|
Үржар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген «Үржар ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
1. Миссия және кіріспе Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) негізгі миссиясы – ауданның бәсекеге қабілеттілігінің және әлеуметтік-экономикалық өсімінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін экономикалық саясатты, сондай-ақ, тұтас мемлекеттік жоспарлау және басқарудың тиімді жүйесін іске асыру. - Үржар ауданының облыстың дамыған аудандарының қатарына енуіне мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты дамуы.
2009 жылдың 6 наурызында Ел Президенті «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Жолдауда дағдарыс салдарын жеңуге және одан арғы экономикалық өсімге дайындалуға, яғни қазақстандықтардың өмір сапасының артуына бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттер қойылған. Экономикалық дағдарыстың әсерінен туындаған қиыншылықтарға қарамастан ауданның соңғы екі жылдағы, соның ішінде 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама ілгерілеушіліктер бар. Үржар ауданы жер көлемі мен халқының саны жағынан облыс көлеміндегі ірі ауыл шаруашылығы ауданы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2008 жылы негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, соның ішінде ет өндіру бойынша облыс көлемінде Үржар ауданының үлесі 7,7 пайыз құрап, төртінші орын алса, сүт өндіру бойынша 9,8 пайыз құрайды немесе бірінші орын алады. Өнеркәсіп. 2008 жылы аудан бойынша 869 500 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2007 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 93,9 % құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде - 142,9 %, өндіруші өнеркәсіпте – 87,9 %, электр энергиясы, газ бен суды өндіру мен таратуда – 104,8 %. ^ 2008 жылы барлығы 9 156 900 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 86,1 % құрады. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының экономикалық тұрғыдан нығая түсуіне мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктер жасалып, ұдайы қолдау көрсетілуде. 2009 жылы ауданға 3377 тонна жанар-жағар май, әр литрі 55 теңгеден жеңілдетілген бағамен босатылды. Көктемгі егіс жұмыстарына кеткен ауыл шаруашылығы құрылымдарының материалдық шығындарының құнын арзандату мақсатында республикалық бюджет есебінен ауданға 203 320,0 мың теңге субсидия бөлінді. 2009 жылы аудан бойынша барлығы 138 633 гектар жерге егістік егілді. Әр гектардың тазаланғаннан кейінгі салмақтағы орташа түсімділігі 10,6 цн құрап, барлығы 45 469 тонна дәнді дақылдар жиналды. 2008 жылмен салыстырғанда жиналған өнім 6 есеге немесе 35 576 тоннаға көп. 2009 жылы егістікті ылғал сақтайтын технологиямен өндеу 600 га аумаққа енгізілді. 2010 жылы аталған технологиямен 5 600 га жерді өндеу жоспарланып отыр. 15 948 тонна сойылып сатылған салмақта ет, 67 868 тонна сүт өндірілді, 2008 жылмен салыстырғанда ет өндіру 3,7 пайызға, сүт өндіру 2,4 пайызға өсті, 15 655 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 534 тонна жүн қырқылды. 2008 жылмен салыстырғанда жұмыртқа өндіру 5,9 пайызға, жүн өндіру 2,0 пайызға артты. Мал тұқымын асылдандыру арқылы оның өнімділігін арттыру бағытында шаруашылық құрылымдарының жұмыстарына қолдау көрсету, дамыту және ынталандыру мақсатында 2009 жылы аталған шараларға республикалық бюджеттен 21 491,0 мың теңге мақсатты трансферттер бөлінді Сарып ауруын болдырмау және оның алдын алу шаралары аудан әкімдігінің ұдайы назарында ұсталуда. 2009 жылы ауру ошақтарын залалсыздандыру шараларына аудан бюджетінен 1 000,0 мың теңге, қаңғыған иттер мен мысықтарды аулап, жоюға 1220,0 мың теңге бөлінді. Үржар, Мақаншы, Қоңыршәулі ауылдарында 1 900,0 мың теңге қаржы бөлініп, мал қорымдары (биотермикалық шұңқырлар) салынды. Көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру, аудан тұрғындарын көкөніс өнімдерімен жыл көлемінде қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауылында кәсіпкер Н.Нұрмұхаметовтың басшылығымен көлемі 24х12 метрлік жылыжай салынып, іске қосылды. Қажетті жер бөлініп 2010 жылы қосымша 2 жылыжай ашу жоспарланып отыр. ^ 2008 жылы шағын кәсіпкерліктің субъектілері бойынша 410,2 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Тіркелген шағын бизнес нысандарының ішінде жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 73,8 % құрады. 2007 жылмен салыстырғанда кіші кәсіпкерліктен түскен салық түсімдері 18 пайызға көбейді. ^ 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3832,7 млн. теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 10,5 % құрады. Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздеріне байланысты кәсіпорындардың меншік қаражаттары 9,0%, республикалық бюджет қаражаттары – 79,6%, жергілікті бюджет қаражаттары – 11,2%, қарыз қаражаттары – 0,01% құрады. Республикалық бюджет есебінен білім беру объектілері салынып, көлік инфрақұрылымы және елді мекендердің су құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет қаражаты негізінен әлеуметтік инфрақұрылымға – мектептер, мәдениет ошақтарына және жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына бағытталды. 2008 жылы жеке меншік қаражаты есебінен көлемі 8 654 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2007 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға ұлғайды. ^ 2008 жылғы ауданның жоспарланған бюджет шығындары 2 962 876,0 мың теңге, нақты кассалық шығындар 2 920 492,0 мың теңге, яғни аудан бюджетінің шығыстары 98,6 пайызға орындалды. Соның ішінде республикалық нысаналы трансферттер бойынша бөлінген қаржы 407 630,0 мың теңге, игерілген қаржы 368 766,0 мың теңге немесе 90,5 пайыз құрайды. Облыстық нысаналы трансферттер бойынша бөлінген қаржы 128 197,0 мың теңге, игерілген қаржы 126 027,0 мың теңге, немесе 98,3 пайыз. 2008 жылғы аудан бюджеттің барлық кірістері 2 954 600,0 мың теңге, соның ішінде ауданның ішкі табысы 477 600,0 мың теңге, субвенция 1 936 800,0 мың теңге және мақсатты трансферттер 540 200,0 мың теңге құрады. Әлеуметтік маңызы бар салаларға бөлінетін қаржы көлемі ұдайы өсуде. 2007 жылмен салыстырғанда білім саласына бөлінген қаржы 15, әлеуметтік салаға бөлінген қаржы 22 пайызға өсті. ^ 2008 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бөлімінде 436 жұмыссыз ретінде тіркеліп, экономикалық белсенді тұрғындарға шаққандағы үлесі 1,0 % құрады. 496 адам әртүрлі ақылы қоғамдық жұмыстарға қамтылып, аталған шараға бөлінген 19 753,0 мың теңге қаржы толық игерілді. Жыл көлемінде аудан бойынша тұрмыс деңгейі төмен 532 отбасындағы 1886 алушыға 39 121,0 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетіліп, 2007 жыл мен салыстырғанда әлеуметтік көмекті алушылардың саны 237 адамға азайды. Күн көріс деңгейі төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі 6494 балаға 66 566,0 мың теңгенің жәрдемақысы төленіп, төленген жәрдемақының көлемі 1605,0 мың теңгеге көбейді. 940 адамға 10 204,0 мың теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді. Ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес Үкімет әлемдік экономикалық дағдарыс ықпалын төмендету, отандық экономиканы әлеуетті сыртқы тәуекелдерден қорғаудың шараларын қабылдауда. Ол үшін бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатаң үнемдеу және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету қажет. Бөлімнің негізгі міндеттері, стратегиялық жоспарларға қол жеткізуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бейімделген, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың біртұтас, тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Аудандағы кейбір функциялар облыстық деңгейде орындалады. Мемлекеттік қызметтердің аудан мен ауылдық округтерге жақындау принципі сақталмайды, бұл қызметтерді тиімді, толық көлемде және уақытында алуын қиындатады. Осы бағыт аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың функционалды талдауын жүргізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың құрылымы мен штат санын оңтайландыру жоспарлануда. ^ өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 697,5 мың теңгені, табиғи көлем индексі 94,6 % құрады. Барлығы 14 700 492,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2008 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім 24,7 % өсті. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 318 135 мың теңгені құрады, бұл іс жүзіндегі баға индексін есепке алғанда, 2008 жылдың тиісті кезеңінен 41,4 %-ға төмен. Оның 16,4 %-ы (380 518 мың теңге) - кәсіпорындар, ұйымдар және жеке құрылысшылардың меншікті қаражаты есебінен, 9 %-ы (380 518 мың теңге) – жергілікті бюджет қаражаты, 74%-ы (1 717 472 мың теңге) – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 0,4%-ы (9 821 мың теңге) – қарыз қаражат. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009 жылы ауданда 9 әлеуметтік жоба бойынша 230 120,0 мың теңгенің жұмыстары орындалды, соның ішінде 217 143,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлініп, 12 977,0 мың теңге аудандық бюджеттен қосымша қаржыландырылды. Есепті кезеңде меншік қаражаты есебінен жалпы ауданы 9147 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2008 жылмен салыстырғанда, 5 пайызға көбейді. 2009 жылы жұмыспен қамту бөлімінде 402 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 33 адамға немесе 7,6 пайызға азайды. 2009 жылы жергілікті бюджет есебінен 502 адам төлемді қоғамдық жұмыстарға, 133 адам кәсіби оқуға жіберіліп, бұл бағдарламаларға бөлінген қаржы толық игерілді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 10 608,0 мың теңге қаражат есебінен 156 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп, 43 жас маман жастардың іс тәжірибесіне қамтылды. 399 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2008 жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алаушылар саны 27, 8 пайызға немесе 133 отбасына азайды. 18 жасқа дейінгі 6528 балаға 74 003, 0 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2008 жылмен салыстырғанда жәрдемақы алушы балалар саны 0,5 пайызға көбейді. 397 отбасына коммуналдық қызметтің өтем ақысы төленіп, 2008 жылмен салыстырғанда төлемдер мөлшері 45,7 пайызға өсті. 2009 жылғы ауданның нақтыланған бюджет шығындары 3 270 687,0 мың теңге, нақты кассалық шығындар 3 270 336,2 мың теңге, яғни аудан бюджетінің шығыстары 100 пайызға орындалды. 2009 жылғы ауданның ішкі табысы 521 273,0 мың теңге құрап, 2008 жылмен салыстырғанда жиналған салық көлемі 43 666,0 мың теңгеге артық немесе 9,1 пайызға өсті. ^
^ Лауазымдық міндеттерін сапалы орындауы және кәсіби деңгейін жоғарылату үшін бөлім қызметкерлерін ынталандыру мақсатында нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың тиімді әдістерін енгізу. Бөлімнің әкімшілік және кәсіподақ жиналысында 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық келісімді, Сыйақы, басқарма қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету туралы ережені әзірлеу және бекіту. Аталған құжатқа сәйкес сыйақы «Сыйақылау ережелерін, материалдық көмек көрсету және смета бойынша сәйкесінше ұйымды ұстауға қарастырылған қаражаттарды үнемдеу есебінен Қазақстан Республикасының ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстеме орнатуды бекіту туралы» 2001 жылғы 29 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1127 қаулысымен бекітілген, әр қызметкердің белгіленген критерийлерге сәйкес жұмыс сапасын бағалау нәтижесі бойынша беріледі. Бөлім қызметінің ішкі тәртібін жетілдіру үшін Бөлім регламенті қабылданып, жиналыстарды өткізу, рәсімдеу, кіріс және шығыс хат-хабарды қарау, нормативті құқықтық актілер жобасын әзірлеу және келісу және басқа тәртіптер бекітіледі. Бөлімнің сапалы және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметкерлерді сапалы және тиімді жұмысқа ынталандыру тетіктерін ойластыру және енгізу бойынша, сондай-ақ Бөлімнің кадрлық тұрақсыздығын төмендетуге және қызметкерлердің кәсіпқойлық және әлеуметтік сана сезімін өсіруге бағытталған шаралар ойластырып, ұсыныстар әзірлеу, сол сияқты ұжымның біртұтастығы, қызметкерлердің корпоративті рухы және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында корпоративті және спорттық шаралар ұйымдастыру қажет. Бөлім жұмысының сапасын арттыру және қызметкерлердің ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін ақпаратты жинақтау және пайдалану жүйесіне жұмсалатын жұмысты реттеу мен қысқартуға бағытталған шаралар қабылданып, Интернетке, «Заң» заңдық мәліметтер базасына, мәліметтердің ақпараттық базасына кіру 100 % -ға қамтамасыз етіліп, сондай-ақ қызметкерлердің ақпараттық ресурстармен тиімді жұмыс істеу дағдысын дамыту және оларды күнделікті жұмыста қолдану қамтамасыз етіледі. ^ Бөлімнің қабылдаған стратегиялық мақсаттарына табысты жетуі басқа бөлімдер және мүдделлі тараптармен өзара үйлесімді, тығыз байланыста жұмыс істеуіне байланысты орындалады:
^ Өз қызметі барысында Бөлім бірқатар тәуекелдіктерге кездесуі мүмкін. Тәуекел көзі мен түріне байланысты, оларды басқару үшін Бөліммен арнайы стандартты және ситуативтік шаралар қолданылатын болады. Төменде негізгі тәуекелдіктер көрсетілген.
^ Стратегиялық жоспарды әзірлеуде негізге алынған бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер тізбесі: 1) «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі); 2) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі»; 3) «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы; 4) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1457 Жарлығы; 5) «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығы 6) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Аумақтық даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығы; 7) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы №273 жарлығы; 8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 9) «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауы; 10) «Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 қаулысы; 12) «Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы №273 қаулысы; 13) «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы №544 қаулысы 14) «Әлеуметтік-экономикалық болжамды әзірлеу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы; 15) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары; 16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурызда №11 отырысында мақұлданған, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар; ^
^ мың. теңге
Қысқартылған сөздер тізімі: ТКИ- табиғи көлем индексі; АЕМ – ауылдық елді мекен; Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы (қол қойылған) Б.Ғалиев |