«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»



Название«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Дата конвертации18.02.2014
Размер347.88 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ _____ қаулысымен

бекітілген

 


«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1.Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) регламентінде пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктік бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, жіберу және ұсыну үшін арналған жүйе;

5) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;

6) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттықресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

7) салық төлеушінің тіркелу нөмірі – Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік реестріне салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелуі және ол туралы мәліметтер енгізілуі барысында салықтың барлық түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берілетін бірыңғай нөмір (бұдан әрі - СТН);

8) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

10) электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық формада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

11) электрондық құжат – ақпарат электронды-цифрлы форма түрінде ұсынылған және электронды цифрлы қол арқылы расталған құжат;

12) ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірліктер– мемлекеттік органдар, мекемелер және т.б. тізбесі;

13) экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау;

14) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы ( бұдан әрі – АҚҚ) мазмұнын жасыру және/не болмаса аутентификацияны қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты қайта жасаудың әдістері мен алгоритмдері (аутентификация дегеніміз - белгілі бір тілде жасалған ресми құжаттың түпнұсқасымен бірдей, онымен заңдық құқы тең танылған құжат);

15) «электрондық үкiметтiң» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру аясында «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

16) Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм.

^ 2. Жалпы ережелер


3. Осы регламент Қазақстан Республикасының 27.11.2000 жылғы "Әкiмшiлiк рәсімдер туралы" заңының 9-1- бабының 4-шi тармағына сәйкес жасалған.

4. Мемлекеттік қызмет «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші, уәкілетті орган), сонымен бірге «электрондық үкімет» порталы арқылы www.e.gov.kz көрсетіледі.

5. Көрсетілген қызмет формасы: ішінара автоматтандырылған (медиа-ажыратуды көздейтін, электрондық мемлекеттік қызмет).

6. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 «Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен қоршаған ортаны қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын экологиялық бекіту туралы», «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі II, III және IV санат объектілері үшін «келісіледі/келісілмейді» нәтижесімен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне

қойылатын талаптар


9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері туралы толық ақпаратты уәкiлеттi орган орналасқан жерден алуға болады, мекенжайлары мен қабылдау уақыты осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы регламенттің 17-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап

1) тұтынушы осы регламенттің 17-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – алдын ала сараптама үшін құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен артық емес мерзімде;

2) осы Регламенттің 17 тармағында көрсетілген, алдын ала сараптамадан өткен қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап бір айдан артық емес;

3) осы Регламенттің 17 тармағында көрсетілген, қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - он жұмыс күнінен аспайды;

мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

11. осы Регламенттің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

12. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін бергенге дейінгі сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдерi:

II, III және IV санаттарға жататын объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1) ұсынылған құжаттар тізбесі мен жобаны Кодекс және оны іске асыруда қабылданған нормативтік – құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін қарастыру, ұсынылған құжаттарды қайтаруға негіздің жоқтығын анықтау;

2) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау;

3) уәкілетті орган канцеляриясына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын тіркеу;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.

13. уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдау жұмысын орындайтын тұлғалардың ең төменгi саны бiр қызметкердi құрайды.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

іс - қимыл тәртібін сипаттау (өзара әрекет жасау)


14. Құжаттарды қабылдау осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерісіз, тәулік бойы.

15. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті орган канцеляриясына тапсырылады. Порталда электрондық өтінім қабылдау тұтынушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

16. Тұтынушының осы Регламентке 17 - қосымшада көрсетілген қажетті құжаттарды толық тапсырғанының белгісі болып:

1) тұтынушының уәкілетті орган канцеляриясының тіркеу мөртабаны бар ілеспе хатының көшірмесі (кіріс нөмірі, уақыты, және қоса берілген құжаттар саны);

2)  портал арқылы өтініш берген кезде тұтынушыға жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұратуды қабылдау туралы хабарлама есеп жолданады.

17. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесідей құжаттар тізбесін ұсынады:

уәкілетті органға:

1) ІІ санатты объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан еркін нысандағы ілеспе хатты;

қоршаған ортаға әсер етудің iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде), сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде;

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

жергілікті мемлекеттік органдарда әзірленетін қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге өңірлік бағдарламалардың жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттарын:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

2) ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) еркін нысандағы ілеспе хат;

қоршаған ортаға әсер ететін оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

18. Регламенттің № 4 қосымшасына сәйкес ЭҮП арқылы (мемлекеттік қызмет көрсеткен жағдайдағы функционалдық әрекеттестік) қадамдық әрекеттер және қызмет көрсетушінің шешімі

1) тұтынушы ЖСН/БИН арқылы ЭҮП тіркеуден өтуі керек (ЭҮП-ға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс - «Электронды үкімет» порталында тұтынушының реквизиттерінің (ЖСН немесе БИН, не болмаса СТН және пароль) растығын тексеру процесі,

3) 2-процесс – тұтынушының мәлеметтерінде орын алған қателіктерге байланысты сұралған электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4) 3-процесс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді тұтынушының таңдауы, қызмет көрсету және тұтынушы форманы толтыру үшін экранға форманы шығару (мәліметтер енгізу), құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп;

5) 4-процесс - МДБ ЖТ/МДБ ЗТ ақпараттық жүйесінен жеке тұлғаның (тұтынушының) қажетті мәліметтерін сұрау (КО);

6) 1 -шарт – КО АЖ және тұтынушының АҚҚ пайдаланып ЭЦҚ растығын және ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамды мерзімін тексеру;

7) 5-процесс – тұтынушының ЭЦҚ расталмағандықтан сұралған электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс электронды мемлекеттік қызмет көрсету және тұтынушының одан кейінгі әрекеті туралы ақпарат алуы үшін толтырылған (енгізілген мәліметтер) сұрау формасын тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қою;

9) 7-процесс тұтынушыдан нәтижесі 2-ақпараттық жүйеге түсетін электрондық мемлекеттік қызмет көрсету төлемінің өткендігі туралы қосымша ақпарат немесе хабарлама алу, одан кейін бұл ақпарат немесе хабарлама 3-ақпараттық жүйеге түседі;

10) 8-процесс – түскен өтініш бойынша (тұтынушы тарапынан әрекеттер жасау үшін берілген белгілі бір уақыттан кейін) 3-ақпараттық жүйеден 7-процесстің орындалу нәтижесі бойынша ақпарат сұралады;

11) 2 -шарт электронды мемлекеттік ұызмет көрсету үшін көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес 3-ақпараттық жүйеге түскен ақпараттарды тексеру;

12) 9-процесс 3-ақпараттық жүйеге түскен ақпараттардың сәйкес келмеуі немесе жеткіліксіздігі негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) тұтынушының сұрауына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыру (электронды құжат немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімделген қағаз тасығыштағы құжат). Электронды құжат мемлекеттік органның АШҮП және КО ақпараттық жүйесін пайдаланып қалыптастырылады;

19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стенділерде орналастырылады.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тұтынушы өзі келе отырып немесе сенімхат бойынша өкілі, не порталдағы тұтынушының жеке кабинетінде қабылдайды.

21. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық функционалдық бірліктер (ҚФБ):

1) уәкілетті органның кагнцеляриясы;

2) уәкілетті органның басшысы;

3) уәкілетті орган басшысының орынбасары;

4)құрылымдық бөлімшенің бастығы;

5) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы.

22. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен АЖ тізілімі:

ЭҮП;

АЖ ЖАО;

АШЭП (ЭҮШ);

Осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес ММ

23. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың іс-қимылы (процедура, функция, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

24. Осы Регламентке 4-қосымшада мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар ҚФБ сипаттамасына сәйкес осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.   

25. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

26. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі заңдылық;

3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;

4) нақты және толық ақпаратты ұсыну;

5) ақпаратты сақтау мен оның құпиялылығы;

6) тұтынушылар көрсетілген мерзімде алмаған құжаттардың сақтығын қамтамасыз ету;

27. Электронды мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық жағдайлары электронды мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен оларды көрсетуді қолдайтын құралдар (компьютер, Интернет, қоғамдық қолжетімділік пункті, ХҚКО, мемлекеттік мекеме).


^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi



28. Мемлекеттiк қызмет көрсететін жауапты тұлға құрылымдық бөлімшенің басшысы және жауапты орындаушы болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтiң көрсетулерi iске асыруға жауапты болады.


«II, III және IV санат объектілеріне

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша





р/с

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

^ Ресми сайты

Жұмыс кестесі

Телефоннөмірі

Басшының телефон

нөмірі

1

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Көкшетау қаласы

Абай көшесі, 89

www.upr.akmol.kz e-mail: dpr_2007@mail.ru

сағат 900 ден 1830 дейін

түскі асқа үзіліс сағ 1300-1430 дейін жұмыс күндері

(8-7162) 40-28-07

(8-7162) 25-19-86



«II, III және IV санат объектілеріне

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

^ 1-шi кесте. ФҚБ әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі қызмет барысы (тәсіл, жұмыс ағымы)





Әрекет № (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

2

3

4

5




ФҚБ атауы

Уәкілетті орган

канцеляриясының мамандары


Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган басшысының орынбасары

Құрылымдық бөлімше бастығы

Жауапты орындаушы




Әрекет атауы (үрдіс, шара, операция) және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Хат-хабармен танысу, жауапты орынбасарды анықтау

Хат-хабармен танысу, қарастыратын құрылымдық бөлімшені анықтау

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттардың толықтығын анықтау, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау




Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Құжаттарға қарарлар қою үшiн басшыға жіберіледі

Құжаттарға қарарлар қою және жауапты орынбасарға жіберу

Құжаттарға қарарлар қою және қарастыратын құрылымдық бөлімшенің бастығына жіберу

Құжаттарға қарарлар қою және жауапты орындаушыға жіберу

Сәйкестігі немесе сәйкес еместігі жөнінде қорытынды дайындау, қорытынды жобасын материалдарымен бірге құрылымдық бөлімшенің бастығына жолдау




Орындау мерзімдері

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

7 жұмыс күн ішінде




Әрекет № (тәсіл, жұмыс ағымы)

6

7

8

9







ФҚБ атауы

Құрылымдық бөлімше бастығы

(Экологиялық сараптама басқармасы)

Жауапты орындаушы

Уәкілетті орган

канцелярисының мамандары

Жауапты орындаушы







Әрекет атауы (үрдіс, шара, операция) және оның сипаттамасы

Жауапты орындаушының қорытынды жобасына қол қою

Қорытындыны тіркеу үшін канцелярияға жіберу

Қорытындыны тіркеу

Қорытындыны мемлекеттік қызметті алушыға тапсыруды ұйымдастыру әрекеттері







Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Қорытынды жобасын тіркеу үшін материалдарымен бірге канцелярияға жіберу үшін жауапты орындаушыға тапсыру

Қорытындыны тіркеу үшін канцелярияға тапсыру

Ресімделген қорытындыны қол қою үшін уәкілетті орган басшысының орынбасарына тапсыру

Қорытындыны мемлекеттік қызметті алушыға беру







Орындау мерзімдері

Жұмыс күні ішінде

1 сағат

2 сағат

30 мин





^ 2. Кесте Қолданудың варианттары. Негізгі процесс.

 

1 топ ФҚБ Уәкілетті орган

канцелярисы

2 топ ФҚБ Уәкілетті орган басшысы

3 топ ФҚБ Уәкілетті орган басшысының орынбасары

4 топ ФҚБ Құрылымдық бөлімше

№1 іс-әрекет
Құжаттарды қабылдау, өтініштерді тіркеу

№ 2 іс-әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау

№ 3 іс-әрекет
орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау, қарарлар қою

№4 іс-әрекет Өтініштерді қарастыру, материалдардың заңнамаға сәйкестігін анықтау, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, қорытынды дайындау.










№5 іс-әрекет Қорытынды ресімдеу.










№6 іс-әрекет Қорытындыға қол қою

№7 іс-әрекет, Қорытындыны тіркеу.







№8 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушыға қорытынды беру.



^ 3. Кесте Қолданудың варианттары. Баламалы процесс.


1 топ ФҚБ Уәкілетті орган

канцелярисы

2 топ ФҚБ Уәкілетті орган басшысы

3 топ ФҚБ Уәкілетті орган басшысының орынбасары

4 топ ФҚБ Құрылымдық бөлімше

№1 іс-әрекет
Құжаттарды қабылдау, өтініштерді тіркеу

№ 2 іс-әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау

№ 3 іс-әрекет
орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау, қарарлар қою

№4 іс-әрекет Өтініштерді қарастыру, материалдардың заңнамаға сәйкестігін анықтау, дәлелді бас тарту дайындау.










№ 5 іс-әрекет

Ұсынылған материалдардың толық еместігі анықталған жағдайда хат ресімдеу..







№6 іс - әрекет Хатқа қол қою




№7 іс-әрекет Хатты тіркеу және өтініш берушіге пошта арқылы хат жөнелту













«II, III және IV санат объектілеріне

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


^ Кесте 1. ММ арқылы әрекеттерді сипаттау



  1. . Негізгі қызмет барысы (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

2

3

2

ФҚБ , АЖ атауы

ММ

АЖ

ЖАО

АШҮП (ЭҮШ)

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

АЖ ЖАО мәліметтерді енгізу, құжаттардың және өтініштердің нақтылығын тексеру

МДБ ЖТ/МДБ ЗТ мәліметтерді тексеру, жүйеге сканер құрылғысынан өткен құжаттарды тіркеу

АЖ ЖАО - дан ИАЖ ХҚКО –ға статустары жайлы хабарламаларды маршруттау

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басқарушылық шешім)

Қызмет алу үшін өтініш және құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір белгілеу арқылы сұранысты тіркеу

Сұранысты маршруттау

5

Орындау мерзімі

30 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




  1. Негізгі қызмет барысы (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

4

5

6

2

ФҚБ , АЖ атауы

ММ

АЖ

ЖАО

АШҮП (ЭҮШ)

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

Сұранысты орындау. Шығыс құжатты ресімдеумен, немесе дәлелді бас тарту.

Шешім қабылдау

Шығыс құжатты құрастыру. Қызмет көрсету статусын өзгерту жайлы ескертуді құру

Ескертуді маршруттау

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басқарушылық шешім)

Шығыс құжатты құрастыру, немесе дәлелді бас тарту.

Сұраныс
ты орындау статусын және шығыс құжаттарын құру

Маршруттау

5

Орындау мерзімі

Бір айдан аспайтын мерзімде, дәлелді бас тарту жағдайда ағымдағы 5 жұмыс күні, қайта қарастырылған жағдайда 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

6

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7




  1. Негізгі қызмет барысы (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

7

8

9

2

ФҚБ , АЖ атауы

ММ

АЖ

ЖАО

АШҮП (ЭҮШ)

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

Шығыс құжаттарын құру

ЭЦҚ уәкілетті тұлға қол қойған, шығыс құжаттарын тіркеу және құру

Шығыс құжаттарымен қызмет көрсетудің аяқталуы жайлы ескертуді маршруттау

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басұарушылыұ шешім)

ММ жүгіну барысында тұтынушыға шығыс құжаттарын беру

Шығыс құжаттарымен ескертуді жөнелту

Маршруттау

5

Орындау мерзімі

Бір айдан аспайтын мерзімде, дәлелді бас тарту жағдайда ағымдағы 5 жұмыс күні, қайта қарастырылған жағдайда 10 жұмыс күніне аспайтын мерзімде

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

6

Келесі әрекеттің нөмірі

8

9

-


^ 2. кесте. ЭҮП арқылы әрекеттерді сипаттау



1. Негізгі үрдістің әрекетті (барысы, жұмыс ағыны)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

1

2

3

4

2

ФҚБ , АЖ атауы

ЭҮП

АШҮП (ЭҮШ)

АЖ

ЖАО

ММ

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

Мәліметтерінің нақтылығын (тұтынушы ЭЦҚ) тексеру.

АШҮП (ЭҮШ) арқылы өтініштерді сақтау және жіберу

АЖ ТОМ– нен ескертпелерді маршруттау

Өтінішке нөмір беру Ағымдағы мәртебесін көрсете отырып хабарлама құрастыру.

Өтінішті орындау үшін қабылдау

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басқарушылық шешім)

Сұрау салуды табыстылығы туралы немесе бас тарту туралы хабарламаны құрастыру

Сұрауларды маршруттау

Хабарламаларды ПЭПқа жіберу

Жұмысқа енгізу

5

Орындау мерзімі

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

5 күнтізбелік күн кезеңінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5




2) Негізгі үрдістің әрекетті (барысы, жұмыс ағыны)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

5

6

7

8

2

ФҚБ , АЖ атауы

ММ

АЖ

ЖАО

АШҮП (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

Сұрау салуды орындау. Шығыс құжатты беру, жауапты құрастыру, немесе беруден қисынды бас тартуды құрастыру

Шығыс құжатты құрастыру. Қызмет көрсету статусын өзгерту жайлы ескертуді құру

Хабарламаларды маршруттау

Хабарламаны көрсету

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басқарушылық шешім)

Шығыс құжатты беру немесе бас тарту туралы хабарламаны құрастыру

Сұранысты орындау статусын және шығыс құжаттарын құру

Маршруттау.

Шығыс құжаттарымен орындау статусын көрсету

5

Орындау мерзімі

Бір айдан аспайтын мерзімде, дәлелді бас тарту жағдайда ағымдағы 5 жұмыс күні, қайта қарастырылған жағдайда 10 жұмыс күніне аспайтын мерзімде

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

6

Келесі әрекеттің нөмірі

6

7

8

9




3) Негізгі үрдістің әрекетті (барысы, жұмыс ағыны)

1

№ әрекет (тәсіл, жұмыс ағымы)

9

10

11

12

2

ФҚБ , АЖ атауы

ММ

АЖ

ЖАО

АШҮП (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Әрекет атауы (барыстың, тәртіптің, операцияның) және оларды сипаттау

Шығыс құжаттарын құру құжаттарға қол қою

уәкілетті тұлға қол қойған, шығыс құжаттарын тіркеу және құру

Шығыс құжаттарымен қызмет кқрсетудің аяқталуы жайлы ескертуді маршруттау

Шығыс құжаттарын көру мүмкіндігімен қызмет көрсетудіңғ аяқталуы туралы хабарламаны көрсету

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдас
тыру-басқарушылық шешім)

Қол қойылған шығыс құжаттары

Шығыс құжаттарымен ескертуді жөнелту

Маршруттау

Шығыс құжаттарын көрсету

5

Орындау мерзімі

Бір айдан аспайтын мерзімде, дәлелді бас тарту жағдайда ағымдағы 5 жұмыс күні, қайта қарастырылған жағдайда 10 жұмыс күніне аспайтын мерзімде

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

1 минуттан аспайтын

6

Келесі әрекеттің нөмірі

10

11

12

-


Ескерту:

Осы кестеде ЭҮП-дың, АЖ және барлық ФҚб (функция, процедура, операция) әрекеттері, аяқтаудың формалары, атқару мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетілген. электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процессiнің технологиялық тізбесі берілген.

Электрондық мемлекеттiк қызметтерін көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет ету диаграммасы осы регламентке 3 қосымшадағы кесте негiзiнде құрылған.


«II, III және IV санат объектілеріне

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша





1 сурет. Мемлекеттік мекемелерге ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы





2 сурет. . ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Кесте . Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Соңғы хабарлама



Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарты



Хабарламалар ағымы



Басқару ағымы



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электронды құжат



Ескерту:

Диаграмманы тұрпатты рәсімдеу Бизнес-процесстердің үлгісін жасау үшін қолданылатын BPMN 1.2 графикалық нотацияда көрсетілген. BPMN үлгі жасау шағын графикалық элементтері бар диаграммалармен жүзеге асады. Ол тұтынушыларға логикалық процессті тез түсінуге мүмкіндік тудырады. Элементтің төрт негізгі категориясын белгілейді:

  1. басқару ағымының объектілері: оқиғалар, әрекеттер және логикалық операторлар;

  2. біріктіру объектілері: басқару ағымы, хабарлама ағымы және ассоциацалар;

  3. рөлдер: пулалар мен жолдар;

  1. артефактілер: мәліметтер, топтар және мәтінді түсініктемелер.

Осы төрт элементтің категориялары диаграммалардың бизнес процесстерін құрастыруға мүмкіндік береді. Үлгінің айқындылығын көтеру үшін спецификация «Ескерту» бөлімінде жасалуға тиісті басқару мен артефактілерді құрастыруға мүмкіндік жасайды.


«II, III және IV санат объектілеріне

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

5 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің «Сапа және қолжетімділік» көрсеткішін анықтайтын сауалнама формасы



___________________________________________
(қызмет көрсету атауы)


      1. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процессі мен сапасының нәтижесіне сіз қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын
      2) жартылай қанағаттанамын
      3) қанағаттанамын

    


  2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапалығына сіз қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын
      2) жартылай қанағаттанамын
      3) қанағаттанамын



Похожие:

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon3. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі мемлекеттік қызмет)
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» iconСапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29. 12. 2012 n 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он...
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29. 12. 2012 n 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы