Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! icon

Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар!



НазваниеҚадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар!
Дата конвертации22.05.2013
Размер302.23 Kb.
ТипДокументы
источник

Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаевтың аудан халқына есеп берудегі баяндамасы


Қадірлі қауым!

Қымбатты жаңақорғандықтар!


Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.

Осы орайда айта кететін бір жәйт – еліміздің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды.

«Қазақстан-2030» Стратегиясында экономикалық даму басты бағыт болған еді. Нақты мәліметке сүйенсек, 1998 жылы жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 1500 доллар көлемінде болатын. Ал ол көрсеткіш 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Халықтың денсаулығы жақсарғандықтан, өмір сүру деңгейі артты, бүгінгі таңда орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрап отыр.

Қазіргі Қазақстан халқының алдында тұрған басты міндет «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағыттарына сай міндеттеріді өз деңгейінде орындап, әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру. Ол үшін сіз бен біздің бірлесіп жұмыс жасауымыз, әрине басты қажеттілік.


Құрметті жиынға қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыруға байланысты бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Биылғы жылдың
14 қаңтарынан бастап барлығы 26 кент ауылдық округі әкімдері есепті кездесулер өткізді және оған 2680 тұрғын қатысты, 111- шығып сөйлеп, ауыл әкімдерінің бір жылда атқарған жұмыстары жөнінде ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпан айының 1-8 аралығында өзім барлық ауылдық округтерді аралап есеп бердім. Есеп беруге 3152 адам қатысып, 121 ұсыныс пікірлер түсті.

Айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта зерделеніп, тиісті іс-шаралар жасалатын болады.

Аудан әкімінің 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және 2013 жылға арналған негізгі міндеттер туралы есебінің нұсқалары осы жылдың қаңтар айында аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде жарияланып, аудан әкімінің веб-сайтында орналастырылды. Оны аудан тұрғындары оқып, танысқанын жақсы білемін.

Сондықтан, мен бүгінгі есебімде жұмысымыздың негізгі бағыттары мен басты мәселелерге тоқтала кеткенді жөн санап отырмын.

Менің бірінші кезекте назарымды аударған басты мәселе ауданымыздағы үдемелі-индустриялық дамуы, ауданның өнеркәсібін дамыту.

Өнеркәсіп саласы

Ауданның өнеркәсіп саласында 2011 жылы 14313 млн.теңге, 2012 жылы 20,955,5 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп ^ 146,4 пайызға артып отыр.

Ауданда өнеркәсіп саласында жалпы өнімнің, шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Ауданда 2013-2014 жылдары «Шалқия-ЦИНК ЛТД» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы, «Қызылорда құс фабрикасы»-ның құрылысы инвестициялық жобаларын іске асыру жоспарланса, негізгі қорға барлығы 50,0 млрд. теңгенің инвестициялық қаржысы тартылады деп күтілуде.

2012 жылы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС-нің қиыршық тас және жуылған құм шығаратын зауыты, «Байкен-У» ЖШС-нің уран шикізатын өндіру жобасы, «Шипажай-Жаңақорған» ЖШС санаториясы, «Дархан-2006» ЖШС-нің темір-бетон цехын кеңейту және қайта жабдықтау, ЖК «Шайықов» сауда үйінің құрылысы, ЖК «Божбанбаева»-ның тіс емханасын кеңейту және қайта жабдықтау жобалары аяқталып толық қуатында аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Кеңес елді мекеніндегі «Тату-Агро» шаруа қожалығының томат өнімдерін өндіретін зауыты жалпы құны 3,0 мың тонна өнімді өңдеп, 400 тоннадан астам томат пастасын шығарды. «Биснестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аталған томат өңдеу зауытының инфрақұрылымын дамыту үшін (электрэнергиясы, жол құрылысы саласы бойынша) 10,4 млн.теңге бөлінді. «Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС-нің сыртқы инфрақұрылымының жобасын жасауға 54,3 млн.теңге бөлінген қаржылары облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«СКЗ-U» ЖШС-і жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылы өнімін өндіретін зауыттың реттеу, сынау жұмыстары аяқталып, биылғы жылдың 3-ші тоқсанынан бастап өнім шығара бастаса, жыл со ңына дейін 497,0 млн.теңгенің 95,0 мың тоннадан астам күкірт қышқылын өндірді. Онда бұл күндері 250-ден астам адам жұмыс істеуде. Оның 75 жергілікті тұрғындар. Бұл зауыт толық қуатында жұмыс жасаған уақытта жылына 10,0 млрд теңгеден астам өнім шығаратын болады. Одан басқа 150,0 млн квт сағат электр энергиясын өндіріп, оның 80,0 млн квт сағаты аудан қажеттілігін қамтамасыз етуге жұмсалмақшы.

«Байкен-U» ЖШС – де 343 адам жұмыс жасауда. Оның 90 жергілікті аудан тұрғындары. Кеніш жанынан 250 адамға арналған вахталық тұрғын жай құрылысы салынып, аяқталды. Үстіміздегі жылдың маусым айында уран рудасын алғашқы өңдеуден өткізетін цехтың құрылысының 1-ші кезегі толық аяқталып іске қосылды. Бұл серіктестік кен өндіруге дайындық жұмыстарымен қатар оны өндіруді де қатар жүргізуде.

«Қызылқұм» ЖШС-гі тәжірибелік-өндірістік өнім өндіруге толық көшті. Бұл серіктестікте 294 адам жұмыс жасауда. Оның 135 жергілікті аудан тұрғындары. Осы өндіріс орындарының есебінен ауданда өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артып отыр.

Кәсіпкерлік саласы

Шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 2020 бірлікті құрап 102,1 пайызға өссе, осы кәсіпкерлік нысандарында жұмыспен қамтылған жұмысшылар саны 5350 жетті. Кәсіпкерлік саласында шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет түрлері бойынша 2011 жылы 5 млрд.520 млн.теңгенің, 2012 жылы 5 млрд.880,0 млн.теңгенің, өнімдері мен қызметтері көрсетілді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 106,5 пайызға орындалды. Кәсіпкерлік нысанының артуына орай бюджетке 2011 жылы 139,9 млн.теңге, 2012 жылы 149,4 млн теңгенің салық түсімдері түсті.

Аудан орталығындағы микрокредиттік ұйымдар 2012 жылы аудан тұрғындарына сұранысына орай 210 млн теңге, яғни 19-26% аралығында және «Қамқоршы» несие серіктестігі аудан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне 97,7 млн. теңге несие берілді.

Өткен жылдың сәуір айында аудан орталығынан көлемі 1320 шаршы метр құрайтын екі қабатты 71 орындық «Нұрасыл», тамыз айында көлемі 200 шаршы метр құрайтын екі қабатты 20 орындық «Аркен» сауда орталықтары және сауда алаңы 800 шаршы метр «Нұрасыл» сауда орталығының екінші бөлігі ашылды. Мұндағы бүгінгі күн талабына сәйкес келетін сауда орындары жұмыс жасауда. Сонымен бірге кент орталығындағы «Нұр-Әділ» сауда орталығы тұтынушылардың бүгінгі таңдағы сұранысына сай қайта жаңартылып, қуаты тәулігіне 3 тонна нан және нан өнімдерін шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Аудандағы 24 жаңа үлгідегі және басқа 51 дүкендер, 12 жанар жағар май құю бекеттері, 7 автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орындары, 13 тойхана, 27 шағын кафелер, 8 монша, 7 мебель және есік терезе жасау цехтары және басқа кәсіпкерлік нысандары халықтың сұранысын толық қанағаттандырып келеді. Кент орталығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бір жоба жүзеге асырылды. Ол «Дархан -2006» ЖШС- нің темір- бетон цехы кеңейтіліп, қайта жабдықталды.


2012-2013 жылға аудандық бюджеттің атқарылуы


2012 жылға бекітілген бюджет

І. Кірістер бойынша:

а) жергілікті кірістер – 965871,0 мың теңге болды

б) субвенция – 4791279,0 мың теңге болды

в) трансферт барлығы – 248661,0 мың теңге болды

оның ішінде:

даму трансферті – болған жоқ

ағымдағы трансферті – 248661,0 мың теңге болды

^ Бекітілген барлық кіріс – 6,005,811 мың теңге болды.

ІІ. Барлық шығыс: - 6005811,0 мың теңге болды.

Жоғарыдан алынған қаржы 84%-ды құрады.

2012 жылға нақтыланған бюджеті

І. Кірістер бойынша:

а) жергілікті кіріс – 1308545,0 мың теңге болды. Бекітілгенінен

348674,0 мың теңгеге артты.

б) субвенция – 4791279,0 мың теңге болды. Жыл ішінде өсім болған жоқ.

в) трансферт – 878286,0 мың теңге болды. Жыл басындағыдан

629625,0 мың теңгеге артты.

^ Барлық кіріс – 6978110,0 мың теңге болды.


Жыл басындағыдан 972299,0 мың теңгеге артты.

ІІ. 2012 жылды алғанда шығыстар – 7311,879,0 мың теңге болып, орындалуы 99,1% болды.

Жыл басындағыдан 1306068 мың теңгеге артты.

Жоғарыдан алынатын қаржы 77,6%-ды құрады.

^ Оның ішінде:

-жергілікті кірістер есебінен – 332,703,8 мың теңге

-жыл басындағы бос қалдық есебінен – 343739,2 мың теңге

-жоғарыдағы трансферттер есебінен – 629,625,0 мың теңге

^ 2013 жылға бекітілген бюджет

  1. Кірістер:

а) Жергілікті кірістер – 1029603,0 мың теңге болды.

2012 жылға бекітілген бюджеттен 63732,0 мың теңгеге артық.

б) Субвенция – 4844352,0 мың теңге болды.

2012 жылғыдан – 53073,0 мың теңгеге артық.

В) Трансферт барлығы – 2466664,0 мың теңге болды.

^ 2012 жылға бекітілген бюджеттен 2218003,0 мың теңгеге артық.

Нақтыланған бюджеттен 1588378,0 мың теңгеге артық.

Оның ішінде:

  • Ағымдағы бюджет – 1038081,0 мың теңге болды.

2012 жылға бекітілген бюджеттен 789420,0 мың теңге артық.

2012 жылға нақтыланған бюджеттен 159795,0 мың теңгеге артық

  • Даму бюджеті 1428583,0 мың теңге болды.

2012 жылы бұндай қаржы бөлінбеген болатын.


^ Бекітілген 2013 жылғы барлық кірістер – 8340619,0 мың теңге болды.

2012 жылға бекітілген бюджеттен 2,334,808,0 мың теңге артық.

Нақтыланған бюджеттен 1362509,0 мың теңге артық.

Жыл басында (2013 жылға) бос қалдық 178760,7 мың теңгені құрады. Олар:

  • Салықтың артық орындалуынан – 112124,5 мың теңге.

  • Қаржының игерілмеуі – 66636,2 мың теңге болды.



Салық түсімдері

2012 жылы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 7 млрд. 246 млн. 217,5 мың теңгеге немесе 99,1 пайызға орындалып отыр.

2012 жылы аудан бюджетінің кіріс көздігі 5 млрд.22 млн. 887,0 мың теңгеге немесе 106,0 пайызға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджет 104,8 пайызға, жергілікті бюджет 108,7 пайызға. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы бюджет түсімдері 145,3 пайызға артық орындалды.


Ауылшаруашылығы саласы

Аудан бойынша 2012 жылы 27794 гектар егіс, оның ішінде дәнді дақылдар 12366 гектар (оның ішінде күріш 8694 гектар), 761 гектар мақсары, 55 гектар күнбағыс, 565 гектар картоп, 1671 гектар бақша, 651 гектар көкөніс егіліп, межеленген дақылдардан мол өнімдер алынды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бағасын арзандату бағытында аудандағы егістікпен айналысатын 188 шаруашылыққа, асыл тұқымды малдар өсіруге, егістікке су жеткізіп беру қызметін арзандатуға, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу шығындарын субсидиялауға, күріш тұқымына, азот минералдық тыңайтқышына, барлығы 409,7 млн. теңге көлемінде субсидия төленді, ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да дамған. Қазір аудан бойынша 40956 бас мүйізді ірі қара (оның ішінде сиыр 16520 бас), 214945 бас қой мен ешкі, 8610 бас жылқы, 890 бас түйе, 29017 бас құстар өсірілуде.

2012 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 млрд.980,0 млн. теңгеге жетіп отыр.

Мал басын асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан берілген 185,3 млн.теңгеге Арал ауданы, Алматы, Павлодар облыстарынан 1214 бас тауарлы ірі қара ( оның ішінде 94 бас асыл тұқымды бұқа, 1120 бас қазақтың ақ бас сиыр) сатып алынды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 97,7 млн.теңге, «Ауылшаруашылығын Қолдау қорынан» 15,2 млн.теңге кіші несие барлығы 298,2 млн.теңге несие берілді,18-59%-дың аралығында.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 115 маманға 13,0 млн.теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы, 58 маманға 126,2 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.

Ветеринария саласы

2012 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 74306,0 мың теңге қаржыға эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Қырым-Конго қанды безгегі ошағы бар 4 ауылдық округте (Кейден, Төменарық, Құттықожа, Қыраш) кенеге қарсы залалсыздандыруға жергілікті бюджеттен 3435,0 мың теңге және 3 ауылдық округте (Жаңақорған, М.Нәлібаев, Өзгент) кенеге қарсы сауықтыруға 1224,0 мың теңге бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар жүргізілді.

Мал көмінділерін салуға 5 ауылдық округке (Бесарық, Манап, Ақүйік, Жайылма, Байкенже) жергілікті бюджеттен бөлінген 6848,0 мың теңгеге мал көмінділері салынып пайдалануға берілді. Иесіз ит-мысықтарды жоюға бөлінген 1605,0 мың.теңгеге 1605 бас иесіз ит-мысықтардың басы жойылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 2011- 2012 жылдары барлығы 1359 адам қатыстырылды.Оның ішінде:

  • Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша - 1147 адам қатысты.

  1. Кәсіптік даярлауға 2011 жылы – 249 адам, 2012 жылы 108 адам;

  2. Қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2011 жылы – 74 адам,
    2012 жылы- 125 адам;

  3. Әлеуметтік жұмыс орындарына 2011 жылы – 237 адам, 2012 жылы- 252 адам;

  4. Жастар тәжірибесіне -100 адам.

«Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы» бағдарламалары аясында 558 адам бағдарламаға қатыстырылып, онын ішінде 252 адам оқу курстарын бітірді.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша

  • 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 110 адамға 27702,0 мың теңгеге қаралған қаржыға 252 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды.

2012 жылғы 252 азаматтан:

  1. 78- адам тұрақтанды;

  2. 46- адам әлеуметтік жұмысты жыл соңына дейін жалғастырды;

  3. 31-адам объекивті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді.

Қалған 97 адамды орталық мамандары тұрғылықты жері бойынша зертеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыздарын тұрақты жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңға дейін 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған 252 адамнан 211-не зейнетақы жарнасы аударылды. Қалған 41 адамның зейнетақы жарнасы толық аудару шаралары жүргізілуде.

Жастар практикасы бойынша

2012 жылға жастар практикасына республикалық бюджеттен 50 адамға бөлінген 9552,0 мың теңге қаржыға 55 мекемемен келісім шарт жасалып, 100 азаматқа жолдама берілді.

Нәтижесінде игерілгені: 9552,0 мың теңге (100% ).

2012 жылғы жастар практикасына жолданған 100 адамнан:

  1. 13- адам тұрақтанды;

  2. 13- адам жастар практикасына жолданды;

  3. 17-адам объекивті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді.

Қалған 70 адамды орталық мамандары тұрғылықты жері бойынша зертеу жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде.

2. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша - 171 адам қатыстырылды

2012 жылы «PROF.-Консалтинг» ЖШС кәсіпкерлік негіздеріне 68 адам оқып, осыдан:

31-адам шағын несие алды;

17- адам 2013 жылы несие алатындар қатарында;

20-адамға объекивті себептермен несие беруді қажет етпейді. 2012 жылы республикалық бюджеттен 75 адамға бір шағын несие ұйымы арқылы қаралған 112500,0 мың теңге қаржыны игеру мақсатында 61 азаматқа несие берілді. Нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар 122 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Несие алған 61 азаматтың айналысатын кәсіп түрлері:

  1. Мал шаруашылығына - 56 адам,

  2. Кондитерлік өнім – 1 адам,

  3. Техникалық жөндеу орталығы – 2 адам,

  4. Жихаз цехі – 2 адам, Осы мақсатта 2013 жылға 180 млн теңге бөлініп отыр, қосымша 200 млн теңге сұрап отырмыз. Игеретін 6 шағын несие ұйымын ашуға жұмыс жасалды.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша - 41 адам қатыстырылды

2012 жылға бағдарламаның жобаларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен
82321,0 мың теңге қаржының игерілген 53064,0 мың теңгесіне ^ М. Нәлібаев ауылдық округіндегі Б.Майлин (700 м), Сырғақ батыр (720м), Т. Рысқұлов (730 м), С.Сағырбаев (700 м) көшелерінің жөндеу жұмыстарына бөлініп, 26 азамат жұмысқа тартылды.

Қалған 29257,0 мың теңге қаржы ^ Ақүйік ауылдық округіндегі Абай (650 м) және А. Ертаев (1100 м) көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарына бөлініп, 15 азамат жұмысқа тартылды.
Барлығы 41 азамат жұмыспен қамтылды, мемлекеттік жеке әріптестік негізінде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер саласы

2012 жылы жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 1895 адамның, 1110 адамы жұмысқа орналасты. Экономикалық белсенді халық санына шаққанда аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 0,6%- ға кеміді (2011ж.-5,8%).

2012 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 583 адам тартылып, 30966,0 мың теңгенің еңбекақысы төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 203 отбасына (1079 бала) 9765,5 мың. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға 3389 отбасына (11428 бала) 172477,3 мың теңге, 1047 отбасына 20284,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Білім саласы

Ауданда қазіргі таңда 42 мектеп, 21 мемлекеттік бала-бақша, 13 жеке бала-бақша, 15 шағын орталық, 4 мектептен тыс мекеме, 1 кешкі мектеп жұмыс жасауда. Мектепке дейінгі ұйымдарда 3818 бала қамтылған. Ауданда 10 мектеп-асар әдісімен салынған.Бұл мектептер типтік жобаға сәйкес келмейді, себебі асханасы, шеберханасымен спорт залдыры жоқ. 4 млрд 255 млн теңге білім саласына беріліп отыр-68% аудан бюджетінен. 1 сыныпта оқитын 1629 баланы 100% ыстық тамақпен бір мезгілдн қамтамасыз ету 45 млн теңгені құрайды.

2012 жылдың басында бала бақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтарда аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған балалар 65,5 пайызды құрап отыр.

2011-2012 оқу жылында мектепті бітірген 1183 баланың, 875-і ҰБТ-ге қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл көрсеткіші – 60,2. Өткен жылдың (77,7 балл) орташа көрсеткішінен 17,5 балға төмендеп отыр. Үміткер 52 бала «Алтын белгі»-ні дәлелдей алмаса, «Үздік аттестатқа» үміткер 35 баланың 1-уі ғана өз білімін делелдеді. 4 елді мекенде мектепке дейінгі ұйым жоқ. Алдағы уақытта 3 ауылдан мемлекеттік типтік жобадағы балабақша ашамыз, 9 елді мекеннен жеке балабақша ашып, оған 845 бала тартылады.

Мәдениет саласы

Жаңақорған ауданы бойынша 2 мәдениет үйі, 26 ауылдық клуб, 3 мәдени демалыс кешендері, 6 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі, барлығы 68 мәдениет ошағы аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.

2012 жылы жергілікті бюджеттен Келінтөбе, Қыраш, Өзгент, Қандөз, Қаратөбе, Әбдіғаппар, М.Нәлібаев, Кейден, Жайылма, Түгіскен ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратура алуға – 5 млн. теңге қаржы бөлініп музыкалық аппаратуралар алынды. Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне ұлттық киімдер алуға – 3800,0 мың теңге, «Ордакент» ардагерлер үйіне жиһаздар алуға – 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қожамберді, Жаңарық, Сунақата, Қандөз, Әбдіғаппар ауылдық клубтарына өртке қарсы дабыл қаққыш қондырғылар орнату үшін жергілікті бюджеттен – 2347,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңадан салынып пайдалануға берілетін Манап ауылдық клубының қызметін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 2889,0 мың теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстары толығымен орындалды.

Мәдениет ошақтарын қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мәдениет үйлері мен клубтарға- 6330,0 мың теңге, сұйық отын алуға -1785,0 мың теңге, кітапханалар жүйесіне-1218,0 мың теңге қаржылар бөлініп, мәдениет ошақтары қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді.

2012 жылы 1276 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мәдениет үйлері мен клубтар тарапынан көрермендер залын жалға беру, дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз ету, ақылы негізде мекемелердің шараларын өткізіп беру, ұлттық киімдерді жалға беру, ақылы концерттер мен би кештерін өткізу т.б. ұйымдастырылған ақылы қызмет нәтижесінде 2012 жылы 3654,0 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.

Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 13661,0 мың теңге, Алмалық ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 9295,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттарын жасау үшін – 2000,0 мың теңге, аудандық кітапхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар жасау үшін - 1496,0 мың теңге, М.Нәлібаев ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар жасату үшін – 631,0 мың теңге қаржы бөлінді.

^ Кітапханалар жүйесі бойынш аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. 2012 жылы кітапханалар жүйесінің жалпы бюджеті 71618,0 мың теңгені құрады. 9 ауылдық кітапханаларға компьютер алуға- 1350,0 мың теңге, осы кітапханаларға интернет жүйесін қосуға – 601,0 мың теңге, Модем алуға- 90,0 мың теңге қаржы қаралды. Негізгі көрсеткіштер бойынша 2011 жылы кітапханалардағы жалпы кітап қоры 411,748-ге, оқырман саны 28068-ге, кітап берілімі 515072-ге жетсе, 2012 жылы кітап қоры 418668-ге, оқырман саны 28140-қа, кітап берілімі 515405-ке жетіп, нәтижесінде кітап қоры 6920-ға, оқырман саны 72-ге, кітап берілімі 333-ке артты. Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта, 4-і лайықтандырылған арнайы ғимараттарда, 5-і ауыл мектептерінде, 6-ы әкімдік ғимараттарында, 1-і аумақтық басқарма ғимаратында, 2-і жеке үйлерде, 16-ы ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан.

Аудандық кітапхана күрделі жөндеуді қажет етеді, 1-і апаттық жағдайда, 10 кітапхана интернет желісіне қосылған, жалпы кітапханалар бойынша компьютерлер саны 41-ге жетті.

Жергілікті бюджеттен 1186,0 мың теңге қаржы қаралып, барлық аудандық, кенттік және ауылдық кітапханалар баспасөз құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының 5 модулімен жабдықталған. Осы бағдарламаның бүгінгі таңда «Каталогизатор», «Ізденіс Тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу» модулдерімен ғана жұмыс жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша орналасқан, 2012 жылы электронды каталогқа 11124933 дана кітаптың 9311 аталымы және мақалалардың 1815 сипаттамасы енгізілді.

^ Мәдени мұра бағдарламасы бойынш аудан бойынша 30 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 4-і Республикалық дәрежеде, жергілікті маңызы бары-17, қалған 9-ы алдын-ала есепке алынған. 30 ескерткіштің тізімі жасалынған, «Тіркеу карточкалары» мен қорғау міндеттемелері қайта рәсімделген.


Денсаулық сақтау саласы

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында телемедицина желесі енгізіліп, облыстық ауруханамен байланыс орнатылды.

2012 жылдың қортындысында ауданның 77,6 мың халқына аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, туберкулезге қарсы күресу дипансері, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет қызмет көрсетті.

Ауданның емдеу, алдын алу мекемелерінде 138 жоғары білімді дәрігер, 610 орта буынды медицина, 303 кіші буынды және 81 шаруашылық қыметкерлері қызмет етеді.

Дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа шаққанда 16,4 (2011жылдың 9-айында 14,5 облыстық көрсеткіш-29,3). Дәрігерлердің 27 бірінші, 19 екінші санаттық дәрежеде. 138 дәрігердің 52-нің санаттық дәрежелері бар .Ол 18,3 пайызды құрайды. 2012 жылы дипломмен ауылға бағдарламасымен - 8 дәрігер маман жұмысқа орналастырылды.

- Аудан бойынша 4332 жасөспірім бар. Ішінде ұл балалар-2369,қыз балалар-1963, 14-16 жас аралығында профилактикалық тексеруден өткені -4632-96 пайыз, аурушаңдықпен анықталғаны 945, сауықтырылғаны -621. «Д» есепте 611 жасөспірім тұрады.

- Аудан бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары 21, 49 ауған соғысына қатысушылар, 91 Семей полигонында болғандар, 27 Чернобыль апатына қатысушылар диспансерлік есепте тұрады. Профилактикалық тексерумен (100 пайыз) қамтылады.

Ауданда 4 ФГ қондырғысы жұмыс жасайды. 2012 жылға флюорографиялық тексеруге 36620 адам жоспарланды. Қамтылғаны -93,8 пайызды құрады. 2 жылдан аса түспегендер-3663, түскені-3178-86,8 пайыз, ФГ (+) 627 тексерілгені-391-94,2 туберкулез анықталғаны-67.

2012 жылдың қорытынды бойынша тегін және 100 пайыздық жеңілдетілген дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілуі, аудан бойынша 25870 рецепт жазылды.

^ Аудан бойынша әйелдер саны -39054 (2011-39054), оның ішінде туу жасындағы әйелдер 2012ж-19565 (2011ж-19302) . Жасөспірім қыздар 2345 (2011ж-2449),

Жүктілікпен есепке тұрған әйелдердің саны 2081- (2011ж-2008), оның ішінде 12- аптаға дейін есепке алынуы 1640-78,8(2011ж-1605-78,1), босанғаннан кейінгі үйге барып көруі -100 пайыз терапевтермен көрілуі 12 аптаға дейінгілері 2086-80,6 (2011ж-2096) 102 пайыз. Уақытылы босануы 89,9 пайыз (2011ж-85,7,).

Ана өлімі 2011 жылы тіркелген жоқ. 2012 жылы 1 жағдай-48,7 промиль. ҚРДСМ 07 .05.2010 ж шыққан №325 өңірлендіру бұйрығы бойынша 2012 жылы 3 деңгейде босанған әйелдер.(сары аурумен)

Атап айытқанда: Орталық ауруханада-1905, II-деңгейде-77, III-деңгейде-137. Республикалық деңгейде -5 әйел босанған. Басқа өңірлерде-82 әйел босанған.

^ Хирургия бөлімінде барлық қабылдау-7617, оның ішінде профилактикалық тексеруден өткендер-4713, амбулаторлық операциялар барлығы-575, жоспарлы түрде-219, жедел түрде-356.

Аудан көлемінде биылғы жылы ғимараттардың күрделі жөндеуімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Олар, білім беру саласы бойынша 5 мектеп күрделі жөндеу жұмыстарына және жаңадан 9 бала бақша салуға 736 932 млн теңге бюджеттік өтінім жасалып облысқа ұсынылды.

Мәдениет саласының ғимараттарын оның ішінде кітапхана орталық мәдениет үйі, «Арман» мәдениет үйі және М.Нәлібаев ауылындағы клуб үйін күрделі жөндеу жүргізу үшін 118 758 млн теңгеге бюджеттік өтінім жасалып тиісті органдарға ұсынылды.

Сонымен қатар 10 ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсе ғимараттарының жоқтығына байланысты жаңадан кеңсе ғимаратын салуға 120 млн теңге бюджеттік өтінім жасалып облыстық бюджеттік комиссияғы ұсынылды.

Жаңақорған кентінің ауыз су мәселесін шешу мақсатында «Жаңақорған кентінің ауыз су жүйелерін жаңғырту» жұмыстарының 4-ші кезеңінің жоба сметалық құжаттарын жасатуға Облыс әкімдігінің 30 шілде 2012 жылғы №516 қаулысының 2-ші қосымшасындағы кезектілік тізіміне сәйкес 31,8 млн. теңге қаржы бөлдіруге және «Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 28 сәуір 2012 жылғы №4-1002 санды хатында көрсетілгендей Жаңарық, Ақсуат, Өзгент және Кейден елді мекендерінің ауыз суы ішуге жарамсыз болып отыр. Сол себепті аталған елді мекендерге ауыз су тұщытатын қондырғы (опреснительный установка) сатып алуға 72,0 млн. теңге қаржы бөлдіруге Бюджеттік ұсыным дайындалып Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасына өткізілді.

Сонымен қатар аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Қосүйеңкі» автомобиль жолының қалған 8 шақырым бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарына 77,0 млн. теңге, «Әбдіғаппар-Төлегетай-Қорасан ата» автомобиль жолының 16,4 шақырым бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарына 109,0 млн. теңге және «Самара-Шымкент-Аққұм» 12 шақырым автомобиль жолын жаңадан салуға 83,9 млн. теңге қаржы бөлдіруге Бюджеттік ұсыным дайындалып Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өткізілді.

Нақты атқарылатын жұмыстар

Елді мекендер мен Жаңақорған кенті бойынша ауыз су нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 19000,0 мың теңге бөлініп «Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» МКК жұмыстарын жүргізіп, 820,0 мың теңгеге ауыз суды тұщыту мақсатында химикаттар сатып алынды.

Кент ішін абаттандыру мақсатында 5256,0 мыңтеңге қаражат бөлініп146 дана күл-қоқыс салатын жәшіктер алынып қазіргі уақытта арнайы нысандарға қойылды.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында 2316,0 теңгеге 287 дана жол белгілері сатып аланып, елді мекендер мен кент ішіне орнатылды.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамассыз ету мақсатында 310013,0 мың теңге қаржы бөлініп «Самара-Шымкент-Сүттіқұдық» автожылына орташа жөндеу жұмыстарына 49480,0 мың теңге, Қожакент елді мекеніндегі ауыл ішілік жолдарына 49480,0 мың теңге, Қыркеңсе елді мекеніндегі ауыл ішілік жолдарына 37459,0 мың теңге, Қосүйеңкі елді мекеніндегі ауыл ішілік жолдарына 9134,0 мың теңге, Сүттіқұдық елді мекеніндегі ауыл ішілік жолдарына 41457,0 мың теңгеге «Қызылорда Жолдары» ЖШС-гі, «Әбдіғаппар-Төлегетай-Қорасаната» автожолына 79396,0 мың теңге «Ақжол» ЖШС-гі, Аудандық маңыздағы авто жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 36000,0 мың теңгеге «Жаңақорған Тазалық» ЖШС-гі, Төменарық елді мекеніндегі Сырдария өзеніне қойылған қалқымалы көпірді күтіп ұстауға 1500,0 мың теңге қаржы бөлініп «Ер Қуаныш» ЖШС жұмыс жасады.

Кент, елді мекендер ішіндегі жолаушылар тасмалын ұйымдастыру мақсатында өзін-өзі ақтамайтын бағыттағы маршруттарға 5477,0 мың теңге бөлініп Ж.К «Абишев Ж» жұмыс жасады.

«Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» М.К –на 16000,0 мың теңге бөлініп ауыз су ұңғымасын қазатын бұрғылау қондырғысы сатып алынды.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекендегі автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына 234114,0 мың теңге қаралды. Бесарық елді мекеніне 15467,0 мың теңге, Екпінді е.м 47162,0 мың теңге, Шалхия кентіне 48701,0 мың теңге, Кеңес е.м 39660,0 мың теңге, Манап е.м 37439,0 мың теңге, Қосүйеңкі е.м 45684,0 мың теңге болып бөлініп отыр.

Облыстық бюджеттен Қосүйеңкі ауылына кіре беріс, Келінтөбе, Аққорған, Сунақата, Ақсуат, Қандөз елді мекендерінің ауылішілік жолдарын жөндеуге 200,9 млн теңге ұсынылып, мақұлданды.

Өзгент, Кейден, Жаңарық, Ақсуат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 72 млн теңгеге ауыз су тазатқыш қондырғыларын орнатуға облыстық бюджетке ұсыныс берілді.

^ Ауыз су мәселесі бойынша

Жаңақорған ауданындағы 39 елді мекеннің 34 елді мекені локальдық жүйеде ауыз сумен, қалған 5-уі шахталық құдықпен қамтамассыз етілген. 34 елді мекеннің 8 елді мекені Жиделі топтың су құбырына қосылса 26-сы скважина суын пайдалануда.

Биыл Кейденге 216 млн, Қаратөбеге 328 млн, Манап ауылдық округіндегі Талап бекетіне
181 млн теңге сумен қамтамасыз етуге жалпы құны 725 млн қаражат бөлінді.

Сонымен қатар 2011 жылы осы бөлім арқылы Түгіскен елді мекенінің ауыз су жүйксін жаңғырту жұмыстарының жоба сметалық құжаттары дайындалып сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстарын 2014 жылы бастау жоспарланып отыр.

2013 жылы Елді мекендер мен Жаңақорған кенті бойынша ауыз су нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17000,0 мың теңге , елді мекендер мен Жаңақорған кенті бойынша абатандыру жұмыстарына 2684,0 мың теңге бөлінді.

2011-2012 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ауыл-шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті арқылы 2011 жылы республикалық бюджеттен 250 мың теңге қаржы бөлініп «Жер Ана» Ж.Ш.С-гі арқылы Жаңақорған ауданының 28 елді мекенін таза ауыз сумен қамтитын «Талап-Сырдария» топтың ауыз су құбырының жобасын жасау жұмыстары жүргізіліп мемлекеттік сараптамада қаралуда.

Кент орталығын қосымша ауыз су жүйелерімен қамту мақсатында Жаңақорған кенті су жүйесін тұйықтау жобасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба сараптамадан өтізілген соң құрылыс монтаж жұмыстарына қажетті 959,7 млн теңге қаржысы республикалық су ресурстар комитеті бастығы И. Абишевпен келісіліп отыр. Жоба іске асқан жағдайда Жаңақорған кенті бойынша 2 этаппен атқарылған 77,4 км су жүйелері толығымен тұйықтау үшін 50 км су желісі тартылып, Жиделі су торабынан келген су көлемін қабылдауға болады.

Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін және Сунақата, Жайылма, Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық, Екпінді елді мекенер ауыз су жүйелерін «Қазсушар» РМК-ның «Арал» құрылысы салынып жатқан бірлескен кәсіпорындар дирекциясының (ОДСП Арал) теңгеріміне өткізуге жұмыстар басталды, ауыз су жүйесі дирекция теңгеріміне толық өткен кезде қаржыландырылуы республикалық бюджеттен болады және Жиделі су торабынан қажетті ауыз суды толық алатын боламыз.

Кент орталығының электр энергиясы туралы 2012 жылы Ипподром көшелеріне ВЛ-10 кв 727 метр, ВЛ-0,4 кв 4286 метр, Саяжай көшелеріне ВЛ-0,4 кв 320 метр, Май бекеті көшелеріне ВЛ-10 кв 11 метр, ВЛ-0,4 кв 2344 метр электр желісін тартуға, Ипподромға -2 дана КТПН орнатуға, Ипподром көшелеріне 12433 метр, Саяжай көшелеріне 4833 метр, МАЙ бекеті көшелеріне 4546 метр, Алтыкрант көшелеріне 882 метр тас жол салуға барлығы 418 828 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары жасалып, облыстық құрылыс басқармасы арқылы бұл жұмыстар биылғы жылы атқарылатын болды.

Кент тұрғындарына электр қуаты жетімсіз болғандықтан жергілікті бюджеттен мүмкіндігіне қарай бөлінген 6 256 мың теңгеге 5 дана трансформатор сатып алынып, трансформатордан көшелерге сым тарту үшін электр тауарларын сатып алуға -2 840 мың теңге қаралып, Сапарбаев, Ордакент, Майлин, Әлшекей көшелеріне жаңадан қойылса, №51 мектеп жанындағы трансформатор ауыстырылды.

Тұрғын-үй коммуналдық шаурашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша аудан көлемінде жұмыстар атқарылуда. Жаңақорған және Шалқия кенттеріндегі тұрғын үйлердегі пәтер саны және иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда осы салаға жауапты мамандар Астана қаласында Жаңақорған кентіндегі екі көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жұмыстарына ұсыныс беруде.

Аяқсу мәселесі бойынша

Наурыз айындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстар комитетінің төрағасы И.Әбішевтің ауданға келген жұмыс сапарында аяқ су мәселесіне байланысты берілген тапсырмаларына сәйкес Жаңақорған ауданы бойынша аяқ су мәселесін шешіп жақсарту мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- Сунақата а/о «Шаянка» каналының 5 км және Сунақата каналының сағасы қазылды; (Облыстық су шаруашылығы)

- Байкенже а/о «Күркіреуік» каналының 6,5 км сағасы қазып тазаланды; (Облыстық су шаруашылығы)

- Қожамберді а/о М-2 каналының 400 метр жері қазылды; (Облыстық су шаруашылығы)

- Қыркеңсе а/о Р-23-2 және Р-23-3 каналдарының 5 шақырымына қазып тазаланды; (Облыстық су шаруашылығы)

Сонымен қатар облыстық су шаруашылығы мекемесі арқылы Төменарық ауылының күн шығыс жағынан 120 скважиналық құдықтар қазу жұмыстары ұйымдастыры жүргізілуде. Скважиналық құдықтардың трубалары тұрғындардың өзі алып беретін болып келісілді. Скважиналық құдықтьарды 2 (екі) үй пайдаланатын болады. Қазіргі таңда елді мекен көлемінде 60 құдық қазылып бітті.

Сүттіқұдық ауылдарына 120 скважиналық құдықтар қазу жұмыстары жүргізілуде. Скважиналық құдықтардың трубалары тұрғындардың өзі алып беретін болып келісілді. Скважиналық құдықтарды 2 (екі) үй пайдаланатын болады. Қазіргі уақытта 60 құдық қазылып бітті.

Манап ауылдық округінде Сырдария өзенінен Бесарық бекетіне дейін
720 мм полиэтилен құбыр тарту арқылы «Манап» (Ұзындығы 7 км) және «Талап» (Ұзындығы 6,5 км) ауылдарына аяқсу апару жұмыстары жүргізілетін болады. «Жер-Ана» ЖШС, «Қызылорда ГИИЗ» ЖШС бірлесіп, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ауылының аяқсу мәселесін шешу мақсатында 4 скважиналық құдықтар қазу жұмыстары жүргізілуде.

Талап ауылдық округі бойынша Сырдария өзенінен Бесарық бекетіне дейін 720 мм полиэтилен құбыр тарту арқылы «Манап» (Ұзындығы 7 км) және «Талап» (Ұзындығы 6,5 км) ауылдарына аяғсу апару жұмыстары жүргізілетін болады. «Жер-Ана» ЖШС, «Қызылорда ГИИЗ» ЖШС бірлесіп, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда скважиналық құдықтарды қазуға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Скважина қазу жұмыстары Манап ауылдық округінің скважиналық құдықтарын қазу жұмыстарынан кейін басталады деп жоспарлануда.

Ауданның аяқсу мәселесін шешу үшін облыстық табиғаи ресуртарды қорғау мекемесі арқылыда біршама жұмыстар атқарылды.

Олар:

- Екпінді а/о, жалпы көлемі 3 км болатын «Ақбастау», «Жаманбала» аяқ су каналдары, қазылды;

- Байкенже а/о, «Дөңбай» каналының 4,0 км қазылды;

- Келінтөбе а/о, Р-10-4-1 каналы 2,8 км тазаланды.

- Төменарық а/о, «Үміткүл», «Солжақты Қаңдыарал» каналдары, 13,3 км қазып тазаланды,
2 су тоспасы жөнделді;

- Қожакент а/о, К-2-14 су қашыртықысы, 4,0 км тазаланды;

- Қыркеңсе а/о, ОК-1-3 су қашыртқысы, 6,0 км тазалау жұмыстары;

- Өзгент а/о аяқ су каналының гидротехникалық құрылыстары мен

өткелдері жөнделді;

- М. Нәлібаев а/о, «К-2-6-1», «К-2-6-2» су қашыртқысының 5 км мен елді мекен аумағындағы аяқ су каналдарының 3 км қазып тазалау жұмыстары жұргізілді.

Жаңақорған кентіне келер болсақ аяқ су мәселені түбегейлі шешу мақсатында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына кенттің күн батыс бетін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 26 841 753 /Жиырма алты миллион сегіз жүз қырық бір мың жеті жүз елу үші/ теңгенің және 10 000 000 /он миллион/ теңгенің жобалық –сметалық құжаттары тапсырылды.

Жанпейсов, Аралбаев, Нарымбетов көшелері бойынан 450 метр арық тазаланды.

Көлдегі судың төмен түсуіне байланысты дарияның сағасынан күніне 6 сағаттан су айдалып кент тұрғындарына аяқ су берілуде. Тайпақкөл сағасына экскаватор қойылып тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Кент орталығындағы көлге электр насосы орнатылып, күніне екі мезгіл кенттің батыс жақ бетіндегі Аралбаев, Жанпейсов, Нарымбетов, Мұсаханов, Достық, Жеңіс көшелеріне, 205 отбасына ғана аяқ су берілуде.

Кенттің батыс жақ бетін толық аяқ сумен қамтамасыз етуде 2010 жылы 26,8 млн теңгеге жасалған жоба облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қайта ұсынылып, облыс аумағын ормандандыру, елді мекендерді көгалдандыру кешенді іс шара жоспарының жобасына енгізіліп, қаржыландырылуы шешілді. Биылғы жылы толығымен іске асады

Бұл жобалар өз шешімін тапқанға дейін, қазіргі су айдап тұрған электр насосына қосымша дизель насосын қойып, су беріліп жатқан каналдарды қомдап, көше бойындағы арықтарды тазалап, үйлердің тұсына қойылған су ағар құбырларды ауыстыруға жоба сметалық құжаттары дайындалып, жергілікті бюджеттен қажетті қаржы сұралуда. Қаржысы шешілсе көктемгі аяқ су беру мерзіміне дейін бұл жұмыстарды атқаратын боламыз.

Сонымен қатар ауыз су, аяқ су мәселелерін шешуде, жергілікті бюджеттен бөлінген 16 млн теңгеге 200 метрге дейін скважина қазатын агрегат сатып алынды.

Дене шынықтыру және спорт саласы

Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы бағытында ауданда жұмыс істеп жатқан 58 дене шынықтыру ұжымдарында 16988 адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданып келсе, бұқаралық спортты дамытуға байланысты жыл көлемінде әртүрлі республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі 330 шаралар өткізіліп оған 80,0 мың тұрғын қатысты. Аудандағы 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1092 оқушы, 12 спорт түрімен шұғылданады. Аудандағы дене шынықтыру және спорт саласында 263 штаттық қызметкер жұмыс жасап жатса, оның ішінде қызметкердің дене шынықтыру білімі бар немесе 85,2 пайызды құрайды.(Өткен жылмен салыстырғанда 13 қызметкерге артты).

Ауданда есепті мерзімге 264 спорт ғимараты жұмыс жасауда. Оның 1-і стадион, 17 ату тирі, 37 спорт зал,189 жазықтағы құрылғы алаңдары, 20 ыңғайластырылған залдар.2012 жылы тиісті бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен 11 жасанды шөппен көмкерілген шағын спорт алаңдары пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда аудандағы спорт ғимараттарының саны 15 бірлікке артқан.

2012 жылы ауданнан Республикамыздың ұлттық құрама командасының санына 11 спортшы енді, облыстық құрама команда мүшелігіне 63 спортшы еніп өз үлестерін қосты.

Әр түрлі спорт түрлерінен 59 спортшы Әлем, Европа, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында, Халықаралық, Республикалық байрақты жарыстардың жеңімпаз, жүлдегерлер қатарында көрінді, олардың 13- алтын, 15- күміс алса, 31- қола медаль алды.

2012 жылы жергілікті бюджеттен спорт жабдықтарын сатып алуға 12500,0 мың теңге және аудан орталығындағы стадионға жасанды жамылғы сатып алуға 23845,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Ішкі саясат саласы бойынша

Өңірдегі қоғамдық саяси ахуал жайлы

«Өңірдегі қоғамдық саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу қызметі» бойынша 4 рет аудан тұрғындарының саяси көңіл- күйін зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілсе, назар аударуды қажет ететін проблемалардың көш басындағы жұмыссыздық, денсаулықпен байланысты, алғашқы кезекте тұтынатын тауар бағасының қымбаттауы, автокөлік және жаяу жүргінші жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы тұр.

Сондай- ақ, Аққорған ауылдық округі ықтимал жер мемлекеттік шиеленіс ошағына жатады. Себебі, «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нен жер үлестерін алу жөнінде бұрынғы басшыға қойған талаптарын жаңадан келген басшыға қойып, нәтижесін көре алмай отырғандықтан, ауыл тұрғындары арасында теріс шиеленісті пікір қалыптасып отыр.

Дегенмен, бүгінгі күнге Түгіскен елді мекеніндегі ахуал бірқалыпты. Жалпы есепті мерзім көлемінде аудандағы қоғамдық- саяси ахуал тұрақты деп бағалауға болады.

^ БАҚ арқылы насихат жұмыстарын жоспарлау және жүргіз

Елбасы Жолдауы мен жалпы мемлекет саясатын ақпараттық қамтамасыз ету арнайы бекітілген медиа – жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Осы орайда, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде тұрақты «Cтратегиялық құжат – жасампаздық тұғырнамасы», «Жолдаудағы он бағыт – ел дамуындағы оң бағыт», «Жасампаздыққа жігерлендірген Жолдау», «Тәуелсіз елді жаңғырту – ортақ мүдде», «Ел дамуының дәйекті бағдаршамы» айдарлары ашылып, онда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік топ өкілдерінің, мемлекеттік орган басшыларының, Президент Жолдауы төңірегіндегі ойлары, пікірлері мен оны жүзеге асыру бағытында тұрақты жұмыстар атқарылып отыр.

^ Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Бүгінде ауданда түрлі сала басшылары мен мамандарынан жасақталған 8 ақпараттық- наихаттық топ жұмыс жасауда. АНТ бекітілген кестеге сәйкес кентте, ауылдық округтерде, тиісті мекемелер мен кәсіпорындарда болып, Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау , түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Жастар саясаты

Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында жастар мәселесіне айрықша назар аударды. Өткен жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қол жеткізген жетістіктеріміз баршылық, алайда алдағы уақытта атқарылар шаруа да жоқ емес.Алдағы уақытта аудан жастары бойында еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, жоғары іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіптік шеберлікке қол жеткізуін қамтамасыз ету, жұмыс нарығында тиімді мінез - құлық этикасын қалыптастыруымыз шарт.

Бүгінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 23001-ді құрайды.( Кент орталығында 7060 , ауылдық округтер 15941).

2012 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы қаралды. Қаралған қаржы бойынша «Жастардың бос уақытын ұтымды пайдалануды үйлестіру, еңбекке баулу, шығармашылық әлеуетін дамыту және тағы басқа бағыттар бойынша жобалары ұйымдастырылды. Жоба аясында түрлі форматтағы 38 шара өткізіліп, оған 6000 дай адам қатыстырылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылған шаралар туралы

Ауданында облыстық әділет департаментінің ресми мәліметіне сәйкес 70-тен астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, олардың жергілікті мемлекеттік органдардың қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешудегі рөлін арттыру мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін пайдалана отырып аудандық бюджеттен 1 800 мың теңге бөлініп жүзеге асырылды

^ Діни бірлестіктер жайлы.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 26 мешіт «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы » ҚР Заңының 24- бабына сәйкес Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы республикалық діни бірлестігінің филиалы болып қайта есептік тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жұмыс жасауда. Өздеріңіәзге белгілі Қоңырат-Алты ата мешіттеріміз өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу жолында.

Орталық мешітте «Skaipe» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аптаның дүйсенбі күндері жамағатымыз «Skaipe» бағдарламасы арқылы облыстағы барлық мешіттермен байланысып сабақтар өткізіліп келеді.

Ауданда діни ахуалға байланысты тоқсан сайын әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері көрсеткендей ауданда діни ахуал тұрақты.

^ Саяси партиялар туралы

Ауданда «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының 30 бастауыш партия ұйымында 3178 партия мүшесі біріктірілген. Жыл басында аудандық партия филиалының жұмыс жоспары,кестелік графигі, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2011 - 2012 жылдары 4 Саяси Кеңесінің , 7 Саяси Кеңес Бюросының отырыстары өткізілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық Социалды-Демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы аудандық өкілдігі тарапынан белсенді жұмыстары атқарылмауда.

«Алға» қоғамдық бірлестігінің аудандағы үйлестірушісі қазіргі уақытта уақытша жұмысын тоқтатқан.

Кадр саясаты және құжат айналымы бойынша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 42 мемлекеттік мекемеде 177 штаттық бірлік бекітілген. Оның 27-сі саяси мемлекеттік қызметкерлер.

Мемлекеттік қызметкелердің орташа жасы 39 жасты құрап отыр. 2012 жылы 14 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланып 14 үміткер, кадр резевтен 11 үміткер мемлекеттік қызметке қабылданды.

2012 жылы біліктіліген арттырғандан- 40, қайта даярлаудан өткендер-9, аттестациядан өткендер-28.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп жүргендей ҚР Президентінің жарлығымен барлық кент, ауылдық округі әкімдері сайланғалы отыр. Осы тектес мемлекеттік қызметке біршама өзгерістер енгізілгелі тұр

Жеке және заңды тұлғалардан 764, оның ішінде жеке тұлғалардан 616 және заңды тұлғалардан 148 жазбаша өтініштер келіп түскен. Жазбаша түскен өтініштер негізінен 210 жер туралы, 52 еңбек жұмыспен қамту, 235 материалдық, әлеуметтік көмек, 159 тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, 21 жол, көлік, байланыс, коммуникация, 15 ауылшаруашылығы, 23 білім, денсаулық, мәдениет, спрот , 49 басқа да мәселелер жайлы.

764 өтініштің 412-і тікелей аудан әкімі аппараты арқылы қаралып, өтініш иелерінің 91-дің негізгі мәселері қанағаттандырылып, 261 өтініш иелеріне заң талаптарына сай түсіндірме жауаптар берілді. Негізгі мәселелері қанағаттандырылған өтініштер аудан әкімінің жанынан құрылған корпоративтік қор арқылы тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларына қаржылай көмек берілуінен болып отыр.

341 өтініш тиісті салалық бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдерінің қарауына жолданып, өтініш иелеріне хабардар етілсе, 6 аудандық прокуратураның, 1 өтініш аудандық қаржы полициясының, 1 өтініш аудандық ішкі істер бөлімінің, 3 өтініш ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық еңбек департаментінің қарауына жолданып, өтініш иелеріне хабардар етілді.

Облыс әкімі аппараты арқылы келген өтініштер саны – 62 . Оның ішінде 23 тұрғын үй, 6 жол, байланыс, аяқ су, 6 лауазым иелері, 16 материалдық, әлеуметтік көмек, 5- ономастика, 3 ауылшаруашылығы, 3 басқа да мәселелер жайлы.

Сонымен қатар облыс әкімі аппараты арқылы 3 лауазым иелері жайлы , ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, тәртіптік кеңес арқылы 1 лауазым иесі жайлы.

2012 жылдың 12 айында аудан әкімінің жеке қабылдауында 108 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері болды, олардың 16 тұрғын үй, 52 материалдық, әлеуметтік көмек, 23 еңбек және жұмысқа орналастыру, 3 білім, мәдениет, 2 жер туралы, 4 ауылшаруашылығы, 2 кәсіпкерлік, 6 ауыз су, электр жарығы, аяқ су мәселелерімен болды.

Жалпы алғанда аудан әкімідігіне 5033 кіріс құжат келсе 2867 шығыс құжаттары дайындалған. Қалған құжаттар басшылыққа алынып тиісті жұмыстар жасалынған.

Сонымен қатар жеке тұлғалардан 568 өтініш түссе, ал заңды тұлғалардан 148 өтініш келіп түскен және 108 азамат жеке қабылдау кезінде өтініш жасаған. Барлық өтініштер заңдылыққа сәйкес өз тәртібімен зерттеліп жауапты хат әзірленген.

Аудан денгейіндегі тиісті жұмыстарды ұйымдастыру және басқада жұмыстарды жүргізу мақсатында аудан әкімінің 291 қаулысы, 34 шешім рәсімделген.

Құрметті жиналған қауым!

Бүгінгі есебімде негізгі деген мәселелерге жаңа тоқталдым. Атқарылған жұмыстарда Жаңақорған халқының барлықтарының үлесі бар деп санаймын.

2013 жылға алға қойған міндеттер мен тапсырмалар күрделі. Жалпы 2013 жылы атқарылатын шаралар Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауынан бастау алатын зор міндеттерді орындауға бағытталады.

Ел Президентінің, Үкіметтің, облыс әкімінің алға қойған міндеттерін аброймен орындауға бізде барша мүмкіндіктер бар. Сондықтан, Сіздермен бірге 2012 жылғы осы жеткен табыстарды еселей отырып, 2013 жылы да үлкен биіктерден көрінетінімізге сенім білдіремін!




Похожие:

Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 6 марта 2009 г
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconҚадірлі қауым! Құрметті Өскемен қаласының жастары! Білім ордаларының басшылары!
Елбасының Жарлығына сәйкес әкімдердің ел алдындағы есеп беруі еліміздің түкпір-түкпірінде жыл сайын өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы...
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconДағдарыс арқылы жаңаруға және дамуға Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconДағдарыс арқылы жаңаруға және дамуға Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана 6 марта 2009 года
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! iconЧерез кризис к обновлению и развитию қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар
Қадірлі қауым! Қымбатты жаңақорғандықтар! icon6 марта 2009 года через кризис к обновлению и развитию қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы