Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы icon

Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы



НазваниеПостановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Дата конвертации20.01.2013
Размер96.33 Kb.
ТипПостановление
источник




№ исх: 679 от: 25.05.2012

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ




ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ


КАЗАХСТАН


2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от « » 2012 года

679 №


данасы экз. №


Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін

субсидиялау қағидаларын бекіту туралы


«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

  2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов






Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « 25 » мамыр
№ 679 қаулысымен

бекітілген


^ Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін

басқару жүйелерін субсидиялау

қағидалары


1. Жалпы ережелер


  1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау тәртібін белгілейді.

  2. Субсидиялау 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) бойынша 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.

  3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

  2. бағдарламаға қатысушы – бағдарламаны іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;

  3. ИСО (ағыл. ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған стандарт;

  4. сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

  5. тартылған консультант – халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

  6. халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

  7. ХАССП (ағылш. HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.



^ 2. Субсидияларды ұсыну шарттары


4. Субсидиялар ИСО 9001, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандарттарды енгізгені және олардың сәйкестігіне сертификаттағаны үшін Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын бағдарламаға қатысушыларға төленеді.

5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан бағдарламаға қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.

Егер бағдарламаға барлық қатысушылардың субсидиялауға жататын шығындарының сомасы бөлінген қаражат сомасынан асып түскен жағдайда, онда қаражат бағдарламаға қатысушылардың барлығының шығындарының жалпы сомасындағы бағдарламаға қатысушы шығынының үлесіне пропорционалды бөлінеді.

6. Субсидияларды төлеу тиісті жылы енгізген халықаралық стандарттар үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте енгізу мен сертификаттау тиісті жылдың 30 қарашасына дейін аяқталуы тиіс.

7. Субсидиялар алу үшін бағдарламаға қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:

    1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі бағдарламаға қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінім;

2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің нотариалды расталған көшірмелері немесе жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері;

3) бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірінің нотариалды расталған көшірмесі немесе жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері;

4) бағдарламаға қатысушы мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың көшірмелері не оның нотариалды расталған көшірмелері;

5) бағдарламаға қатысушы мен тартылған консультант арасында жасалған шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері не оның нотариалды расталған көшірмелері;

6) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен бағдарламаға қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілерінің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмелерін, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері;

7) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен бағдарламаға қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілерінің) түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері;

8) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне бағдарламаға қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың бағдарламаға қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелері, не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;

9) сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері.

8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды бағдарламаға әлеуетті қатысушы бағдарлама әкімшісіне, тиісті жылдың
1 желтоқсаннына дейін ұсынады. Бұл ретте, бағдарлмаға әлеуетті қатысушы жетпеген құжаттарды көрсетілген мерзім өткенге дейін ұсынуға құқылы.


^ 3. Құжаттарды қарау, бағдарламаға қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссияны құру


9. Құжаттарды қарау, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бағдарламаға қатысушыларды анықтау және субсидияларды бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы болады.

10. Комиссия құрамы бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия төрағасы атқаратын лауазым бағдарлама әкімшісінің департамент директоры деңгейінен, ал Комиссия мүшелерінің лауазымдары бас сарапшы деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.


^ 4. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйесін субсидиялау тәртібі


11. Бағдарлама әкімшісі осы Қағидалар бекітілген күннен бастап он күн ішінде бағдарламаның іске асырылу шарттарын бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға барлық қол жетімді тәсілдермен жеткізеді: ақпаратты бағдарлама әкімшісінің интернет-сайтында орналастырады, ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ консалтингілік компанияларға жібереді.

12. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде бағдарламаға қатысушылардың өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі – Комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия қабылдаған шешімдер Комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың атауы, орналасқан жері, субсидиялар көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға сай келмейтін бағдарлама қатысушылардың атауы көрсетіледі.

13. Осы Қағидалардың талаптарына толығымен сәйкес келетін бағдарламаға әлеуетті қатысушылар Комиссияның шешімімен бағдарламаға қатысушылар болып белгіленеді.

14. Белгіленген талаптарға сай келмейтін болып танылған бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға өтінімдерінің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, Комиссия отырысының хаттамасы жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәйекті жауап ұсынылады.

15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеу ведомосін қалыптастырады.

16. Бағдарламаға қатысушыларға субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне екі данада төлеуге арналған шоттардың тізілімін және төлеуге арналған шотты ұсынады.


__________________________


Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларына

1-қосымша


^ Халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу және

оның (олардың) сәйкестігіне сертификаттау жөніндегі бағдарламаға

қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған

ӨТІНІМ


Күні 2012 ж. ____ __________


Осымен бағдарламаға қатысушы _______________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) № ________ шотына республикалық бюджеттен ____________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.


_____________________ м.о. _________________________________

(кәсіпорынның атауы) (бірінші басшының қолы мен Т.А.Ә.)


Өтінімге жауапты _________________

(өтінім жасауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)

Телефон: ________________

_____________________________

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларына

2-қосымша


«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

жауапты хатшысы ______________________________

2012 жылғы «___» _________ №____


^ 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомость


Р/с№

Тапсырыс берушінің атауы

Субсидиялауға арналған шарттың № және күні

^ Барлық сомаға қызметтер көрсетілді (теңге)

Оның ішінде

Төлеуге тиіс

(теңге)

консультациялық

сертификаттық























Төлеуге тиіс сома _______________________________________________________________________теңге

(цифрмен, жазбаша)


Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы

департаментінің директоры _________________________________



Похожие:

Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 2 01 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от «25» мая 2012 года №679 № № данасы экз. № Об утверждении Правил субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции
В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 – 2014 годы» Правительство...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2 013 жылғы 29 наурыз Астана, Үкімет Үйі от 2013 года №304 № № данасы экз. № Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-4-бабына сәйкес және асыл тұқымды...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы»
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы 29 наурыз Астана, Үкімет Үйі от 2013 года №304 № № данасы экз. № Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу...
Постановление Правительства республики казахстан 2012 жылғы 25 мамыр Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №679 № № данасы экз. № Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 2 01 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. № Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-4-бабына сәйкес және асыл тұқымды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы