тенгеден көтерме ақы және 7 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 15,6 млн тенге бюджеттік кредит берілді.

Кәсіптік-техникалық лицейде 295 оқушы 8 мамандықтар бойынша білім алуда. 25 ветсанитар, 17 аспаз, 20 электрик, 22 тракторист машинист, 20 тігінші дайындалды.

2012 жылы аз қамтылған 202 отбасыға 28,1 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленген.

2012 жыл көлемінде 763 отбасының 2087 мүшесіне 29,5 млн теңге балалар жәрдемақысы берілді.

Табысы аз отбасыларға 2,1 млн теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілдіі.

2013 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың саны 152 адам болып, 610 жұмыссыз әртүрлі жұмыстарға орналастырылды. 2011 жылы 173 жаңа жұмыс орны ашылса, 2012 жылы ол 263 болды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 533 адам жіберілді.

44 жұмыссыз оқытылды.

32 адам 83 млн тенгенің несиесін алып өз кәсіпкерліктерін бастады.

Аудан халқына бір қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, бір аудандық аурухана, 150 төсектік стационар, 35 төсектік күндізгі емдеу және дәрігерлік амбулаторияларда 47 төсектік күндізгі емдеу стационарлары дәрігерлік қызмет көрсетеді.

Туу көрсеткіші 20,8. Өткен жылы 747 бала туса, 2012 жылы 752 бала туды.

Туберкулезбен алғаш ауырған 32 адам анықталған (2011 жылы – 47 адам).

Жаңа заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық комплекс және жылжымалы ФЛГ қондырғысы , жаңа медициналық құрал жабдықтарымен жабдықталған кіші диагностика орталығы халыққа қызмет жасауда.

3 жас маман дәрігерге 113 мың тенгеден көтерме ақы, 2 жас маман дәрігерге үй сатып алуға 4 млн 757 мың тенге бюджеттік кредит берілді. 2 жас маманға жаңа пәтер берілді.

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб жұмыс істейді. Екі халықтық театр, халықтық ұлт аспаптар оркестрі, халықтық екі ән-би ансамблдері, төрт балалар би топтары, «Байтерек» ардагерлер ансамблі халыққа қызмет жасауда.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Туған жер-алтын бесігім» атты акциясына орай Зырян ауданында Зайсан ауданы күні жоғары деңгейде өтті.

М.Донбаев Республикалық «Ортеке» байқауына қатысып, дипломмен марапатталды, Зайсан «Халық театры» облыста өткен бірінші халық театрлар сайысында Бас жүлдені жеңіп алды.

«Еңлік» би ансамблі «Айгөлек» байқауында ақтық мәреге дейін жетті, Саз мектебінің «Гүлдер» би тобы республикалық байқауда жеңіп, Германияға концерттік бағдарламамен барып қайтты.

Аудандық мәдениет үйіне 4 млн. 500 мың теңгеге автобус сатып берілді. Дайыр ауылында мектеп интернат ғимаратындағы акт залы клуб үйі болып ашылды.

2011 жылдан бастап спортқа бөлінетін қаражат бес есе ұлғайды. Аудан спортшылары ХVІ-халықтық спорт ойындарында жалпы командалық есепте ІІІ-орынға ие болды.

Қоғамдық тәртіп: Қылмыстар саны 248 болып, сәйкес мерзімдегіден (274 оқиға) 9,5% - ға азайған. 2012 жылы 2739 әкімшілік құқық бұзушылықтар болды. 614 адамға 3 млн 804 мың 830 тенгенің айыппұлдары салынып, 98,2 пайызы өндірілді. Жол жүру ережесін бұзу фактілері 1585 болып, 2011 жылмен салыстырғанда 7,6 пайыз азайды.



Похожие:

Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының
Зайсан ауданының әкімдігі орнықты дамуды қамтамасыз етуде қажетті экономикалық және әлеуметтік ресурстарды арттыру жолында жұмыс...
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының icon2009 жылдың 1 тоқсандағы Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы туралы
Зайсан ауданының 2009 жылғы 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылай отырып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткендігі...
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconИнвестиция және бизнес Мұнайлы ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысы Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді, Үкіметтің,...
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (қаңтар-ақпан) Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (қаңтар-ақпан)
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Зайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының 2007 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Зайсан ауданының 2007 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының 2006 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Зайсан ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының iconЗайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы қорытындысы туралы анықтама

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы