Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon

Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе



НазваниеЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Дата конвертации07.11.2012
Размер86.35 Kb.
ТипДокументы
источник




Шығыс Қазақстан

облысы әкімдігінің

2008 жылғы «08» 04_

№ _527__ қаулысына

3 қосымша


«Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе

бiрлескен барлау мен ґндiруге келiсiм-шарттарды тіркеу»

мемлекеттік қызметін көрсету

стандарты


  1. Жалпы ережелер


1. Осы стандарт жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе бiрлескен барлау мен ґндiруге келiсiм-шарттарды тіркеу (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 306- кабинет мекенжайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер ќойнауын пайдалану бойынша операцияны жїргізуге келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификатын беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет қазақстандық және шетелдік жеке және заѕды тўлєаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімдері:

1) жер ќойнауын пайдалану бойынша операцияны жїргізуге келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты жер ќойнауын пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде беріледі;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 20 минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 20 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарты Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайы бойынша Департамент стендінде, сондай-ақ www.akimvko.gov.kz сайтында орналастырылған.

10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз ұсынылады.

11. Мемлекеттік қызмет Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40, 306-кабинет мекенжайы бойынша облыс әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі, онда ақпараттық стенд орналасқан, ғимаратта креслоларымен күту залы бар, лифт жұмыс істейді.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


12. Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсыну қажет:

1) мемлекеттік қызмет алу үшін арызды;

2) Шығыс Қазақстан облысының әділет департаменті беретін келісім-шарт жобасына құқықтық сараптама қорытындысын (Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 тел. 22-11-68, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

3) Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы беретін келісім-шарт жобасына экологиялық сараптама қорытындысын (Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12, тел. 27-36-82, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

4) Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті беретін келісім-шарт жобасына салықтық сараптама қорытындысын (Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 27 тел. 24-02-3, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

5) Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті беретін келісім-шарт жобасына экономикалық сараптама қорытындысын (Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 тел. 26-37-62, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

6) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті беретін келісім-шарт жобасына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын (Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 17 тел. 27-38-13, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

7) Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы беретін келісім-шарттың жобасын, жұмыс бағдарламасын және тау-кендік бөлу жобасын келісуді (Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35 тел. 26-65-48, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

8) Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайларға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке бақылау жасау жөніндегі басқармасы беретін өнеркәсіптік қауіпсіздік органының қорытындысын (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 63 тел. 26-13-73, жұмыс кестесі сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін);

9) Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шартты; жұмыс бағдарламасын;

10) конкурстық комиссияның Конкурс жеңімпазы туралы хаттамасын.

13.Арыз ерікті нысанда жазылады.

14. Құжаттарды қабылдауды Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40, 306-кабинет мекенжайы бойынша Департаменттің түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы жүзеге асырады.

15. Жер қойнауын пайдаланушының арызы мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу журналына тіркеледі, онда арыздың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні қойылған талон беріледі.

16. Сертификат журналда тіркеледі және Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40, 306-кабинет мекенжайы бойынша Департаменттің түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімінде тіркеу талонын көрсеткен кезде жер пайдаланушының өкіліне жеке беріледі.

17. Осы стандарттың 12-тармағында тізбеленген құжаттар болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылу мүмкін.


^ 3. Жұмыс қағидаттары


18. Департаменттің қызметі:

1) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін сақтау;

2) сыпайылық;

3) жан-жақты және толық ақпарат беру;

4) ақпараттың қорғалуы және құпиялығы;

5) тұтынушының белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді:


^ 4. Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


^ 5. Шағымдану тәртібі


21. Мемлекеттік қызмет ұсыну сапасы бойынша наразылықтар жағдайында шағым Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бастығының атына беріледі. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты және шағым дайындауда жәрдем көрсетуді 315-кабинеттен алуға болады, телефон: 8 (7232) 26-38-71.

22. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не болмаса қолға «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» мемлекеттік мекемесінің атына жіберіледі, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 315-кабинет.

Электрондық пошта мекенжайы: deppromvko@ukg.kz.

23. Қабылданған шағым Департаменттің қабылдау бөлмесінде заңды, жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеледі, шағымның қаралу барысы туралы 8 (7232) 26-38-71 телефоны арқылы білуге болады.


^ 6. Байланыс ақпараты


24. Байланыс деректері:

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің мекенжайы мен байланыс телефоны: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, тел. 8 (7232) 26-38-71.

Жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Электрондық пошта мекенжайы: deppromvko@ukg.kz.

Департамент бастығының жеке мәселелер бойынша қабылдауы демалыс және мереке күндерінен басқа, сәрсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.


Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпкерлік және өнеркәсіп

департаментінің директоры Қ. Таукен


«Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе бiрлескен барлау мен ґндiруге келiсiм-шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандартына

қосымша


^ Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәндері


Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мәні

Көрсеткіш-тің келесі жылғы нысаналы мәні


Көрсеткіш-тің есепті жылғы ағымдағы

мәні


1. Уақыттылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну жағдайларының % (үлесі)


95 %

93 %

90 %

1.2. қызмет алуды кезекте 20 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)


95 %

90 %

88 %

2. Сапасы

2.1. қызмет ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


95 %

90 %

85 %

2.2. лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеген (тіркеу) жағдайларының % (үлесі)


97 %

95 %

90 %

3. Қол жетімділігі

3.1. қызмет ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


95 %

90 %

85 %

3.2. тұтынушының құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайларының % (үлесі)


90 %

85 %

80 %

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)


50 %

40 %

30 %

^ 4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)



0,1 %

0,15 %

0,2 %

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)


85 %

80 %

75 %



4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)





95 %



90 %



85 %

4.4. шағымдану мерзімдеріне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)


95 %

90 %

85 %

5. Сыпайылық

5.1. персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95 %

90 %

85 %



Похожие:

Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге және бiрлескен барлау мен ґндiруге кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Осы стандарт жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге және бiрлескен барлау мен ґндiруге кепіл шартын тіркеу (бұдан әрі...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге және
Заѕєа сјйкес жер ќойнауын пайдалану жґнiндегі операцияларды жїргізу ќўќыєын иеленушi жеке немесе заѕды тўлєа
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сјйкес (бұдан әрі – Заң) жер ќойнауын пайдаланушыєа...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу»...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу»
Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Осы «Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу» регламентiнде...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Аңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлауға, өндiруге, барлау мен өндiруді қоса атқаруға арналған немесе барлауға және (немесе)...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi
Осы «Кен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу»
Рды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет) Батыс Қазақстан облысының...
Жалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе icon«Барлауға, өндiруге және бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлдiгi шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Барлауға, өндiруге және бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлдiгi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы