|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «25» желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1. Миссиясы және пайымдауы 2. Ағымдағы жағдайды талдау 3. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты нысаналы индикаторлары 4. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдері 5. Нормативтік-құқықтық актілер 6. Бюджеттік бағдарламалар 1. Миссиясы және пайымдауы. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени орта мен азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыруға ықпал ететін сапалы және қол жетімді қызмет көрсету. Пайымдауы – облыс мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық мәдени-ақпараттық орта қалыптастыру.
Мәдениет пен өнердің дамуы қоғамның даму деңгейін көтерудің негізгі факторларының бірі ретінде жаңа адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді, қоғамдағы әлеуметтік ширығуды жеңілдетеді, халықтың әртүрлі топтарын біріктіреді. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты да оңды дами бастады, ол тек қана қаржыландырудың ұлғаюынан ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасынан да аңғарылады. Соңғы 4 жылда облыстың мәдениет саласын қаржыландыру 2 есеге өсті, мәдениет объектілерінің мемлекеттік жүйесі 22 пайызды құрады. Соңғы жылдары облыс мәдениет қызметкерлерінің алдына қолда бар мүмкіндіктерді сақтау бағытынан тұрақты дамыту стратегиясын және ұсынылатын мәдени қызмет сапасын көтеруді жүзеге асыруға көшу туралы міндет қойылды. Оңды тенденцияларға қарамастан қолда бар мәдени мүмкіндіктер әрі қарай дамыту мен модернизациялауды талап етеді. Мәдениет пен өнер мекемелерінің өз күштерімен шешу мүмкін емес мәселелер де бар. Осыған байланысты басқарма қызметі алдағы жылдары бірқатар тенденциялармен шарттастықта болады: 1) облыстың мәдени мүмкіндіктерін сақтау үшін жағдай жасау; 2) облыс мәдениетін қолдау, дамыту және мәдениет саласына жаңашылдық енгізу; 3) облыс халқының мәдени құндылықтарға қол жетімділіктерін бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Аталған тенденцияларды дәйекті және жүйелі шешімді талап ететін мәдениет саласының проблемаларымен тығыз байланыстыра отырып қарау керек.
Облыс мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту жүйелі түрде дайындалған жаңа кітапханалар, клубтар, музейлер ашу жөніндегі іс-шараларға сәйкес жүргізіледі. Облыста жұмыс істейтін жүйені талдау және нақты елді мекендердің демографиялық көрсеткіші (ШҚО статистика басқармасының мәліметтері пайдаланылды) жобаның негізі болады. 2010 жылдан бастап облыста «Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс облыстық орталығы» (бұдан әрі-Орталық) жұмыс істейді. Оның барлық қызметі өңір аумағындағы халыққа мәдени қызмет көрсету бойынша жағдайды теңестіруге бағытталады. 2010-2014 жылдардағы жүйенің өсу болжамы: 2010 жылы – 10 бірлік кітапхана, 14 бірлік клуб ашу; 2011 жылы - 8 бірлік кітапхана, 12 бірлік клуб ашу; 2012 жылы - 6 бірлік кітапхана, 10 бірлік клуб ашу; 2013 жылы - 6 бірлік кітапхана, 8 бірлік клуб ашу; 2014 жылы - 6 бірлік кітапхана, 8 бірлік клуб ашу. Мәдениет мекемелерінің барлық қызметін модернизациялау. Мәдениет мекемелерінің миссиясы - отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қолжетімділікті, сондай-ақ, шығармашылық қажеттіліктерді іске асыру үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Сондықтан мәдениет нысандарының ғимараттарына және үй-жайларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланды. Материалдық-техникалық база қазіргі заманғы жиһаздар және техникалық жабдықтармен, музыкалық аспаптармен, сахналық киімдермен, кітапханалар үшін қазіргі заманғы басылымдармен жаңартылып, толықтырылуы керек. Орталық аудандық кітапханалардың «Бірыңғай ақпараттық компьютерлік жүйе» (БАКЖ) жобасы аяқталуы керек. Ол алшақталған ақпараттарға, жедел жүйелік қатынасқа, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалардың қашықтықтан өзара байланысына қол жетімділіктің болашағын ашады. Кадрлардың біліктілігін көтеру. Мәдениет мекемелерінің сапалық өзгеруі персоналдардың міндетті түрде кәсіби біліктіліктері жағдайында ғана мүмкін. Бұл басшылар мен мамандарға үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының базасында тұрақты жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлерінің білімін көтеру курстарын ашу қарастырылуда. Мұнда білім берудің әртүрлі тәсілдері, мысалы: қысқа мерзімді ақпараттық семинарлар, білімі бар мамандар үшін тәжірибелік тренингтер, жас мамандар үшін облыстық мәдениет мекемелерінде сынақ мерзімінен өткізудің айлық курстары қолданылады. Оқытушылар мен жаттықтырушылар ретінде облыстық мәдениет мекемелерінің мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ басқа қалалар мен елдердің жетекші лекторлары тартылады. Сонымен қатар, әртүрлі буындағы басшылар мен мамандар шығармашылық тәжірибе алмасу, мәдениет саласының маркетингі мен менеджментін оқу үшін арнаулы орталықтар: республикалық мәдениет институттарына (музейлер, театрлар) жіберіледі. Сонымен қатар, үзіліссіз білім беру жүйесі болашағы бар мәдениет қызметкерлерін халықаралық шығармашылық сапарларға – конференцияларға, семинарларға, сынақ мерзімінен өтуге жіберуді көздейді. Кәсіби өнерді қолдау. Сабақтастық. Кәсіби өнерді атаулы қолдау үшін жобалар конкурсын, жүлделер, гранттар ұйымдастыру. Кадрлар сабақтастығын және мәдениет мекемелері қызметін шығармашылық тұрғыда жаңартуды қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін жергілікті жерлерде жаңа мәдениет қызметкерлерін тәрбиелеу қажет. Бағдарлама жас таланттар, үздік сахналық қойылымдар және музыкалық шығармалар конкурстарын өткізу арқылы жас таланттарды ашу үшін жағдай жасайтын болады. Мәдениет қызметін кеңейту. Материалдық-техникалық ресурстарды нығайту, салалық мекеме қызметкерлерінің кәсібилігі мәдениет мекемелерінің жаңа бейнесін құруға мүмкіндік береді. Олар жергілікті қоғамдастықтықтың мәдени қажеттіктері арасындағы үзілісті қысқартуға және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ықпал ететін болады. Мәдени-демалыс қызметін жоспарлы дамыту, қазіргі заманғы жұмыс үлгілерін енгізу жоспарлануда. Аталған қызмет халыққа, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мәдени қызмет түрлерін таңдау еркіндігін беруге бағытталған. Мәдениет мекемелері таланттарды дамытуға, жас орындаушылар мен мамандардың мүмкіндіктерін ашуға шығармашылық мүмкіндіктері мен тілектерін іске асыруға ықпал етеді. Бүгінгі уақытта азаматтардың әлеуметтік белсенділіктерін дамыту өте маңызды. Мәдениет мекемелерінің қызметін халықтың мәдени қызмет, білім беру, өзін-өзі басқарудағы және мәдени қызмет негізіндегі өзін-өзі ұйымдастыру саласындағы ұсыныстарын мадақтайтын, қолдау көрсететін ахуал туғызуға бағыттау керек. Ұлттық мәдениет саналуандығын дамыту, достық және әртүрлі ұлттар мен сенім өкілдерінің талеранттығын нығайту үшін мүмкіндіктер туады. Сонымен қатар бұл жергілікті жерлердегі мәдени элитаның облыс қалалары мен ауылдарындағы мәдениеттің тағдырын өз жауапкершілігіне алуға итермелейді. Мәдени қызмет әртүлі буын халықтарының бірінші кезектегі нақты –басымдылық қажеттіліктеріне қарай құрылады. Ол қоғамның, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің адамгершілік, рухани дамуына бағытталады. Ол дәстүрлі аспектілер мен қазіргі заман мәдениеті тенденцияларын дамытуды сауатты үйлестіре білген кезде ғана мүмкін болады. Мысалы, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан: патриотизм, үлкенді сыйлау, қайырымдылық, ар-намыс сияқты рухани құндылықтарды батыстың шағынмәдениетінің ықпалына икемделген жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен спецификалық талғамымен үйлестіре білу. Өңірдің мәдени мұрасын сақтау және оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге нақты нысаналы бағдарламалар көмектеседі. Электрондық ресурстар құру тиімді форма ретінде танылды. Сондықтан тарих және сәулет ескерткіштерінің, әдебиеттердің және өңір өнерінің электрондық көшірмелері жасалатын болады. Бұл жұмысқа мемлекеттік ммекемелер: А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы, тарихи-өлкетану, этнографиялық музейлері, өнер музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері, Достоевский атындағы музейлер, филармониялар қатысады. Өлкетану туралы сирек басылымдардың, әдебиеттердің электрондық кітапханасы және облыстың тарихи және сәулет ескерткіштерінің веб-сайттары құрылады. Озық тәжірибені тиімді енгізу, ауылдық мәдениет қызметкерлерінің жаңашылдық қызметін дамытуға ауылдық модельдік мәдениет мекемелері ықпал ете алады. Кем дегенде 4-ауылдық модельдік мәдениет мекемелерін (2 кітапхана және 2 клуб) құру жоспарлануда. Олар жаңа идеялар мен жобалар, тәжірибе алмасу және жас мамандардың білім көтеруі үшін тәжірибе алаңдары болады. Өңір мәдениетін басқарудың бөлінген компьютерлік жүйесі - бағдарлама нәтижелерінің бірі болады. Ол орталық аудандық кітапханалардың бірыңғай ақпараттық компьютерлік жүйесі негізінде жұмыс істейтін болады. Жүйе арқылы аудандық бөлімшелерді жедел басқаруға, ағымдағы мәселелерді уақытында келісуге және туындаған қиындықтарды шешуге, өткізілетін іс-шаралардың сапасын жақсартуға, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Келісті адамды қалыптастыруда мәдениеттің маңыздылығын түсіну, мәдениет пен өнер мекемелерінің оңды имиджін құру, мәдениет қызметкері мамандығының беделін арттыруға бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етеді. Сондықтан облыстың мәдени өмірін көрсететін жеке телебағдарламалар, облыстық және аудандық басылымдарда арнайы айдарлар құрылады. Олар белгілі өнер қайраткерлерімен сұхбаттар, озық тәжірибе туралы жарияланымдар, қызықты жобалар мен бағдарламалардың қорытындылары, қоғамдық пікір мен монитроринг нәтижелері туралы ақпараттар болуы мүмкін. Сала инфроқұрылымының жағдайы. Облыста мәдениет мекемелерінің жүйесін 611 мәдениет ұйымы құрайды, оның ішінде: 10 музей, 303 кітапхана, 261 клуб, 2 театр, 4 концерттік ұйым, 1 облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, 1 тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мекеме, 1 зообақ, және басқалар: 7 бейнемобиль, 12 электрондық театр, 9 киноқондырғы бар. Сала табыстары мен жетістіктері. 2007-2010 жылдарға арналған ШҚО ауылдық аумақтарды дамыту өңірлік бағадрламасын іске асыру шеңберінде 2008 жылы жергілікті бюджеттер есебінен дамытуға 283,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі заманғы дыбыс ұлғайтқыш және жарық түсіргіш, аудио, бейнеаппараттарымен жабдықталған бейнемобильдер енгізілді. Бүгінгі күні облыста 7 жылжымалы мәдени-демалыс кешені (бейнемобильдер) табысты жұмыс істеуде. 2003 жылдан бері облыста аудандық орталық кітапханаларды компьютерлендіру және Интернетке қосу жобасы табысты іске асырылуда. Облыс кітапханалардағы компьютерлердің жалпы саны 341 бірлікті, көшіру аппараттарының саны 65 бірлік құрайды. 34 кітапхана Интернетке шыға алады және электрондық поштаға қосылған. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 18,1 мың адам. Кітапханалардағы Интернет қызметін Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай, Катонқарағай, Ұлан, Зырян аудандары белсенді пайдаланады. Мәдениет мекемелерінің қызметі. 2008 жылы театрларда 509 спектакль, 585 концерт қойылды, 11664 музейлік саяхаттар өткізіліп, 1663 дәріс оқылды. Сондай-ақ, 281555 экспонат сатылып алынып, 246 көрме өтті, кітапханаларда 2117 кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мәдениет қайраткерлерін қолдау. Мәдениет және өнер қызметкерлерін мемлекеттік қолдау, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ШҚО әкімінің сыйлығы тапсырылады. 2008 жылдың қорытындысы бойынша 9 мәдениет және өнер қызметкерлері 9 номинация бойынша аталған сыйлықтың иегері атанды. Мәдени-іс-шаралар өткізу. 2008 жылы 1 халықаралық, 2 облыстық фестиваль, 2 республикалық және 4 облыстық конкурс өткізілді. Сондай-ақ, 18553 облыстық және аудандық деңгейлердегі әртүрлі шаралар өткізілді. Қаржыландыру. Мәдениет мекемелерінің қызметі үшін 2005-2009 жылдар аралығында бөлінген қаражат көлемі 7,4 млрд.теңге құрайды, оның ішінде: 2005 жылы – 1,3 млрд.теңге, 2006 жылы - 1,4 млрд.теңге, 2007 жылы – 1,9 млрд.теңге, 2008 жылы – 2,8 млрд.теңге, 2009 жылы – 3,9 млрд.теңге . Саланың ағымдағы және алдағы шешілуге тиіс мәселелерінің ішінде мыналарды атау қажет: 1) облыс аумағында орналасқан тарихи-мәдени құндылықтардың даму деңгейінің төмендігі; 2) мәдени-демалыс қызметінің сапалық деңгейінің төмендігі және жанрлық, стильдік әртүрліліктің жоқтығы; 3) мәдениет объектілері жүйесінің дамуына шаққандағы халықтың мәдениет мекемелерінің қызметін көруге қолжетімділік деңгейінің әртүрлілігі; 4) мәдениет мекемелерінде қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын технологиялық жабдықтардың жоқтығы және салада маркетинг және менеджментті игерген шығармашылық және басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі.
3.2. Мемлекеттік органдардың дамыту мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық дамыту мақсатына сәйкестігі
|