Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама icon

Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



НазваниеЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Дата конвертации29.10.2012
Размер76.88 Kb.
ТипДокументы
источник



Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама


Өнеркәсіп

2010 жылғы 1 тоқсанда Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы  бағамен алғанда 174,6 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 25,1 пайызға немесе 60,9 млн теңгеге кем . Өнім көлемі берілген жоспар-тапсырмадан (319,9 млн.теңге) 145,3 млн. теңгеге кем. Өнеркәсіп өнімдерінің ішінде есепті мерзімде 8522 мың теңгенің 3 мың тонна тас көмірі (2009 жылдың 1 тоқсанында 11,8 мың тонна), 38929 мың теңгенің 46 тонна балық өнімдері (2009 жылдың 1 тоқсанында 104 тонна), 774 мың теңгенің 24,2 мың литр су өнімдері (2009 жылдың 1 тоқсанында 89 мың литр), 404 тонна тауарлы бетон (2009 жылдың 1 тоқсанында 184 тонна) өндірілді. Ауа райының қолайсыздығы көлік қатынасына кері әсерін тигізді. Зауыт балық шикізатының жеткіліксіздігінен өндірісті уақытша тоқтатты. Су өндіру сұраныстың азаюына байланысты төмендеді.


Ауылшаруашылығы
Аудан көлемінде 2010 жылдың 1 тоқсанында 1777,2 тонна ет, 7471 тонна сүт, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өндіру 3,6 пайызға кеміді. Осы жылдың 1 тоқсанында ірі қара саны 65071 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,2 пайыз болды. Жылқы 11690 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейді, құстар саны 32408 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 12,5 пайызға артты. Сондай-ақ сүт өнімдері 1,6 пайызға , жұмыртқа 2,3 пайызға артық өндірілді.

Қой мен ешкі саны 177114 бас болып, өткен мерзіммен салыстырғанда 5,6 пайызға азайды. Қой–ешкі басының кему себебі қыстың қатаң болып, қардың қалың түсуінен шалғайдағы мал қыстақтарына жем-шөптің жеткізілмеуі.

^ Шағын және орта кәсіпкерлік

2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2292-ге жетіп, 2009 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 10,5%-ға артты.

2010 жылдың 1 тоқсанында барлық шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түскен салық - 33978,0 мың тенгені құрап, 2009 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 68,5%-ға артты.

2010 жылдың 1 сәуіріне аудан халқына шағын бизнес саласынан 6 базар, 159 сауда үйлері мен дүкендері, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио-видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 12 май сығу цехы, 24 наубайхана, 2 халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.

2010 жылдың 1тоқсанында жеке кәсіпкер Г.Исабаеваның Зайсан қаласынан халыққа қызмет көрсету орталығы (тойхана, түшпара цехы, сән салоны), жеке кәсіпкер А.Жақаеваның наубайханасы іске қосылды.


^ Негізгі капиталға салынған инвестиция

Жоспар бойынша қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға салынған инвестиция 844,9 млн. теңге, орындалғаны 244,2 млн. теңге болып, 26,6 пайызды құрады. Бұл жоспар-тапсырмадан 3,6 есеге төмен. Төмендеу себебі 2009 жылы «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-і құрал-жабдықтар сатып алуға бір жолғы қомақты қаржы жұмсаған.

Бюджет

2010 жылдың 1 тоқсанына арналған аудан бюджетінің барлық кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 598,319 млн. теңгені құрайды, (орындалуы 101,5%), оның ішінде салықтар түсімдер бойынша 75,463 млн. теңге (106,6% игерілді), салықтық емес түсімдер бойынша 3,339 млн. теңге (196,5% орындалды), негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3,168 млн. теңге (116,2%), трансферттердің түсімдері бойынша 516,349 млн. теңге (100% орындалды), оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 163,349 млн. теңге (100% орындалды), субвенция – 353 млн. теңге (100 % орындалды). 

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 84,967 млн. теңге болып, бекітілген (бюджеттің барлық кіріс бөлігінің 14,2 % құрайды).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 598,319 млн. теңге. 3 айда орындалғаны 523,373 млн теңге немесе 87,5%. Игерілмеген қаржы көлемі 74,945 млн теңге. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен су тасқынын алдын алу шараларына берілген қаржыдан 71,375 млн теңге жұмыстардың толық жүргізіліп бітпеуінен игерілмеген.


^ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 20220 мың тенге әлеуметтік көмек бөлініп, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 321 отбасының 1009 мүшесіне 6470 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2010 жылға 51256 мың теңге балалар жәрдемақысы бөлініп, 1379 отбасынаң 3413 баласына 14611 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.

«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй – коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес 2010 жылы жергілікті бюджеттен 1516 мың теңге қаражат бөлініп, 61 отбасыға 1130 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.

Аз қамтылған, тұрмысы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін 71 адамға жергілікті бюджеттен 650 мың теңге материалдық көмек төленді.

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, I – II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелеттке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1013 анаға 5065 мың теңге төленді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың саларында мүгедек болған 157 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 1989 мың теңге төленді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2010 жылдың 1 тоқсанында 46 балаға 7307 мың теңге төленді.

«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік, дәрілік – педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып – тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 3566 мың теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері 40 балаға 890 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.

Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 185 адам тіркелді. 1 сәуірге 215 жұмыссыз тіркеуде тұр, экономикалық белсенді халықтың ішінен (20656 адам) жұмыссыздардың үлес салмағы 1 пайыз құрады.

Есеп мерзімінде 86 жұмыссыз әр түрлі жұмыстарға орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішінен 46,5 пайыз құрады.

27.01.2009 жылы бекітілген дағдарысқа қарсы іс – шаралар және жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды. Жастар іс – тәжирибесіне 10 жұмыссыз жас маман қатысуда.

Ақылы қоғамдық жұмыстарында 134 келісім шарт жасалынды, 134 адам қатысуда, оның ішінде ауылдық жерден 70 адам.

Оқуға 17 жұмыссыз жіберілді. Жаңадан 81 жұмыс орны ашылды. Мекемелерден қысқарып 2 адам жұмыссыз болып тіркелді.


^ Білім саласы

2009 жылдың 1тоқсанында аудан бойынша ІІІ тоқсан қорытындысы шығарылды. 1-11 сынып аралығындағы бала саны-6932. Олардың 1349-ы үздік, 2233-ы екпінді, 5 оқушы үлгермей, 4 оқушы денсаулықтарына байланысты қорытылмай отыр. Жалпы сапа-52%, үлгерім-99,9% .

30-31 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 22 мектептен 525 оқушы қатысты. Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша сапа 35 пайызды көрсетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Ауданнан 14 оқушы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

13 ақпанда М.Ломоносов атындағы орта мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктілігін анықтау мақсатында аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Аудан мектептерінен 23 мұғалім қатысты.

Аудан бойынша 1232 аз қамтылған оқушылардың 924 оқушысы тегін ыстық тамақпен, 2476 оқушы буфеттік тамақпен қамтылған. 1-4 сыныпта 2466 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтанады, бұл 100 %-ды құрайды. Ыстық тамаққа міндетті білім беру қорынан 11960 мың теңге қаржы бөлінді.

Жол картасы бағдарламасымен 4 мектепке 49465,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 32993,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 16472,0 мың теңге. М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу, Қазақстан орта мектебінің ғимаратына, Айнабұлақ орта мектебінің спортзалына, Абай атындағы орта мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша конкурс өтіп, мердігерлермен келісім-шарт жасалды.

Мемлекеттік тапсырыспен Кеңсай, Абай, Амангелді, Шілікті, Қазақстан мектептері жанындағы шағын орталықтарда 115 балаға қосымша 5 топ, № 1 «Еңлік» балабақшасында 25 орынды 1 топ, 2017 әскери бөлімнен 25 орынды 1 топ, Қаратал ауылынан 25 орынды, Сартерек ауылынан 10 орынды жеке меншік балабақшалар ашуға 18871,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Республикалық трансферт есебінен 2 лингафондық кабинет алуға 11082,0 мың теңге, «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен оқулықтар алуға 4052,0 мың теңге қаржы бөлінді.


^ Денсаулық саласы

Зайсан аудандық медициналық бірлестік бойынша барлығы 81 дәрігер, 222 мен 78 тазалықшы және 60 әртүрлі жұмыста істейтін жұмысшылыр бар.

1 тоқсанның қорытындысы бойынша 0-18 жас аралығында барлығы 9847 бала бар, оның ішінде оқушылар саны 7235. 4999 оқушы медициналық тексеруден өткені, оқу жылының аяғына дейін толық тексеруден өтеді.

Қан айналымы жүйесі ауруларын анықтауға профилактикалық тексеру барысында барлығы 3987 адам қаралуы қажет болса, оның 1314 адам 1 кезеңінен өтті. Екінші кезеңінен 453 адамның 175-і өтті.

Барлық шетінеген нәрестелер саны 8, оның ішінде перзентханада шетінегендер 5, өлі туған 1. Балалар бөлімінде шетінегендері - 1, үйде қайтыс болғаны - 2. Перитональдық өлім деңгейі 6 немесе 30,9%. Балалар өлімі деңгейі 8 немесе 41,2%.

Перзентханада шетінегендер:

Шетінеген нәрестелердің ішінде туа біткен ақаулар -1.

Бас ми жарақаты -1.

Іштен тұншығып туып шетінеген -1.

Іштен туа біткен ішек ақауы -1.

Шала туған -1.

Үйде шетінегендер:

Тұншыққан -2. (

Балалар бөлімінде шетінеген 1 бала. Миына қан құйылған.

Барлық жағдай союдан өткен, сараптамасы бар.

Балалар өлімін болдырмау жағдайында медициналық бірлестік бойынша реанимация бөлімі жұмыс атқарады, дәрі-дәрмекпен толығымен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер білімін жетілдіру курстарынан өткен. Әлі де болса аудан халқы жүктілікке жоспарлы түрде, алдымен денсаулықтарын тексеріп барып жіберілмейді. Созылмалы аурулармен, қан аздықпен есепте тұратын әйелдер, студенттер т.б. жүктілікке жіберіліп, әлжуаз бала дүниеге келіп шетінейді.


Құрылыс.

2010 жылғы 3 айда жалпы ауданы 2164 ш.м. құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді, оның ішінде ауданы 1871 ш.м Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі коммуналды тұрғын үй, ауданы 293 ш.м 4 жеке меншік үйлер салынды.


^ Жол картасы

«Жол картасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 3 бағытта 23 жобаның конкурсы өтіп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, мердігерлер анықталып, 219147 мың.теңге (республикалық бюджеттен 147355 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 71792 мың.теңге) қаржы бөлінді.

Жеке бағыттар бойынша :

«Мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу, жылылау» бағытына барлығы 49465 мың.теңге (32993 мың теңге республикалық бюджеттен, 16472 мың теңге жергілікті бюджеттен) бөлінді.

«Облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды және қала мен елді мекендер көшелерінің құрылысы және қайта жаңғырту» бағытына барлығы 137704 мың теңге (республикалық бюджеттен 91849 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 45855,5 мың.теңге) бөлінді.

«Ауылдырдағы, ауылдық округтердегі әлеуметтік жоба » бағыты бойынша 28420,7 мың теңге (республикалық бюджеттен 18956,5 мың.теңге, жергілікті бюджеттен 9464,2 мың.теңге) қаржы бөлінді.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 253 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2010 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік сатып алу конкурсы тендерлер толығымен өтіп мердігерлері белгіленді, негізгі жұмыстардың басталуы мамыр айына белгіленіп отыр.


Аудандық экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы Г.Мухамадиева



Похожие:

Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама

Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Зайсан ауданының 2010 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconЗайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы қорытындысы туралы анықтама

Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама icon2009 жылдың 1 тоқсандағы Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы туралы
Зайсан ауданының 2009 жылғы 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылай отырып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткендігі...
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама icon«2010 жылдың қаңтар қыркүйегіне Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы» анықтама
«2010 жылдың қаңтар қыркүйегіне Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы»
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама icon«2010 жылдың қаңтар маусымына Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы» анықтама
«2010 жылдың қаңтар маусымына Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы»
Зайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық саласының тұрақты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы