Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі icon

Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі



НазваниеБекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
страница1/5
Дата конвертации23.10.2012
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Бекiтемiн:
                              Аудандық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімінің

бастығы ______________ О.Ахметов

                                          2011 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң N________________

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Жаңақорған ауданы бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары.


Тапсырыс берушi: «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі


РНН 330900210793 , код 4582506 , БИК KKMFKZ2A , ИИК KZ72070103KSN3309000 Жаңақорған аудандық Қазынашылық басқармасы

^ Тапсырыс берушiнiң өкiлi: Н.Жүзбаев, тел:8(72435) 2-11-70

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы: «Аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі,

Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №35


^ РНН 330900210793 , код 4582506 , БИК KKMFKZ2A , ИИК KZ72070103KSN3309000 Жаңақорған аудандық Қазынашылық басқармасы


Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi: «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің жетекші маманы Н.Жүзбаев, тел: 8(72435) 2-11-70

^ Конкурстық құжаттаманың құны
«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады».

1. Жалпы ережелер

      1. Жаңақорған ауданы бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы
      2. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома ^ 33 443 мың теңге құрайды.
      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
      1) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тiзбесiн;
      2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
      3) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;
      4) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетiлетiн қызметтер көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      5) әрбiр өлшемнiң проценттiк мәнiн көрсете отырып, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн;
      6) объектiлер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерiн, түрлерiн және көлемдерiн, сондай-ақ егер кiшi жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын болса, әрбiр қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың сомасын көрсетуi қажет.
      4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр процентi мөлшерiнде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде санамаланған нысандардың бiрiнде енгiзедi:
      1) мынадай банктiк шотқа орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын______________ (тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотының толық деректемелерiн көрсету қажет);
      2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.

^ 2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

      5. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi 2011 жылғы "15" сәуір 15 сағ.00 мин. кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: Жаңақорған кенті , М.Көкенов қ. №35 тел. 8 (72435) 2-11-70.

      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:
      1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы 2011 жылғы "8" сәуір 13 сағ. 00 мин. мерзiмнен кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.
      Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде кемiнде он күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.
      8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн Жаңақорған кенті , М.Көкенов №35 2011 ж 15 сәуір сағ 15.00 кездесу өткізеді.
      9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:
      1) әлеуеттi өнiм берушi осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;
      2) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:
      құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;
      төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;
      бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;
      не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берiшiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;
      3) әлеуеттi берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
      5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;
      6) (Ескерту. 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      7) (Ескерту. 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар

      12. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.
      13. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.
      14. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.
      15. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешiктi" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: «Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары» "САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС және 2011 жылдың 18 сәуіріне "ДЕЙIН АШПАҢЫЗ".

^ Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi

      16. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 2011 жылы 19 сәуір 13.00 сағаттан бастап (конкурстық өтiнiмдердi қабылдау аяқталатын дәл күн және уақыт көрсету қажет) қоса алғанда (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық почталық мекен-жайы, бөлме нөмiрi, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуге жауапты адамның (дардың) Т.А.Ә. көрсету қажет) бередi.
      17. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.
      18. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.

^ Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу

      20. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      22. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.
      23. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

^ 4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуды келген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық комиссия жүргiзедi (конкурстық өтiнiмдер ашылатын және конкурс өткiзу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетiлген конкурстық комиссияның отырысы өткiзiлетiн дәл күнiн, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу арасындағы кезең екi сағаттан аспауға тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде және тәртiппен ұсынылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.
      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм де ашылады.
      25. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерi өздерiнiң қатысуын растай отырып, олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналына тiркелуге тиiс (тiркеу орнын, күнiн және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашатын уақыттан бұрын болуға тиiс, ал тiркеу орны конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi өткiзiлетiн орынмен бiрдей болуға тиiс).
      Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиiс.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      26. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.
      Ескерту. Орыс тiлдегi мәтiнге өзгерту енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      27. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:
      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;
      әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;
      конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;
      тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;
      2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы:
      тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе олардың уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

^ 5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына
  1   2   3   4   5



Похожие:

Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconБекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
Жаңақорған кентіндегі ауыз су ұңғымасына контейнерге орнатылған су тұщыту қондырғысын сатып алу, жеткізу және орнату
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconБекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconХаттама №1 Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесі, Желтоқсан көшесі №20 мекен жайда орналасқан тұрғын үйді тарату бойынша аудандық тұрғын үй комиссия отырысы
Комиссия төрағасының орынбасары: М. С. Адамбеков – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconХаттама №1 Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесі, Желтоқсан көшесі №20 мекен жайда орналасқан тұрғын үйді тарату бойынша аудандық тұрғын үй комиссия отырысы
Комиссия төрағасының орынбасары: М. С. Адамбеков – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconЖаңақорған ауданы бойынша м ә ліме т
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconЕреж е жалпы ереже «Орал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Не автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconХабарландыру алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ҚР
Алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі iconХабарландыру алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ҚР
Алматы облысы Райымбек аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік...
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
Бекiтемiн: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі icon«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы