«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары



Название«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Дата конвертации03.11.2012
Размер192.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы 18 қаңтар

№ 16 қаулысымен бекітілген


«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер

қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Мазмұны


1. Міндеті және пайымдауы


2. Ағымдағы жағдайдың сипаттамасы


3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағытының мақсаты мен міндеті


4. Функционалдық мүмкіншілігі және ықтимал тәуекелдер


5. Нормативтік құқықтық актілер


6. Бюджеттік бағдарламалар

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеті және пайымдауы


Міндеті

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының жер ресурстарын пайдалану мен бөлу жөніндегі ақпараттардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді есеп саясатын жүргізу, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының жер қатынастарын реттеу жөніндегі функцияларын орындау, жер ресурстарын тиімді және нәтижелі пайдалану және олардың сапалық жағдайын арттыру.


Пайымдауы

Жер қатынастарының нәтижелі қызмет жүйесін жер-есеп жұмыстарын өзекті және ұтымды жүргізумен, жер қорының қазіргі жағдайын анықтайтын, жер ресурстарын нәтижелі жұмыс істеуін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету және экономиканың қажеттілігін толық қанағаттандыру.


2. Ағымдағы жағдайдың сипаттамасы


2.1. Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану

Бүгінгі таңда Бесқарағай ауданы үшін өзекті мәселе жерлерді тиімсіз пайдаланумен күресу. Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылығымен айналысады. Аудан халқы жерлерді пайдалану немесе аграрлық секторға байланысты табысқа тура немесе жанама тәуелді. Осыған байланысты ауылшаруашылығы маңызындағы жерлерді түгендеуге көп көңіл бөлу қажет.

Жерлерді түгендеу алдағы уақытта пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылған немесе нысаналы мақсатына пайдаланылмаған және жер телімдерін пайдаланудың рұқсат етілгеніне сәйкес емес пайдаланылатын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

2004 жылдан бері жер телімдерінің сапалы жағдайы мен нысаналы мақсатына пайдалануға бақылау жасау үшін ауыл шаруашылығы маңызындағы жер телімдерін паспорттау жүргізіледі, нәтижесінде әрбір жер пайдаланушыға берілген жер телімдерінің толық сипаттамасымен белгіленген үлгідегі паспорт беріледі. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға аудан бойынша республикалық бюджет қаржысы есебінен ауыл шаруашылығы құрылымдарына 886 жер телімдеріне 886 паспорт дайындалды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін паспорттау бойынша жұмыстарды ары қарай жүргізу және келешекте осы паспорттарды жаңарту қажет. Қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жылдық жер балансын құрумен жер-есебі жұмыстары жүргізіледі.

«2009 жылдағы жерлердің бары және оларды санаттарына, жер телім иелеріне, жер пайдаланушылар мен алқаптарға бөлу туралы» есеп дайындалды, есепке сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының жер қорының құрылымында ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер 295,2 мың га құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда жерлердің осы санаттары шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына жаңа және қосымша жерлерді беруді ұйымдастыру есебінен 31,8 мың га ұлғайды.

Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 684 құрайды, олар 290,5 мың га көлемді алып жатыр. 2008 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер) қожалықтарының саны 47 шаруашылыққа азайды және шағын шаруа қожалықтарын біріктіру есебінен 301 мың га көлемге ұлғайды.

3,6 мың га көлемдегі мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғалардың саны- 6 (олардан шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың жерлері 3,4 мың га, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар 0,2 мың га). 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік емес агроқұрылымдар 1 –ге азайды, пайдаланылатын жерлер көлемі 1,6 мың га ұлғайды.

Мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғалардың саны 1,0 мың га көлемде 1-ді құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Елді мекендердің жерлері ауданның барлық жер қорынан 197,0 мың га немесе 17 % құрайды.

Осы жер санаттары 2009 жыл ішінде шаруа қожалықтарына беру есебінен 1,8 мың га азайды.

Елді мекендердің жерлері құрамында қалалардың және кенттердің жерлері 3,0 мың га (1,6%), ауылдық елді мекендердің жерлері-194 мың га (98,4 %) құрайды.

Өнеркәсіп көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер ауданның жалпы аумағынан 7,2 мың га – 0,6 % құрайды.

2008 жылмен салыстырғанда осы жерлердің санаттары өнеркәсіптік кәсіпорындарына қосымша жер беруден жер 32 га ұлғайғаны байқалды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 392,3 мың га (34 %) алаңды алып жатыр.

Су қорының жерлері 2009 жылғы 1 қарашаға 5,7 мың га (0,5 %) құрайды.

Босалқы жерлер 242,8 мың га (21 %) құрайды, 2008 жылмен салыстырғанда оларды меншік иелері мен жер пайдаланушыларға беру есебінен 31,5 мың га азайды.

Ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарына бекітілген ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлердегі егістік және тыңайма жерлердің барын талдау негізінде 2008 жылмен салыстырғанда аудан бойынша 2009 жылы егістік көлемі 2,7 мың га ұлғайды.

1 кесте

Ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарына бекітілген

ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлердегі егістіктің

бары туралы Ақпарат (га)



р/с №

Аудандардың, қалалардың атауы

2008 ж. 01.11-ға егістік алқабы

2009 ж. 01.11-ға егістік алқабы

2008 ж. мен 2009 ж. салыстырғандағы айырмашылық

1

Бесқарағай

37568

40256

+2688


Ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлердегі тыңайма жерлердің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда босалқы жерлерден аудару есебінен 6,7 мың га ұлғайды.


2 кесте


Ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарына бекітілген

ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлердегі тыңайма

жерлердің бары туралы Ақпарат (га)


р/с №

Аудандардың, қалалардың атауы

2008 ж. 01.11-ға тыңайма көлемі

2009 ж. 01.11-ға тыңайма көлемі

2008 ж. мен 2009 ж. салыстырғандағы айырмашылық

1

Бесқарағай

17116

23784

+6668


Экономиканың дамуы, нақты шамада, жер төлемдері жүйесін, жер салығын анықтауға негіз болатын салық төлеушілер және жерді кадастрлық бағалау туралы жер кадастрының ретке келтірумен байланысты екендігін нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі көрсетті.

2010 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша жеке меншікке 3 млн.773 мың теңге сомаға ауыл шаруашылығы маңызындағы көлемі 138,7 га болатын 23 жер телімдері сатылды.

2009 жылы жеке меншікке ауыл шаруашылығы маңызындағы емес 805,2 мың теңге сомаға 0,8 га көлемдегі 4 телім сатылды.

2009 жылы жалдау құқығына 37,6 мың теңге сомаға 0,1 га көлемдегі 1 телім сатылды.

Табиғатты қорғау саласында мемлекеттік меншік құқығының басымдылық маңызын тану, сондай-ақ елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру жер заңнамасының басты ерекшелігі болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асырудың келешектегі бір әдісіне конкурстар мен аукциондарда, сауда-саттықта жер телімдерін сату екенін айтуға болады. Жер телімдерін беру кезінде айқындықты және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жер конкурстары мен аукциондарда жер телімдерін сатуды ұйымдастыру қажет.

Ғаламдық бәсекеге қабылетті бағалау тұрғысынан Қазақстандағы жағдайға байланысты басқа да мәселелер орын алады. Ағымдағы жағдайды талдауды ескере отырып, сондай-ақ дүниежүзілік бәсекеге қабылетті елдердің халықаралық қоғамдастығында Қазақстанды тану жөніндегі мәселені ескере отырып, жер ресурстары туралы нақты ақпараттармен және Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі үкіметтерінің рейтингін көтеруді қамтамасыз ететін ауданның жер қатынастары саласының алдында стратегиялық бағыттар анықталды.

Одан басқа, Қазақстанның тұғырын көтеруге «Институттар» факторы бойынша бүкіләлемдік экономикалық форумның Ғаламдық индексінде бәсекеге қабылетті жер туралы, жерге құқығын қорғау ретінде қаралатын жер заңнамасын бұзушылығын азайту туралы ұсынылған ақпаратты дұрыстығы жөнінде куәландыратын, жер ресурстары туралы ақпараттық дереккөзі қатынасының санын көбейтуге осындай индикаторлардың жетістігіне мүмкіндік туғызады.


1 Қосымша


^ 3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері


Атауы

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Стратегиялық бағыттары 1. Жер ресурстары бойынша өзекті мәліметтерді құру

1.1- мақсат. Жер ресурстары туралы пайдаланушыларға берілетін ақпараттың толықтылығы мен нақтылығын қамтамасыз ету

Барлық мүдделі қолданушыларға жер кадастрлық ақпаратты беруге, оның ішінде жер телімдеріне картографиялық мәліметтерді алуға мүмкіндік жасау және жыл сайын қолданушылардың санын 20 % арттыру

қолданушылар (%)







10

15

20

40

60

1.1.1- міндет. Жер ресурстарының сапалық жағдайы туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату

Агроқұрылымдардың жер телімдерін паспорттармен қамту.

%


63


75

85


95


100

100

100

1.1.2-міндет. Облыстың жер қоры және жер телімдері туралы мәліметтер жиынтығын құру, сандық есебін жақсарту

^ Есепті уақытында беру

% сапа



90

95


100

100

100

100

100

1.1.3-міндет. Жер мониторингі мәліметтерін жүргізу және пайдалануды жетілдіру

Ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді түгендеуді жүргізу

аудан


0

0

0

0

1

0

0

Суару жүйелері тозғандықтан суармалы жерлерді алқаптардың суармалы емес түрлеріне ауыстыру

аудан

0

0

1

0

0

0

0

1.1.4-міндет. Жер телімдерін берудің анықтығы

Меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жер телімдерін беру бойынша жер конкурстары мен аукциондарын жүргізу туралы ақпаратты беру

конкурстар

(телімдер саны)

аукциондар

(телімдер саны)



0


0



0


0



15


10



20


25



25


25



30


30



30


30


^ 4. Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал тәуекелдер


Ауданның жер ресурстарын тиімді пайдалануы жер қатынастарын жетілдіруі, жердің ауыл шаруашылығы маңызына және жер телімдерді материалдық активтер санаттарына жатқызу және олардың қаржылық-экономикалық айналымын жүргізуі, жер реформасын тереңдету үшін қажетті бірінші кезектегі мәселелердің шешімі болып табылады.

Қойылған стратегиялық мақсат жетістігіне бөлімнің ішкі ортасының өзгеруі бойынша жоспарланған рет және өткізілген іс-шаралар мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік мүдделі органдармен құнды қарым-қатынасты дамыту.

Қойылған міндеттердің шешіміне ықпал тигізетін ішкі факторлардың арасына бас маман-заңгер штаттық бірлігін енгізуді жатқызуға болады.

Жас мамандардың саласына түйінді мәселеге қосылуы талап етілетін мамандық есебінен нысаналы бағыт негізінде кадрлық әлеуетті құруға шешім береді.

Жер қатынастарын басқару саласында қызметті өкілді шектеуді жүргізу шегінде жер қатынастарын басқарудың тік жүйесін дамытумен қатар, жер қатынастары мәселелері бойынша сектораралық өзара қатынасты дамыту деп санаймыз.

Жер қатынастары саласында қойылған мақсаттардың жетістігіне жәрдемдесетін мемлекеттік органдардың санында ауыл шаруашылығы бөлімі, қоршаған ортаны қорғау басқармасы, жергілікті атқарушы органдарды атауға болады; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылығын төмендетуге прокуратура, әділет басқармалары септігін тигізеді.

3 Кесте

Сектораралық қарым-қатынас


Стратегиялық міндеттердің атауы

Мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен іс-шара

1.1.1. Жер телімдерінің сапалық жағдайы туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату

АШБ–елдің ауылшаруашылығы алқаптарының сапалы сипаттамасын құру кезінде егістік жердің топырағын агрохимиялық тексеру және суландыратын жерлердің жер өңдеу кадастрының мәліметтерін пайдалану бөлігінде

1.1.2. Жер телімдері және елдің жер қоры туралы мәліметтер жинағын жасау, сандық есепті жақсарту

Ауылдық округтердің әкімдері, жер пайдаланушылар

1.1.3. Жер мониторингі мәліметтерін пайдалану және жүргізуді жетілдіру


ҚОҚБ – келеңсіз процесстерді дамыту және жерлердің жағдайы туралы (эрозия, тұздалған, ойрандатылған) мәліметтерді беру

1.2.1. Жер қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халық арасындағы түсіндіру құқығы жұмыстарын жүргізу

БАҚ– жер қатынастары мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын жоғарылату


1.2.2. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жоғарылату

НК, прокуратура органдары – жер қатынастары субьектілерін бірлесіп тексеру жүргізу

2.1.1. Автоматтандырылған мәліметтер базасын құру арқылы материалдар мен құжаттарды тіркеу, сақтау түгелдігін қамтамасыз ету тиімділігін жоғарылату

ААЖ – геодезиялық және картографиялық мәліметтер мен материалдарды тіркеуге арналған автоматтандырылған мәліметтер базасын әзірлеу бойынша техникалық жобаны келісу

Бөлімнің ықтимал тәуекелдерін алдына қойған мақсаттарға әсер етуі мүмкін шектеулі көлемдегі ресурстар бойынша анықтау ұсынылып отыр.


Тәуекелдің атауы

Алдын алу және (немесе) уақтылы әсер ету шараларын қабылдамаған жағдайлардағы салдарлары

Басқару тетіктері және шаралары

Технологиялық тәуекел

Аудан аумағының қазіргі заманғы жағдайына және мемлекеттік топонимикаға сәйкес мемлекеттік топографиялық карталармен қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық мәліметтерді беруде, сақтауда бұзылуы экономиканың көптеген міндеттерін шешуде кері әсерін тигізеді

Мемлекеттік тапсырысты уақытылы орындауға жағдайлар жасау, оның тиімді және сапалы орындалуына мониторинг және бақылау

Техногендік тәуекел

Жоғары нақты геодезиялық өлшемдерді, геодинамикалық полигондарды уақытылы өткізбеу, қазіргі уақыттағы жер қабатының қозғалыс жағдайының сараптамасын жүргізбеу экономиканың барлық саласына кері әсер етуі мүмкін

Халықты қорғау бойынша ескертулік шараларды, нысандарды және облыс аумағын стихиялық құбылыстардан қорғау бойынша шаралар экономикалық дамудың тұрақтылығының көрсеткіштерінің бірі болып табылады

Кадрлық әлеует

Жерге орналастыру қызметінің кәсіптік мүмкіндіктерінің күрт шектелуі және жүктелген функцияларды жүзеге асыру бойынша негізі тапсырмаларды орындау қабылетсіздігі

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша және қызметтік міндеттерді орындауда материалдық қолдау, көліктік қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану


Материалдық-техникалық

жабдықтау

Компьютерлік техниканың және ақпараттық инфрақұрылымның тозуы жер қатынастары бөлімінің жұмысына кері әсер етуі мүмкін


Жерге орналастыру қызметінің алдына қойған міндеті тиімді, жедел қызмет атқару үшін қазіргі заманға компьютерлік құрал- жабдықтардың болуын талап етеді





^ 5. Нормативтік құқықтық актілер


1. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағы;


2. Президенттің Қазақстан халқына 1997 жылғы 10 қазандағы Жолдауында көрсетілген Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында айтылған 1 «Ұлттық қауіпсіздік» ұзақ мерзімді басымдылығы, 3 «Жоғары деңгейлі шетел инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім» ұзақ мерзімді басымдылығы»;


3. 4.5-кіші бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу»  IV «Агроқұрылымдық саясат» Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын дамыту;

4. 1-бөлік «Ағымдағы жағдайдың сараптамасы», 3.1. «Әлемдік және аймақтық экономикада елді тұғырландыру», 3.2.2. «Ауылдық аумақтардың дамуы», 3.2.3. «Аумақтарды жаңа жерге орналастыру жүйесі және аумақтардың құрылымы»;

5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №535 Жарлығымен бекітілген, Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» 3 бөлімінің «Тұрғын үйге қолжетілімдікті және оның сапасын қамтамасыз ету» кіші бөлімінің 71-72- тармақтары;

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі №958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесінің 8- 46-тармақтары;

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 қаулысымен бекітілген «Тұжырымдаманың міндетін орындау және мақсатқа жету жөніндегі шаралар» Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманың 4-бөлімі;

8. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасы;

9. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы №41 қаулысы;

10. «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық бірліктерінің лимиті туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысы.


^ 6. Бюджеттік бағдарламалар


Бөлімнің бағытталған стратегиялық жоспарының анықтауына сәйкес төмендегідей бюджеттік бағдарламаға бөлінді:





Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 ж (есеп)

2009 ж (ағымдағы жоспар)

2010 ж

2011ж

2012ж



















1.жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3154

4953

5292

7033

7906

материалдық-техникалық жабдықтау

172

300

324

2000




Бюджеттік бағдарламаларды дамыту
















2.Жетілдіруге ұсынылған бағдарламалар
















1)елді мекендердің жер-шаруашылық құрылымы




492




1000

1000

2)ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрінен басқа түріне ауыстыру жұмыстары

747













3)жерлерді аймақтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
















4) ақпараттық жүйелерді құру










1500




5)ауылдық (селолық) округтердің, кенттік ауылдар (село), аудандық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу кезінде жүргізілген жерге орналастыру










5000

5000

Барлығы шығындар, олардан

4073


5745

5616

16533

13906



«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыты мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі



Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар

Бөлімнің қызметін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық құжаттың атауы

1

2

3

1- Стратегиялық бағыт. Жер ресурстары бойынша мәліметтерді құру және жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жоғарылату

1.1-мақсат. Қолданушыларға берілетін жер ресурстары туралы ақпараттың толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету

Жер ресурстары жағдайларының зерттелгендік дәрежесін көтеру, жерлерді тиімді және рационалды пайдалану үшін жерге орналастыру саласында жаңа теңнологиясын және астық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа жетістіктерді енгізу; барлық мүдделі қолданушыларға жер-кадастрлық ақпараттың қол жеткізілуін және жер ресурстары туралы ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету; жер қатынастарын реттеу бойынша жер заңнамасын жетілдіру (жерлерді қорғау, жер нарығының дамуы, жерлерді бөлудің мөлдір жүйесін енгізу)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 «Қазақстанның 2030 жылғы дейін даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы




1

2

3

1.2-мақсат.

Қазақстан Республикасы жер заңнамасын барлық жер қатынастары субьектілерімен бұзылуын азайту

Жер қатынастары субьектілерінің жер заңнамаларын сақтауы

Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы



Бөлім бастығы В. Калиновский



Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Мемлекеттік мекеме қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі»
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көрінуі бет
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелердің көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«ШҚО жер қатынастары басқармасы» мм 2011-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуы туралы ақпарат «ШҚО жер қатынастары басқармасы»
«ШҚО жер қатынастары басқармасы» мм 2011-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шығыс Қазақстан облысы акімдігінің 2011 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы