Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon

Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



НазваниеЖаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
страница1/5
Дата конвертации24.10.2012
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі


Құрметті аудан тұрғындары!


Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында нақты шаралар қабылданды.

Салалар бойынша сараптап айтар болсақ,


Өнеркәсіп саласы

2010 жылы ауданда 19 өнеркәсіп орындары тіркеліп, оларда 1117 адам жұмыс атқарды. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2009 жылмен салыстырғанда құндық көріністе 155 пайызға, заттай 3 есеге жуық артты. 2009 жылы 5845,8 млн теңгенің өнімдері шығарылса, 2010 жылы 9236,7 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Есепті мерзімде 1294 мың текше метр қиыршақ тас, 190 тонна сүт, 2320 тонна күріш, 300 тонна нан, 1,4 тонна шұжық, 600,2 тонна темір-бетон өнімдері өндірілді.

Өнеркәсіп өнімдері




Өлшем бірлігі

2009 жыл

2010 жыл

2009 жыл 2010 жыл %

Нақты баға, өнім көлеміне

Индекс өсімі

Аудан бойынша

млн теңге

5068,5

9236,7

-

2,9 есе

Оның ішінде:
















Сүт өнімдері

тонна

174,4

193

107,5




Қиыршақ шақ

мың текше метр

540,7

1252,4

231,6




Руда

мың тонна

-

-







Күріш

тонна

2360

2318

98,2




Ұн

тонна

-

-







Нан

тонна

294

312

106,1




Ауыз су

мың текше метр

562,5

357,6

63,6




Газет,бланкі

мың дана

1035

1013,2

98




Асфальт

мың тонна













Шұжық

тонна

9

2

22,2




Бетон

тонна

510

335

65,7




Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына ауданнан жалпы құны 92,0 млрд теңге құрайтын 12 инвестициялық жоба ұсынылды.

Республикалық картаға еніп отырған бұл жобалардың қатарында «Казатомпром» Ұлттық компаниясының «Байкен-У» ЖШС-нің құны 14 млрд теңге болатын уран рудасын өндіру жобасы, құны 32,0 млрд теңге болатын «СКЗ-У» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылы заводының жобасы бар. Өңірлік индустрияландыру картасына ауданнан 4 жоба еніп, оның 3-і іске асырылды. Олар «Тасбұлақ» ЖШС-і құны 260,0 млн теңге, қуаты 1,0 млн тонна болатын тас ұнтақтау зауытының, «Шалкия-Неруд» ЖШС-і құны 300,0 млн теңге, қуаты 1,0 млн тонна болатын 3 жылжымалы тас ұнтақтау кешенінің және «УАД» ЖШС-і құны 250,0 млн теңге, қуаты 1,0 млн тонна болатын тас ұнтақтау зауытының жобалары.

Құны 947,0 млн теңге тұратын «Тату Агро» шаруа кожалығының томат өндеу зауытын салу жобасы 2011 жылы толық іске асырылады деп күтілуде.

«Байкен-У» ЖШС-де 181адам жұмыс жасауда. Оның 107-сі жергілікті тұрғындар. Кеніш жанынан 250 адамға арналған вахталық тұрғын жай құрылысы аяқталды. Бұл серіктестік кен өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатса, «Қызылқұм» ЖШС-гі өткен жылдың қазан айынан бастап тәжірибелік-өндірістік өнім өндіруге көшті. Бұл серіктестікте 253 адам жұмыс жасаса, оның 151-і жергілікті тұрғындар.

Қазіргі таңда «СКЗ-У» ЖШС-і жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылы заводының құрылысын қарқынды түрде жүргізіп, 2011 жылдың қараша айында іске қосуды жоспарлап отыр. Құрылыста бұл күндері 300-ден астам адам жұмыс істеуде. Оның 75 жергілікті тұрғындар. Бұл зауыт толық қуатында жұмыс жасаған уақытта жылына 10,0 млрд теңгеден астам өнім шығарып және 150,0 млн квт сағат электр энергиясын өндіріп, оның 80,0 млн квт сағатын аудан тұтынушыларына беретін болады. Бұл аудан қажеттілігін толық қанағаттандырады деген сөз.

Қазақстан Республикасының 30 көшбасшы кәсіпорындарының қатарына енгізілген аудандағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі «Шалхия Цинк ЛТД» компаниясының жұмысы бүкіл әлемдік қаржы дағдарысының ықпалынан қорғасын мен мырыш өнімдеріне сұранысы күрт азайып, осыған орай бағаның төмендеуіне байланысты 2009 жылдан бастап уақытша тоқтатылды.

Бұл мәселе ел Үкіметінің алдына да қойылды. Кеніш қайта іске қосылған жағдайда құны 43,5 млрд теңге тұратын, жылына 4 миллион тонна руда өңдейтін кен байыту фабрикасының құрылысы жүргізіліп, 2500 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Фабриканы қажетті өнімдермен толық қамтамасыз ету мақсатында кен қоры толық зерттелген «Талап» кен орнын игеру жоспарланып отыр.

^ 101 км Батыс Европа–Батыс Қытай транзиттік көлік дәлізі жобасының іске асырылуы аудан экономикасының өркендеуіне жаңа серпін беруде. Бұл жобаның Жаңақорған ауданы үшін маңызы өте зор. Ауданда жол құрылысы материалдарын өндіретін бірнеше кен орындары мен оны өндіретін зауыттар бар. 2009 жылы 613 мың текше метр түрлі қиыршақ тас өндірілген болса, 2010 жылы 1300 мың текше метр қиыршақ тас өндірілді. Бұл шараны іске асыруға «Тасбұлақ» ЖШС-і, «Шалкия-Неруд» ЖШС-і, «Компания Қызылорда Казпром» ЖШС-і, «Өтеміс» ЖШС-і, «УАД» ЖШС-і, «Қасиет Оңтүстік ЛТД» ЖШС-рі белсенді атсалысты.

Бұған қосымша жол құрылысын салушы бас мердігер Италиялық «Тодини» компаниясы бірнеше тас ұнтақтау қондырғыларын ауданға әкеліп орнатты. Жол құрылысына қатысушы қосалқы мердігерлер «Сине-Мидос-Строй», «ВестаТрансСервис», «ЖанботаТрансСервис» ЖШС-і жол құрылысының қарқынды жүруіне үлкен үлес қосуда.

Елімізде индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының қабылдануы және Батыс Европа–Батыс Қытай транзиттік көлік дәлізінің аудан территориясынан өтуі аудан экономикасының біршама серпінді өсуіне және аудан бюжетінің өсуіне ықпалы болды. Атап айтар болсақ 2010 жылы аудан бюджетінің жергілікті кірісі 479,2 млн теңге болады деп жоспарланса, ол жыл соңында 882 млн теңгеге (134 пайыз) орындалды.


Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылшаруашылығы саласында өткен жылы ауылшаруашылық өндірісін дамыту арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды шаралар жүргізілді. Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 703 шаруашылық құрылымдарының 355-і егін шаруашылығымен, оның ішінде 169-ы күріш өсірумен айналысады.

2010 жылы аудан бойынша 29841 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, жиналып алынды.

Ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерінің

2009-2010 жылдардағы салыстырмалы көрсеткіштері

Ауылшаруашылығы дақылдары

Егіс көлемі (га)

Жалпы өнім (тн)

Өнімділігі (цн/га)

2010

2009

айырмасы +, -

пайызы

2010

2009

+, -

2010

2009

+, -

Барлық егіс көлемі

29841

28890

+951

103,3

137666

130625

7041










Оның ішінде: дәнді дақылдар

14185

12569

1616

112,8

48226

39817

8409

34,5

31,7

2,8

Күріш

10039

8035

2004

125

40975

31383

9592

40,8

39

+1,8

Күздік бидай

2763

3205

-442

86,2

4063

5505

-1442

15,8

17,1

-1,3

Жаздық бидай

239

240

-1

99

397

386

+11

16,6

16,1

+0,5

Дәндік жүгері

687

515

172

132

1866

1349

517

27,1

26,1

+1,0

Арпа

50

50

0

100

60

158

-98

12,1

31,6

-14,5

Тары

407

524

-117

77

853

1036

-183

20,9

17,1

+3,8

Мақсары

808

415

393

194

360

211

+149

4,5

5,0

-0,5

Күнбағыс

170

114

56

149

271

174

+97

16,0

15,2

+0,8

Картоп

750

761

-11

98

6750

6797

-47

90

89,3

+0,7

Бақша

1658

1742

-84

95,2

27196

28248

-1052

164

162

+2,0

Көкөніс

1020

817

203

124,8

15438

20138

4700

151

246

-95

Жаңа жоңышқа

3344

3845

-501

87

3344

3662

-318

10,0

9,0

+1,0

Ескі жоңышқа

7904

8627

-723

91,6

35968

31578

4390

50,1

36,8

+13,3

Аудан бойынша 2128 тонна күріш, 16 тонна мақсары, 46 тонна жоңышқа т.б. қажетті тұқымдар дайындалып себілді.

«Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-і 2010 жылы аудан, облыс күріш егісі шаруашылықтарына 1150 тонна 1-репродукция «Маржан» сортты күріш тұқымдарын дайындап сатып, сатқан тұқымы үшін 2010 жылы облыстық бюджеттен барлығы 40,2 млн теңге дотация алып отыр.

Егілген ауылшаруашылығы дақылдарына 3113 тонна азот тыңайтқыштары берілсе, оның ішінде 3008 тонна азот тыңайтқышына 13,5 млн теңге шаруашылықтарға субсидия төленді. Сонымен қатар күріш егісінің арам шөптеріне қарсы 2620 гектар көлемі «Гулливер» улы химикатымен өңделді. Соның нәтижесінде межеленген өнім толығымен жиналып алынды.

Ауданда бағбандық, жеміс-жидек егу жұмыстарына да қолдау көрсетілді. 2009 жылы 14 шаруашылыққа 52,5 гектар жеміс-жидек, жүзім дақылдарын егіп күтімге алғаны үшін 18,8 млн теңге субсидия төленсе, 2010 жылы осы егілген дақылдарды күтіп баптауға 1,5 млн теңге субсидия берілді.

Сонымен қатар биылғы жылға 136 мың тонна мал азығын дайындау межеленсе, нақты ^ 137,1 мың тонна мал азығы дайындалды. Келесі жылдың өніміне негіз болатын межедегі 2800 гектардың орнына, 2900 гектар жерге күздік бидай, 100 га күздік арпа егіліп, 7330 гектар сүдігер жыртылды.

2010 жылға ауданға қажетті бөлінген су лимиті 625,0 млн текше метр болса, оның ішінде 535 млн текше метр су егін суғаруға, 90 млн текше метр су экологиялық қажеттілікке бөлінген. Осыған сәйкес «Жаңақорған су шаруашылығы» мекемесімен 22 СПК және 8 шаруашылық құрылымдары 465,2 млн текше метр су алуға келісім шартқа отырып, егіншілерге су жеткізіп беру қызметі үшін 40,1 млн теңге көлемінде субсидия төленді.

Аудан бойынша 2010 жылғы егіс көлемдерін орналастыру үшін егістіктердегі су жүйелері мен құрылғыларды ерте көктемнен бастап ретке келтіріп жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 15 мың текше метр шаруашылық аралық су жүйелері, 75 мың текше метр ішкі шаруашылық аралық су жүйелері тазаланды.

Облыстық «Экологиялық шараларды жүзеге асыру» бағдарламасына сәйкес елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы облыстық бюджеттен 35,3 млн теңге бөлініп, 5 ауылдық округте аяқ су каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Осы қаражатпен атқарылған жұмыстар төмендегі кестеде көрсетілді:



Жобалардың аталуы

Бөлінген қаржы, млн т

1

Қожакент а/о, «Бабакент» аяқ су каналын тазалау, су тоспаларын өткелдерді, акведукты жөндеу жұмыстары

11,3

2

Сунақата а/о, елді мекендегі аяқ су жүйесін тазалау, ГТС-ді жөндеу

10,6

3

Жайылма а/о, елді мекендегі аяқ су лотоктарын жөндеу, ретке келтіру жұмыстары

7,5

4

Ақкүйік а/о, Ақкүйік өзеніндегі аяқ су лотоктарын жөндеуге

4,0

5

Сүттіқұдық а/о, «Шілдекі» аяқ су каналын тазалау жұмыстары

1,9

6

Жинағы:

35,3
  1   2   3   4   5



Похожие:

Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЗырян ауданында билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында...
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon«Бекітемі н» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов «8» ақпан 2010 жыл
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚұрметті кент тұрғындары! Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconБекітемін аудан әкімінің орынбасары О. Федорова 2010 жылғы «1» ақпан
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЖАҢа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері – Қр президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconАуданның Әлеуетін арттыру басты бағытымыз 2010 жылғы аудан әкімінің жұмысы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жолдауынан туындайтын басты міндеттер аясында жүргізілді. Соның негізінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бірнеше мәрте ауданға...
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconОтчет Акима Бородулихинского района на сессии маслихата о выполнении возложенных на него функции и задачи
Солардың ең бастысы: Президенттiң «ЖАҢа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconБекітемін Бородулиха ауданының әкімі Т. Қасымов 10 ақпан 2010 жыл
Р президентінің Қазақстан халқына «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруда...
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар!
Курчатов қаласының атқарушы органдарымен жыл бойы атқарылған барлық жұмыстар ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа...
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconШілікті ауылдық округ әкімі Б. Сепбаевтың есептік баяндамасы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»
Республикасының басқа да Заңдарын, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын, 2010 жылғы Елбасының «Жаңа он жылдық-жаңа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы