Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



НазваниеБесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации25.01.2013
Размер359.13 Kb.
ТипДокументы
источник



Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 38-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламенті бектілсін (қосымша).

2. Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы осы Регламентпен белгіленген тәртіп пен талаптарды қатаң орындауды қамтамасыз етсін.

3. «Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» аудан әкімінің 2002 жылғы 18 наурыздағы №8-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Регламенттің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Н.Глазинскийге жүктелсін.


^ Аудан әкімі Т.ЖЕКСЕМБАЕВ


Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы 18 маусым

№247 қаулысына қосымша


Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының

РЕГЛАМЕНТІ


1. Жалпы ережелер


1. Осы регламент Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелерін айқындайды.

2. Аппарат аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

3. Аппаратты аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Аппарат туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

4. Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік қүқықтық актілерін, сондай-ақ осы Регламентті басшылыққа алады.

Аппарат басшылығын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының басшысына жүктеледі.

^ 2. Жұмысты жоспарлау


5. Аппарат жұмысы ағымдағы жоспарлауға сәйкес жүзеге асырылады. Ағымдағы жоспарлау аппарат бөлімшелерінің жылдық, жарты жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларынан және аппараттың жиынтық жоспарларынан тұрады.

6. Аппараттың бөлімдері алдағы жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді, оны алдыңғы жарты жылдықтың соңғы айының 25-ші күнінен кешіктірмей аппарат басшысы бекітеді. Аппарат бөлімдерінің жұмыс жоспарларының көшірмелері аппараттың тиісті айға және жырты жылдыққа арналған жоспарын жинақтау үшін осы мерзімде ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық бөліміне тапсырылады.

Бөлімдер ағымдағы жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын аппарат басшысының атына тапсырып отырады. Бөлімдердегі жоспарлауды жүргізуді басшылар мамандардың біріне жүктейді. Бөлімдердің жұмысын жоспарлау жөніндегі істердің жағдайына бөлім басшылары жауап береді. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының талап етуі бойынша бөлімдердің жоспарларды орындауы жөніндегі ақпарат өзге мерзімдерде, ауызша да, жазбаша түрде де тапсырылуы мүмкін.

2


^ 3. Мәжілістерді, кеңестерді және басқа да іс-шараларды дайындау

және өткізу тәртібі


7. Аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тізбесін аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар бірінші басшыларының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бірінші басшыларының, аппарат бөлімдері меңгерушілерінің ұсыныстары бойынша кезекті жарты жылдық басталғанға дейінгі он бес күннен кешіктірмей ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық бөлімі жарты жылдыққа құрастырады.

Аудан әкімдігі мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі аудан әкімінің өкімімен бекітіледі. Бекітілген тізбе барлық мүдделі мемлекеттік органдарға таратылады.

8. Аудан әкімдігі мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі әкімдік регламентінде айқындалады.

9. Аудан әкімінің қатысуымен ресми іс-шаралар ұйымдастыруды аудан әкімі аппаратының осы іс-шараны өткізуге жауапты бөлімі аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарларының, аппарат басшысының басшылығымен, ауданның мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жүзеге асырады.

10. Аудан әкімдігі, аудан әкімінің аппараты өткізетін кеңестер, мәжілістер жэне басқа да іс-шаралар ашық болып табылады жэне мемлекеттік жэне орыс тілдерінде өткізіледі.

11. Аудан әкімдігі, аудан әкімі аппараты өткізетін кеңестер, мәжілістер және басқа да іс-шаралар аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының бастамасы бойынша жабық деп жариялануы мүмкін.

12. Аудандық деңгейдегі кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да іс-шараларды аудан әкімі не болмаса ол болмаған кезде аудан әкімінің міндетін атқарушы адам өткізеді. Жекелеген жағдайларда, салалық мәселелерді қарастырған кезде міндеттерді бөлуге сәйкес тиісті салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларының басшылығымен аудандық іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

13. Кеңестердің, мәжілістердің ұзақтығы 45-60 минуттан аспауы тиіс. Мәселелерді одан әрі талқылау қажет болған жағдайда тікелей орындаушылар мен мүдделі адамдардың қатысуымен тар шеңберде өткізілуі мүмкін.

14. Аудандық іс-шаралардың өткізілуіне жауапты аппарат бөлімдері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей қатысушылардың ұсынылып отырған тізімін айқындайды, ол аппарат басшысымен келісуге жатады.

Бекітілген қатысушылар тізімі полиция күзетінің кезекші қызметкеріне аппарат ғимаратына кіре берісте беріледі.

3


15. Шақырылғандардың қатысуын аппараттың тиісті бөлімі қамтамасыз етеді.

16. Мәселелерді талқылауға қатысатын шақырылушылар материалдарды өткізілуге дейінгі бес күнтізбелік күннен кешіктірмей іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөліміне тапсырады (электрондық және қағаз жүзінде). Іс-шаралар аудан әкімінің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін жағдайда материалдар іс-шара өткізілетін күні тапсырылуы мүмкін.

17. Қатысушылардың материалдарын тиісті бөлім жинайды және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей аппарат басшысына береді.

18. Материалдар уақытында тапсырылмаған, сондай-ақ толық көлемде тапсырылмаған және сапасыз әзірленген жағдайда аудандық іс-шараларға қатысушылар, осы іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөлімі аппарат басшысының (не болмаса оның міндетін атқарушы адамның) қол қоюымен аудан әкімі атына ақпарат дайындайды. Бұл жағдайда аталған мәселені неғұрлым кейінгі күнге көшірумен күн тәртібінен алу туралы мәселе шешілуі мүмкін. Материалдарды уақытында тапсырмағаны, сондай-ақ сапасыз тапсырғаны үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарлары жауап береді.

19. Аудандық іс-шараларды өткізу бойынша жиынтық материалдар құрамына мыналар енгізілуі тиіс:

1) күн тәртібі;

2) шақырылғандар тізімі;

3) қаралып отырған мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттық (талдау) материалдары;

4) төрағалық етуші сөзінің тезистері;

5. хаттамалық шешімнің жобасы сәйкес келетін бөліммен толықтай түзетіледі.

20. Хаттама жобасының, әр мәселе бойынша анықтамалардың, ақпараттық (талдау) материалдарының тақырыптары бірдей және мәселелердің мәнін жан-жақты көрсетуі тиіс. Анықтамалар мен ақпараттық (талдау) материалдардың көлемі үлгі баспа мәтінінің үш бетінен аспауы тиіс.

21. Іс-шараларда сөз сөйлеу (баяндама) кезінде бейнеақпарат, слайдтық көрсетілімдер көрсету туралы мәселе жеке шешілуі және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей аппарат басшысымен келісілуі тиіс. Мәжәліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейтуді, дыбыс жазуды және микрофондарды, бейнепроекторды, экранды, сусындармен, жазба құралдарымен, тиісті жарықтандырумен және кондиционермен қамтамасыз ету, слайдтарды көрсетуге дайындық жэне т.б.) қаржы-шаруашылық бөлімі кеңсемен бірлесе қамтамасыз етеді.

4


22. Іс-шараның өткізілуіне жауапты аппарат бөлімі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімімен бірлесіп, қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кем дегенде 30 минут қалғанда, ал кеңейтілген мәжілістерде – мәжіліс басталғанға 1 сағат қалғанда басталады.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу әдетте мәжіліс басталғанға 5 минут қалғанда аяқталады. Аудан әкімі аппаратының басшысы аудан әкіміне (не болмаса іс-шарада өзге төрағалық етушіге) және аппарат басшысына шақырылғандардың келуі туралы ақпарат береді.

23. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін кеңестердің, мәжілістердің және аудандық іс-шаралардың хаттамаларын кеңсе жүргізеді. Хаттамада күн тәртібі, қаралатын мәселелер, күн тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасаушылар және талқылауға қатысатын адамдар, сөзалымдардың негізгі мазмұны, ескертулер мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Ілеспе аудармаға (мемлекеттік және орыс тілдері) кеңсе жауапты болып табылады.

24. Хаттама кеңес, мәжіліс немесе басқа да аудандық іс-шаралар өткізілген күннен бастап үш күн ішінде ресімделеді.

25. Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша кеңестердің, мәжілістердің және аудандық іс-шаралардың аудиожазбасы жүргізілуі, кейіннен толық жазылуы және басылуы мүмкін.

26. Ірі іс-шаралар өткізілетін кезде кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да аудандық іс-шараларды өткізу бойынша жоспар жасалып, онда жоспардың әр тармағы бойынша жауапты орындаушылар мен есептілік нысаны көрсетіледі.

27. Хаттамалар көшірмелері хаттамалық тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғаларға жіберіледі. Аудан әкімінің қатысуымен өткен аудандық іс-шаралар хаттамаларында жазылған тапсырмаларды аудан әкімі аппаратының кеңсесі бақылауға алады.

^ 4. Аппаратта іс жүргізуді үйымдастыру, электрондық құжатайналым


28. Аудан әкімі аппаратына келіп түсетін хат-хабарларды аудан әкімі аппаратының кеңсесі қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды қабылдау-беруді аудан әкімі аппаратының кеңсесінің бас маманы 9 сағаттан 15 сағатқа дейін жүргізеді. Басқа қалалық адресаттар қолма-қол жіберген қүжаттарды қабылдау бүкіл жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Аппарат қызметкерлеріне кеңседе тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

29. Конверттерді ашар алдында аудан әкімі аппаратының кеңсесінің бас маманы олардың жіберілуінің және ресімделуінің дұрыстығын,

5


орамының бүтіндігін (мөр болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезінде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері қүжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады, бұл ретте актінің бір данасы аудан әкімі аппаратының кеңсесінде қалады, екіншісі қүжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арнаулы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер аудан әкімі аппаратының кеңсесінде ашуға жатады.

30. Факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар аппаратқа қабылдауға жатпайды.

Аудан әкімі аппаратының кеңсесі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдауы аппарат басшысының нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

31. Кіріс хат-хабарын тіркеуді күжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі қүжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны мен қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен аудан әкімі аппаратының кеңсесі жүзеге асырады.
Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат жэне қоғамдық келісім министрлігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне (бұдан әрі - Үлгі ереже) сәйкес ресімделуі тиіс.

Ауылдық округтердің әкімдерінің, аудандық бөлімдердің бастықтарының тиісті мәселелер бойынша хаттары жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларыньщ атына жолданады.

32. Аудан әкімі аппаратының кеңсесінде алдын ала белгі қойылғаннан кейін құжаттар электрондық түрде және қағаз нұсқасында аудан әкіміне беріледі. Бүдан әрі тиісті қарар бойынша электрондық түрде оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі.


6


Қаралған құжаттардыалғаннан кейін, басшылықтың қарарын орындаушы алады. Қарарда көрсетілуі тиіс:

орындаушылар (ұйымдардың атау септігіндегі атауы, лауазымды тұлғалардың барыс септігіндегі тегі мен аты-жөні);

іс-қимылдың айқын және жан-жақты мазмұны немесе құжатты орындау тәртібі мен сипаты;

орындау мерзімі (қажет болған кезде);

басшының қолы толық жазылуымен (атының бірінші әрпі мен тегі);

датасы (күні, айы, жылы);

құжаттың нөмірі;

төменгі жақта, сызықтың астында - қарардың қай құжатқа қатысы, сондай-ақ осы құжаттың датасы мен нөмірі.

33. Аудан әкімі аудан әкімдігінің бөлімшелеріне, төмен тұрған әкімдерге, өзге мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аппарат бөлімшелеріне, барлығына бірдей, тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

Аудан әкімінің орынбасарлары аудан әкімдігі бөлімшелеріне және ауылдық округтердің әкімдеріне жетекшілік ететін мәселелері бойынша

тапсырмалар береді және қарарлар жазады. Аппарат бөлімшелерінің қатысуы қажет болған жағдайда аудан әкімінің орынбасарлары аппарат басшысына тиісті қайта тапсыру жібереді.
Аппарат басшысы құжаттарды орындаушылар кұрамына аппараттың қандай да болмасын бөлімшесін енгізу қажеттілігін өз бетімен анықтайды. Аппарат басшысы өзі жетекшілік ететін мәселелерге сәйкес тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

34. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жиынтықтың және қүжатты орындаудың кімде қалатыны міндетті түрде көрсетіледі. Егер мүндай белгі болмаса, жиынтық және құжатты орындау деректері бірінші болып керсетілген орындаушыда қалады. Бүкіл тапсырманың уақытында орындалуына қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей жауап береді.

Құжатты орындағаннан кейін бөлімнің тиісті қызметкері оны бақылаудан алу туралы белгі қою үшін аудан әкімі аппаратының кеңсесіне береді.

Құжатты бір бөлімшеден екіншісіне беру тек аудан әкімі аппаратының кеңсесі арқылы қол қоюмен жүргізіледі.

35. Аппарат бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, оның әрі қарай өтуін белгілейді, өз құзыреті шегінде қойылған мәселелерді шешеді, құжатайналымын қысқарту шараларын қабылдайды.

36. Құжат дайындау кезінде мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазуда Үлгі ережелерді, осы


7


Регламентті, сондай-ақ өзге де актілерді басшылыққа ала отырып, бірізділікті сақтаған жөн.

Шығыс хаттары әдетте екі данада әзірленеді және қол қойылады, екінші данасында осы құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мен басшысының визалары виза қою датасын көрсетумен болуы тиіс. Құжат мәтіні А4 жэне А5 форматындағы бланкіде Times 14 қарпімен бір жоларалық интервал арқылы басылады. Жекелеген жағдайларда қаріп мөлшері мен жоларалық интервал басқадай болуы мүмкін.

Қызметтік құжаттар қысқа, түсінікті және белгіленген үлгідегі бланктерде басылуы тиіс. Аппарат ішінде хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды.

37. Құжатты лауазымды адамға жіберген кезде адресаттың атауы атау септігінде, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде жазылады.

Құжатта төрттен артық мекенжай болмауы тиіс. Құжатты төрттен артық мекенжайга жіберген кезде тарату көрсеткіші жасалады және әр көшірмеде бір ғана мекенжай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпылай белгіленуі мүмкін (мысалы: ауылдық округтердің әкімдеріне).

38. Шығыс хат-хабарларды бас маман белгіленген үлгідегі журналға тіркейді, бұдан әрі аудан әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы оның электрондық нүсқасын ресімдейді. Облыс әкімдігіне жіберілетін хат-хабарлардың барлық беттеріне жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары, аппарат басшысы қол қояды және оларға тек аудан әкімі не болмаса оның міндетін атқарушы адам ғана қол қояды.

39. Дайындалатын құжатқа қысқаша тақырып беріледі (егер мәтінде 10-нан артық жол болса). Хат сұрауға жауап ретінде жіберілетін барлық

жағдайлардаосы сұраудың нөмірі мен датасы көрсетіледі. Құжатқа қосымшалар әдетте мәтінінен кейін парақ пен дана саны көрсетілумен санамалануы тиіс.

Шығыс құжатта толық немесе қысқартылған түрде (мысалы: 2009 жылғы 20 наурыз немесе 20.03.09 ж.) келтірілген датасы (күн, ай, жыл) және тіркеу нөмірі болуы тиіс. Датаны қысқартып жазу анықтамаларға, баянжазбаларға және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттарға қол қойылғаннан кейін беріледі.

Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі әдетте қүжаттың төменгі сол жағына, не болмаса қүжаттың соңғы парағының артқы жағына орналасады (мысалы: орын. Ж.Ж.Бопаев, тел. 9-10-36).

40. Телеграфтық, телефакстық хат жазысу тек шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабарлармен бірдей жүргізіледі.

Хат-хабарларды облыстық әкімдікке және өзге де облыстық атқарушы органдарға факсимильдік байланыспен жіберу аппарат басшысының, немесе оның міндетін атқарушы адамның рүқсатымен жүргізіледі. Аудан әкімдігі

8


мен әкімі .актілерінің ксерокөшірмесін жасауды аудан әкімі аппараты кеңсесі аппарат басшысының, не болмаса оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен жүргізеді.

Телефон-факс, электрондық пошта арқылы жіберілетін құжаттар адресатқа қосымша пошта немесе фельдъегерлік байланыспен жолданады.

41. Жеделхаттар екі данада басылады, оған орындаушы виза қояды және
аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы қол қояды, қол қойылғаннан кейін жеделхат жолдау үшін аудан әкімі аппараты кеңсесіне немесе жеделхатты дайындаған аппарат бөліміне жіберіледі. Мәтіні бірдей жеделхатты бірнеше адресатқа жіберу қажеттілігі болған кезде орындаушы оны адресаттар санына сәйкес көбейтеді. Мұндай жеделхаттарда әр данада тек бір жіберу пункті оның мекенжай деректерімен бірге көрсетіледі.

Адресаттарды жалпылай белгілеуге (мысалы: ауылдық округтері әкімдеріне) жол беріледі, бұл жерде жеделхатқа аппарат басшысы куәландырған тарату көрсеткіші қоса беріледі. Жоғарыда аталған талаптар бұзыла отырып ресімделген жеделхаттарды аудан әкімі аппараты кеңсесі жіберуге қабылдамайды.

Жеделхаттарды арнайы байланыс органдары арқылы жіберу тәртібі арнайы нүсқаулықтарда белгіленеді. Шығыс құжаттарын аудан әкімі аппараты кеңсесінің мамандары жіберуге дайындайды. Жіберуге дайындалған құжаттарды, олардың адресаттардың саны бойынша көшірмелерін және аппарат бөлімшесінің басшысы бекіткен тарату көрсеткіштерін (төрттен артық адресатқа таратқан кезде) мамандар хат-хабарды жіберу үшін аудан әкімі аппараты кеңсесіне береді.

42. Аудан әкімі аппараты кеңсесін айналып өтіп
қүжаттарды жіберуге тыйым салынады. Аудан әкімі аппараты кеңсесімен шығыс құжаттарды жіберер алдында олардың ресімделуінің дүрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзеу үшін қайтарылады.

Жіберуге тапсырылған кұжатта дұрыс көрсетілмеген мекенжай бойынша құжаттарды таратуға орындаушы жауап береді. Құжаттарды факсимильді байланыспен жіберген кезде орындаушы адресаттың факсимильді байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі, түпнүсқасын аудан әкімі аппараты кеңсесіне тапсыруы тиіс.

^ 5. «Электрондық әкімдік» жұмысын ұйымдастыру

43. Аудан әкімінің ресми сайты Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» Веб-порталының ақпараттық жүйесін құру бөлігінде орындау мақсатында әзірленді және енгізілді.

44. Аудан әкімінің www.Beckaragay.vко.gоv.кz веб-сайтының мазмұндық құрылымының негізіне азаматтардың мемлекеттік ақпаратқа


9


қолжетімділігін іске асыру мақсатында мынадай мазмұндағы позициялардың ақпараттар тізбесі келтіріледі:

1) атқарушылық биліктің аудандық органдары жөнінде ақпарат:
атқарушы билік органдарының, орталық атқарушы органдардың кұрылымдық бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың шешетін міндеттері, атқаратын қызметтері баяндалатын аудандық әкімдіктің қаулылары, жарғылары, ережелері, регламенттері және өзге де құжаттар;

Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, салалық стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер, нұсқаулар мен азамттардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей қатысты немесе олардың сақталуын тексеру аудандық атқарушы билік органдарының құзырына кіретін шаруашылық қызметтің қатысушыларына міндетті талаптар қойылған өзге де құжаттар;

аудандық бағдарламалардың тізбесі мен мәтіндері;

2) аудандық атқарушылық билік органдарының қызметі жөнінде ақпарат;
атқарушы билік органдарының күнделікті қызметі туралы ақпарат, оның

ішінде ауданның атқарушы билік басшыларының қатысуымен іс-шаралар жөнінде ақпарат, оның ішінде алқалар жүмысының, комиссиялар мен кеңестер, жұмыс топтары отырыстарының қорытындылары;

аудандық атқарушы билік органдарының лауазымды тұлғалары мен басшыларының жария мәлімдемелері мен сөздерінің мәтіндері;

атқарушы билік органдарының басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ кәсіподақтар, саяси партиялар, қоғамдық, оның ішінде шет елдік (халықаралық) бірлестіктермен өзара қарым -қатынасы туралы ақпарат;

ауданның атқарушы органдарының барлық ұйымдарының мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша конкурстар талаптары, осы іс-шаралар бойынша қорытынды шешімдер қабылдау және шағымдану тәртібін, іс-шараға қатысушылардың ұсыныстар мен тапсырыстар енгізу тәртібін түсіндіруді қоса;

атқарушы билік органдарының құзыретіне сәйкес мемлекеттік мұқтаж үшін қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу, жұмыстар атқару, тапсырыстар орналастыруға қатысты азаматтық-құқықтық сипатта жасалынған келісім-шарттардың тізбесі, қысқаша сипаттамалары мен орындалу нәтижелері (ажырамас қосымшаларды қоса);

3) аудан әкімі аппаратының кадрлық саясаты туралы ақпарат:

лауазымдарға орналасуға бар бос орындардың, сондай-ақ аталған бос орындарға орналасу үшін біліктілік талаптардың тізбесі;

мемлекеттік қызметке түсу тәртібі мен ережелері;

4) төтенше жағдайлар туралы жөнінде ақпарат:


10


төтенше жағдайлар, табиғи және экологиялық апаттар, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін, елді мекендер мен өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қажетті метеорологиялық, демографиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де ақпараттар;

5) статистикалық, болжау және мониторингтік ақпарат;

ауданның ағымдағы ахуалын және дамуын сипаттайтын негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер;

халық санағының қорытындысы жөніндегі ақпарат.

45. Мемлекеттік органдардан түсетін ақпараттарды ресімдеуге қойылатын

талаптарды іске асыру және www.beckaragok.vко.gоу.кг-сайтының дизайнының тұтастығын қолдау үшін ақпарат ұсынудың мынадай механизмдері қарастырылған:

Мемлекеттік органдар ақпаратты аудан әкімінің сайтында орналастыру

үшін сайт әкімшісіне электрондық түрде (компакт-диск, электрондық пошта) мемлекеттік және орыс тілдерінде барлығына бірыңғай белгіленген форматта ұсынады.

46. Аудан әкімі аппаратының электрондық поштасының ресми мекенжайы: kancelyariyakimat@rambler.ru.

47. Аппарат қызметкерлері электрондық пошта арқылы ауданның ауылдық округтеріне, аудандық бөлімдерге, барлық меншік түрінің басқа ұйымдарына мыналарды жібере алады:

әдістемелік ақпарат;

шұғыл ақпарат ұсынуға сұранымдар; кеңестерге шақырулар, телефонхабарлар;

құпия, жабық және қызметтік пайдалану үшін құжаттардан басқа өзге ақпараттық-анықтамалық құжаттар.

48. Аппарат қызметкерлерінің және аудандық бөлімдердің электрондық

пошталарының ресми мекенжайларын аппарат басшысы бекітеді.

49. Электрондық пошта арқылы берілетін барлық файлдар жіберушінің компьютерінде орнатылған вируска қарсы құралдар арқылы тексеруден өтуі тиіс.Ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберуге дұрыс дайындамағаны және жіберілетін ақпараттың мазмұны үшін жауапкершілікті жіберуші алады.

50. Электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарлардың көлемі 10 мегабайттан аспауы тиіс. Электрондық пошта арқылы жіберілетін әрбір хабардың тақырыбы және хаттың оқылғаны жөнінде хабарламаға сұраным болуы тиіс.

51. Электрондық пошта арқылы жіберілетін, аудан әкімі аппараты кеңсесіне тіркелуге жататын ресми қызметтік құжаттардың қағаз негізде түпнұсқалары болуы тиіс.


11


52. Жарнамалық ақпараттан тұратын электрондық хаттарды, хат мәтінінбірнеше рет қайта жіберу туралы өтініштерді жіберуге тыйым салынады.


^ 6. Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау

тәртібі және олардың орындалуын бакылау


53. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты аудан әкімі аппараты кеңсесіне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы мәселені реттеуші өзге де нормативтік қүқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

54. Аппаратқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері аудан әкімі аппараты кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-178), ұжымдық .өтініштер үшін индексі, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.

55. Бір мезгілде «ААЖ ЖТӨБЕ» деректер базасы жүйесінде «Азаматтар өтініштерінің тіркеу кәртішкесі» кіру түрі бойынша электрондық нұсқада тіркеу жүргізіледі, бұл ретте құжатқа тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.

56. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі

12


көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп кәртішкесі бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

Кеңсенің қызметтік хат-хабар секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.

57. Жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді

талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және олар аудан әкімі аппараты кеңсесіне тіркеген күннен бастап есептеледі.

Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.

Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;

4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.

58. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.

59. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы (оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған), пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштер жасырын өтініштер деп саналады және олар, оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер бар және мұндай жағдайда аудан әкімі аппараты кеңсесі олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.

60. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске тізіледі және мұрағатқа тапсырылады.

13


Жасырын өтініштер аудан әкімі аппараты кеңсесінде бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.

61. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін аудан әкімінің аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы жүргізеді. Жеке қабылдау кеңсесі аппарат ғимаратының холында ақпараттық тақтада ілініп қойылады.


Жеке қабылдау жүргізу:





Қабылдау күні

Қабылдау сағаты

Жексембаев Т.С.-аудан әкімі

Айына екі рет бірінші және екінші сейсенбі

Сағат 14-00

Садыков К.К.-аудан әкімінің орынбасары

Айына екі рет бірінші және екінші сәрсенбі

Сағат 14-00

Рахметуллин Е.Е.-аудан әкімінің орынбасары

Айына екі рет бірінші және екінші бейсенбі

Сағат 14-00

Глазинский Т.Н.-аппарат басшысы

Айына екі рет бірінші және екінші бейсенбі

Сағат 14-00


62. Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жүмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.

63. Жеке және заңды түлғалардың өтініштерін қарау және басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды аудан әкімі аппаратының кеңсесі жүзеге асырады.

64. Азаматтардан және заңды тұлғалар өкілдерінен ақпараттар қабылдау 9-14-00 «сенім телефоны» бойынша жүзеге асырылады.


^ 7. Облыс әкімдігі және әкімінің нормативтік құқықтық актілері

жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу, сондай-ақ өту тәртібі

65. Аудан әкімдігі мен әкімінің енгізетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақсан Республикасы Заңының, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті, өзге актілер, сондай-ақ осы Регламенттің талаптарына сәйкес әзірленеді, ресімделеді және келісіледі.

66. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі қаулылар шығарады, ал аудан әкімі нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-

14


өкімдік, оперативтік және жекедара сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

67. Орындаушылар берілген мәселе бойынша сол немесе өзге нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен олар үшін тікелей белгіленген құзыретіне сәйкес әкімдік немесе аудан әкімінің қабылдау қажеттілігін анықтайды. Енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің актілеріне, жоғарғы тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейді.

68. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары аудан басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында (хаттамалық шешімдер, қарарлар, және т.б.), сондай-ақ орындаушылардың бастамасы бойынша да әзірленеді.

69. Ресми енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын кеңсе жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00 сағатқа дейін және сағат 14.00-ден 18.00 сағатқа дейін қабылдайды.

70. Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық және қағаз жөнелткіштерде, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, атқарушы-мемлекеттік орган басшыларының немесе аталған мемлекеттік органдардағы заң қызметі басшыларының әрбір бетте қол қойылуымен ұсынылады.

71. Жобалардың сапалы әзірленуіне, олардың дер кезінде ұсынылуына (тиісті тапсырмаларда жобаларды ұсыну мерзімдері көрсетілген жағдайларда), осы мәселе бойынша бұдан бұрын қабылданған актілердің қайталануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне дербес жауапкершілікті атқарушы- мемлекеттік орган алады.

72. Барлық. мүдделі мемлекеттік органдармен алдына ала келіскеннен соң нормативтік құқықтық актінің жобасы аппаратқа келісілуге ұсынылады.

Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі жөнінде ескертулер болған жағдайда кеңсе жобаны тіркеуге дейін оны әзірлеушіге кері қайтаруға құқы бар.

Кеңседе тіркеуден соң жоба аппаратта аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде сараптамадан өтеді:

1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігіне;

жобаның нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу талаптарына сәйкестігі;

ұсынылатын жобаның орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігі, осы мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған актілерде берілген тапсырмалардың қайталануына жол бермеу;


15


2) аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық бөлімінде-жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі.

Жобаны сараптамадан өткізу мерзімі жобаның аппаратта тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен артпауы тиіс.

Аудан әкімінің аппараты жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тексеру, сараптама өткізу барысында немесе оның нәтижесі бойынша оны әзірлеушілерге мынадай негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып жіберуге құқылы:

1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме-дәлдігінің келмеуі,

2) нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу талаптарына сай келмеуі;

3) жобаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сай келмеуі;

аудан әкімдігі регламентінің, сондай-ақ осы Регламенттің талаптарын бұзумен ұсынуы.

Өзге себептер бойынша теріс қорытынды жобаны кері қайтаруға негіз бола алмайды.

73. Жобаға осы Регламенттің 1- қосымшасына сәйкес келісу парағы қоса беріледі. Келісу парағында дәлме-дәлдікке, ресімдеу мен келісуге сараптама жасау, бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне сараптама қажеттілігі көрсетіледі. Жүргізілген әрбір сараптама үшін бөлім мамандарымен қатар (бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес)

бөлім меңгерушілері де қойған қолымен жауапкершілік алады. Сондай-ақ, келісу парағында жобаны енгізуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (елтаңбалық мөрімен куәландырылған) және аудан әкімі орынбасарларының, сондай-ақ аппарат басшысының қолдары көрсетіледі. Енгізілетін жобаға сонымен қатар, аудандық әкімдігі регламентінің қосымшасына сәйкес түсіндірме жазба қоса беріледі.

74. Жобалар алдын ала сараптамаға бөлім меңгерушілерінің келісімі мен нұсқауы бойынша кеңсеге ресми енгізуге дейін қабылдана алады. Жобалардың аппаратта өтуін атқарушылар сызбаға сәйкес (осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес) жүргізеді.

75. Келісу мен өтудің барлық қажетті рәсімдерінен өткеннен кейін жобалар аудан әкіміне қол қоюға тапсырылады. Аудандық әкімдіктің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне аудан әкімі қол қояды (немесе бірінші қол қою құқымен оның міндеттерін атқарушы). Қол қойылғаннан кейін актілердің түпнұсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.

76. Аудан әкімдігі және әкімінің қол қойылған актілері кеңсеге тіркеу үшін тапсырылады. Ол үшін кеңсеге мыналар беріледі:

1) қол қойылған түпнұсқа қосымшаларымен;

2) анықтама-негіздеме (қажеттілігіне қарай);


16


3) дискет немесе барлық қосымшаларымен актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінімен өзге электрондық жөнелткіш (қажеттілігіне қарай);

4) әрбір адресатқа дана саны көрсетіліп, атқарушы толтырған жіберу парағы;

5) жобаға түсіндірме -жазба;

6) актіні қабылдау қажеттілігін негіздеуші бастапқы қүжаттар.

Кеңсе ұсынылған актілерді арнайы журналдарға тіркеу датасы мен нөмірі беріліп, тіркеу жүргізіледі.

77. Куәландырылған аудан әкімдігі және әкімінің актілерінің көшірмелерін аудан әкімі аппаратының кеңсесі аппарат басшысы немесе оның орынбасарлары бекіткен жіберу парағына сәйкес жібереді.

78. Аудандық әкімдіктің, аудан әкімінің жалпы міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты барлық қаулылары мен шешімдері, олардың қолданылу мерзіміне қарамастан, мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жіберілуі тиіс.

Актілерді мемлекеттік тіркеуге жіберу «Нормативтік қүқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысына, сондай-ақ осы Регламентке сәйкес жүргізіледі.

79. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын әкімдік және аудан әкімінің актілері қолданысқа оларды ресми жариялағаннан кейін енгізіледі.

80. Аудан әкімі және әкімдігі актілерінің түпнұсқалары кеңседе сақталады. Қүжаттарды дер кезінде адресаттарға жіберуге кеңсенің меңгерушісі мен лауазымдық міндеттеріне қүжаттарды жіберу кіретін маман жауапты болады.

81. Актілердің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер болған жағдайда ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен кеңсе жүргізеді. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар кеңсеге кері қайтарылуы тиіс.

8. Құжаттарды орындауды бақылауды ұйымдастыру тәртібі


82. Облыс, аудан әкімдігі және әкімдерінің нормативтік қүқықтық актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларының орындалуына бақылау
ұйымдастыруды және тексеруді кеңсе жүзеге асырады.

83. Бақылауға мыналар алынады:

1) облыс әкімдігі мен әкімінің аудан әкіміне тапсырмалар берген актілері;

2) облыс әкімінІң кеңестерде, облысқа сапарлары барысында берген тапсырмалары;


17


3) облыс әкімінің азаматтардың өтініштері бойынша берген тапсырмалары;

4) әкімдіктің және әкімнің ауданның атқарушы органдары басшыларына тапсырмалар берген актілері;

5) аудан әкімінің әкімдіктің отырыстарында және аппарат кеңестерінде берген тапсырмалары.

84. Осы Регламенттің 93-тармағында аталған құжаттарды бақылау бойынша тапсырма құжаттардың өзінде, сондай-ақ қарар қоюмен берілуі мүмкін.

85. Аудандық құрылымдық бөлімшелерінің, ауылдық округтердің әкімдерінің, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, аппарат бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітіліп берілген әрбір бақылауға алынған құжат бойынша қызметкерді белгілейді, оған құжатты толық немесе оның жеке бөлімдерін орындауға бақылау жасау жүктеледі.

86. Бақылауға қойылған құжаттарды дер кезінде және толық орындау үшін жауапкершілік қарарда немесе өзге тапсырмалық құжатта белгіленген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

87. Облыс әкімінің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тапсырмада басқасы белгіленбесе, екі апта мерзімінде орындауы қажет. Облыс әкімінің бақылау тапсырмалары, егер тапсырмаларда басқа мерзімдер. белгіленбесе, мүндай тапсырма берілген күннен бастап 20 күнннен кешіктірілмей орындалады.

Облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу мерзімдері көрсетілмеген жағдайда тапсырма берілген күннен бастап саналатын орындаудың бір айлық мерзімі, ал «жедел» белгісі болғанда он күндік мерзім белгіленеді.

88. Егер құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда орындаушы кешігу себептері туралы жазбаша хабарлауы тиіс және мерзімді ұзарту туралы өтінішін дәлелдеуі қажет.

Бақылауға жататын актілерде «Б» әрпі қойылады.

Аудан әкімінің қарары қойылған бақылауға жататын актілер оларды орындаушыларға таныстыру үшін және олардың орындалуына бақылау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру үшін кеңсеге (бақылау жөніндегі маманға) қайтарылып беріледі.

Аудан әкімінің қарары қойылған бақылауға жатпайтын актілер кеңсеге (бақылау жөніндегі маманға) беріледі, ол қарарда көрсетілген лауазымды адамдарды таныстырады.

Лауазымды адамдар аудан әкімінің қарарымен танысқаннан кейін есепке алу және сақтау үшін барлық актілер кеңсеге (бақылау жөніндегі маманға) тапсырылады, олар кейіннен мұрағатқа беріледі.

Бақылау құжаттарын орындау жүктелген аппараттың дербес бөлімдерінде әрбір актіге құжаттың көшірмелері, бақылау карточкасы, құжатты орындау жөніндегі іс-шаралар және оның барысына бақылау


18


жоспары, қүжаттың әрбір тармағы бойынша орындалу барысы туралы ақпарат бар жинақтау папкасын қалыптастырады, ол:

егер құжатта орындау мерзімі көрсетілсе, жедел;

ағымдағы- облыс, аудан әкімдігі мен әкімдерінің актілері бойынша құжаттың бақылауда болатын бүкіл уақыты бойынша үнемі болып бөлінеді.

89. Облыс әкімдігінің, әкімінің бақылауға алынған тармақтарын орындау туралы жауаптар мен есептер облыс әкімдігінің тиісті құрылымдық бөлімдеріне осы Регламентте белгіленген лауазымды түлғаның қолы қойылып, жіберіледі.

Жауаптар мен есептердің көшірмелері белгіленген мерзімде кеңсеге беріледі.

Орындаушы- бөлім құжатты орындау үшін жауапты аудан әкімінің орынбасарына орындау барысы туралы тоқсан сайын анықтама әзірлейді, онда оны орындаудың деңгейі әрбір тармақ бойынша көрсетіледі. Орындамаған жағдайда оның себептері, нақты орындаушы және орындау мерзімдері көрсетіледі. Анықтамаға бөлімнің бірінші басшысы қол қояды.

Бөлімдерде бақылау жөніндегі жұмыстың жағдайына олардың бірінші басшысы жауап береді.

Орындау және бақылау мерзімдерін ұзарту қажет болған жағдайда аудан әкіміне құжатты орындау үшін жауапты оның орынбасарының қолы қойылған тиісті ұсыныспен ақпарат әзірленеді.

Ақпаратта орындау мерзімін ұзарту ұсынылатын құжаттың әрбір тармағы бойынша дәлелді негіздеме беріледі.

Аудан әкімінің қарарынан кейін аталған ақпарат орындау және бақылау мерзімдеріне өзгерістер енгізу үшін кеңсеге беріледі.

90. Актілер оларда қойылған мәселелер толық шешілгеннен кейін және бұл туралы мемлекеттік органға хабарланған соң бақылаудан алынады.

Бақылаудан алу үшін орындаушы бөлім аудан әкімі орынбасарының, аудан әкімі аппаратының басшысының, оның орынбасарының атына актінің әрбір тармағының орындалуы бойынша оны бақылаудан алу ұсынысымен қоса ақпарат әзірлейді.

Ақпарат кеңсемен келісіледі және оған осы актіге бақылау жасау тапсырылған аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы қол қояды.

Бақылаудан алу туралы бұрыштама соғылғаннан кейін ақпарат тиісті жазба енгізу үшін кеңсеге жіберіледі.

91. Кеңсе дербес бөлімдерде, ауылдық округтердің әкімдіктерінің аппаратында, өзге де мемлекеттік органдарда, аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде бақылаудағы құжаттардың орындалуына жүйелі түрде талдау жасайды, осы мәселелер бойынша аппарат басшысының қолымен аудан әкіміне осы құжаттарда көрсетілген мерзімдерде, сондай-ақ тоқсан сайын


19


ақпарат әзірлейді. Аудан әкімі қарағаннан кейін ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін аудан әкімінің орынбасарларының назарына жеткізіледі.

92. Кеңсе апта сайын, аудандық бөлімдер бастықтарының және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен, тиісті кеңестерде тапсырмалардың орындалу барысына талдау жүргізеді.


^ 9. Аппараттың қалалар мен аудандар әкімдіктерімен,

облыстық аткарушы органдармен өзара әрекеттестігі


93. Аппараттың ауылдық округтердің әкімдіктерімен, аудандық бөлімдермен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі жүзеге асырады.

94. Өзара әрекеттестік аудан басшылығының тапсырмаларының орындалуына, ағымдағы мәселелердің шешілуіне, тексерулер жүргізуге, көшпелі ақпарат жинауға аудан басшылығына ақпарат дайындау үшін ұйымдастырылады.

95. Ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің басшылықтың тапсырмаларын орындау жөніндегі талаптары орындаушылар үшін міндетті болып табылады.


^ 10. Кадр мәселелерін шешу


96. Аппаратта кадр мәселелерін шешуді Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, кадр мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықгық актілерінде белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі жүзеге асырады.

97. Саяси мемлекеттік қызметшілерге жататын лауазымды тұлғаларды,

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдердің басшыларын, аппараттың әкімшіліктік мемлекеттік қызметшілерін заңмен белгіленген тәртіпте аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

98. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты шешімдерді ресімдеуді, кадр мәселелері бойынша әкімнің актілері мен өзге де құжаттарды әзірлеуді, оларды заңмен белгіленген тәртіпте ресімдеуді ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі жүзеге асырады.

99. Е- 1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5 санаттары бойынша әкімшіліктік мемлекеттік қызметшілерді аппаратқа жұмысқа қабылдау аудан әкімімен іске асырылады.

20


Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Е-R-1 санатындағы бірінші басшыларының бос лауазымдық орнына конкурс аудан әкімі аппаратының басшысымен жарияланады.

100. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы негізінде аудан әкімінің өкімімен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Е- 1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5 санаттарындағы әкімшіліктік мемлекеттік қызметшілер тағайындалады.

Ауылдық округтердің әкімдерін қызметке тағайындау және босату облыс әкімінің келісімімен іске асырылады.

101. Ауылдық округтердің әкімдеріне, жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын аудандық бөлімдердің басшыларына, аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне және өзге де лауазымды адамдарға қызметтік куәлік беруді ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі жүзеге асырады.

102. Құрылым және тиісінше лауазымдар тізбесі өзгерген жағдайда

ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі аппараттың бөлімдер меңгерушілерімен бірлесіп, аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу үшін қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтары бойынша ұсыныстар енгізеді.

103. Ұйымдастыру, кадрлық және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімі аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды.

104. Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізбесін және Саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №317 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығына, осы мәселе жөніндегі өзге де нормативтік қүқықтық актілерге сәйкес қызметшіні лауазымға тағайындауға және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам енгізеді.


^ 11. Аудан әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру


105. Аудан әкімі аппаратының ғимаратына арнайы және (немесе) қызметтік куәліктерін көрсеткен:

1) барлық деңгейдегі саяси мемлекеттік қызметшілер;

2) аудан әкімі аппараты мен аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан мемлекеттік органдар қызметкерлері;

21


3) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қызметкерлері;

4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық және
аудандық мәслихаттардың депутаттары;

5) облыстық мемлекеттік органдардың басшылары;

6) әкімдік отырысы мен басқа да іс-шаралар өткізетін күндері кеңсенің меңгерушісінің қолы қойылған тізім бойынша адамдар кіре алады.

106. Аудан әкімінің лауазымды адамдарды қызмет мәселелері бойынша қабылдауын оның көмекшісі немесе аудан әкімі аппаратының басшысы шешеді.

107. Келушілерді аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, аппарат қызметкерлері қабылдайды. Келушілерді қабылдау туралы полиция қорғау өкілдеріне уақытынан бұрын жазбаша немесе ауызша түрде тиісті лауазымды адамдар хабарлайды.

108. Келушілерді аудан әкімі аппаратының ғимаратына өткізуге рұқсатты қабылданған нұсқамаға сәйкес полиция қорғаушысы жүзеге асырады.

Рұқсат қағазда келу туралы белгіні тек қана бөлімдер бастықтары, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушілері ғана қояды.

Келу уақыты: жұмыс күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін.


13. Қызметтік құжаттарды, бланкілер мен есеп үлгілерін

сақтау және пайдалану ережесін сақтау


109. Аппарат қызметкерлері кұжаттармен жұмыс істегенде Қазақстаи Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс туралы белгіленген талаптарды қатаң сақтап, мемлекеттік жэне қызметтік құпияларды жария етпеулері тиіс, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етулері, қызмет бөлмесіне бөтен адамдардың санкциясыз кіріп, олардың қызметтік құжаттармен танысуына, компьютерді, жазу және көшірме қағаздарын, телефонды және басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалануына қол жетуіне мүмкіндік тудырмайтындай жұмыс орнында тәртіпті сақтаулары тиіс. Қызметтік бөлменің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.

Аппараттың құжаттарының көшірмесін кімге де болса аппарат басшысының, кеңсенің меңгерушісінің рұқсатынсыз беруге тыйым салынады.

110. Әкімдіктің, аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының бланкілері кеңсенің өтінімі бойынша баспа тәсілмен дайындалады.

Дайындалған бланкілер баспа тәсілмен нөмірленеді.


22


Бланкілерді есепке алу және аппарат бөлімдеріне беру кеңсенің қызметтік хат-хабарлар секторына жүктеледі.

111. Құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін аппарат қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.


14. Аппарат қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда істер мен құжаттарды қабылдап алу, тапсыру, құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру, өзге де мәселелер


112. Аппарат қызметкері жұмыстан шығып кеткенде немесе басқа жұмысқа ауысқанда аппараттың тиісті бөлімі меңгерушісінің нұсқауы бойынша осы бөлімнің басқа қызметкеріне оның атқаруында болған барлық істер мен
құжаттарды, жинақталған анықтама материалдарын тапсырады.

Бұл жағдайда құжаттарды тапсырған қызметкер берілетін кұжаттар көрсетіліп, тапсырылған күнге шешілмеген мәселелердің орындалу жағдайы сипатталатын, қызметтік істерді тапсырғаны туралы екі данада қабылдап алу-тапсыру актісін жасайды. Актінің екі данасына да құжаттарды тапсырған және қабылдап алған қызметкерлер қол қояды және бөлім меңгерушісі бекітеді. Бір данасы бөлімде қалады, екіншісін жұмыстан шыққан адам алады.

113. Қызметкер демалыста болғанда немесе ұзақ мерзімді іссапарға кеткенде онда орындауда болған қызметтік кұжаттар бөлім меңгерушісінің нүсқауымен басқа қызметкерге тапсырылады. Егер қызметкер қайтып оралғаннан кейін құжаттар орындалмаған болса, онда ол тиісті белгі қойылып, қайтадан өзіне тапсырылады.

114. Құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру аудан әкімінің қарарына сәйкес, аппарат басшысының нұсқауы негізінде кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

115. Аппаратта істер номенклатурасын қалыптастыру және істерді аппараттың мұрағатына тапсыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңсе қамтамасыз етеді.

116. Аудандық әкімдік пен аудан әкімі аппаратының құжаттарын теріп,
басуды кеңсенің машинисткасы жүзеге асырады. Машинистка құжаттарды аппарат басшысының, сондай-ақ кеңсе меңгерушісінің тапсырмасы бойынша теріп, басады.

Басқа барлық машинамен жазу жұмыстары аппараттың бөлімдерінің өзінде жүзеге асырылады.

Машинистка теріп басуға берілетін қолжазбалар анық, орфографиялық ережелер сақтала отырып, жазылуы тиіс. Ұқыпсыз және түсініксіз жазылған немесе қарындашпен түзетілген құжаттар теріп басуға қабылданбайды.

23


117. Басып шығаруға пайдаланылған бланкілер бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басып шығарған күні көрсетіліп, арнайы журналда жазылады.

118. Осы Регламенттің орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктеледі. Аппарат басшысы осы Регламенттің нормаларының орындалуының сақталуына кез-келген уақытта тексеру жүргізілуі мүмкін және
оның сақталмағаны анықталған жағдайда кінәлі лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қойылады.


Бесқарағай аудан әкімінің

аппарат басшысы Т.Глазинский



Похожие:

Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСарыағаш аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБілім саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМаслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАблакет ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСаратовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСаратовка ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБагратион ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару...
Бесқарағай ауданы әкімі Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы