«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница2/4
Дата конвертации19.10.2012
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

^ 1. Миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, жаңаратын табиғи ресурстарды тұрақты тиімді пайдалану, ормандылықты арттыру және флора мен фаунаның биологиялық әртүрлілігін сақтау, тұрғындардың салауатты, қауіпсіз өмір сүруі және өздерін жайлы сезінулері үшін қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Пайымдауы – қоршаған ортаның қолайлы жағдайы мен қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды кеңінен қолдану, табиғат қорғау және экологиялық заңнамаларды бұзу саласындағы қылмыс деңгейінің төмендеуі, өңірдегі ормандылық пайызының жоғарылығы, жабайы жануарлардың аңшылық-кәсіптік түрлерінің оңтайлы саны, жаңаратын табиғи ресурстарды тиімді және тұрақты пайдалану, пайдалануға негізделген жоғары үстемеқұнмен өнеркәсіп және колөнер өндірісі салаларын дамыту үшін қолайлы жағдайдың болуы, инвестицияның және осы салаларда қамтылғандар санының өсуі.


^ 2. Ағымдағы ахуалды талдау


Шығыс Қазақстан облысында экономиканың өнеркәсіп секторының кеңінен дамуына әсерін тигізетін табиғи ресурстардың потенциалы жоғары. Осының салдарынан бұның соңында экологиялық проблемалардың тұтас спектрі тұр.

Экономиканың өнеркәсіп секторындағы оң үдерістерге қарамастан өңірдің өнеркәсібі шикізатқа бағдарланған, энергияны көп қажет ететін, төмен технологиялы, техникалық және экологиялық қауіпті күйінде қалуын жалғастыруда. Облыстың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайына әсер ететін ішкі факторларға мыналар жатады:

технологиялық үрдістердің энергияны біршама көп қажет етуі;

қоршаған ортаны ластау үлесінің жоғарылығы;

түсті металлургияның кіші салаларында төртінші (илек) және бесінші (дайын бұйымдар) қайта бөлістерінің жоқтығы;

негізгі қорлардың физикалық және моральдық біршама жоғары тозуы;

өнімдерде, ресурстар мен энергия үнемдеуші технологияларда жоғары технология мен ғылымның үлесі төмен.

Сыртқы факторлар. Отандық тұтынудың шамалы көлемін ескерумен, өңір әлемдік нарыққа мырыш, қорғасын және басқа да бірқатар сирек кездесетін және сирек жер металдарын, сонымен қатар уран отынын негізгі жеткізушілердің қатарында қалуда (еуропалық және Азияның оңтүстік-шығыс өңірі).

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымы мынадай: тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі - 16 %, өңдеуші – 72 %, электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу бойынша салалар – 12 % құрайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің табиғи ресурстарға ең көп залал келтіретіні белгілі. Шығыс Қазақстан облысы сумен неғұрлым көп қамтылған облыстардың біріне жатады. Сонымен бірге, тау-кен өндіру кешенінің әсері есебінен су объектілерінің ауыр металдармен ластануының жоғарылығы байқалады (Брекса, Глубочанка, Красноярка өзендері). Жер үсті және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі факторлар тарихи ластану болып табылады (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіп қалдықтарын жинақтауыштар). Өскемен, Риддер, Семей, Зырян қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары мен жылжымалы көздер шығарындылары санының артуы болып табылады. Облыс аумағы ядролық сынақ полигонының салдарының әсеріне ұшыраған.

Соңғы жылдары тұрақты және жылжымалы көздер шығарындылары көлемінің өсімі байқалады, бұл облыс экономикасы дамуының негізгі салдары болып табылады. Ластаушы көздер саны жыл сайын орта есеппен 14% артуда. Пайда болатын ластаушы заттардың көлемі жылына 1,5 миллион тоннадан асып түсті. 89,5% деңгейінде шаң аулауға және залалсыздандыруға қол жеткізілсе де ластаушы заттардың біршама көлемінің ауаға, суға және жер ресурстарына кері әсер тигізуі жалғасуда. Сарқынды сулардың жалпы көлеміндегі ластанған судың көлемі 34 % құрайды.

Облыс бойынша атмосфераға шығарылатын барлық шығарындының 80% астамы Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларына келеді. Өскемен қаласында рұқсат берілген шектегі концентрациядан арту азот диоксиді, фенол, формальдегид, күкірт диоксиді, шаң бойынша байқалады. Таяудағы жылдарда атмосфераға ластаушы заттар шығарудың негізгі көздері түсті металлургия кәсіпорындары – «Қазмырыш» акционерлік қоғамы, «Қазақмыс» корпорациясы, «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы, жылуэнергетикасы, құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорындар – «Семейцемент» акционерлік қоғамы, Бұқтырма цемент компаниясы болып қалмақ.

Облыстағы су шаруашылығының жағдайында тұрақтану беталысы байқалады. 2008 жылы су объектілерінің тарихи ластану мен «Қазақмыс» корпорациясының, тау-кен өндіру және байыту кәсіпорындарының өндірістік қызметінің әсерінен Красноярка, Глубочанка өзендерін есепке алмағанда, ластану индексі төмендеді.

Кәсіпорындарда жыл сайын 1,4 млн. тонна уытты қалдық пайда болады. Тарихи қалдықтарды есепке алғанда, облыстың аумағында осындай қалдықтардың 1,4 млрд. тоннасы жиналды. Олардың неғұрлым көп саны Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандарында, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында жиналған.

Осыған байланысты мынадай проблемалық мәселелер туындайды:

1) автомобиль көлігінен атмосфера ауасының ластануы жоғарылады;

2) шекарааралық Ертіс өзенінің ластануы;

3) Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан болған экологиялық проблемалар;

4) облыстың елді мекендеріндегі тазарту ғимараттары мен канализация желілерінің тозуы;

5) облыстың елді мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған полигондардың жоқтығы.

Көрсетілген проблемаларды шешу мақсатында стратегиялық бағыт ретінде өңірдің қоршаған ортасына техногендік жүктемелердің деңгейі мен тұрғындардың денсаулығына экологиялық қауіптерді төмендету анықталды.

Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сапалы экологиялық сараптама жүргізетін болады, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін белгілейді. Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу «таза» технологияларды енгізу үшін жағдай жасайтын болады.

Облыстың су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілетін болады. Бұл – облыстың қалалары мен аудандарында тазарту ғимараттарын жобалау, құрылысын жүргізу және қайта жаңарту, түгендеу және тарихи ластануды жою бойынша шаралар әзірлеу, су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау. Белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болуы олардың аумақтарында су объектілерінің жағдайына кері әсерін тигізетін шаруашылық етуші объектілерді орналастыруға мүмкіндік бермейді.

Жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару», Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 06 қазандағы № 19/299-ІІІ шешімімен бекітілген және атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, жер ресурстарын қорғау және тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату, радиациялық қауіпсіздік, биоресурстарды қорғау және өсімін молайту, экологиялық білімді насихаттау бойынша іс-шаралар енгізілген «Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау», Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 4/47-ІV шешімімен бекітілген өңірлік бағдарламалары әзірленіп, іске асырылуда.

Облыстың табиғат пайдаланушы – кәсіпорындары өздерінің меншік қаражаттарының есебінен қоршаған ортаға тигізілетін келеңсіз әсерді төмендету бойынша табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеуде және оларды жоспарлы түрде іске асыруда. Аталған жоспарға тазарту сүзгілерін қайта жаңарту, электрлі сүзгілердің құрылысы, тазарту жүйесін жетілдіру, жең сүзгілерімен тозған батарея циклондарын ауыстыру, қазандықтар мен күл аулағыш қондырғыларды қайта жаңарту енгізілген. Өнеркәсіптің топыраққа тигізетін әсерін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде: бұрыннан жатқан шлактарды пайдаға жарату, жуылған құмды қайта өңдеу, кеніштердің тау жыныстарын пайдаға жарату, қалдық қоймаларын қайта жаңарту, қоқыр жинақтауыштарды қайта қалпына келтіру, бұзылған жерлер мен күл үйінділерін қайта қалпына келтіру.

Тазартылмаған сарқынды сулардың су объектілеріне қосылуын қысқарту мақсатында Зырян және Риддер тау-кен байыту кешендерінде айналма су жүйелерін енгізу бойынша іс-шаралар орындалуда. Өскемен және Семей қалаларында тазарту ғимараттарын қайта жаңарту және дамыту жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында республикадағы пайдаланылатын орманның негізгі бөлігі шоғырланған (Қазақстанның пайдалы сүрек қорының 70%). Облыстың ормандылығы 6,2% құрайды. Орман, ағаш өңдеу және орман-химия өнеркәсібін дамыту, ағаш өңдеу өнімінің негізінде құрылыс материалдарын өндіру үшін айтарлықтай әлеуеті бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәтінен бастап орман саласы қалыптасу сатысында. Осы сатыға тән проблемалар: төменгі сұрыпты жұмсақ жапырақты түрлер сүрегіне сұранымның жоқтығымен және қылқан жапырақты шаруашылық бойынша басты мақсаттағы шабуға мораторий жариялануымен сипатталатын орман шаруашылығы өнімі нарығының қалыптаспағандығы; Шығыс Қазақстан ормандарындағы өрт қауіптілігінің жоғарылығы; техникалық жарақтанудың төмендігі және орман күзеті кадрлерінің дайындық деңгейінің төмендігі.

Басты пайдалану бойынша жыл сайынғы есеп кеспе ағашының 695,8 мың м3 кезінде, шабудың барлық түрі бойынша рұқсат берілген көлем 330,7 мың м3 құрайды. Олардың нақты игерілгені 197,8 мың м3 немесе 59,8% ғана. Орманның біршама бөлігін ұзақ мерзімді пайдалануға беру де ормандарды тиімді пайдалану проблемасын шешпейді. Орман пайдаланушыларға ағаш дайындау үшін 106,0 мың м3 бөлінгенімен, іс жүзінде олардың дайындағаны рұқсат берілген көлемнің 30,8 мың м3, немесе 29,1% ғана. Жанама орман пайдалану көлемі тым төмен күйінде қалуда.

Қазіргі кезде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің барлығында жер пайдалану актілері жоқ, бұл мемлекеттік орман күзетінің жұмысын қиындатады, жеке секторға орман ресурстарын ұзақ мерзімге орман пайдалануға беру процесін тежейді.

Шығыс Қазақстан облысының ормандары ағаш түрлерінің құрамы мен өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты өрт қауіптілігінің жоғарылығымен сипатталады, бұл өртке қарсы алдын алу іс-шаралары мен өрт ошақтарын жою бойынша іс-шараларға үлкен көңіл қоюды талап етеді. Мұндай жағдайларда орман дақылдарын, сондай-ақ орманның табиғи жаңаруына ықпал ету жұмыстарын жүргізу арқылы ормандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың маңыздылығы ерекше бола бастайды.

Шығыс Қазақстан облысы өте бай биологиялық саналуандылығымен сипатталады, бұл - облыста экологиялық туризмді, рекреацияны, спорттық-әуесқойлық аң аулау және кәсіптік аң аулау, мамық жүн – тері өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар КССРО-ның ыдырауы кезеңінде және Қазақстан егемендігінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жануарлардың негізгі аңшылық – кәсіптік түрлері санының төмендігі, табиғат қорғау және экологиялық заңнаманы бұзу бөлігіндегі қылмыстың жоғары деңгейі, бұзушылықтарға қарсы күрес мәселесінде орман күзеті персоналының дайындық деңгейінің нашарлығы, білікті мамандардың жоқтығымен кәсіптік-аң аулау саласы мен спорттық-әуесқойлық бағыттағы аңшылық шаруашылығының тұралауы және қоғамдық аңшылық бірлестіктері мен жеке аң шаруашылықтарының қаржы проблемалары, мамық жүн – тері өніміне әлемдік бағаның тым төмендігінен мамық жүн – тері өнеркәсібінің іс жүзінде жойылып кетуі, оны өндіруге кететін шығынның жоғарылығы.

Жоғарыда аталған проблемаларды жеңу үшін өткен жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорында өсімдік және жануарлар әлемін қорғаудың тұтас жүйесін қалыптастыру кезеңі аяқталды, штат санын оңтайландыру, персоналдың біліктілігін арттыру мен мемлекеттік орман күзетін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі шешілді; табиғат қорғау және экологиялық заңнаманы бұзуды анықтау және жолын кесу жүйесі пысықталды, орман күзеті жүйесінің ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық уәкілетті органдарымен өзара әрекеттестіктің айқын механизмі жұмыс істейді; басқармаға ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтау мен оның жолын кесу мақсатында жоспарлы тексерулер мен рейдтік іс-шараларды ведомстволық қарасты мемлекеттік орман қорының аумағында да, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда да жүргізеді (табиғат қорғау прокуратурасы мен аумақтық уәкілетті органдардың жазбаша өкімдері бойынша).

Басқарма жүргізіп отырған іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік орман қорындағы жабайы жануарлардың негізгі аңшылық – кәсіптік түрлерінің өсіп-өнуін тұрақтандыруға және олардың сандарының тұрақты өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, қайта құру кезеңінен кейін өсімі тоқтаған жабайы тұяқты жануарлардың саны 2004 жылдан бастап 2008 жыл бойынша 2,5 есе көбейді (бұлан - 1180 бастан 1932 дейін; кермарал – 1520 бастап 3587 дейін; сібір елігі – 6850 бастап 16602 басқа дейін). Құнды аңшылық – кәсіптік түрлер – қырғауыл, өзен құндызы, ондатр, америка күзенін, қабанды жерсіндіру және қайта көндіктіру бойынша жұмыстар сәтті өткізілді. Олардың санының мониторингісі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық түрлер 2009 жылдың лимитіне енгізілді. Мамық жүнді жануарлардың негізгі түрлері, жабайы кәсіптік құс, суыр, аю, өңірдің жабайы фаунасының өзге де түрлері сақталды және олардың өсіп-өну үрдісі байқалады. Қасқырдың, аңшылық алқаптарындағы тағыланып кеткен иттердің, орман және суда жүзетін құстардың ұя салатын орындарындағы сұр қарғаның басымдылығын төмендету бойынша биотехникалық іс-шаралар тиімді жүргізілуде.

Басқарма мен оған ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері анықтаған құқық бұзушылықтың жалпы саны рейдтік, профилактикалық және насихат жұмыстарын нақты жоспарлау нәтижесінде 2005-2008 аралығында 2 есеге азайды (3170 бастап 1451 дейін) рейдтік іс-шаралардың саны мен жиілігін арттыру кезінде және бұзушылықтарды ашу артты (иесіз (ашылмаған) істердің саны аталған кезеңде 305-тен 65 дейін азайды).


^ 3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары,

қызметтің мақсаттары мен міндеттері


^ Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен мақсатты индикаторлар

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан өңірінің қоршаған ортасына тигізілетін техногендік жүктеменің деңгейі мен денсаулыққа экологиялық қауіптерді азайту

1.1-мақсат. Өңірдің қоршаған ортасына техногендік жүктеменің деңгейі мен тұрғындардың денсаулығына экологиялық қауіптерді азайту

^ 1.1- мақсатты индикаторлар:

1. Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарылымының үлес салмаған кем дегенде 35%-ға және қоршаған ортаға орналастырылатын уытты қалдықтардың үлес көлемін 2014 жылға таман 2008 жылғы базалық деңгеймен салыстырғанда артуына жол бермеу және төмендету.

2. Ластанған сарқынды сулардың жер үсті су объектілеріне құйылу көлемін 2008 жылдың деңгейінде тұрақтандыру.

3. Өскемен қаласы атмосферасының ластану индексін 2008 жылдың базалық деңгейімен салыстырғанда 5%-дан артуына жол бермеу.

1.1.1-міндет: облыстың нарығына сапасыз бензин мен дизель отынының әкелінуіне жол бермеу

Облысқа түсетін бензиннің сапасын бақылау

сынама саны

214

230

230 кем емес

230 кем емес

230 кем емес

230 кем емес

230 кем емес

Облысқа түсетін дизель отынының сапасын бақылау

сынама саны

-

43

43 кем емес

43 кем емес

43 кем емес

43 кем емес

43 кем емес

1.1.2-міндет: Радиоактивті ластанған ошақтардың тұрғындардың денсаулығына тигізетін келеңсіз әсерін азайту, құрамында сынабы бар пайдаланылған қалдықтарды заңсыз орналастыруға жол бермеу

Құрамында сынабы бар аспаптарды жинау және сақтау

мың дана

45

45,5

-

-

-

45,5 кем емес

45,5 кем емес

Анықталған радиоактивті ластанған ошақтарды жою

м3

16

70

-

-

-

70 кем емес

70 кем емес

1.2-мақсат. Өңірдің қоршаған ортасының жағдайын жақсарту

1.2.1-міндет: табиғатты пайдаланушылардан түсетін қаржыны өңірдің қоршаған ортасын қалпына келтіруге және қорғауға бағытталған іс-шараларға тиімді пайдалану

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем көлеміндегі табиғат қорғау іс-шараларына арналған шығындардың үлесі

%

38,5

33,7

10 кем емес

10 кем емес

10 кем емес

30 кем емес

30 кем емес

1.2.2-міндет: табиғат пайдаланудың экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру

Қауіптілігі II, III және IV санаттардағы кәсіпорындар үшін таза технологияларды енгізу есебінен қоршаған ортаға рұқсат берілген эмиссиялардың көлемін жыл сайын азайту

%

5

5

5 кем емес

5 кем емес

5 кем емес

5 кем емес

5 кем емес

Жеке тұрғын-үй құрылысы объектілері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімдерін қысқарту

күндер

90 дейін

20 дейін

15 дейін

15 дейін

15 дейін

15 артық емес

15 артық емес

1.2.3-міндет: қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатымен табиғи ортаның ластануына мониторинг жүргізу

Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылау

сынама саны:


стационарлық постыларда


қаланың автомагистральдарында


ҚМЖ күндерінде



41300


800


1280



37152


720


1152



37152 кем емес


720 кем емес


1152 кем емес



37152 кем емес


720 кем емес


1152 кем емес



37152 кем емес


720 кем емес


1152 кем емес



37152 кем емес


720 кем емес


1152 кем емес



37152 кем емес


720 кем емес


1152 кем емес

1.2.4-міндет: су объектілеріне антропогендік әсерді шектеу

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

шақырым

32

42

42 кем емес

42 кем емес

42 кем емес

42 кем емес

42 кем емес

1.2.5-міндет: биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін жағдай жасау

Жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи азық базасын молықтыру

га

600

750

500 кем емес

500 кем емес

500 кем емес

600 кем емес

600 кем емес

Жыртқыш жануарлардың санын азайту (қасқырлар мен бөлтіріктерді)

бас

150

239

250 кем емес

250 кем емес

250 кем емес

250 кем емес

250 кем емес

Жыртқыш жануарлардың санын азайту (сұр қарғалардың)

дана

3000

3000

3000 кем емес

3000 кем емес

3000 кем емес

3000 кем емес

3000 кем емес

1.2.6-міндет: қалдықтарды басқару жүйесін оңтайландыру, тұрмыстық қатты қалдықтардың беталды үйінділерінің пайда болуына жол бермеу

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін европалық стандарттағы контейнерлерді жасау

дана

100

100

-

-

-

-

-

1.2.7-міндет: экологиялық білімді насихаттау арқылы облыстың тұрғындарын экологиялық тәрбиелеу

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарды жүзеге асыру (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

мың см2

25

15

15 кем емес

15 кем емес

15 кем емес

15 кем емес

15 кем емес

Акциялар конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу

дана

5

4

2 кем емес

4 кем емес

4 кем емес

4 кем емес

4 кем емес

Экологиялық жылнама шығару

дана

500

700

700 кем емес

700 кем емес

700 кем емес

700 кем емес

700 кем емес

Сыртқы экологиялық жарнамалар орнату

дана

7

7

6 кем емес

7 кем емес

7 кем емес

7 кем емес

7 кем емес

Оқушылар, студенттер мен оқытушылар үшін лекция өткізу

дана

111

37

30 кем емес

30 кем емес

30 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

Телехабарлар шығару (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

дана

20

20

20 кем емес

20 кем емес

20 кем емес

20 кем емес

20 кем емес

Экологиялық тақырыптарға арналған роликтер шығару (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

дана

20

10

-

-

-

10 кем емес

10 кем емес

^ 2-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстанның ормандарын сақтау, орман ресурстарын тұрақты және тиімді пайдалану үшін жағдай жасау

2.1-мақсат. Мемлекеттік орман қорының аумақтарындағы шабылған, өртенген және бұрын орман болған аумақтарды қалпына келтіру. Ормандарды өрттен қорғау

^ 2.1-мақсатты индикатор: 2014 жылға дейін ормандарды қалпына келтіру алаңдарын 90 гектарға арттыру

2.1.1-міндет: 2014 таман орман дақылдарының өмірге бейімділігін 5 % арттыру

Орман дақылдарын егу алаңы

га

455

500

550

560

570

580

590

Табиғи жаңаруға әсер ету алаңы

га

750

750

750

750

750

750

750

2.2-мақсат. Мемлекеттік орман қорының өртке ұшыраған алаңдарын қысқарту

2.2-мақсатты индикатор: Жылына орманмен көмкерілген 1,5 мың гектардан артық емес аумақтағы алаңдарда орман өртіне жол бермеу

2.2.1-міндет: 2014 жылға таман орман өрттеріне қарсы күреске бағытталып жүргізілетін іс-шаралар кешенін 30 %-ға арттыру

Жолақ жырту

шақырым

185

200

250

260

270

280

290

Жыртылған жолақтарды күту

шақырым

740

820

900

900

900

900

900

Өртке қарсы мақсаттағы жолдардың құрылысы

шақырым

27

32

35

35

35

40

45

Өртке қарсы мақсаттағы жолдарды жөндеу

шақырым

71

78

90

95

100

110

115

Өртке қарсы тақырыптарға арналған аншлагтарды орнату

дана

305

350

380

380

380

400

420

^ 3-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысының орман қорын және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін, тұрпатты, бірегей және сирек ландшафттарын сақтау

3.1-мақсат. Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың санының өсуіне жол бермеу, бұзушылықтарды ашудың жоғарғы деңгейін сақтау

3.1.1-міндет: табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтау және жолын кесу

Рейдтік іс-шаралар жүргізу

рейдтер

5606

5000 кем емес

5000 кем емес

5000 кем емес

5000 кем емес

5000 кем емес

5000 кем емес

Табиғат қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу

тексерулер

2229

2000 кем емес

2000 кем емес

2000 кем емес

2000 кем емес

2000 кем емес

2000 кем емес

3.1.2-міндет: Қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға насихат жүргізу

Бұқаралық ақпараттың баспасөз құралдарында насихат және түсіндірме жарияланымдары

жарияланымдар

75

80 кем емес

80 кем емес

80 кем емес

80 кем емес

80 кем емес

80 кем емес

Теледидар мен радиохабардың мүмкіндіктерін пайдаланумен насихат және түсіндірме хабарлары

хабарлар

22

40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

3.2-мақсат. Жабайы жануарлардың негізгі кәсіптік түрлерінің санын тұрақтандыру және көбейту, кәсіптік-аңшылық саланы дамыту

Мақсатты индикатор: жабайы жануарлардың негізгі кәсіптік түрлерінің санын 2014 жылға дейін аңшылық алқаптардың бағасымен сәйкестікке жеткізу

3.2.1-міндет: жабайы тұяқты жануарлар санының өсуі үшін жағдай жасау

Қасқырлардың санын реттеу

Саны (өсіп -өнуінің %)

164 (19,2%)

25%

30%

35%

40%

45%

50%

Бекітілмеген аңшылық алқаптарда тұяқты жануарлар үшін тұз салатын науаларды қою және жаңалау

Науалардың саны

120 (Есеп санына сәйкес 27 дараққа 1)

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Азықтандыру алаңқайын, оттықтар мен қалқа жабдықтау

саны

0

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

3.2.2-міндет: ормандағы және суда жүзетін құстар санының өсуі үшін жағдай жасау

Ормандағы және суда жүзетін құстардың ұя салатын орындарындағы сұр қарға мен басқа да жыртқыш құстардың санын азайту

саны

4627

Ең жо-ғарғы

Ең жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең жо-ғарғы

Суда жүзетін құстардың ұя салатын орындарында жасанды ұялар орнату


саны

0

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

Ұя салуға жарамды 1000 га алқапқа 80-100 дана

3.2.3-міндет: Мамық жүнді аңдар санының өсуі үшін жағдай жасау

Аңшылық алқаптарындағы тағыланып кеткен иттердің санын қысқарту

саны

767

Ең жо-ғарғы

Ең жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең

жо-ғарғы

Ең жо-ғарғы

Қояндар мен басқа да ұсақ жануарлар үшін науаға тұз және қосымша алаңқайға азық салу

саны

0

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

Есеп санына сәйкес 10 дараққа 1

3.2.4-міндет: аңшылық алқаптарын жануарлар әлемін пайдаланушыларға жануарлар әлемі объектілерін қорғау бойынша міндеттерді жүктеумен бекіту

Бекітілген аңшылық алқаптарының алаңы (аңшылық алқаптарының жалпы алаңға арақатынасы)

мың га (%)

22809,3 (93,5%)

24400,0 (100%)

24400,0 (100%)

24400,0 (100%)

24400,0 (100%)

24400,0 (100%)

24400,0 (100%)
1   2   3   4



Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconПавлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Түстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Миссия және пайымдау
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconУәкілетті органда немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconШығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында қиырында орналасқан
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті” мемлекеттік мекемесінің 2005 жылдың І жарты...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (одан әрi- басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамамен...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2010-2014 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы