Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon

Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін

НазваниеЖоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін
Дата конвертации18.02.2014
Размер78.87 Kb.
ТипДокументы
источник

ЖОБА

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1.Жалпы ережелер

1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2.  Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) не баламалы негізде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген мекенжайларындағы халыққа қызмет көсету орталығы (бұдан әрі - Орталық), «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz  веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.

Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет Ұтқыр Орталықтар арқылы көрсетіледі. 
^

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алушы осы стандарттың 6-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) айдан аспайды;

2) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін осы стандарттың 6-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап - (1) бір ай ішінде;

3) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;

5) Орталықта қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне жатпайды;

6) уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бітуіне бір күн қалғанда Орталықтарға ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығышта немесе уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру немесе қайта ресімдеу немесе уәкілетті органның мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады деген дәлелді жауап болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.

5. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органда - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;

2) Орталықтар - күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, демалыс және мейрам күндерін есептемегенде, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, үзіліссіз.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Ұтқыр Орталықтар құжаттарды қабылдауды бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаттан кем емес Орталықпен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;

3) Порталда - тәулік бойы.

6. Уәкілетті органда немесе Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;

эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;

қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;

қалдықтарды басқару бағдарламасы (өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тұрғысында);

аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуді төмендету жөніндегі бағдарламасы (күкіртті орналастыру тұрғысында).

2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;

эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;

3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;

есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;

4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;

заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.

Порталда:

1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:

осы стандартқа сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысандағы өтінім;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып, электрондық құжат түрінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген қалдықтарды басқару бағдарламасы (өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тұрғысында);

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуді төмендету жөніндегі бағдарламасы (күкіртті орналастыру тұрғысында).

2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:

осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысандағы өтінім;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;

3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;

электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген есептік немесе құрал-сайманды жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері ұсынылады;

4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресімдеуге тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;

заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттардың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, салық органына есепке қойылғаны туралы куәліктің мәліметтерін уәкілетті орган Портал арқылы уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден:

1) рұқсат алу үшін ұсынылған материалдардың толық және дұрыс болмаса;

2) қойылатын табиғат пайдаланудың сұратылып отырған шарттарының Кодекстің 73-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаса;

3) «ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздеме болса бас тартылады.

Тұтынушы осы стандарттың 6-тармағына сейкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Орталық қызметкері өтінімді қабылдаудан және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қол хат беруден бас тартады.
^

3. Шағымдану тәртібі

Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің кеңсесінде көрсетіледі.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың call-орталық телефоны арқылы алуға болады: (1414).

Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған аппеляция органына - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктеріне осы стандартқа көрсетілген мекенжайлар, телефондар және жұмыс кестелері бойынша беріледі.

Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық кеңсесіне беріледі.

Порталда call-орталықтың телефон нөмірі бойынша (1414).

Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталықтың мекенжайлары осы стандартқа 4-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерінде көрсетілген Орталықтың немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Шағымдар еркін нысанда қағаз тасығышта немесе электрондық пошта бойынша осы стандарттың ^ 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Орталықта қабылданады.

Қабылданған шағым уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш берген кезде, шағымның тіркелгені оның қабылданғанын растайды (шағымның екінші нұсқасына немесе ілеспе хатқа мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).

Портал арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушының өтінішін қабылдаудың растамасы оның жеткені және тіркелгені туралы хабарлама болып табылады.

Бұл ретте тұтынушыға өтініштің орындалғаны, жауабы немесе қараудан бас тартуы туралы жаңартылған ақпарат та қолжетімді.

Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкілетті органның интернет-ресурсынан және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стендтерден ала алады.

Похожие:

Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»

Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті...
Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
Не IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік...
Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар «II, III және IV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет

Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Жоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
Байланыс телефондары, факс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы