Атауы | Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы |
Негіздеме
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығы 2010 ж. 19 наурыздағы № 958, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары және 2010 жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімге қолданыстағы аумақтық бағдарламалар. |
Әзірлеуші | Зайсан аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірге. |
^ | -өндіріске жоғары өндірімді инновациялық технологиялы қолдану арқылы аудан экономикасын аумақтық жедел дамыту; -аграрлық комплексте, инновацияда, инвестицияда, кіші және орта кәсіпкерлікте, саудада және қоршаған ортада; - экономиканы индустрияландыру және сапалы тұрғын-үй коммуналдық және транспорттық қызмет көрсетуге қабілетті инфраструктуралық комплексті жетілдіру; - территориялық құрылым; - жергілікті атқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; - бәсекелестікті дамыту; |
Мақсат
| аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнеркәсіптің орнықты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету; аймақтың экономикасына инвестиция-ның құйылуын ынталандыру ; қоршаған ортаның сапасын жақсарту және тұрақтандыру; орманды өрттен қорғау; адам әлеуметтілігі және әлеуметтік саланы, халықтың өмір сүру деңгейін дамыту, әлеуметтік қызметтің барлық түрімен сапалы қамтамасыз ету; сапалы білім алуды қамтамасыз етуге қол жеткізу, балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру; халықтың денсаулығын сақтау және нығайту; отандық мәдениетті насихаттаму, сақтау; бұқаралық спортты дамыту; әлеуметтік аз қорғалған тұрғындарды атаулы көмек арқылы қолдау: мемлекеттік тілді дамыту; халықтар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту; архивтік қорды сақтау үшін жағдай жасау; көшеде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңбұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту; кідіріссіз және сапалы электрэнергиясымен қамтамасыз ету; аймақтың тұрғындарын жеткілікті мөлшерде ауыз сумен орнықты әрі кепілді сапада қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз етілетін аймақтың елді-мекендерін кідіріссіз және сапалы қызметпен қамтамасыз ету; автокөлік саласында инфраструктура- ның деңгейін дамыту ; халықты сапалы әрі қол жетімділік байланыс қызметімен қамтамасыз ету; шекаралас елді-мекендердің инженерлік инфраструктурасын және экономикалық әлеуетін дамыту; елді-мекендердің территориялық құрылысын нәтижелі дамыту, тұрғын үй жетімділігін қамтамасыз ету; ауданның жерін ұтымды пайдалану үшін жер қорын үлестірудегі өзекті мәліметтер қалыптастыру және т.б. |
Міндет | ішкі нарықта отандық азық-түлік тауарларының үлесін ұлғайту; агро-өнеркәсіптік комплекстің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру; өнеркәсіптің басым секторын дамыту; инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау; халықтың денсаулығын одан әрі нығайту; медициналық көмек көрсетуде қол жетімділікті жетілдіру; халықтың аз қамтылған еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділікке ынталандыру; қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне, денсаулығына қажетті өмірлік қауіпсіздік деңгейін қолдау; тұтынушыларды тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету; елді мекендерді сумен жабдықтауды орнықты дамыту; транспорттық инфраструктураны қалпына келтіру және жетілдіру; тұрғын-үй құрылысын дамыту;
|
Жүзеге асыру кезеңі | I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру. II этап (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, жеткізілген міндеттерді шешу үшін белгіленген іс-шараларды жүзеге. |
^ | -ауылшаруашылық комплексінде еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру; -ауылшаруашылығының экспорттық әлеуетін 0,028 млн. долларға дейін арттыру; -ішкі нарықта азық-түлік тәуелсіздігін 100% қөамтамасыз ету; - мемлекеттік сатып алуда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, жүйелі құрылымдық кәсіпорындарда тауарлардың қазақстандық үлесін ұлғайтуды 96%-ға жеткізу; - балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлесін жалпы балалар санынан 81,2%-ға жеткізу; -халықтың күтілген өмір сүру жасын 69 жасқа дейін көтеру; - жалпы қайтыс болу көрсеткішін 7,1 мың адамға төмендету; - мәдениет саласында халықты сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейін 55%-ға жеткізу; - жүйелі түрде физкультура және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін халықтың жалпы санынан 23,5%-ға жеткізу; - жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын жақсы және қанағаттанған жағдайда ұстау үлесін 63%-ға арттыру; -телефон станцияларын 100-пайыздық цифрлық деңгейге жеткізу; - 2015 жылға дейін шекаралас аудандардағы халық санын 100,3%-ға өсіру; - аудандағы елді мекендердегі халықты төтенше жағдайлар кезінде жедел қимылдау күшімен қамтуды 79%-ға дейін жеткізу және т.б. |