|
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтар № 21 қаулысымен бекітілді «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
1. Миссиясы және пайымдауы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) миссиясы – бұл экономикалық политиканы жүзеге асыру, сонымен қатар жинақылығы, мемлекеттік жоспарлау және басқару тиімді жүйелер, ауданның жаңа деңгейде бәсекелестікке жетуге мүмкіндік жасау және әлеуметтік-экономикалық өсімнің тұрақтылығы. Пайымдауы - Бесқарағай ауданының дамыған өңірлері қатарына енуіне мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты дамуы. ^ Қазіргі уақытта аудан экономикасы қаржылық және тауарлық әлем нарықтарындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты келеңсіздіктерді бастан кешуде. Бұл факторлар макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына айтарлықтай әсер етеді, өйткені құнсызданудың өсімі экономиканың шикізаттық емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу қаупін күшейтеді. Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында дағдарыс салдарын жеңуге және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттер қойылған. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес ел Үкіметі әлемдік экономикалық дағдарыс ықпалын төмендету отандық экономиканы әулетті сыртқы тәуекелдерден қорғаудың қажетті шараларын пысықтау бойынша шаралар қабылдауда. Ауданның экономикасына жаңа түбегейлік кезең басталады - бұл сапалық сипаттаманың өсуін қамтамассыз ету. Атап айтқанда, дағдарыстың жағдайындағы экономиканың тұрақтылығы, салаларды өңдеуші сияқты өндіруші ретінде теңдестірілген даму, инфрақұрылымның нәтижелігі. Ең басты, бұл әр адамның тіршілігінің сапасы. Бөлімнің негізгі міндеттері стратегиялық жоспарларға қол жеткізуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бейімделген экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың біртұтас, тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ауданның 2007-2009 жылдардағы фискалдық саясатты экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, еңбек өнімділігінің өсімі, иновация және адам капиталы, қайсысы да нәтижелі реформ жеткізілуінің басты факторлары болуы қажет. Экономикадағы пазитивті өзгерістерге әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымда нақты дәрежелі мәселелерді шешуге рұқсат берілді. Қазіргі уақытта қалыптасқан салалық және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың ресімдері мен әдістемесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жеткізуді және мемлекет қаржысын тиімді басқаруды қамтамасыз ете алмау мәселесі бар. Бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижелілігі индикаторларының, олардың тиімділігін бағалаудың нақты тетігін, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау арасында өзара байланыстың болмауына байланысты, бюджет қаржыларын шығындау тиімділігін есепке ала отырып, бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігіне сапалы бақылау жасау мүмкіндігі жоқ. Бюджет қаражаттары көбінесе толық негізделмей, тиімсіз жұмсалады және орта мерзімді жоспарлардың басымдылықтарын жүзеге асырумен тығыз байланысы жоқ. Бұл ең алдымен жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік тәртібінің жеткіліксіздігінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, 2009 жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетіндегі игерілмеген бюджет қаржыларының сомасы 307,6 мың теңгеден астамды құрайды. Мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуін толық қамтамасыз ете алмайды, мемлекеттік органдардың тұрғындармен қайта байланысы жоқ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің төмен тиімділігі мен сапасы байқалды. Қазіргі таңда, мемлекеттік органдарда функциаларды талдау нақты тапсырмалар алынған жағдайда ғана жүргізіледі. Жергілікті билік деңгейлері бойынша өкілеттіктерді жүргізуді жіктеу жалпы сипатта ғана анықталған және нақты регламенттелмеген. Өңірлердегі басты функциялар, негізінен облыстық деңгейде орындалды. Мемлекеттік қызметтердің ауылдық округтер, кенеттер мен ауылда аумақтарында тұратын алушыларға, яғни, тұрғындарға жақындау қағидаты сақталмайды, бұл қызметтерді толық көлемде және уақытында алуды қиындатады. Бүкіл әлемдік үрдістердің қолайсыздығына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалды. Өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі нақты индекс көлемі 390 пайызды құрап, жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі – 84,5 пайыз, 2007 жылға қарсы жалпы ауыл шаруашылық өнімнің өсімі қарастырылмайды, инвестиция көлемі – 7,2 пайыз, орта айлық еңбек ақы – 24 пайыз, 1,37 мың шаршы метр тұрғын үй қоса кірді. Халыққа шаққандағы шығстар 40237 теңге. Өнеркәсіп. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмыс істеген өнеркәсіп өнімінің бағасы 207,1 млн. теңгені құрады, 2007 жылы 4,8 млн. теңгеге қарсы. ^ 2008 жылы жалпы өнім 2952,5 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемінің салыстырмалы бағасы 84,5 пайыз. 2008 жылғы ет өнімдері – 6,75 мың тоннаны құрап, 2007 жылдың өсімімен салыстырғанда 100 пайыз, сүт – 39,9 мың тонна, өсім 102,1 пайыз, жұмыртқа – 3,4 млн.дана, өсім 100,1 пайызды құрады. ^ 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бесқарағай ауданындағы шағын бизнесінде тіркелген кәсіпорындар саны 57 бірлікті құрайды. Инвестициялық қызмет. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 739792 мың теңгені құрады, 2007 жылғы өсіммен 7,2 пайыз, облыстық инвестицияның үлесі 0,5 пайызды құрады, соның ішінде республикалық бюджет есебіне – 558049 мың теңге, жергілікті бюджет – 78274 мың теңге, өзіндік қаражаты – 101496 мың теңгені құрады. ^ 2008 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға енгізудің жалпы алаңы 1373 шаршы метрді, орындалғаны 110,5 пайызды құрады. Облыстық көлем үлесінде 0,6 пайызды құрайды. Құнсыздану. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 105,7 пайызды құрады, бұл ұқсас көрсеткіштерінен 4,8 пайыздық тармаққа төмен және республикалық орташа деңгейден 0,5 пайыздық тармаққа төмен. Құнсызданудың жалпы деңгейі бойынша облыс Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда азаю шкаласы бойынша 9-шы орында тұр. Азық-түлік емес тауарлары бойынша баға индексі – 108,4 пайыз, азық-түлік тауарлары бойынша баға индексі – 103,1 пайыз, индекс баға мен халыққа қызмет көрсету тарифтері – 106,7 пайызды құрады. ^ Ауданда 2008 жылы жүгінімнен шыққандар санының өсуі 132 пайызға байқалуда, 2007 жылы келістіруші арқылы жұмысқа орналасқандар – 332 адам, 2008 жылы – 441 адам өтінімнен шықты. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 103 жұмыссыз тіркелген, бұл 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға 22 пайызға төмен. Экономикалық белсенді халықтың тіркелген жұмыссыздар үлесі -0,8 пайыз. 2010 жылғы 1 қаңтарға бос орындар саны жоқ. 1 тапсырыс берілген бос жұмыс орнына жұмыссыз азаматтарды алуға бос орын жоқ. Жұмыстағы ресурстардың төмендеу деңгейінің бірден-бір шаралары ауданда жаңа жұмыс орындарының құрылуы. 2008 жыл ішінде ауданда 91 жұмыс орны құрылды немесе жоспар бойынша 126,4 пайыз (72 орын), оның ішінде шағын бизнесте 44 орын, ауыл шаруашылықтарында 33 орын, басқа салалар бойынша 14 орын. 2008 жыл ішіндегі әлеуметтік жұмыс орындарының жалғасуы 1 жұмыссызға 4 ай. Бір жұмыссыздың жалақысына қосымша үстемақы аудандық бюджеттен 9,0 мың теңгені құрайды. Жұмысшылардың қаражаттары есебінде әрбір жұмыссызға әлеуметтік жұмыс орындарына орташа бір айға 9,0 мың теңге жұмсалған. Алты адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, тұрақты жұмысқа орналасты. 2008 жыл ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға ауданның 30 жұмыс берушілерімен 605 келісім-шарт жасалынған болатын. Жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға 395 жұмыссыз немесе 158 пайызы бір жылға жоспарланғаннан (250 адам) қатысты. Жұмыстың жалғасуы 2,6 ай. 2008 жылы жұмыссыздардың басым бөлігі нысандардың құрылысына қатысты, олар: әлеуметтік-мәдениет, экологиялық сақтауда және аумақты көріктендіру, әлеуметтік сауалнамалар өткізуде, шаруашылық кітаптар мен басқада жұмыстарды нақтылауға қатысты. 2008 жылы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге барлығы 11500,6 мың теңге бөлінді, орташа алғанда 1 жұмыссызға айына - 10881 теңге немесе 2007 жылға қарағанда 13 пайызға (9625 теңге) артық. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 2,6 айды құрайды. Қоғамдық жұмыстардың аяқталуы бойынша 174 жұмыссыз жұмысқа тұрды. Ауданның халықтарын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 2008 жылы 30 адамды оқыту жоспарланды. Оқуға 30 адам жіберілді немесе жоспарға 100,0 пайыз. Оқуды 30 адам бітіріп, оқуды бітірген 30 адам жұмысқа орналасты. 1 адамды оқудың орташа айлық бағасы 6654 теңгені құрайды, 1 адамды оқудың орташа ұзақтығы - 3,5 ай. 2008 жылы жұмыспен қамту бөліміне әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алу үшін 980 адам өтініш білдірді. 2008 жыл ішінде жастар тәжірибесіне 6 адам жіберілді немесе жоспарланған санынан 100,0 пайыз. 2008 жылы кәсіптік оқу орындары түлектерінің жастар тәжірбиесіне қатысудың орташа ұзақтығы 4 айды құрады. Халықты жұмыспен қамтудың 2008 жылға арналған бағдарламасының қаржыландырудың нақтыланған жоспары 13872,0 мың теңгені құрайды. 2008 жыл ішінде 13872,0 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз, оның ішінде: қоғамдық жұмыс - 11688 мың теңге, кәсіптік оқу және оқу арасындағы шығындарды өтеу - 1575,0 мың теңге, жастар тәжірбиесі - 410 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұру – 199 мың теңге. ^ Бюджеттің түзетілген кіріс бөлігі 1016,1 млн.теңгені, орындалуы 1018,2 млн. теңгені, бұл 100,2 пайызды құрайды. Бюджеттің түзетілген шығыс бөлігі 1021,2 млн.теңгені, орындалуы 1017,7 млн. теңгені, бұл 99,7 пайызды құрайды. ^
^ Лауазымдық міндеттерін сапалы орындауы және кәсіби деңгейін жоғарлату үшін Бөлім қызметкерлерін ынталандыру мақсатында нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың тиімді әдістерін енгізу. Бөлімнің әкімшілік және кәсіподақ комитетінің жалпы жиналысында 200-2011 жылдарға арналған Ұжымдық келісімді, Бөлім қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету туралы ережені әзірлеу және бекіту. Аталған құжатқа сәйкес сыйақы «Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілері жұмыстың сапасы бағасы Заңын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1367 қаулысын бекітілген белгіленген критерийлерге сәйкес әр қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау нәтижесі бойынша берілді. Бөлім қызметінің ішкі тәртібін жетілдіру үшін Бөлім регламенті бекітілсін, мұнда түрлі жиналыстарды ұйымдастыру, ресімдеу, кіріс және шығыс хат-хабарды қарау, нормативті құқықтық актілер жобасын әзірлеу және келісу, корпоротивті мәдениетті енгізу, және тағыда басқа тәртіптер бекітілсін. Бөлімнің сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру, дамыту және сақтау бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда. Кадрлық әлеуетті сапалы және тиімді жұмысқа ынталандыру тетіктерінің кеңейтілген спектрін енгізу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Басқарманың кадрлық тұрақсыздығын төмендеуге және қызметкерлердің позитивті кәсіпқойлық және әлеуметтік сана сезімін өсіруге бағытталған корпоротивті мәдениет элементтерін енгізу бойынша шаралар әзірлеу. Ұжымның біртұтастығы, қызметкерлердің корпоротивтік рухы және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында корпоротивті және іс-шаралар ұйымдастыру. Бөлім жұмысының сапасын арттыру және қызметкерлердің ақпаратық сұраныстарын қанағаттандыру үшін ақпараттты жинақтау және пайдалану жүйесіне жұмсалатын жұмысты реттеу мен қысқартуға бағытталған шаралар қабылдансын, Интернетке, «Заң» заңдық мәліметтер базасына, мәліметтердің ақпараттық базасына кіру 100 пайызға қамтамасыз етілсін, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің ақпараттық ресурстарымен тиімді жұмыс істеу дағдысын дамыту және оларды күнделікті жұмыста қолдану қамтамасыз етілсін. Қоғаммен және жеке сектормен тиімді байланысты дамытуға бағытталған қосымша тетіктерді әзірлеу саласында Бөлімнің веб-сайтын жетілдіру бойынша, оның өзекті жаңалануы, және де Бөлім басшылығымен азаматтардың «тікелей әңгімелесуіне» мүмкіндік беретін арнайы веб-парақтар ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру, «кері байланысты» ұйымдастыру. ^ Басқарманың таңдаған стратегиялық мақсаттары бойынша мақсатқа табысты жетуі басқа да мүдделері тараптармен үйлесімдік дәрежесіне және мынадай өзара іс-әрекетіне байланысты:
Болуы мүмкін тәуекелдер. Өз қызметі барысында бірқатар тәуекелдерге кездесуі мүмкін. Тәуекел көзі мен түріне байланысты, оларды басқару үшін бөлім арнайы стандартты және жағдайлық шараларды қолданатын болады. Төменде негізгі тәуекелдер көрсетілген.
^ Стратегиялық жоспарды әзірлеуде негізгі алынған бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер тізбесі: 1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі(Салық кодексі); 2) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; 3) «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 4) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; 6) «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; 7) «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы; 8) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтрадағы № 273 жарлығы; 9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы; 10) «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауы; 11) «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы; 12) «Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы; 13) «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудың іс- шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 273 қаулысы; 14) «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысы; 15) «Әлеуметтік-экономикалық болжамды әзірлеу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы; 16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 152 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары; 17) «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2008 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/28-IV, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2464 шешімі; 18) «2008-2010 жылдарға арналған облыстық бюджет пен қала және аудан бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы транферттер көлемі туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2008 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/29- IV шешімі; 19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурызда № 11 отырысында мақұлданған, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар; 1 ^ қосымша 1-1
12
Қосымша 5 ^ мың теңге
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім бастығы С.Оразданов |