|
«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 21, 241-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауындағы «қызметті лицензиялау ережесін және оған» деген сөздер «қызметке» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарында: екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он үшінші, жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 каңтарынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |