«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/5
Дата конвертации07.11.2012
Размер1.42 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы

«___» _________________

№ ______

қаулысымен бекітілді


«Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1.
Миссиясы және пайымдауы

2.

Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының даму беталысын талдау

3.

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.1

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.2

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4.

Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы

5.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6.

Тәуекелдерді басқару

7.

Бюджеттік бағдарламалар

7.1

Бюджеттік бағдарламалар

7.2

Бюджеттік шығыстардың жиынтығы



1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы

Ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті және халық тұрмысына қолайлы жағдай жасауға қабілетті облыстың индустриялық-инновациялық кешенін қалыптастыру.

Қосылған құны жоғары, халықаралық сапа стандарттарына сай инновациялық, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндіретін өнеркәсіп қалыптастыру үшін алдын ала келісілген экономиканың нақты секторын орнықты дамыту.


^ 2. Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының

даму беталысын талдау


1 Стратегиялық бағыт. Өнеркәсіп салаларын дамыту.

1.1 Өңір өнеркәсібін дамытудың негізгі параметрлері.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металлургия, машина жасау, энергетика, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары шоғырланған.

Өңірдің негізгі байлығы - біршама үлкен көлемдегі полиметалл рудаларының қоры, олардың құрамында қорғасын, мырыш және мыс сияқты негізгі металдардан басқа қосымша алтын және күміс сияқты бағалы металдар, сурьма, сынап, кадмий, вольфрам, висмут, талий, индий, теллур және басқа жерде сирек кездесетін металдар бар.

Өңірдің жер қойнауында полиметалл рудаларынан басқа қалайы, тантал, титан, никель, кобальт, молибден және басқа металдардың кеніштері бар.

Тас және қоңыр көмірдің, цемент, кірпіш өндірісіне арналған минералдық шикізаттың едәуір қоры бар, іздеу жұмыстарымен мұнай және газ қоры табылды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында кең таралған пайдалы қазбаларға (тақтатастар, құм, әктас, құм-қиыршықтас қоспасы және т.б.) 122 келісімшарт қолданылып жүр.


2005-2009 жылдар аралығында

өнеркәсіпте нақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісі

көлемінің өзгеру серпіні




2009 жылы 492,1 млрд. теңге сомада тауарлық өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден қолданыстағы бағамен 2,2 % жоғары, ал республикалық көлемдегі үлесі – 5,5 %.

2007 жылдан бастап өндірістің НКИ әлемдік металл бағасының төмендеуінен пайда болған қаржы дағдарысына байланысты өнім сұранысының азаюы әсерінен төмендеді, бұл кәсіпорындарды өндірістерін жағдай тұрақтанғанға дейін тоқтата тұруға мәжбүр етті (1 суретті қараңыз).

Өңір өнеркәсібі үш саладан тұрады: тау-кен өндіру өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергиясы, газ бен су өндірісі және тарату.

Жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі 18,6 % құрайды.

Кең таралған пайдалы қазбаларды және тағы басқаларды өндірумен айналысатын «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Алел» қаржылық-инвестициялық корпорациясы» АҚ, «Даңқ» ЖШС, «Секисовское» тау-кен кәсіпорны» ЕЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС және бірқатар басқа кәсіпорындар тау-кен өнеркәсібі негізін құрайды.

2009 жылы 92,0 млрд. теңге сомада тауарлық өнім өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2007 жылдың деңгейінен 9,3 % жоғары, ал республикалық көлемдегі үлесі – 1,7 %, өнеркәсіп өнімі өндірісінің НКИ 100,1 % құрады (2 суретті қараңыз).


2007-2009 жылдар аралығында

тау-кен өнеркәсібінде тауарлық өнім өндірісінің

нақты көлем индексінің өзгеру серпіні





Соңғы 3 жылда тауарлық өнім өндірісі тұрақты өсіп келеді, алайда өндіріс көлемі әлемдік қаржылық биржалардағы металл бағасының серпініне тәуелді екенін атап айту қажет.

Полиметалл рудаларын өндірумен төрт кәсіпорын айналысады, олардың ішіндегі ең ірісі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС болып табылады. Ол В+С12 санаты бойынша жалпы қоры 107,6 млн. тонна болатын 9 кеніште өндіру жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты 15 жыл шикізат ресурстарымен қамтамасыз ете алады. Бұл кеніштерден басқа корпорацияда В+С1 санаты бойынша 3 млрд. тоннаға жуық қоры бар тағы үш кеніші (Ақтоғай, Айдарлы, Анисимов ключ) бар. Олар салынып жатқан «Ақтоғай» КБК жобалық қуатында 60 жылға жеткілікті болады.

Полиметалл кеніштерін пайдаланатын екінші ірі кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС болып табылады, ол В+С12 санаты бойынша жалпы қоры 92 211,9 мың тонна болатын төрт кеніште осы рудаларды өндірумен айналысады. Кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты металлургиялық өндірістерді шикізат ресурстарымен 19 жыл қамтамасыз ете алады. Аталған кәсіпорындардан басқа қоғамда екі кеніш резервте тұр.

Алтын кеніштерді пайдаланумен 10 кәсіпорын айналысады, олардың ішінде өндірумен 5 кәсіпорын айналысады, олардың жыл сайынғы көлемі – 3 млн. тоннаға жуық. Қалған кеніштер ашу және тау-кен дайындау жұмыстары кезеңінде.

Пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында өңірдің минералдық-шикізаттық кешенінің басым ресурстық базасын дамыту ауқымды іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

2007-2009 жылдар аралығында тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімінің маңызды түрлерінің өзгеру серпіні төменде келтірілген (1 кестені қараңыз).

1 кесте

2007-2009 жылдар аралығында

тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімінің маңызды түрлерінің өзгеру серпіні


№ п/п

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

Республ. көлемдегі үлесі, %

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Көмір

мың тонна

4433,3

5431,5

5383,2

5,3

2

Мыс рудасы

мың тонна

1693,9

2846,3

-

-

3

Мыс-мырыш рудасы

мың тонна

3773,5

5077,6

4873,4

96,8

4

Қорғасын

концентратындағы қорғасын

мың тонна

35,4

31,1

35,5

90,1

5

Мырыш

концентратындағы мырыш

мың тонна

355,2

354,1

374,9

89,6

6

Табиғи құм

мың шаршы.м.

737,0

521,9

763,0

11,0

7

Гранулалар, тас қалдығы,

малта тас, қиыршықтас, ұсақталған тас

мың шаршы.м.

1404,7

974,0

1052,6

4,2

8

Тұз және натрий хлориды

тонна

3225

3031

3840

1,8

Өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдар өндірісі (саладағы үлес салмағы 54,2 %), азық-түлік тағамдары, соның ішінде сусындар өндірісі (14,3%), машина жасау (13,5%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (9,5%), химия өнеркәсібі (1,1%), тоқыма және тігін өнеркәсібі (0,4%), тері, теріден жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі (0,2%) және өнеркәсіптің өзге де салалары (6,8%).

Облыстың жалпы өнеркәсіптік әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 71,1 % құрап отыр.

2007-2009 жылдар аралығында

өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің серпіні




2009 жылы салада 349,7 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейдің 0,96 % құрайды, республикалық көлемдегі үлесі – 11,8 %, нақты көлем индексі – 91,4 % және 2007 жылғы деңгейден 18,3 пайыздық тармаққа төмен болып табылады (3 сурет).

Соңғы екі жылда дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан түсті металл өндірісі көлемінің қысқаруына байланысты нақты көлем индексі төмендеп кетті.

Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары – «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Соңғы екі жылда кіші салада нақты көлем индексінің төмендеуін (4 сурет) дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан металл бағасының күрт төмендеуіне байланысты түсті металл өндірісі көлемін тоқтата тұруымен, ал 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы тауарлық өнім өндірісінің өсімін олардың өсу үрдісінің пайда болғанымен түсіндіруге болады.


2007-2009 жылдар аралығында

металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдары өндірісінде тауарлық өнім өндірісінің нақты көлем индексінің өзгеру серпіні





Машина жасау кешені. Өңірде машина жасау өнімдерін жасап шығаратын 130-дан астам шаруашылық жүргізетін субъектілер белсенді жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өндірісі кұрылымында кәсіпорындардың барлық түрлерінің ең көп үлес салмағы 18 ірі және орта кәсіпорындарда, олардың машина жасау көлеміне салымы 80 % жоғарыны құрап отыр.

Машина жасауда нақты көрсеткіштерде өндіріс және тауарлық өнім өндірісінің көлемдері 2007 жылға дейін елеулі қарқынмен өсті, ал 2008 жылы кіші сала дағдарыс салдарынан басқаларға қарағанда қатты зардап шекті.

Бұл ең алдымен, машина жасау өнімдерінің инвестициялық сипаттағы сұранысымен байланысты болып отыр.

Машина жасаудағы өндіріс 2008 жылдың ортасынан бастап төмендеп, жылдың соңында өнім өндірісінің көлемдері 2007 жылға қарағанда 14,9% азайды (5 суретті қараңыз).

2009 жылы қаражат түрінде де, нақты көрсеткіштерде де өндіріс көлемі төмендеді, 49,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 91,5 % құрады. «Машина және құрал-жабдық өндірісінде» өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 7,8 есе артты, электр құрал-жабдықтары өндірісінде 28,4 % артты, көлік құралдары және құрал-жабдықтар өндірісінде 35,2 % төмендеді.


2007-2009 жылдар аралығында

машина жасаудағы өнім өндірісі көлемдерінің өзгеру серпіні



300-ге жуық өнеркәсіп кәсіпорны құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. Құрылыс индустриясы кәсіпорындары көптеген өнім түржиынын жасап шығарады: цемент, қыш, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдары, шифер, тауарлық бетон, бетоннан жасалған жинақ құрылыс құрылмалары, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде өндірістік қуаттардың тозуы жалғасуда, күтіліп отырған экономикалық өрлеу кезеңінде олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығара алмай қалуы мүмкін. Мысалы, «Бұқтырма цемент компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Семей цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыттарында цемент ескі, энергия шығыны көп «ылғалды» тәсіл арқылы өндіріледі.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмасса құбырлары, металл жабын, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдар, құрғақ қоспалар, бояу-сырлау материалдары мен басқа өнімдер шығаратын өндірістер пайда болды.

Жыл сайынғы құрылыс материалдары өндірісінің өсімі ішкі нарықтағы, оның ішінде тұрғын-үй саласындағы бір қалыпты сұранысымен қамтамасыз етілген болатын. 2008 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, яғни, дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде, әсіресе ипотекалық кредит беруге әсер еткен кезеңде нақты көлемдер 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 19,1% және 2009 жылы 16,9% төмендей бастады. 2009 жылы құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 31,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің НКИ 93,4 % құрады. 2009 жылы облыста 3,2 млн. тонна цемент өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 7,1 % төмен болып табылады, тауарлық бетон өндірісі 1,2 есе өсіп, 563,3 мың тоннаны құрады, асбестоцмент, фиброцементтен жасалған осындай панельдер, тақталар мен бұйымдар – 4187,7 мың шаршы метр (41,2 % төмендеді), әктас – 40,8 мың тонна (40,7 % төмендеді), силикат және шлак кірпіш – 35,0 мың тонна (3,1 % төмендеді), құрылыс жүргізу мақсатында бетоннан жасалған бұйымдар – 350,2 мың тонна (38,7 % төмендеді), отқа төзімді құрылыс кірпіш – 28,3 мың текше метр (39,5 % төмендеді), блокталған, табақ және рулонды шлак мақта, минералды силикат мақта өндірісі – 17,1 мың тонна (өндіріс көлемі 4,3 % арты).

2009 жылы кіші салада жұмыс істегендердің саны – 5,4 мың адам.

Қазіргі уақытта облыста бәсекеге қабілетті өнім шығару жөніндегі бірқатар жобалар енгізілуде. Жарма ауданында қуаты жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр. Этилен-пропилен каучук негізінде ЭЛВ-4 өнеркәсіптік электрон жылдамдатқыш базасында полимерлік жабын материалдар, сондай-ақ, оған жинақ желімдер мен герметиктер өндірісі игеріле бастады. Берік әрі ұзақ бір қабат материал сенімді су оқшаулағыш болып табылады. Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты 2010 жылғы 1 желтоқсанда қуаты жылына 1 мың тонна құбыр шығаратын цехті іске қосты.

Құрылыс материалдары кіші саласында нақты көлем индексі өзгерісінің және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 6 суретте көрсетілген.

2007-2009 жылдар аралығында

құрылыс материалдары кіші саласында нақты көлем индексінің

өзгеру және тауарлық өнім өндірісінің серпіні



Жеңіл өнеркәсіптегі 80 % астам кәсіпорындарды шағын және орта бизнес субъектілері ұсынып отыр, сонымен қатар жүктелімі 30-40 % аспайтын сала кәсіпорындарының 75 % ескі құрал-жабдықтармен жарақталған.

Жеңіл өнеркәсіпте нақты көлем индексінің өзгеру және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 7 суретте көрсетілген.

2007-2009 жылдар аралығында

жеңіл өнеркәсіпте нақты көлем индексінің өзгеру

және тауарлық өнім өндірісінің серпіні




Ағаш өңдеу кіші саласында орман шикізатын дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдей алатын әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көбін шағын бизнес субъектілері ұсынып отыр, олар үй салу, терезе және есік жақтауларын, жиһаз жасау үшін кесілген ағаш материалдары, дайындамалар, цилиндрленген бөрене өндіруге мамандандырылған. Аталған сала кәсіпорындары болып табылады: «Иртыштрансойл» ЖШС (2009 жылғы мамырда АЖТ өндірісін іске қосты. Өндіріс қуаты – жылына 60 мың текше метр), «Фаворит» ЖШС (кесілген және кесілмеген ағаш материалдары, фанера, ағаш ұста тақтасы, цилиндрленген бөрене), «Мелисса» ЖШС (брустан жасалған үйлер, цилиндрленген бөренелерден жасалған үйлер, ағаш ұста бұйымдары), «Өскемен жиһаз комбинаты» ЖШС (жиһаз, есік, терезе блоктары).

2002 жылдан бастап қолда бар орман ресурсының шикізат базасы дұрыс пайдаланылмай келеді, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндірістік қуаттары ішінара, орташа 20-40 % жүктелген. ЖІӨ-ге ағаш өнеркәсібі кешенінің орташа әлемдік салымы 3-3,5 % құрайды. 1990 жылға дейін жалпы өңірлік өнімдегі ағаш өнеркәсібі кешенінің үлесі 4,7 % жететін. Бүгінгі күні аталған көрсеткіш 0,2 % ғана құрап отыр.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексінің өзгеру және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 8 суретте көрсетілген.

2009 жылы ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 1965,9 млн. теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 80,6 % құрап отыр. 2009 жылы кіші салада жұмыс істегендер саны – 523 адам.

Ағаш өңдеу өнімінің азаюы басқа мемлекеттерден орман материалдары мен ағаш өңдеу өнімі импортына әкеп соғады. Бұған қоса, қылқанды ағаш дайындауға мораторий жағдайында да облыста өңірдің ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім шығару және толық тақта өндірісі көлемінде шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажетті орман ресурстары бар.


2007-2009 жылдар аралығында

ағаш өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексінің өзгеру

және тауарлық өнім өндірісінің серпіні




Химия өнеркәсібі кіші саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар негізінен тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібіне өнім (қышқылдар, газдар, жарылғыш заттар және басқалар) шығарады. Осы саланы жеке дамыту үшін облыста толық ресурстық база әлеуеті (мұнай-химия кіші саласы) жоқ.

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімі жалпы облыстың өнеркәсіптік әлеуеті көлемінің 0,8 % құрайды. 2009 жылы кіші салада 3,8 млрд. теңге өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 0,96 % құрайды, нақты көлем индексі 106,6 % құрап отыр (9 сурет).

2007-2009 жылдар аралығында

химия кіші саласындағы тауарлық өнім көлемінің

және нақты көлем индексінің өзгеру серпіні



Облыстың фармацевтикалық өнеркәсібі «Ромат» медициналық препараттар зауыты» жауапкершілігі шектеулі кәсіпорнымен ұсынылады. Ол аталған саладағы өнімнің 70 % өндіреді. 2009 жылы кәсіпорында 486,3 млн. теңгеге өнім өндірілді. 2010 жылғы 8 айда өндірілген өнім көлемі 232,6 млн. теңгені, сала бойынша 335,5 млн. теңгені құрады. Казіргі уақытта кәсіпорында «Өндіріс көлемдерін арттыру және номенклатурасын кеңейту» жобасы енгізілуде, оның нәтижесінде өндіріс қайта жаңғыртылады, жаңа өндірістік желілер сатып алынып, орнатылады. Сондай-ақ, ең алдымен ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруға және экспортқа бағдарланған шығарылатын өнім өндірісі көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту мақсатында ISO және GMP халықаралық сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.

2012 жылғы сәуірге жоспарланған жоба енгізілгеннен кейін дайын дәрі-дәрмек препараттары өндірісі көлемін 10 есе арттыру және шығарылатын дәрі-дәрмек препараттары номенклатурасын 250 түрге дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Облыс өнеркәсібінің негізгі проблемаларын талдау.

Өңірдің минералдық-шикізаттық кешенінің ағымдағы жағдайының объективті шындығы тау-кен-геологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты жыл сайын қиындап бара жатқан минералдық шикізат қорын қайта өндіру жағдайы болып табылады.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушыларға 48 хабарлама жіберді. Оның ішінде бүгінгі күні кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға берілген 26 келісімшарттың күші жойылды.

Экспортқа бағдарланған түсті металлургия кәсіпорындары өндіретін өнім сапасына деген жоғары талаптарына кез болады, сондай-ақ, көп жағдайда сыртқы нарықтағы сұраныс деңгейіне тәуелді болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында бірқатар шешілмеген проблемалары бар:

өндіріс тиімділігін арттыруға жол бермейтін құрал-жабдықтардың тозу деңгейінің жоғары болуы (43-80%);

шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің салыстырмалы түрде төмен болуы, шектелген номенклатура және өнімді ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;

қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау;

инвестициялық тартымдылығы нашар және кәсіпорындардағы үнемі айналым қаражатының тапшылығы;

мемлекеттік сатып алу саласындағы жетілмеген нормативтік құқықтық актілер (жеткізілген өнімге көбінесе 60-90 күннен кейін ғана төлем жүргізіледі);

өнім өндірісінде қосылған құны жоғары ғылыми, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмен болуы;

облыстың машина жасау кәсіпорындары мен осыған ұқсас өнім өндіретін шетел кәсіпорындары және әлемдік жетекші өндірушілер арасында кооперациялық байланыс деңгейінің төмен болуы;

мемлекеттік сатып алу саласындағы жетілмеген нормативтік құқықтық актілер, ұзақ мерзімді келісімшарттардың жоқ болуы;

мұнай және басқа компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларының техникалық қайта жарақтандыру жоспары туралы ақпарат жоқ;

өндірісті дамыту үшін қаржыландыру тартуға жоғары пайыздық ставкалар;

өндірістің салыстырмалы жоғары энергия сыйымдылығы.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Өнеркәсіп салаларының дамуын көрсететін көрсеткіштер деңгейіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар зор әсерін тигізеді.

Сыртқы факторлар:

импорттық өнеркәсіп өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуы;

энергия тасымалдауыштары құнының жоғары болуы;

Аталған проблемаларды шешу үшін отандық тауар өндірушілерге жәрдемдесу қажет.

Ішкі факторлар:

маркетингтік зерттеулер саласында жүргізілетін шаралардың тиімділігі нашар;

жаңа технологиялар мен жоғары өнімді өндірістік желілердің жеткіліксіз енгізілуі;

мамандардың біліктілігі төмен.

Өңірдің минералдық-шикізаттық кешенінің басым ресурстық базасының дамуы пайдаланылатын қорларды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Металлургия өнеркәсібін одан әрі дамыту өте терең өзгерістерді енгізуді талап етеді.

Энергия үнемдеу саясатында барлық энергетикалық ресурстарды, соның ішінде электр энергиясын тиімді пайдалану ескерілуі қажет. Электр энергиясын үнемдеу, ең алдымен, оны ықыласпен пайдаланылуына, бірінші кезекте ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімді пайдаланылуына байланысты болады.

Соңғы жылдары облыста өнеркәсіп өнімі өндірісі көлемдерінің біршама өсімі байқалып отыр. Мұнымен бірге электр энергиясын тұтыну да өсіп отыр. Өнеркәсіп өнімін жасап шығару өсімінің қарқыны сақталған жағдайда жақын арада облыста электр энергиясының тапшылығы пайда болатыны сөзсіз. Осыған байланысты, жаға көздерді іске қосқаннан бұрын энергия үнемдеу саясатын жүргізу тиімдірек. Кәсіпорындарда электр үнемдеу үшін электр үнемдеу құрал-жабдығының функциясын орындайтын және электр энергия сапасын арттыратын конденсаторлар орнату қажет. Конденсаторлық қондырғыларды пайдалану электр энергиясына шығындарды 30 пайызға дейін төмендетуге, электр энергия сапасын арттыруға, трансформаторлар мен кәбіл желілері жүктелімін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибеден көрінгендей, конденсаторлық қондырғыларды енгізуге шығындар 1,5 жылда орнын жабады.

2 стратегиялық бағыт. Индустриялық-инновациялық дамыту.

2.1 Индустриялық-инновациялық дамытудың негізгі параметрлері.

Соңғы жылдарда облыстың қаржы емес активтеріне қаржы салу серпініне қарағанда инвестициялық үрдістердің дамуында оңды серпін бар екенін байқауға болады.

2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 62,3 % артты, сонымен қатар, 2008 жылмен салыстырғанда 22,6 % төмендеді.

2009 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар көлемінің үлес салмағы: кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен – 82,9 млрд.теңге (62,1 %), республикалық қаражат есебінен – 21,5 млрд. теңге (16,1 %), қарыз қаражаты есебінен – 14,8 млрд. теңге (11,1%), жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 7,8 млрд. теңге (5,9%), шетел инвестициялары есебінен – 6,5 млрд. теңге (4,8 %) және тартылған қаражат инвестициялардың басым көздері болып табылады.

Өнеркәсіп инвестициялық салымдар үшін ең тартымды сала болып қала береді, оның инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 63,3 % құрайды.

Өңдеу өнеркәсібіне 58712,4 млн. теңге (44,0 %) инвестициялар салынды, тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 17283,1 млн. теңге (13,0 %), көлік және байланыс – 9819,3 млн. теңге (7,3%), құрылыс – 1759,9 млн. теңге (1,3 %), ауыл шаруашылығы – 2473,3 млн. теңге (1,8 %), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 7110,2 млн. теңге (5,3 %).

Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Премьер-Министрдің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө өкімімен инвестициялық жобалардың іске асыру барысын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүктей отырып, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Республикалық басқару орталығы құрылды. Аталған өкімге сәйкес облыстың үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік басқару орталығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен Индустрияландыру картасы бекітілді. Оған Шығыс Қазақстан облысынан жалпы құны 446,9 млрд. теңге 8 инвестициялық жоба енгізілді.

Облыстық әкімдіктің қаулысымен өңірлік Индустрияландыру картасы бекітілді, оған жалпы құны 34,9 млрд. теңге 14 инвестициялық жоба енді.

Жалпы Индустрияландыру картасына өзектілігін ескере отырып, жалпы сомасы 501,0 млрд. теңге 29 инвестициялық жоба енгізілді. 2010 жылы 5 инвестициялық жоба іске асты. Жыл соңына дейін 7 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Жобаларды табысты іске асыру мақсатында әрбір жобаға жауапты тұлғалар белгіленді. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен жоба бастамашылары – кәсіпорындармен отырыстар өткізіледі, онда жобаны іске асыру барысында пайда болатын проблемалар бойынша мәселелер қаралады, жұмысты орындау кестелері, объектілерді іске қосу мерзімдері нақтыланады. Үйлестіру кеңесінің отырыстарында бұдан әрі Индустрияландыру картасына енгізу үшін қосымша жобалар тізбесін қалыптастыру мақсатында жаңа инвестициялық жобалар қаралады.

Индустриялық аймақтар салу.

Облыстың экономикалық дамуын жеделдету және бизнес жүргізу үшін жағдай жасауға жәрдемдесу мақсатында индустриялық аймақтар салу жұмыстары жүргізілуде.

Өскемен қаласында «Өркен-ЖМК» бизнесті дамыту аймағы бойынша мынадай жұмыстар атқарылды: темір-бетон қоршау (60%), индустриялық аймақта құрылып жатқан өндірістік кәсіпорындарды электр қуатымен қамтамасы ету үшін қуаты 7 мВт орталық тарату пункті салынды.

Индустриялық аймақтардың инфрақұрылым объектілерін салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр, дәлірек айтқанда, ұзындығы 2500 м жылумен қамтамасыз ету трассасы, аспалы көше жарықтандыру жүйесімен бірге 10 кВт кернеулі электр тарату желілері, ұзындығы 2421 м суық сумен қамтамасыз ету желісі, ұзындығы 1454 м кәріз желісі, 3296 м нөсерлік кәріз желісі, 1099 м тегеурін кәріз желісі, ені 10 м және 6 м ішкі алаңдық автомобиль жолдары, олардың ұзындығы тиісінше 960 және 3181 м. Ұзындығы 850 м теміржол кіре беріс жолы, 7 мВт электрмен қамтамасыз ету жобалау кезеңінде.

«Өркен-ЖМК» индустриялық аймағының аумағында құны 74,5 млрд. теңге «Азия Авто»АҚ автозауыттың екінші кезегін орналастыру жоспарланып отыр.

Семей қаласында «Өндіріс» бизнесті дамыту аймағы бойынша әкімшілік ғимарат құрылысы аяқталды, инженерлік желілер төселді: электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және кәріз, жылумен қамтамасыз ету орындалды, өтетін жолдар мен алаңдарға асфальт төселді.

Индустриялық аймақ аумағында орналастыру үшін құрылыс жүргізуге жалпы құны 3,1 млрд. теңге мынадай инвестициялық жобалар мақұлданды: «Айжан» ЖШС – «Бірегей израиль технологиясы бойынша жер суландыру құрал-жабдықтары бар жылыжай кешенін салу», ЖК Қазанғапов – «Құрылыс материалдарын шығаратын шағын зауыт салу», «Сәуле» ЖШС – «Жылына қуаты 100 мың текше метр қабырға көбікті блоктар, витрофирден жасалған қаптауыш материалдар өндірісін ұйымдастыру», ЖК «Иманова» - «Жеміс-көкөніс өнімін өндіретін жылыжай салу», «Гамма-холдинг» ЖШС – «Жиһаз және күнперде өндіретін фабрика. Аудио және видео кассеталар өндіретін цех. Терезелерге арналған пластмассадан жасалған бұйымдар өндіретін цех» және «Жолдас Продукт» ЖШС – «Құс фабрикасын салу».

Инновациялық жүйе қалыптастыру.

Экономиканың дамуы, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру заманауи ғылым, технологиялар мен техниканы пайдалану деңгейіне айтарлықтай тәуелді. Шығыс Қазақстан облысы ғылыми әлеуетті деңгейі жоғары өңірлер тобына жатады.

Өнеркәсіптің тау-кен өндіру, өңдеу және басқа салаларында жүргізілген зерттеулер Шығыс Қазақстан облысындағы ғылыми қызметтің басым бағыттары болып табылады.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламасында ескерілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу жұмыстары үнемі жүзеге асырылады, өңдеу өнеркәсібінде өнімнің жаңа түрлері мен өзгермелері игеріледі.

Инновациялық өсім негізін мынадай ірі өнеркәсіп кәсіпорындары қамтамсыз етеді: «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Шығыс өңірі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Казгипроцветмет» ЖШС, «Түсті металдар Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен – металлургия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны және тағы басқалар.

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру шеңберінде Жоғары технологиялар аймағын құру тұжырымдамасы жобасы әзірленіп, мақұлданды. Аталған аймақ аумағында мыналар құрылады: Металлургия орталығы, оның басты мақсаттарының бірі – үздік тәжірибені ескере отырып, энергия сиымдылықты төмендету және концентраттардағы пайдалы құрамдас бөліктерді алуды арттыра отырып, өндіріс тиімділігін арттыру болып табылады; Конструкторлық бюро, оның мақсаты – тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін технологиялар мен құрал-жабдықтарды жетілдіру бойынша сынақ-конструкторлық жобалар әзірлеу.

Облыста индустрия мен ғылымның тығыз өзара іс-әрекеттестігі жүзеге асуда. Зерттеулер мен әзірлемелерді жасайтын ұйымдар саны бойынша облыс Астана және Алматы қалаларынан кейін 3 орында.

Инновациялық қызметтің негізгі бөлігі жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар мен материалдар енгізуге бағытталған. 2009 жылы облыс кәсіпорындарының инновациялары саласындағы белсенділік деңгейі 5,9 % құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштен жоғары болып табылады (4 %). Облыс кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейі бойынша республикада 3 орынды иеленуде. 2007 жылы көрсеткіш 5,6 % деңгейінде болды, 2008 жылы 4,3 % төмендеді. Сондай-ақ, инновациялық белсенді кәсіпорындар санының көрсеткіші: 2007 жылы – 55, 2008 жылы – 41, 2009 жылы – 47 бірлік. Сәйкесінше инновациялық өнім көлемінің серпіні қалыптасты: 2007 жылы – 26,0 млрд. теңге, 2008 жылы көлем күрт төмендеді – 5,1 млрд. теңге, және бұдан әрі оңды серпін пайда болды: 2009 жылы - 6,9 млрд. теңге.

Жалпы республикалық көлемде инновациялық өнім көлемінің үлес салмағы 2009 жылы 8,4 % құрады, бұл - республикада Павлодар, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласынан кейінгі 4 орын.

Облыс бойынша да, жалпы республика бойынша 2008 жылы көрсеткіштердің төмендеуін дағдарыс кезінде жалпы экономикалық дамудың төмендеуімен түсіндіруге болады.

2007 жылдан бастап зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындар артуда: 2007 жылы – 2,7; 2008 жылы – 4,3; 2009 жылы – 5,6 млрд. теңге және республикалық көрсеткіште 14,3 % құрайды, облыс аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласынан кейін 2 орынды иеленуде.

Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға шығындар бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда. 2009 жылы шығындар 15,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 97,3 % - үрдістік инновациялар, ҒЗТКЖ шығыстары 454,6 млн. теңгені құрады. Республика бойынша жалпы шығындар бойынша облыстың үлесі – 49 % астам, 2004 жылдың деңгейіне қарағанда облыстағы өнеркәсіпке технологиялық инновациялық шығындар 4,5 есе артты.

2009 жылы жалпы инновациялық технологияларға шығындар 18,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 88,3 % - өз қаражаты есебінен, 6,9 % - республикалық бюджеттен, 4,8 % - шетел инвестициялары. Жалпы шығындар көлемінің 1 % тау-кен өңдеу өнеркәсібі мен кеніштерді өңдеуге тиесілі, 77,7 % - өңдеу өнеркәсібі, 9,4 % - ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер.

Өңірдің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жұмыстары жалғасуда: Өскемен қаласындағы «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» ЖШС, Курчатов қаласындағы мамандандырылған ядролық технологиялар технопаркі. Жоғарыда аталған инновациялық қызмет субъектілері өндірістік қызметті, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастарды жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдаланудың тиімді үрдісін қамтамасыз етуге арналған.

Курчатов қаласында құрылатын «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ядролық және ілеспелі технологиялар саласында ғылымды қажет ететін жоғары технологиялық компаниялар «өсіру» үшін арналған алаң болады.

«Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» ЖШС қызметінің негізгі мақсаты – мынадай басым бағыттарда орнықты жоғары технологиялық компаниялар кластерін құру болып табылады:

ядролық және ілеспелі технологиялар;

радиациялық технологиялар;

баламалы және қалпына келтірілетін энергия көздері, энергия үнемдеу;

нанотехнологиялар мен жаңа материалдар.

«Ядролық технологиялар паркі» АҚ қатысуымен мынадай бірлескен кәсіпорындар құрылды: «Kaz-Kor NuTech Company» ЖШС - «SAMYONG UNITECH Co., Ltd» (Оңтүстік Корея) су оқшаулағыш жабын материал өндіретін бірлескен кәсіпорын; «Xsenon» ЖШС - «ДЭКОМ А2» (Ресей) ЖШҚ радиациялық тігілген фармацевтикалық препараттар және фтор қосылған газдалған емдік ас суын өндіретін бірлескен кәсіпорын; «Демпург-PNT» ЖШС - «Торговый дом «Демпург» (Украина) ЖШҚ теміржол көлігінің жылжымалы құрамына арналған автотоқтатқыш құрал-жабдық өндіретін бірлескен кәсіпорын; «Kazfoam» ЖШС - «ТехноПластПолимер» (Ресей) ЖШҚ - көбікті полиэтилен өндірісі.

2004 жылы құрылған «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» ЖШС өз қызметін экономиканың ең маңызды салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың бірқатар басым бағыттарын қамтитын, сондай-ақ, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған көп салалы инновациялық құрылым ретінде жүзеге асырады. Зертханаларында ақпараттық, ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар бойынша жаңа материалдар өндіру жұмыстары атқарылады.

Инновациялық инфрақұрылым кәсіпорындарының іс-шараларды бұдан әрі іске асыруы ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістер үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Жалпы облыстың инвестициялық портфеліне кірген жобалар бойынша дайындық деңгейі жоғары.

Даму институттарының ұсынылған жобаларға қызығушылық танытпау тенденциясы көрініп отыр, қатаң талаптар қойылады, оның нәтижесінде олардың көбі жобалардың құны төмен болуына немесе өтем кепілінің жоқ болуына, инновациялығы төмен болуына байланысты қарауға алынбайды. Жобалар біршама уақытта институттарда қаралады, бұдан кейін ұзақ уақыт кәсіпорындар қайта түзетуге алады.

Бұдан басқа, іске қосылатын объектілерді инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етумен байланысты бірқатар мәселелер бар: электрмен қамтамасыз ету, науа салу, теміржол жолдарын күрделі жөндеу.

Отандық зерттеулер мен әзірлемелердің көбі нақты нарық талаптары мен шарттарына нашар бағдарланған болып келеді және импорттық ғылыми сыйымды өнімдер мен қызметтермен бәсекеге шыдамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ.

Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің кішкентай бір бөлігі комерциялық қолданысын тауып отыр. Бірқатар қазақстандық әзірлеушілер мен компанияларда тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар атқару және өндірісті игеру кезеңдерінде арнайы қызметтердің жоқ болу проблемасы бар, бұл технологияларды енгізу үрдісін тежейді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Инвестициялық жобалардың уақытында іске асырылуына мынадай сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді:

сыртқы:

нашар қаржыландыру;




энергия ресурстарының жетіспеушілігі;




коммуналдық қызметтер тарифтерінің жоғары болуы;




отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмен болуы;

пайыздық ставкасы төмен ұзақ мерзімді кредиттерге қол жеткізе алмау.







ішкі:

жоба бастамашыларының тікелей функцияларын мемлекеттік органдарға «аудару» қолда бар тенденциясы;

инновациялық жоба өнімінің сұранысы мен ұсынысының сәйкес келмеуі, нашар топ-менеджмент.

3. Стратегиялық бағыт. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

3.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі параметрлері.

Бүгінгі күні өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікке орныққан экономикалық сала ретінде баға беруге болады.Шағын және орта бизнес халықты жұмыспен қамтудың маңызды үлесін, тауарлар мен қызметтердің кең бейінін қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің аса


маңызды бөлігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткішінің қарқынды серпіні бар, ол экономиканың аталған секторын дамытудың оңды тенденциясын растайды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 68879 бірлікті құрады. ШОБ субъектілеріндегі заңды тұлғалардың үлесі 5201 бірлікті (7,6 %), жеке кәсіпкерлер 47876 бірлікті (69,5 %) және шаруа (фермер) қожалықтары 15802 бірлікті (22,9 %) құрады.

2 кесте

2007-2009 жылдар аралығында

шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткішінің

өзгеру серпіні


Көрсеткіш атауы

Жылдар

2007

2008

2009

Белсенді субъектілер саны, бірлік

59287

68622

68879

Өнім өндірісі, млрд. теңге

142,9

161,9

176,5

Барлық жұмысқа тартылғандар саны, адам

179655

193269

217587


Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 87789 адам немесе 40,3 % шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейді, жеке кәсіпкерлікте 96837 адам (44,5 %), шаруа қожалықтарында 32961 адам (15,2%) жұмыспен қамтылған.

Қаралып отырған кезеңде белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 16,2 %, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 21,1 % артты.

2009 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім өндірісінің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесі 55,9 % (98,7 млрд. теңге), жеке кәсіпкерлер – 21, 5 % (38 млрд. теңге) және шаруа қожалықтары – 22,5 % (39,8 млрд. теңге).

2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің көлемі 26,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы кезеңнен 23,4 % жоғары, алайда, бұл 2008 жылғы деңгейдің 13 % болып табылады (10 суретті қараңыз).


2007-2009 жылдар аралығында

шағын және орта бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің өзгеру серпіні



Облыста екінші деңгейдегі банктердің 27 филиалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдары, 17 кредиттік серіктестік және 25 шағын кредиттік ұйым, соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қатысуымен 5 шағын кредиттік ұйым жұмыс істейді.

Облыс әкімдігі жанында құрылған сараптама кеңестері қызметінің шеңберінде өткен жылы 34 нормативтік құқықтық актіге сараптама жасалып, 34 оңды қорытынды берілді.

Шағын және орта бизнес қызметін жандандыру үшін 2009 жылы облыста кәсіпкерлікті дамыту жөнінде белгіленген жұмыс атқарылды, соның ішінде кәсіпкерліктің өзекті мәселелері бойынша 14 кеңес, семинарлар және кездесулер өтті.

Бұдан басқа, шағын және орта бизнес субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру үшін жыл сайын «Жылдың үздік кәсіпкері» облыстық конкурсы өткізіледі.

Әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі республикалық Жұмыс тобы отырысының 2010 жылғы 4 мамырдағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында облыста жергілікті деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөнінде жұмыс жүргізілді.

Әрбір облыстық және аумақтық мемлекеттік органда Рұқсат беру үрдістерін оңтайландыру жөніндегі Жұмыс топтары құрылды. Олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа бизнес құрылымдардың өкілдері кірді.

Өңірдегі рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі орган Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі облыстық Жұмыс тобын белгіледі. Бекітілген Жоспар-Кестеге сәйкес 2010 жылғы 22 маусым мен 16 шілде аралығында облыстық Жұмыс тобының шеңберінде «Экономикалық зерттеулер инситуты» АҚ эксперттерінің қатысуымен 13 облыстық және 9 аумақтық басқармалар мен департаменттердің, 19 қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, 255 ауылдық округтердің есебі тыңдалды. Жалпы түгендеу шеңберінде сомалағанда 1460 рұқсат беру үрдісі анықталып, қаралды.

Жоғарыда аталған мемлекеттік органдар рұқсат беру үрдістерінің 229 түрін жүзеге асырады, соның ішінде:

76 – қалалар, аудандар және ауылдық округтердің әкімдіктері;

54 – облыстық басқармалар;

99 - аумақтық департаменттер мен инспекциялар.

Облыс бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде үрдістердің 69 түрі бойынша рұқсат беру құжаттарын ұсыну мерзімдерін төмендету мүмкіндігі туралы шешімдер қабылданды, мысалы:

жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру мерзімі 30 күнтізбелік күннен 20 күнге, шағын бизнес субъектілеріне 10 күннен 5 күнге дейін;

республикалық автожолдармен ірі ауыр көлік кұралын жүргізуге келісім 10 күннен 3 күнге;

республикалық маңызы бар автожолдар бойында сервис, жарнама және инженерлік коммуникациялар объектілеріне паспорттар мен шарттар алуға 30 күннен 10 күнге дейін;

облыс аумағында шетел бұқаралық ақпарат құралдарының таратылуын есепке алу туралы анықтамалар беру мерзімі 10 күннен 5 күнге дейін және тағы басқалар азайтылды.

Мемлекеттік органдардың рұқсат беру үрдістерінің 56 түрін жою туралы ұсыныстары мақұлданды:

алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі туралы қорытынды;

арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынуға лицензиялар және шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты орталық атқарушы органдармен келісу;

түсті көбейту-көшірме техникасын сырттан әкелуге (сыртқа шығаруға), сақтауға (пайдалануға) рұқсат;

құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат және т.б.

қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтіндер ретінде жойылғандар:

жылжымалы сауда жасауға келісім;

мәдениет бөлімдерінде жарнамалық паспорттардың дәлме-дәлдігін келісу.

Жалпы рұқсат беру үрдістерінің 138 түрін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Түгендеу жүргізу және рұқсат беру үрдістерін (құжаттарды) қайта қарау жөнінде ұсынылған Әдістемеге сәйкес рұқсат беру құжаттарын алған кезде ең төменгі шығын есептелді.

Облыс бойынша кәсіпкерлердің жалпы қаржылық шығыны 21,4 млрд. теңгені құрады, болжанып отырған қысқартудан кейін шығындар 13,9 млрд. теңгені құрайтын болады.

Ұсынылып отырған шаралар нәтижесінде рұқсат беру құжаттарын алу кезінде облыс кәсіпкерлерінің әкімшілік шығындары 35 % қысқарады.

Облыста әкімшілік кедергілерді жою, соның ішінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс бұдан әрі облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жұмыс істейтін тиісті Жұмыс топтары шеңберінде жалғасатын болады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде облыс бойынша 1,2 млрд. теңге сомада қаражат ескерілген.

2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінен кредиттердің жалпы сомасы 20,9 млрд. теңге 51 өтінім келіп күсті.

Қазіргі уақытта бірінші бағыт шеңберінде облыстың өңірлік Үйлестіру кеңесі 76,9 млн. теңге сомада 1 жобаны субсидиялауға мақұлдады, ол келісуге Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданды.

Жақын арада өңірлік Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қосымша 3 жоба қаралатын болады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобының қарауына Шығыс Қазақстан облысынан 7 өтінім беріліп, субсидиялауға сомасы 5,2 млрд. теңге 3 жоба мақұлданды.

Жақын арада жоғарыда аталған жобалар бойынша өтініш беруші, банк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында субсидиялау туралы шарттарға қол қойылатын болады.

Үшінші бағыт шеңберінде сомасы 11,0 млрд. теңге 6 өтінім қаралып, облыстың Өңірлік Үйлестіру Кеңесі барлығын мақұлдап, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді.

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету шеңберінде өңірлік Үйлестіру кеңесі отырысында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қызмет көрсету жөніндегі Тізбе бекітіліп, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді. Қаржылық және заңгерлік консультациялар, консалтингтік, маркетингтік және басқа да қызметтер көрсету жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта операторды белгілеу бойынша конкурс жарияланды.

Негізгі проблемаларды талдау.

Оңды даму серпініне қарамастан шағын кәсіпкерлік саласында мынадай проблемалық мәселелер бар:

салық салу кезінде оның даму деңгейіне, қызмет түрі мен қалыптасу уақытына байланысты сараланған тәсіл жоқ;

кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігі жоқ, яғни, жаңа іс бастағысы келетін азаматтар бизнес ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылады;

бизнес қызметін жоспарлы және жоспарсыз өте көп тексерулер;

екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша сыйақы ставкалары салыстырмалы түрде өте жоғары және оларды қайтару механизмі жетілдірілмеген.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін көрсеткіштер деңгейіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді:

Сыртқы факторлар:

Серпінді дамып келе жатқан шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-кредиттік қолдау, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілердің болуы (бизнес орталықтар, консалтингтік фирмалар, қоғамдық бірлестіктер), жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сараптама жүргізетін сараптама кеңестерінің қызметі, шикізат көздеріне және басқа табиғи ресурстарға жақын болуы.

Ішкі факторлар:

Жеке айналым қаражаты жетпейді, жаңа кәсіпорындар құру кезінде бастапқы капитал қалыптастыру проблемасы, сондай-ақ, қаржылық-кредиттік ресурстарға толық көлемде қол жеткізе алмау, ол мынадай факторларға байланысты: кепіл көлемі сұралып отырған соманы қамтамасыз етуге жетпейді немесе ол мүлдем жоқ, банк эксперттері кепіл мүлкінің бағалық құнын төмендетеді, ссудалық пайыз жоғары.

Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығы нашар, білікті кадрлар жетіспейді.

4. Стратегиялық бағыт. Сауданы дамыту.

4.1. Сауданы дамытудың негізгі параметрлері.

Ішкі сауда халық өмірін қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі болып табылады. Нарықтық қатынастар кезеңінде экономиканың бұл саласы ірі өзгерістерді бастан кешірді.

Капиталдың жоғары айналымына байланысты саудада жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасты, бұл тұтыну нарығының жедел дамуына әкеп соқты.

Өңірде 9520 сауда объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 128 сауда үйі, 4359 азық-түлік сауда кәсіпорны, 1199 азық-түлік емес сауда кәсіпорны, 456 мамандандырылған сауда кәсіпорны, 3284 аралас түржинағы бар кәсіпорын, 94 сауда базары, оның ішінде 5 муниципалды базар. Өткен жылмен салыстырғанда 2009 жылы облыста сауда кәсіпорындарының саны 2 % артты.

Облыста 2091 қоғамдық тамақтану кәсіпорны және 1283 тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпорын жұмыс істейді, олар 2009 жылы сомасы 8669,7 млн. теңгеге немесе 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 103,1 % қызмет көрсетті. Жалпы көрсетілген қызметтер көлемінің ең көп үлесін қоғамдық тамақтану кәсіпорындары көрсететін қызметтер құрайды (84,4 %).

2009 жылы облыс бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 229,1 млрд. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 0,9 % артты. Бұған қоса, барлық тауар айналымының 98 % жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарға тиесілі.

2009 жылы сауда базарлары мен жеке кәсіпкерлер арқылы сатылған тауар айналымының үлесі артқаны байқалып отыр, ол жалпы айналымның 79,9 % құрайды.

2009 жылы облыс бойынша көтерме тауар айналымының көлемі 362,5 млрд. теңгені құрады және 2008 жылғы деңгейге қарағанда салыстырмалы бағамен 12,2 % артты, қоғамдық тамақтану айналымы – 7,3 млрд. теңге, 7,4 % төмендеді.


2007-2009 жылдар аралығында

бөлшек және көтерме тауар айналымының өзгеру серпіні

2009 жылы инфляциялық үрдістер біршама баяулап, қысқарған тұтыну сұранысы мен іскерлік белсенділіктің жаһандық баяулау жағдайында жалпы дүниелік тенденциямен үйлесімді болды. 2009 жылғы ақпанда бір мезетте болған теңге девальвациясынан кейін алғашқы үш айда импортталатын тауар бағаларының азғана өскені байқалды, кейіннен баға тұрақталды. Нәтижесінде жылдық инфляция деңгейі 2009 жылғы қаңтарда 0,4 %-дан наурызда 2 %-ға дейін өсті.

2009 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі (2008 жылғы желтоқсанға қарағанда 2009 жылғы желтоқсан) талданып отырған кезеңнің ең төменгі деңгейінде қалыптасып, 5,7 % құрады.

Негізгі проблемаларды талдау.

Өңірде сауданы дамыту бағыттарының нақты пайымдауы жоқ, ал ішкі сауда заңсыз даму үстінде. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелі қайта құруға, заңнамалық базаны жетілдіруге, ілгері дамыту механизмдерін әзірлеуге мұқтаж екені айқын.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды белгілеуге болады:

сауда қызметін реттеу саласындағы нашар заңнамалық қамтамасыз ету;

сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы;

ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда қызметін дамыту саласындағы негізгі міндеттері болып табылады:

мемлекеттік басқару органдарымен ішкі азық-түлік нарығын толтыру, инфляциялық үдерістерді төмендету жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

ішкі сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту, халыққа қызмет көрсетудің заманауи үлгілерін енгізу;

шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осының негізінде сыртқы экономикалық қызметті одан әрі дамыту;

шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, шаруашылық жүргізетін субъектілердің халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы;

сауда қызметін мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

облыстың қалалары мен аудандары қимасында негізгі тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағалары серпініне үнемі мониторинг жүргізу және олар негізсіз өскен кезде жедел шаралар қабылдау.


5. Стратегиялық бағыт. Қазақстандық қамтуды дамыту.

5.1 Қазақстандық қамтуды дамытудың негізгі параметрлері.

Экономиканың түрлі салаларындағы қазақстандық қамту бойынша жағдай әртүрлі болып отыр. 2009 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың (кәсіпорындар Үкімет белгілеген Тізбеге сәйкес – «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ) тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу көлемі мынадай:

жалпы тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу көлемі 93,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық қамту – 58,6 млрд. теңге немесе 60,3 %.

60,1 млрд. теңгеге тауар сатып алынды, соның ішінде 22,8 млрд. теңге қазақстандық тауарлар, қазақстандық тауарлар үлесі 38 % құрап отыр;

37,3 млрд. теңгеге қызметтер мен жұмыстар сатып алынды, оның ішінде қазақстандық жеткізушілерден 35,8 млрд. теңгеге, қазақстандық жұмыстар мен қызметтер үлесі 96,1 % құрады.

2010 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу көлемі мынадай:

жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу көлемі 102,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық қамту – 60,6 млрд. теңге немесе 59 %;

64,2 млрд. теңгеге тауар сатып алынды, соның ішінде қазақстандық тауарлар 23,4 млрд. теңге, қазақстандық тауарлар үлесі 36,4 % құрады;

38,5 млрд. теңгеге қызметтер мен жұмыстар сатып алынды, оның ішінде қазақстандық жеткізушілерден 37,2 млрд. теңге сомаға, қазақстандық жұмыстар мен қызметтер үлесі 96,6 % құрады.

Негізгі проблемаларды талдау.

Өңір өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындарының сатып алуындағы қазақстандық қамту деңгейінің жоғары болмауы республика экономикасының қосалқы салаларының даму деңгейінің төмен болуымен, шикізат сатып алу қажеттілігі, өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның төмен технологиялық деңгейімен, тозған, ескі құрал-жабдықтармен, отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмен болуымен, айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзақ мерзімді кредиттер ала алмауымен тығыз байланысты болып келеді.

Бұдан басқа, өнеркәсіп кәсіпорындарының маркетингтік қызметтері деңгейінің нашар болуы тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуіне әсер етеді. Осы проблеманы шешу үшін облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім өндірісі және жеткізу балансы, СТ-КZ сертификаты бар облыстың тауар өндірушілері тізілімі жасалып, таратылды. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімді одан әрі ілгері жылжыту, осы кәсіпорындар сатып алатын импорттық тауарларды алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындармен және республиканың басқа өңірлерімен меморандумдар жасалды және өңірдің бес жүйе құраушы кәсіпорнымен Бас Келісімге қол қойылды.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторлар: импорттық өнеркәсіп өнімінің жоғары бәсекелестігі.

Ішкі факторлар:кәсіпорындарда маркетингтік зерттеулер саласында жүргізілетін шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болуы, жаңа технологиялар мен өнімділігі жоғары өндірістік желілердің жеткіліксіз енгізілуі, біліктілігі төмен мамандар.


6 стратегиялық бағыт. Техникалық реттеу.

6.1. Техникалық реттеуді дамытудың негізгі параметрлері.

2010 жылы өңірдің 230 кәсіпорны менеджмент жүйесін енгізді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 30,0 % көбірек.

Оның ішінде салалар бойынша: құрылыс – 61, тау-кен – 3, машина жасау – 15, ағаш өңдеу – 4, металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдары өндірісі – 5, химия өнеркәсібі – 2, жеңіл өнеркәсіп – 4, тамақ өнімі өндірісі, соның ішінде сусындар мен шылым – 16, электр құрал-жабдықтары өндірісі – 4, электр энергиясы, газ және су тарату – 8, басқа салалар – 91.

Қызмсет көрсететін кәсіпорындар бойынша: теміржол саласы – 2, денсаулық сақтау – 2, білім беру – 10, ауыл шаруашылығы – 3.

Облыстың экспортқа бағдарланған 21 кәсіпорнында менеджмент жүйесі енгізілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар санынан 10 % көп.

Облыста отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға ауысуға дайын болуын анықтау, менеджмент жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.

«Қазмырыш» ЖШС, «Ө ТМК» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ сияқты кәсіпорындарда біріккен менеджмент жүйесі енгізілген, білімді, білікті мамандар, аккредиттелген сынақ орталықтары мен аттестатталған зертханалары бар.

Техникалық регламенттер мен стандарттарды бейімдеу және енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырыстары өткізіледі.

Кәсіпорындарда менеджмент жүйесінің енгізілуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Жыл сайын стандарттау бойынша жоспарлар әзірленеді. Ағымдағы жылы кәсіпорындардың нормативтік құжаттар бойынша өтінімдері қаралды (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға қажеттілік: «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС, «Востокмашзавод» АҚ, «ЛИК ЗПКИ» ЖШС, «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықаралық стандарттармен үйлескен мемлекеттік стандарттарға, соның ішінде құрылыс өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, энергетика өнеркәсібі және т.б. менеджмент жүйесі стандарттарына сұраныс 30 % артты.

Негізгі проблемаларды талдау.

Техникалық реттеу саласының оңды даму серпініне қарамастан, мынадай проблемалық мәселелер бар:

- халықаралық талаптарға стандарттау саласында нормативтік құжаттарды үйлестіру деңгейі жеткіліксіз;

- кәсіпкерліктің халықаралық менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге қызығушылығы төмен (статистика мәліметтері бойынша бүгінгі күні облыста 18419 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 230 кәсіпорын ИСО-9000, 14000, 18000, 22000, SA 8000 стандарттарын енгізіп, сертификаттады);

- өлшем құралдарының метрологиялық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Техникалық реттеуді дамытуға мынадай сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді:

Сыртқы факторлар:

Халықаралық ұйымдардың аккредиттеу, сынақ және өлшеу нәтижелерін қабылдамауы.

Ішкі факторлар:

- консалтингтік ұйымдардың менеджмент жүйелерін енгізу бойынша қызметтерінің құны жоғары;

- мемлекеттік стандарттарды нашар пайдалану;

- ұйымдардың «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға қызығушылығы төмен.

  1   2   3   4   5



Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аясының) даму үрдістері
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2010-2014 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы