2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon

2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба



Название2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба
Дата конвертации07.04.2013
Размер119.72 Kb.
ТипДокументы
источник




2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


2013–2015 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2012–2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.


КІРІСТЕР

2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2013-2015 жылдарға аудандық бюджет кірістерінің болжамдау кезінде 2011 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында нақты түскен түсімдердің бағалауы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.

2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері 2013 жылға – 8 340 619 мың теңге; 2014 жылға –5 956 440 мың теңге; 2015 жылға – 6162940 мың теңге, оның ішінде:

аудандық бюджеттің түсімдері:

2013 жылға – 1 029 603 мың теңге;

2014 жылға – 945 967 мың теңге;

2015 жылға – 978 762 мың теңге.

трансферттер:

2013 жылға – 4 844 352 мың теңге;

2014 жылға – 5 010 473 мың теңге;

2015 жылға – 5 184 178 мың теңге.

Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер:

2013 жылға – 2 466 664 мың теңге.


2013–2015 жылдарға арналған аудандық бюджет болжамы ҚР Президенті
Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және ағымдағы жалғы 27 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында,Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 10 шілдедегі « Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласында,сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда,алдыңғы жолдауларда берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда:

1)халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

2)халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;

3)өңірлік дамыту;

4)адами капиталдың сапалы өсімі;

5)халықтың тыныс-тіршілік жағдайларын жақсарту;

6)мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері 2013 жылға 1019693 мың теңге көлемде белгіленді. Салықтық түсімдердің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттеледі:

жеке табыс салығы бойынша: толығымен аудандық бюджетке (100%);

әлеуметтік салық бойынша – 90% - аудандық бюджетке,

– 10% - облыстық бюджетке

Осыған сәйкес 2013 жылға арналған аудандық бюджетте жеке табыс салығы
485508 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 359769 мың теңгені құрап отыр.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспары 7015 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары 2895 мың теңге болып белгіленді.

ШЫҒЫНДАР

Аудандық бюджеттің жалпы шығындар көлемі 2013 жылы 8340619 мың теңге, 2014 жылы 5 956 440 мың теңге, 2015 жылы 6162940 мың теңгеге жоспарлануда.

2013 жылға арналған бюджет шығындарының көлемі 2012 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда (жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді есепке алмағанда) 116805 мың теңгеге өсіп отыр.

^ 2013 жылға Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер 933 239 мың теңге, оның ішінде:

Ветеринария бөліміне эпизотияға қарсы іс-шараларға 166923 мың теңге;

^ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 5493 мың теңге;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жалақыны ішінара субсидиялауға 40158 мың теңге;

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 15026 мың теңге;

Кадрларды қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға 8913 мың теңге;

Жастар практикасына 27403 мың теңге;

^ Кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарына "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға 60062 мың теңге;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 168043 мың теңге;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымшаақы мөлшерін ұлғайтуға 754 мың теңге;

^ Білім бөліміне мектеп жанындағы шағын орталықтарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 86188 мың теңге;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 16388 мың теңге;

Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтық, бағдарламалық қамтамасыз етуге
2592 мың теңге

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге 10626 мың теңге;

Мектеп мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға
62585 мың теңге;

Үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 12694 мың теңге;

^ Ауыл шаруашылығы бөліміне ауылдық жерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 15278 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеуге және ауылдық елді мекендерді абаттандыруға 234113 мың теңге (ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге Бесарық бекетіне 15467 мың теңге, Екпінді ауылына 47162 мың теңге, Шалқия кентіне
48701 мың теңге, Кеңес ауылына 39660 мың теңге, Манап ауылына 37439 мың теңге, Қосүйеңкі ауылына дейінгі автожолға 45684 мың теңге
).

^ Нысаналы даму трансферттері 885 256 мың теңге, оның ішінде:

Құрылыс бөліміне Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын салуға 400 000 мың теңге;

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға коммуналдық тұрғын үй салуға 11200 мың теңге;

^ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға Манап ауылдық округі Талап бекетінің сумен қамту жүйелерінің құрылысына 167 435 мың теңге, Қаратөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртудың 2 кезеңіне 306 621 мың теңге.

^ Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жиыны 1 818 495 мың теңге.

Ауыл шаруашылығы бөліміне ауылдық жерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарына ^ Республикалық бюджеттен берілетін кредиттер 129 825 мың теңге


Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер 104 842 мың теңге, оның ішінде:

^ Білім бөліміне санаторлық типтегі №28 «Алпамыс» бала бақшасын ұстау шығындарына 39 661 мың теңге;

Білім беру ұйымдарында балалардың құқығын қорғау жөніндегі инспектор штат бірлігін ұстау шығындарына 821 мың теңге;

Жаңадан іске қосылатын мектептерді ұстау шығындарына 43 104 мың теңге;

^ Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке 2391 мың теңге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 13765 мың теңге;

Осы жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi есептеу, төлеу мен жеткiзу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 98 мың теңге;

^ Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жаңадан іске қосылатын мәдениет нысандарын ұстау шығындарына 5002 мың теңге.

Нысаналы даму трансферттері 543 327 мың теңге, оның ішінде:

Құрылыс бөліміне Сүттіқұдық ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысына 212 448 мың теңге;

Бірлік ауылындағы № 55 мектептің спорттық зал, асхана, шеберхана құрылысына
38 900 мың теңге;

Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын қоса қаржыландыруға 40 000 мың теңге;

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорына республикалық бюджет есебінен салынатын тұрғын үйлер құрылысын облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 2255 мың теңге;

^ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға Манап ауылдық округы Талап бекетінің сумен қамту жүйесінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыруға 12 839 мың теңге;

Қаратөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртудың 2 кезеңі жобасын қоса қаржыландыруға 20 765 мың теңге;

Кейден елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға 216 120 мың теңге.

^ Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің жиыны 648 169 мың теңге.


Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдауға берілген бюджеттік кредиттерден 18557 мың теңге және осы кредиттерге есептелген сыйақы 15 мың теңге;

Мемлекеттiк органдардың функциялары жоғарғы деңгейлерге берілуге байланысты аудандық мәслихаттан қысқартылған 4 тексеруші штат бірлігінің шығындары 3955 мың теңге жоғары тұрған бюджеттерге берiледі.


^ Аудандық бюджет шығындары:

Аудан мәслихаты аппаратына 001 «Аудан мәслихатының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 17630 мың теңге.

Аудан әкімінің аппаратына 001 «Аудан әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 79665 мың теңге;

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша
44014 мың теңге;

005 «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар» бағдарламасы бойынша 3331 мың теңге қаралады.

^ Кент, ауылдық округ әкiмiнiң аппараттарына:

001 «Кент, ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 294 145 мың теңге.

002 «Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша
111 мың теңге;

008 «Елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 14555 мың теңге;

009 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 8 760 мың теңге;

011 «Елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 69141 мың теңге.

004«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдау» бағдарламасы бойынша 293559 мың теңге;

041 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша 24231 мың теңге;

022 «Мемлекеттiк органдардың күрделi шығыстары» бағдарламасы бойынша
193 мың теңге қарастырылған;

Қаржы бөліміне 001 «Аудандық бюджеттi орындау және коммуналдық меншiктi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 21610 мың теңге;

011 «Коммуналдық меншікке түскен мүлікті алу,сақтау,бағалау және сату» бағдарламасы бойынша 2555 мың теңге;

012 «Ауданның жергiлiктi атқарушы органының резервi» бағдарламасы бойынша 18292 мың теңге.

^ Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 27910 мың теңге;

004 «Мемлекеттiк органдардың күрделi шығыстары» бағдарламасы бойынша
3750 мың теңге қарастырылған.

^ Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде халық үшiн әлеуметтiк бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудi  iске асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 38552 мың теңге.

002 «Еңбекпен қамту бағдарламасы» бағдарламасы бойынша 26646 мың теңге;

004 «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 20093 мың теңге;

005 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» бағдарламасы бойынша 18452 мың теңге;

006 «Тұрғын үй көмегi» бағдарламасы бойынша 22898 мың теңге;

007 «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек» бағдарламасы бойынша 8863 мың теңге;

009 «1999 жылдың 26 шiлдесiнде «Отан», «Даңқ» ордендерiмен марапатталған, «Халық Қаһарманы»  атағын және республиканың құрметтi атақтарын алған азаматтарды әлеуметтiк қолдау» бағдарламасы бойынша 118 мың теңге;

010 «Үйден тәрбиеленiп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 5608 мың теңге;

011 «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi есептеу, төлеу мен жеткiзу бойынша қызметтерге ақы төлеу» бағдарламасы бойынша 2428 мың теңге;

014 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 44473 мың теңге;

016 «18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақылар» бағдарламасы бойынша 199697 мың теңге;

017 «Мүгедектердi оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етуге және ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша 33055 мың теңге;

023 «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 4362 мың теңге.

^ Білім бөліміне 001 «Жергiлiктi деңгейде бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қыз еттер» бағдарламасы бойынша 30821 мың теңге;

003 «Жалпы бiлiм беру» бағдарламасы бойынша 3812872 мың теңге;

005 «Ауданның мемлекеттiк бiлiм беру мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алу және жеткiзу» бағдарламасы бойынша 33140 мың теңге;

006 «Балаларға қосымша бiлiм беру» бағдарламасы бойынша 114863 мың теңге;

007 «Аудандық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс iс-шараларды өткiзу» бағдарламасы бойынша 637 мың теңге;

012«Мемлекеттiк органдардың күрделi шығыстары» бағдарламасы бойынша
28000 мың теңге қарастырылған.

^ Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiне 001«Жергiлiктi деңгейде тiлдердi және мәдениеттi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 13891 мың теңге;

003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша 128387 мың теңге,

006 «Аудандық кiтапханалардың жұмыс iстеуi» бағдарламасы бойынша 71236 мың теңге.

007 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту»бағдарламасы бойынша 723 мың теңге.

032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң және ұйымдарының күрделi шығыстары» аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуге 57497 мың теңге,Ордакент кинотеатрын күрделі жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттар жасатуға 1800 мың теңге.

Ішкi саясат бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде ақпарат, мемлекеттiлiктi нығайту және азаматтардың әлеуметтiк сенiмдiлiгiн қалыптастыру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 12982 мың теңге;

002 «Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 7754 мың теңге;

003 «Жастар саясаты саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру» бағдарлама бойынша 4100 мың теңге;

005 «Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 000 мың теңге;

006«Мемлекеттiк органдардың күрделi шығыстары» бағдарламасы бойынша
3500 мың теңге қарастырылған.

^ Дене шынықтыру және спорт бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде  дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 8 136 мың теңге;

004«Мемлекеттiк органдардың күрделi шығыстары» бағдарламасы бойынша
11000 мың теңге;

006 «Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бағдарламасы бойынша
3822 мың теңге;

007 «Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы бойынша 15102 мың теңге.

^ Ауыл шаруашылығы бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде ауыл шаруашылығы  саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 21871 мың теңге.

^ Жер қатынастары бөлiмiне 001 «Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 9235 мың теңге.

^ Ветеринария бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 9 287 мың теңге;

005 «Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 7276 мың теңге;

006 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2675 мың теңге;

007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1700 мың теңге.

Құрылыс бөліміне 001 «Жергiлiктi деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 10708 мың теңге.

^ Сәулет және қала құрылысы бөліміне 001  «Жергiлiктi деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 9930 мың теңге.

^ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiне 001 «Жергiлiктi деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 10069 мың теңге;

012 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша 17000 мың теңге;

018 «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 7684 мың теңге;

021 «Елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3666 мың теңге;

023 «Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 38861 мың теңге.

Кәсіпкерлік бөліміне 001 «Жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiк пен өнеркәсiптi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» бағдарламасы бойынша 8603 мың теңге;

003 «Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау» бағдарламасы бойынша 460 мың теңге.





Похожие:

2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба iconЗайсан аудандық мәслихатының 2013 жылға арналған жұмыс жоспары І – тоқсан «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
«2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2012 жылғы 1 желтоқсандағы 10-1 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу....
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon«Қапшағай қаласының 201 3-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 22 желтоқсандағы №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қапшағай қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
«Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 22 желтоқсандағы №11-51 шешіміне өзгерістер...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба iconҚаулы жобасына түсіндірме жазба
Республикасы Үкiметiнің «Қазақстан Республикасының тау-кендік өндіруші секторының салаларын дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Заңына және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 07 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №8/99-v (нормативтік...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon8/2 V шешім 2013 2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
«2013 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №8/99 – V шешіміне...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon«2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2012 жылғы
«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №8/99-v шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы...
2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба icon2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
«2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешімі 2013-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы