«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/6
Дата конвертации20.10.2012
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6




Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «______» ______________

№________ қаулысына

қосымша


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсандағы

№ 710 қаулысымен бекітілді


«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1. Миссиясы және пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аясының) даму үрдістері

3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелер көрсеткіштері

4. Құрылыс басқармасының функционалдық мүмкіндіктерін дамыту

5. Ведомствоаралық өзара әрекеттесу


6. Қауіптерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар


1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы

Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) миссиясы – тұрмыстық-коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді уақытылы қайта жаңарту және салу.

Пайымдауы - жоғары сапалы жалға берілетін, коммуналдық және кредиттік тұрғын үйлер құрылысы, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын дамыту арқасында қалыптасқан өңірдегі толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығы.


^ 2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аясының) даму үрдістері


1-стратегиялық бағыт.

Тұрғын үй құрылысын дамыту

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, тұрғын үйге қажеттілік адамның негізгі өмірлік қажеттілігінің бірі және бүкіл қоғамның проблемасы болып қалмақ, ал тұрғын үй құрылысын дамыту қоғам дамуының басымды міндеттері болып қала бермек.

2008-2010 жылдары өңірде Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы іске асырылды (бұдан әрі – Бағдарлама).

Бағдарламаның мақсаты тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын кешенді шешу, халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылды.

Бағдарламаның міндеттері ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын құру болады;

тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке серіктестікті ынталандыру:

жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

тұрғын үй құрылысы аумақтарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

ипотекалық кредиттеу, тұрғын үй құрылыс жинақтары мен ипотекалық кредиттердін кепілдендіру (сақтандыру) жүйелерін жетілдіру.

Бағдарламаның оңды нәтижелеріне тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуін ынталандыру, инвестициялар үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдайлар жасау, кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жалғастыру, 3426 жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады:

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2008 жылы жалпы ауданы 230,117 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңіне 118,6 % құрайды, соның ішінде: 4,119 мың шаршы метр – жалға берілетін тұрғын үй және 27,506 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй;

2009 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 207,652 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2008 жыл деңгейінің 91,8 % құрайды, соның ішінде: 18,683 мың шаршы метр – жалға берілетін тұрғын үй және 34,368 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй;

2010 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 222,411 мың шаршы метр немесе 2009 жылмен салыстырғанда 106,6% тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде 4,92 мың шаршы метр –жалға берілетін тұрғын үй және 28,796 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй.

2011 жылы Тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік жаңа бағдарламасы бекітілді. Оның шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй және инженерлік-коммуникация инфрақұрылымын салу жоспарлануда.

2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 240,6 мың шаршы метр немесе 2010 жылмен салыстырғанда 108,1% тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде 8,1 мың шаршы метр –жалға берілетін тұрғын үй және 6,8 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау.

Облыста жеке тұрғын үй құрылысының (ЖТҚ) бәсеңдеуі байқалады:

2008 жылы 124,485 мың шаршы метр немесе 2007 жылғы деңгейге 95,4 % салынды, 2009 жылы – 117,116 мың шаршы метр немесе 2008 жылғы деңгейге 94,4 % салынды, 2010 жылы - 88,914 мың шаршы метр салынды, бұл 2009 жылдың 75,9% құрайды.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін коммуникациямен қамтамасыз етілген жер телімдерін бөлу қажет болады.

Әлемдік дағдарыс коммерциялық тұрғын үй құрылысына өз әсерін тигізді.

2008 жылы - 67,192 мың шаршы метр, 2009 жылы – 29,58 мың шаршы метр, 2010 жылы – 19,954 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Жеке инвесторлар құрылысының үлесі 2008 жылы 29,2 %, 2009 жылы – 14,2%, 2010 жылы - 9% құрады.

Яғни, соңғы жылдары бұрын басталған үйлерді аяқтау жұмыстары ғана жүргізілуде, жаңа құрылыстар басталған жоқ.

Тек экономикалық ахуал жақсарған жағдайда ғана коммерциялық құрылымдар құрылысты дамытуы мүмкін.

Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үй бірінші кезекте азаматтардың басым санаттарына берілді және тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы 4% аспайтын жылдық пайыздық мөлшерлемемен сатылды.

Кредиттік тұрғын үйге деген қажеттілік тек Өскемен және Семей қалаларында ғана сақталып отыр.

Бүгінгі таңда азаматтардың басым санаттарына жатпайтын халықтың қалың жігі үшін қолжетімді шарттармен тұрғын үй салу және сату қажеттілігі туындап отыр.

Ең қолайлы механизмнің бірі тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі болып табылады.

Тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы салынатын тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің құны мен халыққа сату құны Өскемен қаласында – 112,5 мың теңгеге дейін, Семей қаласында 90 мың теңгеге дейін құрайды.

2011-2013 жылдары тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 5726 млн.теңге сомасында кредит бөлінетін болады.

Үш жыл ішінде 50,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінентін 586 млн. теңге көлеміндегі қаражат 7,2 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, бұл бар жоғы көппәтерлі 2 үй ғана.

Үш жыл ішінде республикалық бюджеттен 1758 млн. теңге көлемінде трансферттер бөлінетін болады, бұл 21,8 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 70000 теңге және сейсмикалық аудандарда – 77000 теңге. Құрылыстың іс жүзіндегі құны өңірде 90-130 мың теңгені құрайтындықтан, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы облыстық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды талап етеді.

2011 жылы жалға берілетін екі тұрғын үйді аяқтауға облыстық бюджет қаражатынан 373,1 млн. теңге бөлінді.

Бөлінетін қаражат жеткіліксіз болғандықтан, жалға берілетін тұрғын үйлерді негізінен Өскемен және Семей қалаларында салу жоспарланып отыр, бұл қалаларда кезекте тұрушылар саны көп.

"Нұрлы-Көш" бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы республикалық бюджеттен 3198,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде: 1770,5 млн. теңге сома тұрғын үй құрылысына берілетін кредиттер және 1428,0 теңге сома инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген трансферттер. Өскемен қаласындағы 28-тұрғын ауданда (Ново-Явленка кенті) үй іргесіндегі телімі бар 363 жеке тұрғын үй салынды.

2011 жылы жеке тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 487,4 млн. теңге және инженерлік инфрақұрылымға – 1 266,309 млн.теңге бөлінді.

Жалпы ауданы 7280 шаршы метрді құрайтын 100 үй және 34,8 шақырымды құрайтын инженерлік инфрақұрылым салынды.

2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1-ші кезеңі (пилоттық) іске асырыла бастады.

Бағдарламаның мақсаты халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамти отырып, халықтың табысын арттыру болып табылады.

Міндеті - өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған халықты өнімді жұмысқа тарту.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердегі азаматтардың экономикалық дамыған орталықтарға көшулері жоспарланып отыр. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға ауыл жастары басымды құқықа ие болады.

Бағдарламаға қатысушыларды қолдау шараларының бірі – жалға берілетін типтік үйлерді кейіннен сатып алу құқығымен де, ондай құқықсыз да жалға беру.

Жергілікті атқарушы органдар жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асырады, сондай-ақ, дайын тұрғын үйді сатып алу есебінен Бағдараламаға қатысушыларды жалға берілетін тұрғын үймен қамтуы мүмкін.

2011 жылы біздің облыстың Бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджет қаражатынан 1992,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

- тұрғын үйлер құрылысына 868,8 млн. теңге бөлініп, Өскемен қаласында 55 пәтерлі шағын отбасылық жатақхананың және 150 жеке тұрғын үйлердің, Семей қаласында 50 жеке тұрғын үйлердің және Зырян қаласында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыстары басталды. Барлық объектілер ағымдағы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда;

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарға – 1 003,7 млн. теңге;

- ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін инженерлік инфрақұрылымға – 120,0 млн. теңге.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін оң факторлармен қатар, егер оларды болдырмау немесе бейтараптандыру шараларын қолданбаған жағдайда, жобаның орындалуын тежеуші қабілеті бар бірқатар факторлар да орын алады.ю

Мұндай факторларға мыналарды жатқызуға болады:

1. Жобалау сапасының төмендігі;

2. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы құны факторы. Тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің құны 90-нан 110 мың теңгеге дейін құрайды. Тұрғын үй құны бойынша шектеулер 70000 теңге және сейсмикалық аудандарда 77000 теңге деңгейінде сақталып отыр.

Жалға берілетін тұрғын үйді республикалық бюджет есебінен салу тек мемлекеттік-жеке серіктестік жағдайында ғана мүмкін, құрылыс құнының 40% дейін жеке меншік салымдары құрайды. Инвесторлар болмаған жағдайда, облыстық немесе қалалық бюджеттердің салымдары қажет.

3. Пәтерлерді сату факторы. Бюджеттік саладағы жалақының өсуіне, кредиттер ресімдеу кезінде кірістілік деңгейінің төмендеуіне, пайыздық ставканың 4%-ға дейін төмендеуіне байланысты, кредиттік тұрғын үй неғұрлым қолжетімді болды.

Алайда, тұрғын үй құнының шекті деңгейінің тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы Семей қаласында 90,0 мың теңгеге дейін және Өскемен қаласында 112,5 мың теңгеге дейін артуы сатып алу қабілеттілігі мен пәтерлердің сатылуының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

4. Құрылыс саласындағы баға белгілеу жүйесінің жетілмегендігі.

5. Субъективті факторлар да орын алады. Құрылыстың ұзаққа созылуы, тұрғын үйді пайдалануға беруді кешіктіру, нормативтік мерзімі 12 ай болғанның өзінде үйлер 3 жылға дейін салынады, бұл кредиттерді тиімді пайдалануға мүмкіндік бермей, яғни пәтерлерді уақытында сатуға және қаражатты 3 жыл ішінде қайта пайдалануға мүмкіндік бермейді.


2-стратегиялық бағыт.

Инфрақұрылымды дамыту


2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

2008-2010 жылдары тұрғын үй құрылыстарының аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға және жайластыруға 3536,0 млн. теңге бөлінді. 111 шақырым желі салынды.

2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен 4485 млн. теңге көлемінде трансферттер бөлу жоспарланған, соның ішінде: 2011 жылға – 1060,0 млн. теңге, 2012 жылға – 2175,0 млн. теңге және 2013 жылға - 1250,0 млн. теңге.

2011 жылы 19-тұрғын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттен 322,4 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 2011 жылы республикалық бюджет қаражатынан біздің облысқа 1003,7 млн. теңге - азаматтарды жұмылдыруды арттыру шеңберінде бөлінді және 120,0 млн. теңге – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін.

Азаматарды жұмылдыру арттыру шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 303,855 млн. теңге сомасында трансферттер бөлінді.

2.2) Негізгі проблемаларды талдау.

Коммуникация құрылысын қаржыландырудың қазіргі қарқыны бүгінгі күн қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат бюджеттік объектілер құрылысы аудандарындағы Өскемен қаласының 16, 19 және 22 ықшам аудандарындағы инженерлік желілерді салуға бағытталады. Өскемен қаласының 23, 25 ықшам аудандарындағы, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі жеке тұрғын үй құрылыстарының желілерін салуға қаражат жоқ.

2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында Өскемен және Семей қалаларының бюджеттерінен желілердің құрылысына қаражат бағытталған болатын. Соңғы жылдары жергілікті бюджеттерден желілер құрылысына қаражат бөлінген жоқ.

Көрсеткіштерге қолжеткізу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қосымша қаржыландыру қажет.

2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Тұрғын үй құрылысының аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына қаражаттың жетіспеуі жеке тұрғын үй құрылысына жүргізуде кідіріс туғызады.


3-стратегиялық бағыт.

Коммуналдық шаруашылық объектілерін салу


3.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

2011 жылы Басқарма 6 объектінің құрылысына және 4 жоба әзірлеуге тапсырыс беруші болды. Оның: 3 объектісі - су тазарту имараттары, 3-уі - қатты-тұрмыстық және өзге де қалдықтар алаңы. Аталған объектілердің құрылысы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

2011 жылы 3 қатты-тұрмыстық және өзге де қалдықтар алаңы және 2 су тазарту объектісі пайдалануға тапсырылды. Шемонаиха ауданының Зевакино ауылындағы қарттарға және мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Зевакино медициналық-әлеуметтік мекеменің тазарту ғимараттарын қайта жаңарту объектісі 2012 жылға ауысқан. Жұмыстарды аяқтауға 2012 жылы 2,5 млн. теңге бөлінді.

3.2) Негізгі проблемаларды талдау.

Жобалау мәселелерін жетілдіру мақсатында, Басқарма жобалау мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірледі және оларды қалалар мен аудандардың құрылыс бөлімдеріне жіберді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша сыйымдылығы жылына 120 мың текше метрге дейін жететін қатты-тұрмыстық және өзге де қалдықтар алаңдары құрылыстарының жобалары қайтадан қолданылуда.

Жобаларды қайтадан қолдану туралы айтсақ та, қалалар мен аудандарды дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламаларын келісімдеу кезінде барлықтары іс-шаралар тізбесіне жобалау-сметалық құжаттама шығындарын жобаларды қайталап қолданғанын көрсетпей енгізгендері және жобалау-сметалық құжаттамаға жұмсалған бюджет шығыны асырылып көрсетілгені аталып көрсетілді, жасалған ескертулерден соң бағдарламаларға түзетулер енгізілді. Мысалы, Глубокое ауданы бойынша 5 елді мекендерінде алаңдардың құрылыстарына техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалатын шығындар әрбіреуіне 6 млн. теңгеден көрсетілген.

3.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Құрылысқа оны басқа салалардан ерекшелейтін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша түрлерін талап ететін өзіндік ерекшеліктер тән. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбауы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы баяу айналымы және тәуекелдің жоғары дәрежесі. Қазіргі уақытта санитарлық қызметтің талаптары бойынша қоғамдық ғимараттар құрылысын жүргізуге кенттік кәріз желілері мен тазарту имараттарынсыз жол берілмейтіндігін атап өту қажет. Осыған байланысты, мектептердің, балабақшалардың және ауруханалардың құрылыстарын жоспарлау мен жобалауға дейін сумен қамту құбырларының, кәріз желілерінің және тазарту имараттарының болуы немесе озық салынатын құрылысы болуы тиіс. Бұл-бүгінгі күн талабы. Бұрын жоспарланған және салынып жатқан объектілер бойынша тиісті инфрақұрылымдары болмауынан оларды пайдалануға енгізу проблемалы болып отыр.


4-стратегиялық бағыт.

Әлеуметтік маңызды объектілерді салу


4.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

2008 жылы Басқарма 48 объекті мен 58 жобаға тапсырыс беруші болды. Жыл бойында өңірде «100 мектеп және 100 аурухана салу» мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасындағы денсаулық саласын реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, бірқатар заманауи денсаулық сақтау объектілерін салуға, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын жақсартуға мүмкіндік берді.

2008 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылатын 17 объект пайдалануға тапсырылды. 2 объекті бойынша мемлекеттік комиссия жүргізіліп, актілер бекітілді, соның ішінде: 15 білім беру объектілері, 1 - денсаулық сақтау объектісі және өзге 3 объекті. 28 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 4 білім беру объектісі пайдалануға тапсырылды. Мұнан басқа 150 орындық 1 балабақша пайдалануға қабылданды.

2009 жыл қорытындысы бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасына енгізілген 5 мектептің құрылысы Үржар ауданы Қарақол ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан 3 денсаулық сақтау объектісінің құрылыстары жалғастырылды (Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы 75 төсек-орынға арналған аудандық орталық аурухананың, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы ауысымына 150 келушіні қабылдайтын емханасы бар 100 төсек орынға арналған аудандық орталық аурухананың және Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының құрылыстары).

2009 жылы Күршім ауданы Теректі-Бұлақ ауылындағы мектеп, Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжге жапсарлай салынған спортзал, Семей қаласындағы 320 орындық балабақша, Өскемен қаласындағы облыстық жол полициясының негізгі ғимаратына салынған жапсаржай пайдалануға тапсырылды, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ғимараты қайта жаңартылды.

Сондай-ақ, 2009 жылы Өскемен қаласындағы «Восток» стадионын қайта жаңарту жұмыстарының бірінші кезегі аяқталды және Ұлан ауданы Молодежный кенті мен Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы спорт модульдері пайдалануға берілді.

Қабылданған міндеттемелердің орындалмауынан Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі 400 орындық орта мектептің, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы аурухананың және Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы аурухананың құрылыстары аяқталмады.

2010 жылы облыста жүзеге асырылды:

жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгені құрайтын 15 білім беру объектісінің құрылысы (аяқталғаны – 10, ауысқаны - 5), олардың ішінде:

- құрылыс мерзімі ауысқан 4 мектеп: Глубокое ауданының Бобровка, Үржар ауданының Науалы және Қаратума, Күршім ауданының Күршім ауылдарындағы мектептер және Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы 140 орындық 1 балабақша;

- ағымдағы жылы құрылысы аяқталған10 мектеп, оның ішінде:

- 7 мектеп республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 2 млрд. теңге сомасына: Катонқарағай ауданының Өрел ауылындағы 320 орындық мектеп, Жарма ауданының Үшбиік ауылындағы 250 орындық мектеп, Бородулиха ауданының Бородулиха ауылындағы 360 орындық мектеп, Үржар ауданының Благодарное ауылындағы 320 орындық мектеп, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі 400 орындық мектеп, Аягөз ауданының Ақши ауылындағы 180 орындық мектеп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Өскемен қаласындағы Зияткерлік мектебі;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тапсырыс беруші болып табылатын 2 мектеп: Күршім ауданының Барақ батыр ауылындағы 132 орындық мектеп (333,6 млн. теңге) және Тарбағатай ауданының Жәнтікей ауылындағы 180 орындық мектеп (453,3 млн. теңге);

- су тасқыны салдарын жоюға ҚР Үкіметінің резервінен Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылындағы 600 орындық мектепке 972,2 млн. теңге бөлінген.

Облыс бойынша жалпы сомасы 4,2 млрд. теңгеге жоспарланған денсаулық сақтау саласының 10 объектісінің (аяқталғаны - 9, ауысқаны – 1):

- 9 объектінің құрылысы аяқталған, соның ішінде:

4 аурухана: Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы ауысымына 150 келушіге арналған емханасы бар 100 төсек-орындық аурухана, Катонқарағай ауданының Катон ауылындағы 75 төсек-орындық аурухана, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 75 төсек-орындық аурухана мен Ақжар ауылындағы 50 төсек-орындық туберкулезге қарсы аурухана, олардың жалпы сомасы 6 млрд. теңге, соның ішінде 2010 жылы – 1,5 млрд. теңге;

жалпы сомасы 385,1 млн. теңгені құрайтын 4 отбасылық дәрігерлік амбулатория: Абай ауданы Архат ауылында, Күршім ауданы Қаратоғай ауылында, Тарбағатай ауданының Көкжыра және Жәнтікей ауылдарында;

Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, бұл қатерлі ісік ауруларына бастапқы деңгейде диагноз қою және емдеу жөнінен көмек көрсетуге мүмкіндік береді және облыс бойынша осы аурудың өсуін төмендетуге ықпал етеді, оның құрылысы 2005 жылы басталып, жалпы 2,4 млрд. теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде 2010 жылы – 1,6 млрд. теңге;

- Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының құрылысын аяқтау 2011 жылға жоспарланған, объект бойынша барлығы 1,7 млрд. теңге игерілді, соның ішінде 2010 жылы – 777,8 млн. теңге.

4.2) Негізгі проблемаларды талдау.

Жобалау мәселелерін жетілдіру мақсатында Басқарма жобалау мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірледі және ол қалалар мен аудандардағы құрылыс бөлімдеріне таратылып берілді.

Бүгінгі күні облыста 80, 180, 320, 600 орындық мектептердің, 140, 280 орындық балабақшалардың құрылыс жобалары қайталап қолданылуда.

Жобаларды қайтадан қолдану туралы айтсақ та, қалалар мен аудандарды дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламаларын келісімдеу кезінде барлықтары іс-шаралар тізбесіне жобалау-сметалық құжаттама шығындарын жобаларды қайталап қолданғанын көрсетпей енгізгендері және жобалау-сметалық құжаттамаға жұмсалған бюджет шығыны асырылып көрсетілгені аталып көрсетілді, жасалған ескертулерден соң бағдарламаларға түзетулер енгізілді.


4.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Құрылысқа оны басқа салалардан ерекшелейтін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша түрлерін талап ететін өзіндік ерекшеліктер тән. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбауы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы баяу айналымы және тәуекелдің жоғары дәрежесі. Қазіргі уақытта санитарлық қызметтің талаптары бойынша қоғамдық ғимараттар құрылысын жүргізуге кенттік кәріз желілері мен тазарту имараттарынсыз жол берілмейтіндігін атап өту қажет. Осыған байланысты, мектептердің, балабақшалардың және ауруханалардың құрылыстарын жоспарлау мен жобалауға дейін сумен қамту құбырларының, кәріз желілерінің және тазарту имараттарының болуы немесе озық салынатын құрылысы болуы тиіс. Бұл-бүгінгі күн талабы. Бұрын жоспарланған және салынып жатқан объектілер бойынша тиісті инфрақұрылымдары болмауынан оларды пайдалануға енгізу проблемалы болып отыр.

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2010-2014 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы