«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары



Название«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации03.11.2012
Размер480.65 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4



Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы 18 қаңтар

№ 9 қаулысымен бекітілген


«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Мазмұны



1. Миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері

3.1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері мен мүмкін тәуекелдері

4.1. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін қаржы басқармасының қаржылық мүмкіндіктері

4.2. Болуы мүмкін тәуекелдер

5. Нормативтік құқықтық актілер

6. Бюджеттік бағдарламалар



1. Миссиясы мен пайымдауы


Тікелей және түпкілікті нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.

Қаржы органдары, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, экономикалық қызметтер, салық органдары, жергілікті атқарушы органдарымен үйлестірілген жұмыс, бекітілген бағдарламаларды қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі қалыптасқан экономикалық жағдай негізінде түсімдер болжамдарын қалыптастыру тәсілдерінің шынайылығы. Заңды тұлғалар, олардың мүліктері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің есептілігі бойынша мәліметтерді ескере отырып, мемлекеттік коммуналдық меншік активтерін есепке алудың толық, анық ақпараттық базасын құру.

^ 2. Ағымдағы жағдайды талдау


Ел Президентінің 1997 жылғы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдына қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген орта мерзімді жоспары мен фискальды саясатына сәйкес шығыстардың тиімділігін арттыру есебінен өңірдің қаржылық мүмкіншілігін кеңейтетін, мемлекеттік басқарудың институционалды негіздерін нығайту және жаңғырту жолымен ауданның экономикалық өсуіне ықпал ету қажет.

Қазіргі уақытта қойылған міндеттерге жету үшін бюджеттің атқарылуы бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, бюджеттік қаражаттардың мақсатты және дер кезінде игеру, бюджетке түсімдердің уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жиынтығын жүргізуі қажет.

Бюджетті толық және дер кезінде атқару мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі (бұдан әрі – қаржы бөлімі) аудандық бюджеттердің түсімдерінің атқарылуына және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес бюджет қаражаттарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің пайдалануына талдау жасайды.

Бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша тоқсан бойынша және бір жылға аудан әкімі немесе әкімнің орынбасарының төрағалығымен, ауылдық округтердің әкімдерінің, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының, аудан бюджетінің атқарылуы мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бесқарағай ауданы бойынша Қазынашылық Комитетінің Қазынашылық басқармасының және Бесқарағай ауданы бойынша Салық комитеті басшыларының қатысуымен аудандық кеңейтілген мәжілістер өткізіледі. Нәтижелері бойынша бюджеттің атқарылуын толық және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар мен тиісті хаттамалық шешімдер қабылданады.

Қаржы бөлімі Басқарма мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты буын ретінде бюджеттің тиімді атқарылуына басқаруға мүмкіндік береді.

Соңғы бес жылда аудан бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің нақты барлық қызметтері бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің біршама ұлғаюымен сипатталады. 2005 жылға қарағанда өсім 70,3 млрд.теңгені құрады. Қазіргі уақытта бюджеттік қаржыландыру саласында инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыру көлемінің ұлғаюына байланысты жеке бағыт бар, өсім 13,2 млрд.теңге.

Бюджет қаражаттарының толық және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік артуда, тиісінше жүргізілетін бюджеттік мониторинг сапасын күшейту талап етіледі.

Қаражаттарды игеру мынадай көрсеткіштермен сипатталады: 2005 жылы - 99%, 2006 жылы – 99,9%, 2007 жылы – 95,9%, 2008 жылы - 98,1%, яғни тікелей нәтижелердің төмендеуі байқалады.

Мемлекеттік сатып алу тендерлерін қалыптастыру бөлігінде қаражаттардың уақытында игерілмеуінің бірден бір негізгі себептері ретінде: сауда-саттық жүргізудің созылмалы процесі, бірнеше рет өткізілуі, конкурстардың өтпей қалуы, әлеуетті жеткізушілердің жоқтығы сияқты мәселелер анықталды.

Бюджеттің уақтылы орындалмау проблемасын барлық талап етілген рәсімдік мәселелер қызметін нақты жүргізіп, ұйымдастыра шешу керек, көптеген мемлекеттік органдар бюджеттік және қаржылық операцияларды уақтылы орындамай, тиісті бақылау жасамай қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің бүкіл қолданылу кезеңінде барлық аудан бюджетін атқару процесі және бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз. Ай сайын мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар 7 млрд. теңгеден 3,5 млн. теңгеге дейін құрайды. Дұрысында мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру және қаражаттарды игеру индикаторларын 99,5%-дан 100%-ға дейін ай сайын арттыруға ұмтылу қажет.

Бюджетті атқару және бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу кезінде Қаржы бөлімі ұшырасатын, стратегиялық бағытты жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін мынадай мәселелерді көрсетуге болады:

бюджетті атқаруда жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмейді;

түсімдер бойынша жоспарлардың орындалмай қалуы және тиісінше бақылау шотында қолма-қол ақшаның болмауына байланысты жоспарланған нәтижелердің орындалмауы;

бар болған кредиторлық және дебиторлық берешектер;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және төмен тұрған уәкілетті органдардың бюджетті атқару, бюджетті және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сондай-ақ белгіленген есептілікті дер кезінде өткізу бөлігіндегі нашар атқарушылық қызметі, осының салдарынан аудан бойынша Қаржы бөлімі жоғарыдағы органдарға қалыптастыратын және ұсынатын есептілік мәліметтер сапасының төмендеуі және мерзімінің созылуы.

Мұнан басқа, бюджеттік бағдарламаларды атқару бөлігінде мынадай мәселелер бар:

бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз жүзеге асырылуына әкелетін, бюджеттің атқарылуындағы бюджеттік рәсімдердің көпсатылылығы мен күрделілігі (бюджеттік бағдарламалардың іс-шаралары жөніндегі шешімдерді қабылдаудан бастап, соңғы есептерге дейін);

бюджеттік бағдарламалардың дер кезінде атқарылу мәселесі әлі де өткір мәселе болып қалып келеді.

Аудандық коммуналдық меншікті басқару жүйесін қалыптастыру (ауданның коммуналдық меншікке қатысты меншік құқығын жүзеге асыру, мемлекеттік активтерді коммуналдық меншік объектілерін ұтымсыз пайдалану тұрғысынан тексеру, мұндай объектілерді бәсекелі ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру, мемлекеттік мүлікті сату және тағы басқалар) стратегиялық жоспарда аудандық коммуналдық меншікке жататын Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тізілімін, кешенді мониторингінің нәтижелерін қамтитын ақпараттық базаны қалыптастырумен ұсынылған.

Тізілімде ағымдағы жағдай бойынша иесіз объектілер мен заңды тұлғалардың пайдаланылмай тұрған мүліктері жөніндегі деректер толық көрсетілмеген, ол коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден және сатудан бюджетке түсетін түсімдер көлеміне әсер етеді. 2008 жылы жалдық төлемдердің түсімдері 2007 жылға қарағанда 6%-ға, 2008 жылы коммуналдық меншік объектілерін сатудан жоқ, сонда 2007 жылы түсімдер 80 мың теңгені құрады.

Аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша атқарылған жұмыстар шеңберіндегі жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Қаржы бөлімі ұшырасатын және көрсетілмеген стратегиялық бағытты жүзеге асыру жолымен өз шешімін табатын мына проблемаларды көрсету қажет:

мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігін дер кезінде аудармауы және мемлекеттік басқарма органдары тарапынан қазыналық кәсіпорындардың нақты алынған кірістерінің жоспарланғаннан артық болуына бақылаудың жоқтығы;

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарының қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарын жасау мен олардың атқарылуын талдау, Қаржы министрлігі белгілеген мерзімде оларды нақтылау жөніндегі нашар атқаруышылық тәртібі, осының салдарынан аудан бойынша Басқарма өткізген жиынтық мәліметтерді талдау сапасының төмендеуі;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында оларды басқа коммуналдық меншік ұйымына жалға, балансқа, есептен шығару немесе бәсекелік ортаға беру ретінде қаралатын пайдаланылмайтын мүліктердің болуы;

балансұстаушылар коммуналдық мүлік, әсіресе техникалық сипаты бойынша, түсуі және шығуы туралы, мүлікті тіркеу және пайдалану туралы мәліметтерді жеткілікті дәрежеде сапалы қалыптастырмайды.

Жоғарыда аталған проблемалар аудандық коммуналдық меншікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, қаржылық және басқару ақпаратымен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру жолымен шешуді талап етеді.


^ 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері


Атауы

Өл-шем

бір-лігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008

жыл

(есеп)


2009 жыл

(ағым-

дағы

жылғы

жоспар)

2009 жыл2010 жыл 2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

1-Стратегиялық бағыт.

Аудан бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Бюджет қаражаттарын дер кезінде игеру

Нысаналы индикатор. 2009 жылы қаражаттары 100% игерілген бюджеттік бағдарламалар үлесін арттыру және кейінгі жылдары осы көрсеткіштерді ұстау

1.1.1-міндет. Жергілікті бюджеттердің атқарылу мониторингі

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің болжамын орындау

%

96,9%

100

100

100

100

100

100

1.1.2 -мақсат. Бюджетті атқару мониторингі процесінде

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзара тиімді іс-әрекет жасау

Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған нысаналы трансферттерді қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын оқшауландыруды болдырмау

%

100

100

100

100

100

100

100

Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізу

%

98,5

100

100

100

100

100

100

1.1.3-міндет. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті қалыптастыру және ұсыну

Сыртқы және ішкі алушылардың ақпараттық материалдарына сәйкес келетін нақты, толық есептілікті дер кезінде ұсыну

%

100

100

100

100

100

100

100

Нысаналы индикатор. Мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінде WEB-портал арқылы электронды мемлекеттік сатып алудың үлесі.

%

0

17

100

100

100

100

100

1.1.4-міндет. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды енгізу

Электронды мемлекеттік сатып алуды қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушілердің үлес салмағы

%

0

17

100

100

100

100

100

2-Стратегиялық бағыт.

Коммуналдық меншiктi басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

2.1-мақсат. Коммуналдық меншiктi басқару бөлiгiндегі

қызметтердің сапасын арттыру


Нысаналы индикатор.

Оларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолымен коммуналдық меншік объектілерін басқаруды оңтайландыру және бақылау деңгейін арттыру.

%

0

0

50

60

65

70

100

2.1.1-міндет. Коммуналдық меншіктің жағдайы мен оны пайдалану

нәтижелерін есепке алу жүйесін дамыту.

Басқару шешімдерін қабылдау мақсатында аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды

зерттеулермен қамту

%

0

0

50

60

65

70

100


3.1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


1-Стратегиялық бағыт. Аудан бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету


Мемлекеттік органның мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік органның қызметі

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1.1-мақсат.

Бюджет қаражаттарын дер кезінде игеру

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган: жергілікті бюджетті атқару қызметтерін орындайды, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есептілік пен бюджеттік есептілікті жүргізеді.


«Бюджет қаражатын жоспарлау жүйесін жаңғырту және жетілдіру, пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жеделдету қажет».


Барлық компаниялар үшін тең талаптарды қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алудың айқындылығын арттыру үшін мемлекет «мемлекеттік сатып алуды ел ішіне бағыттайды»

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясы, «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы.


«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.


2-Стратегиялық бағыт. Коммуналдық меншiктi басқару жүйесінің тиімділігін арттыру


2.1-мақсат.

Коммуналдық меншiктi басқару бөлiгiндегі қызметтердің сапасын арттыру


«Мемлекеттік активтерді тиімді басқару»


Үкімет, Халық банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.



^ 4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері

мен мүмкін тәуекелдері


4.1. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін қаржылық мүмкіндіктері


Әдістемелік жұмыстар, түсіндіру семинарларын өткізу жолымен аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және ауданның атқарушы органдары арасындағы өзара әрекетті үйлестіру және реттеуді күшейту, ол аудандық бюджеттерді атқару процесінде түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Бюджеттік мониторингті, бюджеттік есепке алу орындау, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау, мемлекеттік меншікті басқаруды оңтайландыру және тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу, бұл түпкі нәтижеде заңды тұлғалардың қызметтерді жедел және сапалы ұсынуына әкеледі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес үнемі Қаржы бөлімі қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру, қызметкерлерді ынталандыру.

Қаржы органдарының қызметінің тиімділігін арттыру, ол үшін ақпараттық ресурстарды дамыту және жетілдіру қажет.

Көрсетілетін қызметтерді алушылармен өзара іс-әрекет – ақпараттар, мәліметтерді Қаржы бөлімінің Wев-сайтына орналастыру.

Орындауға және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бөлінген мемлекеттік қаражаттарды тиімді пайдалануға және заңнама шеңберінде әкімшілендіретін алымдар мен төлемдерден түсетін түсімдерді ұлғайту мүмкіндігіне бағытталған басқарма мен ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемеге ішкі бақылау жүргізудің жауапкершілігін арттыру.


4.2. Болуы мүмкін тәуекелдер


Басқарма өз қызметінің барысында бірқатар тәуекелдермен немесе басқарма тарапынан бақылауға келмейтін сыртқы факторлармен ұшырасуы мүмкін:


Тәуекел атауы

Тәуекелдің болуы мүмкін салдары


Тәуекелдерді басқару


Бюджет заңнамасының, тиісті нормативтік актілердің тұрақсыздығы

Ресми материалдарды уақытында ұсынбау, мазмұны дұрыс емес, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеу.

Бюджет заңнамасы бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу

Әзірленетін есептілік көлемінің ұлғаюына байланысты ақпараттық жүйелердің сай емес жұмысы

Сапалы және уақытылы әзірлемеу

Ақпараттық технологияларды жетілдіру

Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында кәсіптік біліктіліктің төмен деңгейі мен есепші мамандардың жоқтығы

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электронды мемлекеттік сатып алуға уақытында көшпеуі, төлем құжаттары мен есептіліктің техникалық сәйкессіздіктерге жол беру

Түсіндіру семинарлар, мәжілістер өткізу, мәліметтерді Wев-сайтқа орналастыру жолымен ақпараттандыру деңгейін арттыру

  1   2   3   4



Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеті және пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелердің көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мен пайымдауы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары iconЗайсан ауданы әкімдігінің «11» қаңтар2010 жыл №1014 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Бөлім – бұл тұрғын үй-коммуналдық әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени бағытындағы нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуын...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы