Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon

Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі



НазваниеКонкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі
Дата конвертации07.04.2013
Размер38.47 Kb.
ТипКонкурс
источник

ХАБАРЛАНДЫРУ


Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі (E-R-3), бос орынға.

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымды жалақысы 74313 теңгеден 99938 теңгеге дейін (экологиялық коэффицентті есепке алмағанда).

Қызметтік міндеттері:Сектор мамандары арасында қызмет бөліседі және сектор мамандардың жұмысын қадағалайды.Жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау функцияларын жүзеге асыру, жылдық қаржыландыру жоспарын экономикалық сыныптама бойынша әзірлеп бекіту, қаржылық жоспарлардың құрастырылуына және оған берілген есептердің дұрыстығына тексеру жүргізуді ұйымдастыру.

Жоғары органдарға тапсыру үшін тиісті мәліметтерді дайындайды.

Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды

^ Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талапта (E-R-3)- жоғары экономикалық.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін» (Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін), осы санаттағы мемлекеттік нақты мамандандыруға сәйкесінше облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай- ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істеу қабілеті қошталады .

Конкурс Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (2001 жылғы 22 маусымдағы «Егемен Қазақстан», 2001 жылғы 23 маусымдағы «Казахстанская правда» газеттерінде) жарияланған бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізудің қағидасына сәйкес өткізіледі. Байқауға қатысқысы келген азаматтар Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:

-өкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

-кадр есебі бойынша толтырылатын іс-парағы (нақты мекен-жайы мен телефоны, соның ішінде байланыс, көрсетілуі тиіс)

-өкілетті орган белгіленген нысанды толтырған анкета;

-білім туралы құжаттарын нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

-еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;

-денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама;

-3х4 үлгідегі 1 фотосурет;

-Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі..

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.

Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірбиесі, кәсіби денгейі және беделі жайлы, ғылыми атағы және дәрежесін алғаны туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсыныстардың ғылыми жарияланымдарың және тағы басқа көшірмелерін қосымша ақпарат ұсына алады.

^ Тестілеу бағдарламасы E-R-3 санаты бойынш үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдесіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 1999 жылғы 23 шілдесіндегі «Мемлекеттік қызмет туралы» және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін», логикалық және мемлекеттік тілді білуге арналған тестілерден тұрады.

E-R-3 санатындағы тестілеуге жіберілген үміткерлер одан құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ^ 5 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында белгіленген тәртіппен мына мекен жайда өтеді: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, №2 үй.

Әнгімелесуге жіберілген үміткерлер тест өткізілгеннен кейін 5 жұмыс күннін ішінде Жаңақорған кенті Б.Майлин н/ж, Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ғимаратында өтеді.

Конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі әнгімелесу жүргізілгеннен соң екі жұмыс күннен кешіктірмей өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жариялаған мерзімнен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ғимаратына мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс, 120300, Б.Майлин көшесі н/ж анықтама телефондары 8(7242) 22-3-12.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан азаматтар үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.


Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің конкурстық комиссиясы.



Похожие:

Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі iconУспен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің миссиясы – ауданның елді мекенінің өмірлік деңгейін көтеру мақсатында...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі iconКонкурс жариялайды Макроэкономикалық талдау және мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейін) 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты
«Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос орнына орналасуға конкурс...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) өңірлік деңгейде стратегиялық, экономикалық және...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі iconБілім беру, мәдениет, спорт, ішкі және жастар саясаты мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінің негізгі функциялары
К-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің жоспарлы кезеңге арналған болжамдарын, экономика және бюджеттік жоспарлау...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon1. Бағдарламалық-нысаналы басқару әдістері бөлімінің бас маманы 1 бірлік
«Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм әкімшілік мемлекеттік қызметтердің бос орнына орналасуға конкурс...
Конкурс жариялайды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ішкі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі icon«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм ұйымдастырушының пошталық мекен-жайы
«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм 071405, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы