|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған іс-шаралар 2011 жылғы 26 қарашадан 16 желтоқсанға дейін Белокаменка негізгі мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған акция өткізілді: Мектеп директоры Л.Ө. Құсаинова салтанатты Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен және жұмыс жоспарымен таныстырды. 29-шы қарашада орыс тілі пәнінің мұғалімі 9-сыныпта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің элементтерін қолдана отырып, ашық сабақ өткізді. ^ 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында сынып жетекшілері оқушылармен еліміздің астанасы - Астана қаласы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, еліміздің валютасы – теңге және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы әңгіме жүргізді. ^ Мектеп мед.бикесі Е.А. Кузнецова салауатты өмір салты туралы әңгіме өткізді. ^ 8-ші желтоқсанда бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі В.А. Куликова 0-3 сыныптар арасында «Менің елім - Қазақстан» атты сурет конкурсын өткізді. ^ 12-ші желтоқсанда математика пәнінің мұғалімі 5-9 сыныптар арасында «Ізеттілер, Білімділер, Тапқырлар» сайысын өткізді. ^ 14-ші желтоқсанда орыс тілі пәнінің мұғалімі Ш.С. Селиханова «Астана – арман қала» атты конкурс өткізді. ^ Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ә.Р. Рамазан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған 1-9 сыныптар арасында үлкен мерекелік концерт өткізді. 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің Жиырма Шыңы» - 20 жұлдызды күн атты ақцияның жабылуы болды. Соңынан жастарға арналған дискотека өткізілді. ![]() ![]() ![]() Серікқан Айжанның орындауындағы ән ![]() |