|
«Зайсан ауданы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін. 2. Қоса берілген ереже заңнамаға сәйкес әділет органынан тіркеуден өткізілсін. 3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі С.Зайнулдин |